Негізгі құралдар түсінігі, жіктелуі, негізгі құралдарды мойындау


1. Негізгі құралдар түсінігі, жіктелуі, негізгі құралдарды мойындау.
2. Негізгі құралдардың бастапқы бағалануы.
3. Негізгі құралдардың құжаттау есебі.
4. Негізгі құралдарды кіріске алу есебі.
5. Негізгі құралдардың тозу (амортизация) есебі.
6. Негізгі құралдарды есептен шығару есебі.
7. Кейінгі шығындыр есебі.
8. Негізгі құралдарды қайта бағалау, жөндеу, түгендеу есебі.
9. Негізгі құралдардың құрылыс салу есебі.
10. Негізгі құралдардың жал есебі.
Әдебиет : В. Л. Назарова «Бухгалтерлік есеп»
Учет недвижимости, зданий и оборудования . ТОО Издательство «БИКО» Алматы 2006г
Бухгалтер Бюллетені жорнал 2007-8ж.
С. Б . Баймуханова «Бухгалтерлік есеп»
«Заңнамалы- нормативті құжаттар жинағы» 2008ж.
№2 ҰҚЕС 16 «Негізгі құралдар» бөліміне сәйкес
Негізгі құралдар - бұл:
1) тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын, және
2) күтіліп отырғандай бір кезеңнен (12 айдан) астам ішінде пайдаланылатын материалдық активтер.
Қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсетуші жабдық, әдетте, қорлар ретінде ескеріледі және пайдада және залалда оларды тұтыну шамасына қарай танылады. Алайда, ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдық, егер субъект оларды бір кезеңнен астам пайдалануға болжаса, негізгі құралдар ретінде санапталады. Ұқсас тәсілмен, егер қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсетуші жабдық негізгі құралдар объектісіне байланысты ғана пайдаланыла алатын болса, онда олар негізгі құралдар деп саналады.
Негізгі құралдардың кейбір объектілерінің бөліктері тек аралық уақыттан кейін алмастыруды талап ете алады. Егер субъект негізгі құралдар объектісінің бөлшектерін алмастыру болашақ экономикалық пайданың ағынын ұлғайтады деп күтсе, онда мұндай алмастырудың құны бөлшекті алмастыруға жұмсалатын шығындарды тану сәтінде объектінің баланстық құнына қосылуға тиіс. Алмастырылатын бөлшектердің баланстық құны мұндай жағдайда осы Стандарттың 291-294-тармақтарына сәйкес субъект негізгі құралдар объектісін тануды мынадай жағдайда тоқтатады:
1) объект шығып қалған кезде; немесе
2) оны пайдаланудан немесе оның шығып қалуынан ешқандай болашақ экономикалық пайда күтілмеген кезде.
3) объектіні жалға беріп экономикалық пайда түсіре алмаса.
Негізгі құралдар объектісін (мысалы, автобус) пайдалануды жалғастырудың шарты осы объектінің бір бөлігін алмастыру болғандығына қарамастан, ақауларды анықтау мәніне үнемі күрделі техникалық қараулар жүргізу болуы мүмкін. Әрбір күрделі техникалық қарау жүргізілген кезде оны құны негізгі құралдардың тиісті объектісінің баланстық құнында, егер тану өлшеуі сақталса алмастыру ретінде танылады. Алдағы техникалық қарауға жұмсалатын шығындардың баланстық құнының қалған бөлігін (табиғи бөлімдерден ерекше) тану тоқтатылады. Бұл объектіні сатып алу немесе салу жөніндегі операциялардың нәтижесінде сәйкестендірілген алдыңғы техникалық қарауға жұмсалған шығындардың болуына қарамастан жүргізіледі. Қажет болған кезде болашақ ұқсас техникалық қарауды жүргізуге жұмсалатын шығындарды есептік бағалау объектіні сатып алған немесе салған кезде техникалық қарауға жұмсалатын шығындардың қолда бар құрамдас бөлігінің құны қандай болғандығының индикаторы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Жер мен ғимарат бөлінетін актив болып табылады және, егер олар бірге сатып алынса да бөлек ескеріледі.
Негізгі құралдар объектісін бастапқы тану кезінде субъект бұл объектіні оның іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша өлшеуге тиіс.
Ұсынылып отырған анықтамада үш негізгі белгі бөліп көрсетіледі:
1. материалдық нысанының болуы;
2. компанияның қалыпты қызметінің (сатуға арнамалған) барысында пайдаланудың мақсатты сипаты;
3. пайдаланудың ұзақ мерзімі (бір кезеңнен астам) .
№2 ҰҚЕС 16--«Негізгі құралдар» бөліміне сәйкес, негізгі құралдардың объектісі, бұл - актив болып танылады, егер :
1. активтің қатысуымен болашақта экономикалық пайда алуына;
2. кәсіпорынға активтің өзіндік құны дұрыс бағаланса.
Егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оны сатып алуға жұмсалған шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.
Активті танудың екінші міндетті шарты оның құнын сенімді бағалау яғни активті сатып алуға жұмсалған нақты шығынды сенімді бағалау болып табылады. Сондықтан, қажет болған жағдайда активтің өзіндік құнын сенімді бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар тартылуы мүмкін.
Сонымен :негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір жылдан көп мерзім пайдаланылады, осы пайдалану мерзімде өз құнын амортизация арқылы бірте бірте өндірілген өнімге ауыстырады.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:
- негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
- негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
- негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте жеке инвентарлық объект ретінде көрсетіледі, мысалы ғимарат бұл объектіге әрбір жеке тұрған ұй кіреді, сол сияқты жабдықтарда, сондықтан есепке аларда кіріс құжатында (паспорт) объектіге жататын құрылғылар (қосалқы бөлшектер) жазылу керек.
Негізгі құралдар №2 ҰҚЕС 16 бөліміне «Негізгі құралдар» сәйкес жіктеледі:
салалар бойынша;
бағыты бойынша; (өндірістік, өн. емес)
пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына; (жер, жабдықтар, ғимараттар. . ) 9 түр.
иелігі бойынша; (меншікті, жалға алынған, уақытша пайдалануда)
пайдалану маңызы бойынша; (әрекетті, запастағы, әрекетсіз)
мүліктік құрамы бойынша; (инвентарлық, инвентарсыз)
салықтық нысандар бойынша (топталған, әр топқа өз шектелген норма белгіленеді) .
Шаруашылықтың әр саласында, натуральдық-заттық белгі бойынша, негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді:ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары; саймандар; өндірістік мүліктермен иеліктер; шаруашылық мүліктері; үлкен жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана қоры; жерді жақсартуға күрделі шығындар(ғимараттардан басқа) ; мұражай құндылықтарымен басқа объектілер; басқа да негізгі құралдар.
Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалданған болып бөлінеді.
Меншікті негізгі құралдар -сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар.
Жалданған негізгі құралдар - бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып, басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланым негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі. Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Бағалануы.
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) қозғалысы №16 ХҚЕС -на сәйкес бағаланады: - өзіндік құн (нақты) бойынша немесе
Бастапқы құн - бұл негізгі құралдарды салу немесе сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығынның құны, бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар, сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстын күйіне келтіруге байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, іске қосу шығындары және кез келген өзге шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады: ғимараттар мен құрылыстар үшін объектілер салу(тұрғызу) жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ объектілердің мүліктік құнына бекітілген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындар. Өзіндік құн - активті алуға жасалған шығындырдың жиын сомасы.
Өзіндік құнға жатпайтын шығындар активті жұмыс жағдайға келтіргенге дейін жасалған шығындар (әкімшілік немесе үстеме шығындар), ағымдағы жөндеу шығындарына жатқызатын шығындар, алдағы кезкңдерге жатқызатын шығындар.
Баланстық құн - бастапқы құнның сомасынан жиынтық тозуды алыптастаған құн (есептік құн) .
Жою құны - бұл негізгі құралдарды пайдалы қызметінің соныңда пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың жорамал құны, бұдан шығарып тастау жөнінде күтілетін шығындар шығарып тасталады(жобаланған құн) .
Дұрыс құн - екі жақтың келісімі мен жақсы жасалған операциялардың құны (нарықтық құн) .
Қайта бағаланған құн - қайта бағалану жасалған мерзімдегі дұрыс құн, осы күнге дейін жасалған шығындармен амортизация шегертілген құн.
Тозу - активтердің құны пайдалану мерзімде унемі, біргелкі өз құнын азайтып отырудағы есептеме, өзіндік құннан жою құны шегертілгеннен кейінгі.
Кәсіпорындағы активтердің ағымдағы құны - бұл кәсіпорын активтерінің қозғалысынан болжамдайтын құн.
Құнның төмендеуінен болған зиян - сатылған құн баланстық құннан төмен болғаны.
Негізгі құралдардың бастапқы бағалануы
Негізгі құралдар №2 ҰҚЕС № 16бөлімінде қарастырылған «Негізгі құралдар», №12 журнал-ордер қарастырылған.
Бухгалтерлік есептің жұмыс жоспарында екінші бөлімде орналасқан
№2400, 2410 шоттарда «Негізгі құралдар», 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы», 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануы», 2600 «Барлау және бағалау активтері», 2620 - «Барлау және бағалау активтердің амортизациясы», 2630 «Барлау және бағалау активтердің құнсыздануы»
Өзіндік құнның элементтері:
-сатыпалынған баға, оның ішінде импорттық төлемдер мен салымдар, және сатып алу бойынша жасалған шығындар.
Негізгі құралдарды құжаттық ресімдеу.
Негізгі қорлардың есептік инвентарлық карточкасы бухгалтерлік қызметте негізгі құралдардың әрбір объектісіне жүргізіледі. Орын алмастыруы, реконструкциясы мен модернизациясы бойынша негізгі құралдардың құжаттары бір дана ғана толтырылады. Инвентарлық карточка негізгі құралдардың объектілерінің негізгі сапалық және сандық көрсеткіштерін құрайды .
Негізгі құралдарға инвентарлық нөмер олардың келіп түскен реттік - сериялық жүйелері бойынша беріледі.
Негізгі құралдардың объектілерін есептеуде, объектілер іс-әрекет еткенде заңға сәйкес жүргізілуі тиіс, сонымен қатар негізгі құралдардың құрамын өткізу кезінде, басқа ұйымға сатуда негізгі құралдардың алыс - беріс акті қолданылады. Әр объектіге және біріккен объектілерге акт екі данада құралады. Құралған акт қосымша техникалық құжаттармен бухгалтерлік бөлімге тапсырылады, жеке кәсіпкер немесе ұйымның басқарушысы ретінде бас бухгалтердің қол қоюымен бекітіледі.
Енгізілген объекттер әрекеті берілген қағидада өз ретімен құжатталу, негізгі құралдардың құрамынан беру кезінде есептен шығару, басқа ұйымдарға негізгі құралдың объектілерінің тобын сату кезінде алыс - беріс актісі қолданылады. Бұған құжаттарды дайындау нағыз Ережелердің 71 тарауына сәйкес орындалады.
Объектілердің ішкі орналасуын немесе ұйымның құрылымдық бөлімшелеріндегі негізгі құралдардың объектілерінің топтарын құжаттау, объектілердің берілуін қамтамасыз ету немесе негізгі құралдардың объектілерінің топтарын қоймадан (қордан) алу үшін негізгі құралдарды ішкі орналастыруға накладной қолданылады. Накладной екі нұсқауда жазылады. Алушы мен беруші тілхаты (түсініктемесімен) бар бірінші дана бухгалтерлік қызметке, ал екіншісі ұйымның құрылымдық бөлімшесіне тапсырылады.
Негізгі құралдарды жөндеуден, модернизациялаудан кейін алыс - берісін құжаттау, негізгі құралдардың жөндеуден өткен, модернизацияланған қабылдау - беру актісінде қолданылады. Жеке кәсіпкердің материалдарға жауапты жұмысшысымен немесе негізгі құралдарды қабылдайтын ұйым және жөндеу жүргізуші ұйымның өкілімен жазынған акт екі дана болып құрылады. Ол актке бас бухгалтердің қолы қойылып, жеке кәсіпкер немесе ұйымның жетекшісімен бекітіледі.
Негізгі құралдардың объектілерін толық немесе ішінара есептен шығару негізгі құралдарды есептен шығару актісі бойынша жүргізіледі. Акт екі данада құрылады, оған комиссия мүшелері қол қойып, жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісімен бекітіледі. Бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін бухгалтерлік қызметке беріледі, ал екінші данасы объектінің сақталуына жауапты тұлғада қалады.
Автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісі автотранспортты есептен шығару үшін құжатталады. Акт екі данада құрылады, оған комиссия мүшелері, жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісі қол қойып, жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісімен бекітіледі. Кеден полицияларында есептен шығарылғанын дәлелдейтін акттің бір данасы бухгалтерлік қызметке беріледі, ал екінші данасы объектінің сақталуына жауапты тұлғада қалады.
Негізгі құралдардың объектілерінің жалдық есебі үшін негізгі құралдардың жалдық есеп карточкасы қолданылады.
Қоймаға келіп түскен құралдарды құрастыру үшін құралдардың келіп түскендігі туралы акт қолданылады. Акт екі данада құрылады, оған комиссия мүшелері қол қояды.
Құралдарды монтаждау ұйымына берген кезде құралдарды монтажға алыс - беріс актісі толтырылады. Монтаждық жұмыстар жүзеге асырылғанда қабылдау комиссиясы құрылады, оның құрамына құралдық тапсырыстарды жүзеге асыратын ұйым өкілдері, монтаждық ұйым өкілдері кіреді. Құралдарды жауапкершілікті сақтауға алған монтаждау ұйымының өкілі актке қол қояды және оған акт көшірмесі беріледі.
Түгендеу процесінде монтажда немесе құралдарды сынау кезінде ақаулар көрінген болса, құралдарда ақаулардың пайда болуы акті кұрылады.
Негізгі құралдарды кіріске алу есебі
Негізгі құралдарды кіріске алуы :
- ақшаға;
- несиеге;
- айырбасқа;
- сый ақы ретінде басқа субъектілерден;
- құрылыс салу жолымен;
- қайтарымсыз
- қаржыландырылған жал
- құрылтайшылардан салым ретінде
Синтетикалық есебі 2400, 2410 шоттарда жүргізіледі. 2420шот негізгі құралдардың амортизация, 2430 - құнсыздануы, 5320 Қайта бағалауға арналған резерв.
6210 активтердің шығуынан түскен кірістер, 7410 активтердің шығыуынан алынатын шығыстар, қаржыландырылған жал сомасы 4150шот, құрылтайшылардан 5010, 5020
2930 аяқталмаған құрылыс, 2900, 2940 Өзге ұзық мерзімді активтер.
6220 Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер, 6230., түгендеу барысында артық шыққан 6280.
Ақшаға сатып алу:
Кәсіпорын жабдықтар сатып алды. Ұсынылған шот бойынша жабдықтардың құны 15тг., көлік шығындары - 16000тг., құрастыру шығындары 5500тг., еңгізу шығыны - 1800тг. - барлығы 173300тг.
Бастапқы құны - 173300тг. Д 2410 К 3310
Несиеге алынған жағдайда бастақы құнға несиенің алғашқы төленген сомасы кіреді, ал кейінгі төленіп отыратын сомалар несиелік пайыздар болып мойындалады да №2 ҰҚЕС 24 бөлімі бойынша есептеледі (қарыздан басқа пайыздар есепке алынады) .
Айырбас бойынша біртектес активтер айырбасталғанда:
Ескі жабдықтың(берілсе) баланстық құны 10950тг. К-т 2410
Төленген ақша қаражаты 9тг. К-т 1010, 1040
Жаңа жабдықтың(алынса) өзіндік құны 100950тг. Д -т 2410
Ал, егер кәсіпорын автокөлікті(берсе) станокқа ауыстырса көліктің құны 25000тг,
Станок(алса) 32000, онда Д- 32000
К -25000
К - 7000 пайда
Д К
Құрылтылтайшылардан түскен негізгі құралдар 2410 5110
АҚ 2410 5020
Мемлекттен 2410 6230
Қайтарымсыз заңды тұлғалардан 2410 6220
Жалға берілген 2410 3360, 4150
Кейбір негізгі құралдардың түрлері ҚҚС салынбайды 1420 шот
Ғимараттар тұрмыстық қорларға қатысты, жеңіл көліктер
Мысалы, станок қабылданып алынды 1тг.
ҚҚС 15000тг.
Есеп шоттан 115000тг. аударылып төленді. ҚҚС 15000тг қабылданды.
2413 3310 немесе 4110 - 1
1420 3310 4110 15000
3310, 4110 1030 115000
3130 1420 15000,
ал, егер кәсіпорын жеңіл көлік қабылдап алған болса құны 500мың. тг., ҚҚС 75мың. тг.
2414 3310 575мың. тг.
тұрмыстық ұйлер дің де проводкалары осылай болады.
Жер
Егер кәсіпорын ғимарат тұрған жерді алса, онда ғимаратты жою жұмыстарының шығындары жердің құнына кіреді, және жердің құнына жерді кіріске алу жөніндегі құжаттық шығындары да кіреді. Ал, егер кәсіпорынның балансында бұрыннан бар болса, ғимаратты жойып орнына жаңа ғимаратт салынатын болса, онда ғимараттың жойылатын шығындары жердің құнына емес ғимараттың жоюлы шығындарын көбейтеді.
Негізгі құралдардың есептен шығарылуы.
Кәспіорындардың өндірістік шаруашылық процесінде негізгі құралдың құрамында мынандай себептермен өзгерістер болады:
- негізгі құралдардың қажет емес объектілерін өткізу(сату) ;
- басқа кәсіпорындарға ақысыз тегін беру(сыйлау) ;
- негізгі құралдар объектілерін халық тұтынатын тауарларға немесе басқа тауар-материалдық құндылықтарға айырбастау;
- көңеруі, моральдық тозғаны, стихиялық апатқа ұшырауы бойынша жою (шығыстан шығару) ;
- кәсіпорын ішінде жекелеген объектілердің жылжуы;
- басқа кәсіпорындарға олардың жарғылық капиталына салым түрінде беру;
- негізгі құралдар объектілерінің түгендеу кезінде жетіспеуі немесе бүлінуі;
- негізгі құралдар объектілерін арзандату.
Негізгі құралдар объектілерін басқа кәсіпорындарға төлем шартымен(аукциондар мен конкурстарда сату) өткізу келісімді бағамен жүзеге асырылады. Сатып алушыға объектіні беру фактысы «Негізгі құралдарды қабылдау-беру (жылжыту) актісімен(нысан №НҚ-1) » үш данада рәсімделеді: алғашқы екеуі тапсыратын кәсіпорында(онда бірінші данасы есепке қосылады, екіншісі - беру хабарламасына және акцептке тіркеледі), үшінші данасы негізгі құралдар объектілері қабылдаушы адамға беріледі. Актіге объектінің жағдайы, оның бастапқы құны, тозу дәрежесі көрсетіледі.
Сонымен, негізгі құралдар кәсіпорынның есебінен шығарылады:
Жойылғанда;
Сатылғанда;
Ауыстырылғанда;
Өтеусіз берілгенде;
Жойылғанда, сынғанда
Жарғылық капитал ретінде салынғанда .
Мысалы : Жабдықтар жойылады, баланстық құны 5000тг. Тозу сомасы шығарылады 45000тг., жою әрекеттері үшін еңбек ақы есептелді 1тг., демалыс күндері үшін еңбек ақыға резерв есептелді 2100тг., жабдықтарды жоы себептерінен металлалом кіріске алынды 1000тг. :
Д К
7410 2410 5000
2420 2410 45000
7410 3350 1
7410 3500 2100
1310 6210 1000
Жыл соңында 7410 шоттың сомалары Д-ті кредитталып 5410 Д-мен шотпен жабылады, ал 6210 шоттың К-ті дебетталып 6210 шоттың К табысты көбейтеді.
5610 7410 17100
6210 5610 1000
Объктінің жоюлуынан қаржылық нәтиже зиян шекті, ол 5610 шотқа апарылу керек
5510 5610 16100
Негізгі құралдар сатылған кезде, егер бұрын ҚҚС кіріске алынса енді ол сатылған құннан есептеледі.
Мысалы : Станок сатылды құны 43000тг. (ҚҚС сыз), бастапқы құны - 6тг., тозу -2тг.
Д К
7410 2410 4
2420 2410 2
1210 6210 43000
1210 3130 6450 (43000х15%)
Ал, егер негізгі құралдар бұрын қабылданған кезде ҚҚС алынбаған болса, онда салыққа салынатын айналымы (құны) сатылатын құнмен баланстық құнның арасындағы оң айырмашылықтар болып табылады.
Сатылып отырған жеңіл көліктің баланстық құны 240м. тг., ал сатылар құны 220м. тг. бұл жерде оң айырмашылық жоқ, салыққа салынатын айналым жоқ, ҚҚС жөнінде салықта жоқ деген сөз.
Өтеусіз берілетін негізгі құралдар кәсіпорынға зиян әкеледі. Баланстық құны 2400шоттардың К шығарылады 7410 шоттың Д апарылады, ал жиналған амортизация 2420шоттардың Д апарылады К 2400шоттар. Жыл соңында 7410 шот 5400шотпен жабылады. Өтеусіз берілгенде негізгі құралдардың құны ағымдағы нарықтық құнға төселеді ҚҚС сіз есептеліп, бірақта баланстық құннан төмен болмау керек.
Мысалы : Станоктың бастапқы құны 4тг., тозу сомасы 25000тг. Оны өтеусіз басқа кәсіпорынға беріп отыр. Баланстық құны 15000тг.
Д К
7410 2410 15000
2420 2410 25000
7410 3130 1950(15000х13%)
Негізгі құралдарды еншілес, қауымдасқан және бірлескен ұйымдарға жарғылық капитал ретінде салынса 2400шоттардан шығарылып 7410шотқа Д-ді, тозу сомалары 2400 шоттардан К-ді де 2420 шоттар Д-ді. Бұл жерде сатылған құндары1100-1150инвестиция шоттардың Д-де көрсетіледі 6210шот К көрсетіледі. Жыл соңында 7410 шотпен 6210 шоттар 5610 шотпен жабылады, жыл соңында 5610 шот 5510 шотпен жабылады.
Сатылған жабдықтардың шот корреспонденциясы
Жабдықтардың баланстық құны есептен шығарылд. 100. 000 7410 2410
Жабдықтардың тозу сомасы 80. 000 2420 2410
Сатыпалушыға сатылар құнға шот үсынылды 300. 000 1210 6210
ҚҚС есептелді 45000 1210 3130
Есеп шотқа сатыпалушыдан ақша қаражаты түсті345000 1040 1210
Есеп шоттан бюджетке ҚҚС аударылды 45000 3130 1040
Жыл соңында жабдықты сатылғанына қаржылық нәтиже анықталады
Табыс шоты анықталады 3 6210 5610
өткізілген жабдықтардың шығыны 1 5610 7410
Табыс жиыны бөлінбеген табыс шотымен жабылады 2 5610 5510
Негізгі құралдарға кейінгі жұмсалатын шығындар, қайта бағалау, түгендеу есебі
Негізгі құралдарды пайдалану барысында біртіндеп тозады, тозғанған бөлшектерін жөндеу немесе толығымен жаңарту қажет болады. Сондықтан кіріске алғаннан кейін пайдалану процесінде негізгі құралдарға күрделі шығындар жасалады. Бұл шығындар мынадай әдістермен танылады: - шығын ретінде мойындалуы (жөндеу) ;
- күрделі шығындар (жаңартылу, ауыстырылу) ;
- тозу соманы кеміту (пайдалану мерзімін ұлғайтуы) .
Мысалы: Кәсіпорын жаңа жабдық сатып алды 200 000тг. пайдалану мерзімі 5жыл, жою құны 20 000тг. . Кейіннен, 3 жылдан кейін жабдыққа қосалқы бөлшек алынды, ол жабдықтың өнім өндіру шамасын 12% пайызға көтерді, ол бөлшектің құны 2 000тг. Сонда, Д 2410 2000тг.
К 3310 2000тг.
Төртінші жылы жабдыққа жөндеу жұмысы жасалды 5 000тг.
Д 8440 5000тг.
К 3310, 1310, 3350 . . . 2000тг.
Бесінші жылы жабдыққа күрделі жөндеу жұмыстар жасалды 27 000тг., бұның салдарынан пайдалану мерзімі 5 жылдан 7 жылға көтерілді.
Д 2420 27000тг.
К 3310, 3350, 1310 27000тг. немесе Д 2410 27000тг.
К 3310, 3350, 1310 27000тг.
Есептеулерді бухгалтерлік қызмет негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі комиссиямен бірлесіп жасайды.
Негізгі құралдарды есепке алу принциптерін негіздеу үшін кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды, оның міндетіне:
1. пайдаланудың нормативтік мерзімін және тозуды есептеу әдісін айқындау;
2. күрделі және күрделі емес шығындарға жұмсалған шығындарды жіктеу;
3. негізгі құралдарға түгендеу жүргізуге қатысу;
4. бастапқы бағалау көрсеткіштерінін қайта қарау үшін күрделі сипаттағы шығындар бойынша негіздеме даярлау және қортынды;
5. сатып алу сәтінде және қажет болуына қарай, кейінгі күрделі салымдар кезінде және т. б. негізгі құралдар объектілері бойынша тарату комиссиясын айқындау кіреді.
Жөндеу, жаңарту жұмыстары
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар бухгалтерлік есепте кейін қайта бағаланым отыру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz