Бухгалтерлік есептін, кәсіпорынды басқарудағы рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Кәсіпорынның негізі оның белгілі бір функцияларының орындалуы арқылы ашылады, олар кәсіпорынның кең көлеміндегі өндірістегі алып жатқан орынын және ролін сипаттайды.

Кәсіпорын келесі үш бір бірімен байланысқан функцияларды атқарады: өнім өндіру, оны сату және тұтынушылықты ұйымдастыру. Ен бастапқысына өнім өндіру функциясы жатады. Кәсіпорыннын өнім өндіру функциясы, сату және тұтынушылықты ұйымдастыру функцияларымен тікелей байланысты. Ол өндірілген өнімнін спецификасымен белгіленеді, өнім өндірілген күннен бастап сатылуы тиіс. Сату функциясы өзгерілетін кұн формалары ретінде болуы тиіс. Сол себепті бөлшектеп сатудағы функциясына сәйкес келеді. Осы функцияға тауар өндірумен және тауар-ақша қатынастар талаптары қойылады. Кәсіпорыннын өнім өндіру функциясы онын спецификалық функциясы болып табылады.

Сауда-саттық кәсіпорындар қызмет көрсету саласына жатады.

Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы.

ЖШC «Лучшие 7» «Цент Азия Продукт» 2004 жылы 17 Қазанда құрылды.

Кәсіпорын қызмет көрсету барысында Қарағанды және Ақмола аудандарынын нарықтарында өндіруші кәсіпорындардын эксклюзивті дистребьютор құқұғында тауарларды жетілдіру және сатумен айналысады:

  • ЖШС«IHLAS-7»- өнім ТМ «Халал муслим» (бесбармақ, шекілдеуік, макарон өнімдері) .
  • ООО «АМСК»- ТМ «Соки Украины» (Украина) Эксклюзивті дистребьютер Қазақстан және Қырғызстан бойынша.
  • ООО «Стара Фортеця Трейдинг»- ТМ «Саме Той» (Украина) Эксклюзивті дистребьютер Қазақстан және Қырғызстан бойынша.
  • ООО«Челябинский МЖК»- соустар, кетчуптар жене консервтік өнімдер. (Россия)
  • ЖШС «Уркер косметик»- Косметика және тұрмыстық химия (Қазақстан)
  • ЖШС «Анадол маркетинг», ЖШС «Якар»- тәттілер және кондитерлік өнімдер Турция өнімі. Алматы қ, Тараз қ.
  • ЖШС «Қарағанды- НАН» ЖШС «Бидай- НАН», ЖШС «Кондитер - макс», кондитерлік өнімдер.
  • ЖШС «Гаура»- консервация. Россия.
  • ЖШС « Молочные истории» Сүт өнімдері. Ақтөбе қ.
  • ЖШС «ОБИС»- сусындар Алматы қ.
  • ЖШС «Акросспищепром»- Алкогольді өнім «Пять континентов», «Слон», «Спецзаказ», «Домбра», «Тиынка», «Плюс», «Респект, « Пятый элемент» «Заначка», «Объяснительная» «Биг Бен»-Ақтобе .
  • ЖШС «Казалкотрейд»- алкогольді өнім «Нуреке» «Ручей» «Белый лебедь» «Диско» «Русская марка»«Шпилька» Алматы қ.

Кәсіпорыннын алкогольді, сүтті және тағам өнімдерін, және де алкогольсіз өнімдерін сатудан тәжірибиесі мол. Келесі белгілеріне қарай кәсіпорынды тез дамып келе жатқандардын қатарына жатқызуға болады. Кәсіпорыннын пойда болуынан бастап қарағандыда және аудандарда 2300 Сауда орындарымен жұмыс істей бастады, олар териториянын 90% пайызын алып жатыр, Астанада 1800 сауда орындары, Жезқазғанда 867 сауда орыны, Балқашта 435 сауда орындарымен жұмыс істеп жатыр.

ЖШС «Лучшие-7» бірнеше бөлімдерден тұрады: Маркетинг және сауда бөлімі, Қаржылық-Есеп бөлімі және логистика бөлімі.

Маркетинг және сауда бөлімі бірнеше бағытта жұмыс істейді:

  1. Алкогольді өнім бойынша жұмыс істейтін топ. Осы топта 40 Сауда қызметкерлері және 4 супервайзер жұмыс істейді.
  2. Тағам өнімдерін бойынша жұмыс істетін топ 35 сауда қызметкерлерінен тұрады және 3 супервайзердан.

3. А және OSDO (жаппай сату нарықтары), ХоРеКа және үлкен сұранысы бар сауда орындары категория бойынша 4 адам жұмыс істейді.

Маркетинг бөліміне супервайзер және 6 мерчендайзер кіреді, олар сауда орындарындағы осы кәсіпорыннын тауарларынын сауда орындарында болуын онын мөлшерін, алып жатқан орындарын қадағалайды. Бөлімді- сауда бөлімінін бастығы басқарады.

Қаржылық-Есеп бөлімі 2 Есепшіден және 4 оператордан тұрады.

Сату Қарағанды облысының барлық аймағында болып жатыр және де жақында тұрған барлық қалаларында, Жезқазған, Балхаш және қала аймқтарында және тағы 5 ауданда субдистрибьюторлар жұмыс істейді. Жезқазғанда кәсіпорыннын филиалы ашылды, Балқашта (ЖШС «Балхашлад») субдистрибьютор жұмыс істейді, және де Астана қаласында филил жұмыс істеп жатыр. Сауда жүйесі орталық қазақстан аймағын алып жатыр.

Сауда бөлімі кәсіпорыннын негізі болып табылады. Сондықтан сада қызметкерлері арасында күнделікті тәжірибе сабақтары өтеді, ай сайын басқарушылар немесе консалтинг-тренингтік кәсіпорындарынан тарнайы адамдар шақырылып, қызметкерлерге жұмысты жақсарту мақсатында тренингтер жүргізіледі.

Логистика бөлімінде бөлім бастығы, 28 жүргізуші экспедитрлер, 28 Газель маркасынын автомашиналары бар, олар тауарларды уақытымен жеткізуді қамтамассыз етеді. Компанияда 2500м2 алып жатқан қоймалары бар. Қоймаларда 5 қойма меңгерушісі және35 жүк тасушы жұмыс істейді

Сонымен қатар кәсіпорында кеспе, бесбармақ өнімдерін өндіру цехтарыжұмыс істеп жатыр, шекілдеуікті қораптау, тауар белгілерін жарнамалау суреттері бар бір рет қолданылатын стакандарды өндіру.

Бухгалтерлік есептін, кәсіпорынды басқарудағы рөлі.

Кәсіпорынды басқарудағы ең маңызды және жауапты бөлігінін бірі бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.

Субьектіде бухгалтерлік есепті ұйымдасмтыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның зандылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.

Бас бухгалтерді қызметтен босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге субьектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп мәліметтерінің дұрыстығына тиісті акктілер жасалады.

Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде субьекті мына жайларды қамтамассыз етуі керек. :

  • есеп беру кезенінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтіндігі, 1БЕС белгіленген ережесімен сәйкес келетіндігі;
  • Қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезенде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы;
  • Тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;

Ақша қаражаттарының есебі.

Ақша қаражаттары әрбір шаруашылықта қозғалыста болып оларды қатаң бақылауға алып отырады. Қазақстан республикасында ақша қаражаттар қозғалысын ұлттық банк реттейді. Ақша қаражаттар туралы есеп мынадай жолдармен жүргізіледі:

1 Қолма- қол ақшамен төлеу арқылы;

2 қолма-қолсыз ақшамен төлеу арқылы;

Шаруашылықтын нақты ақша қаражаттарын арнайы жабдықталынған кассада сақтатайдлынады кассада ақша қаражаттары ұлттық валютамен немесе шетел валютасымен жүргізіленеді.

Касса есебі бухгалтерлік есепте 1010 активті шот арналған касса есебін

Материалды жауапты тұлға кассир атқарады. Кассир мен шаруашылық арасында материалды жауапты жүктелетін шарттар жасалады. Кассирдің міндеті ол шаруашылықтағы ақша қаражаттарына бақылау жасау, оларды уақытылы қозғалыстар бойынша құжаттарды толтыру керек.

Касса есебі бойынша мынадай құжаттар толтырылады:

1 Кіріс кассалық ордер.

