Химиялық байланыс типтері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жосапар:
І. Кіріспе бөлім: Химия ғылымы
ІІ. Негізгі бөлім: Химиялық байланыс типтері
а) Ионды байланыс;
б) Полюсті байланыс;
в) Полюссіз байланыс;
ІІІ. Қорытынды бөлім:
а) Химиялық байланстарды сипаттайтын теориялар
б) Моликула арасындағы күштер

Химия ғылымы

Химия – жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз –
біді айнала қоршаған материалық дүние. Бұл материалық дүние адам баласының
сана сезімінен тыс, оған тәуелсіз, өз бетімен жасап тұрған объективтік
болымыс, материя дейтініміз ол біздің сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы
түйсік туғызушы, материя дейтініміз бізге түйсік арқылы берілетін
объективтік болымыс.
Материя, материялық дүние жаратылыс жайында түсінік толық, дұрыс болу
үшін онда өне бойы өзгеріп, өсу, өшу, даму процесстері үздіксіз қозғалыс
болатындарын естен шығармау керек. Материя әр дайым қозғалыста болады.
Қозғалыс-материяның бар екендігінің формасы. Еш жерде, еш уақытта
қозғалыссыз маерия болған емес, болуы мүмкін де емес... (Ф.Энгельс)
Химия – заттардың бір-біоіне айналып, өзгеруін зерттейтін ғылым. Химия –
заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс
жағдайын, әрі өзгерістермен қабат болатын құбылыстарды зерттейтін ғылым.
Химиялық зерттеу әдістерінің бірі-бақылау, бірақ ол заттарды, және түрлі
құбылыстарды үстүртін бақылау және сипаттап жазу мен қанағаттанбайды, сол
құбылысты терең түсіндіруді мақсат етеді. Құбылысты түсіндіру үшін оның
мазмұнына терең бойлап, ол құбылысты туғызатын себептерді тауып, оның болу
жағдайын анықтайды. Міне осы үшін жаратылыстың түрлі құбылыстарын,
процестерін, қолдан жасалған жағдайда эерттейді, оны тәжірибе немесе
эксперимент деп атайды.
Химик бір құбылысты, не процесті зерттеп отырғанда келген ойының
жорамалының дұрыс екенін білу үшін тәжірибе қойып шешеді. Ондай жорамалды
гипотиза деп атайды. Егер тәжірибе жүзінде гипотезаның дұрыстығы анықталса,
ол тек бір құбылыс емес, жаңа құбылыстарға жол ашатын болса, оана шығатын
қорытындылар ақиқат шындыққа дәл келіп жатса, онда гипотеза теорияға
айналады.

Химиялық байланыс типтері.

Әрекеттесетін атомдардың электр терістігіне және соған сәйкес
молекуладағы электрон бұлттарының орналасуына байланысты химиялық
байланыстар:
1. полюссіз коволентті
2. полюсті коволентті
3. ионды байланыс болып үшке бөлінеді.

Бұл үш түрлі химиялық байланыстардың түзілу тегі бірдей, олардың
барлығының электрлік сипаты болады.
Атомдардың электрон бұлттары әрекеттесіп бір-бірімен қалыптасуы
нәтижесінде түзілген молекулалық электрон бұлты немесе молекулалық
орбиталь екі атомға да ортақ болатын химиялық байланысты ковалентті
байланыс деп атайды.
Полюссіз ковалентті байланыс бірлей атомдардың арасында түзіледі.
өйткені бір элементтің атомдарының электр терістігі бірдей болады да, екі
ядроның арасындағы молекулалық электрон бұлтына бірдей күшпен әсер етеді.
Оған жай заттардың H2,Cl2, O2 молекулаларында түзілетін байланыстарды
келтіруге болады. Полюссіз коволентті байланыс әр түрлі атомдардың арасында
да түзілуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда молекула түзетін атомдардың электр
терістігі бірдей неме өте жақын болуы керек.
Полюсті коволентті байланыстар әр түрлі атомдардың арасында түзіледі.
өйткені молекуладағы әр атомның электр терістігі әр түрлі болады да,
атомдардың арасында түзілген молекулалық электрон бұлты электр терістігі
басым элементтің атомына қарай ығысады. Электрон бұлтының ығысуын
поляризация деп атайды. Осындай бір жақты поляризацияның нәтижесінде
молекуладағы оң зарядтар мен теріс зарядтардың ауырлық орталығы бір
нүктеде түйіспейді де олардың арасында белгілі бір қашықтық пайда болады.
Мұндай молекулаларды полюсті деп ал атомдардың арасындағы байланысты
полюсті коволентті деп атайды. Молекуладағы оң зарядтар мен теріс
зарядтардың ауырлақ орталықтарының ара қашықтығын дипольдың ұзындығы деп
атайды.
Молекуланың полюстігін анықтау үшін дипольдік моменттің (µр) мәнін
табады. Диполльдік момент молекула полюсінің зарядын l дипольдық
ұзындығына J көбейткенге тең: µ = l- х J

Иондық байланыс

Иондық байланыс оң және теріс зарядталған иондардың бірін бірі
электрстатикалық күшпен тартудың нәтижесінде түзіледі. Әрбір ионды күш
өрісі кеңістікте жан-жаққа бір келкі тараған шар деп қарастыруға болады.
Сондықтан әрбір ион заряды қарама қарсы иондарды өзіне кез келген бағытта
тата алады, яғни иондық байланыстың коволетті байланыстар сияқты бағыты
болмайды. Иондық байланыстың коволентті байланыстардан тағы бір
айырмашылығы олар қаныққан болмайды. Сондықтан әрбір ион заряды қарама
қарсы басқа иондардың бірнешеуін өзіне қосып алады. Иондардың мұндай
қасиеті иондық кристалдар түзілгенде айқын көрінеді. Иондық байланыс
электртерістіктерінің айырмашылықтары бар, элементтер, мысалы бірінші
және екінші негізгі топша элементтері, жетінші негізгі топша элементтерімен
әрекеттескенде түзіледі.

Коволентті байланыс

Воленттік байланыс теориясы (ВБТ) бойынша коволентті химиялық байланыс
молекуладағы екі атом бір-бірімен бір немесе бірнеше жұп электрондар арқылы
байланысып тұрады. Коволентті байланысты түсінуді жеңілдету үшін кейде
молекуладығы бір химиялық байланысты жұп нүктемен немесе бір сызықшамен
көрсетеді. Мысалы:
Н2 Н :Н, Н – Н
О2 О О, О = О
N2 N N, N N
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық байланыстардың түрлері
Химиялық байланыс теориясы
ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР. Иондық байланыс
Иондық байланыс
Органикалық химияның теориялық негіздері
Химиялық байланыс түрлері
Металдық байланыс
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ
Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІҢ ЕСЕБІ
Пәндер