2 Шығыс кассалық ордер.

3 Кассалық кітап.

Кіріс кассалық ордерді кассир шаруашылыққа ақша қаражаттары келіп түскен жағдайда толтырылады.

Шығыс кассалық ордерді кассадан ақша қаражаттары шығарылғанда толтырылады.

Кіріс кассалық ордерға кассир қол қояды, ал шығыс кассалық ордерға кассир мен бас есепші қол қояды. Кіріс және шығыс ордерлердін негізінде кассир кассалық кітапті толтырады.

Кассалық кітапта мынадай мәліметтер толтырылады:

1 толтырылған айдын күндері.

2 күн басына немесе ай басына қалдық

3 құжаттардың номерлері.

4 кімнен алынғандығы және кімге берілгендігі туралы мәлімет.

5 кіріс соммасы.

6 шығыс соммасы.

7 күн аяғына немесе ай сонына қалдықтар көрсетіледі.

8 байланысқа түсетін шот.

Кассалық кітапті толтырып болған соң оны бас есепшіге тапсырады. Бас есепші оны өндейді. Бас есепші оны тексергеннен кейін осы 1010 шот бойынша түскен мәліметтердің негізінде журнал ордер №1 ведомость №1 толтырады.

Журнал ордер №1 кредит1010 бойынша толтырады, ал ведомость№1 ведомость дебет бойынша толтырады.

1010 шот активті шот болғандықтан дебитінде көбейгендігі, ал кредитінде азайғандығы көрсетіледі. 1010 шот бойынша бухгалтерлік есепте мынадай негізгі корреспонденциялық шот қойылады.

Дт Кт

1. 1010 1060 кассаға есеп айырысу ишотынан ақша алынды.

2. 1010 1210 кассаға сатып алушылардан түсім түсті.

3. 1010 1251 кассаға есеп беруші тұлғадан ақша қаражаты түсті.

4. 1010 1252 кассаға материалды жауапты тұлғаның зиянды өтеу

соммасы қайтарылды.

5. 4230 1010 кассадан жұмыскерлердің еңбек ақысы берілді.

6. 1251 1010 кассадан есеп беруші тұлғаға ақша берілді.

7. 1060 1010 кассадан есеп айырысу шотына ақша берілді.

Есеп айырысу операцияларының есебі.

Банктегі есеп шоты банк пен шот иесінің арасындағы қатынастарды реттейді. Банктегі есеп айырысу шотында шаруашылықтың ақша қаражаттары сақталады. Есеп айырысу шотың шаруашылық есепте тұрған дербес балансы бар және өзінің айналымдық қаражаты болатын кәсіпорын немесе ұйым ашады. Есеп айырысу шоты бойынша банк пен шот иесі арасындағы қатынастар Қазақстан республикасының ұлттық банкісінің және нормативті актілермен реттеледі. Банкте есепшоттар теңгемен сондай-ақ шетел валютасымен ашылып қолма-қолсыз есеп айырысудың формасы жүргізіледі. Есеп айырысу шотын мынадай құжаттар негізінде ашады:

  1. Шотты ашу жөніндегі өтініш.
  2. Жарғы көшірмесі.
  3. Мемлекеттік тіркеу туралы көшірме.
  4. Үлес қосушылар, құрылтайшылар шартының көшірмесі.
  5. Салық комитетінің салық есебіне алынғандығын анқтайтын анықтама.
  6. Қойылатың қолтаңбалары мен мөр таңбаларының үлгілері бар нотариалдық жағынан расталған банк карточкаларының екі данасы.

Шаруашылық шот ашу үшін аталған құжаттарды түсіріп банктік қызмет көрсету шартына қол қойылғаннан кейін банк басқарушысының өкімі бойынша кәсіпорынның есеп айырысу шотына номер беріледі және ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін жеке шот ашады. Есеп айырысу шоты бойынша бухгалтерлік есепте 1060 шот арналған.

ЖШС «Лучшие-7» кәсіпорынының негізігі банктік шоты болып 1060 шоты табылады.

Осы кәсіпорында банк арқылы келесі операциялар жүргізіледі:

1) сатылған өнімнен және көрсетілген қызметтен түскен табыс

2) сатып алушылардан табыс

3) коммуналдық қызметтерге төленген қаражат

4) бюджетке салықтарды аудару

5) зейнетақы қорына зейнетақы ұсталымдарын аудару

6) әлеуметтік сақтандыру қорына аудару

7) кредиторлық қарыздарды жабу

Жоғарыда көрсетілген операцияларды тағайындау төлем тапсырмасы арқылы жүзеге асырылады.

Төлем тапсырмасы негізінде банк көшірмесі жасалады, оны операцияға байланысты 1-2 рет жасалады.

1060 шот арқылы келесі операциялар орындалады:

Дт Кт

1) 1060 1010 кассадан ақша қаражаты шығысталды

2) 1060 2110 сатлған өнімнен Виза картасы арқылы төлем түсті

Дт Кт

1) 4010 1060 алынған өндірістік қор бойынша акцепттік шоттар төленді

2) 3010 1060 шығыстық шоттарды банктік кредиттер және зайымдық өнімдер арқылы жабу

3) 3130 1060 бюджетке салық төлемдері төленді

4) 3110 1060 корпоративтік табыс салығы бюджетке төленді

Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу есебі

Басқа да дебиторлық қарыздар есебі келесі шоттарда жүргізіледі:

1420 - қосылған құн салығы

2150- қызметкерлердің ұзақ мерзімді берешегі

2160- жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

Бұл шоттарда ағымдағы дебиторлық қарыздар туралы ақпараттар жинақталынады. Бұл шоттар активті сонымен қатар бухгалтерлік есептің шоттар жоспарында басқадай дебиторлардың қарыздары есепке алынады. Оларды есепке алу үшін мынандай шоттар қолданылады.

1. 1420 - бұл шот сатып алынған тауарлы материалды құндылықтарды актқарылған жұмыстармен көрсетілген қызметтер үшін қосылған құн салығының соммасы көрсетіленеді.

1420- шотынын дебиті бойынша есепке алынған ққс соммасы қоймаларға құндылықтардың нақты түсуіне қарай осы шоттын кредитінен 3130- шотының дебитіне апарылады.

2. 2170 - Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар. Бұл шот бойынша қарыз алушы вексель ұстаушы, жалға алушы және тағы басқа кәсіпорындар бойынша және уақыттын өтуімен туындаған сыйақы қарыздар бойынша.

3. 1251 - қызметкерлердің жалақы жөніндегі берешегі. Бұл шот бойынша шаруашылықтағы қызмет барысында кәсіпорын қызметкерлерін қызмет бабымен іс - сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе заттарын сатып алады. Почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды есептеу үшін арналған . Бұл кезде кәсіпорын жетекшісі бекіткен есепке сай ақша береді. Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу көбінесе іс - сапарға жіберілгенде қолданылады. Қызмет бабымен іс - сапарға жіберілген адамдар шаруашылықтың басшысы бұйрығын шығарады. Осы бұйрықтың негізінде бас есепші іс - сапарға барып келу жол шығыны, тәуліктік шығындарды төлеуге ақша қаражатын кассадан береді.

Іс - сапар бойынша мынадай шығындар өтеледі:

  1. Барып келу жол шығыны.
  2. Тәуліктік шығын.
  3. Тұрғын үй жалдау шығыны.

Іс - сапар бойынша есеп берген кезде барлық шығындалған соммаларды дәлелдейтін құжаттар тіркеленуі керек. Егер барып келу жол билеті болмаса, онда ол ең төменгі көлік құралының ақысымен төленсе, егер де қонақ үйді жалдағаны туралы шотфактурасы болмаса, онда тәуліктік сомманың 50% төленеді. Тәуліктік шығындар Қазақстан республикасында кәсіпорындар үшін 3 айлық есептік көрсеткіш.

Іс - сапарға барып келгеннен соң қызметкер шаруашылықтың бас есепшісіне аванстық есеп береді. Бұл есеп іс - сапардан келгеннен кейін 3-5 күннің ішінде тапсырылу керек. Аванстық есеп барып келу жол билеті, төсек жабдықтарының квитанциясы, тұрғын немесе қонақ үйді жалдағаны туралы квитанция, телефон байланысының квитанциясы және тағы басқа құжаттар тіркелінуі керек. Аванс есебін бухгалтер тексереді, дұрыс болған жағдайда субъектінің басшысы бекітеді. Егер дұрыс толтырылмаған аванстық есеп болса қайтадан дұрыс толтыруға беріледі.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу. Материалдардың түсуі және шығуы туралы есеп.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу бойынша келесі шот белгіленген 4110 осы шоттан жабдықтаушылармен есеп айырысу ақпараттары көрсетілген: активке қажетті тауар өнімдерінің алынуы, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер жеткізілу және тауарлы материалдық қорларды қайта өңдеу шығындарын қоса алғанда, жабдықтаушылардан есеп айырысу құжаттарының келмеуі (айғақталмаған жеткізілімдер) .

Активті емес тауарлы-материалдық қорлардың артықшылығы, оларды кезінде пайда болуы. Жабдықтаушылармен есеп айырысу кезіндегі маңызды құжат шот-фактура болып табылады. Шот-фактураға сәйкес келесі операциялар орындалады:

Дт Кт

1) 1310-1317 4110 материалдарға арналған акцептті шоттар

2) 1330 4110 тауарлар мен өнімдердің акцептті шоттары

3) 2413-2417 4110 жабдықтар, көлік және басқа да құралдар

Шот-фактура төлем тапсырмасымен бірге жабдықтау бөліміне түседі және ол сол жерде салықтық шот-фактураларды тіркеу кітабына тіркейді. Қоймадан тауарлы -көліктік тіркеме қағаздары келгеннен соң бас есепші оны журнал-ордер 6 тіркейді.

Тауарлы материалдық құндылықтардың түсүін мынадай құжаттар арқылы рәсімдейді:

  1. Сенімхат - ол кәсіпорынның бухгалтериясында жауапты тұлғаға беріледі. Сенімхат он күнге беріледі және тіркеу журналда тіркеледі.
  2. Накладная - келін түскен материалдардың атауы, саны, соммасы жазылады. Накладная негізінде шот- фактура толтырылады. Накладная мен шот - фактурада атауы саны сомасы жазылады. Накладной мен шот - фактурада жабдықтаушы кәсіпорын және сатып алушы кәсіпорынның барлық реквизиттері толтырылады.
  3. Жабдықтаушылар сатып алушылардың қоймасына авто транспорт пен тауарлы материалды құндылықтары жеткізілсе, тауарлы транспорттық накладнойы толтырылады.

Жабдықтаушылардан тауарлы материалдық құндылықтарды алған кезде егер де құжаттағы мәліметтермен сәйкес келсе онда кіріс ордерін толтырамыз. Егер де қабылданған кезде сынған немесе жетіспеушілік ақау болса материалдарды қабылдау туралы акт толтырылады. Егер де тауарлы құндылықтарды көлікпен тасмалдаған кезде тауарлы транспорттың накладнаясы толтырылады. Жоғарыда айтылған құжаттар негізінде сатып алушылардың банкісіне жабдықтаушылардан төлем құжаттары келіп түсу керек. Оған төлем талап тапсырмасы, төлем тапсырмасы болуы мүмкін. Егер де шаруашылықта тауарлы материалдық құндылықтар есептен шыққан кезде мынандай құжаттар толтырылады. Лимиттік заборлы карта - бұл құжат арнайы шаруашылықтын басшысының бекіткен лимиті немесе нормасы бойынша материалдарды есептен шығарған кезде толтырады. Бұл құжат екі данада толтырылады. 1 қоймада қалады. 2 тұтынушыда қалады. Материалды құндылықтарды есептен шығару бойынша нормасы шаруашылықтын басшысының рұқсатымен ғана бекітіленеді.

1. Құжат требование (талап ету) - бұл материалдарды босатқан кезде немесе 1 маттериалдардың орнына пайдалануға болған жағдайда толтырылады.

2. 1 цехтан 1 цехқа материалдарды босатқан кезде (материалдардың ішкі орналасуына) накладная құжаты толтырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Кәсіпорынның экономикалық жұмысының мазмұны
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштері
Есеп және аудит
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші обьектілері
Мониторинг жүйесі мен ауытқуларды талдау ұйым контроллингінің негізі
Меншікті капиталды есепке алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz