Химиялық заттар түсінігі, түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе

1. Химиялық заттар түсінігі, түрлері

2. Химиялық заттардың табиғи бірлестіктер мен адам өміріне әсері

2.1. Химиялық заттардың табиғи бірлестіктерге әсері

2.2. Химиялық заттардың адам өміріне әсері.

Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі таңда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелердің бірі – табиғат
байлықтарын үнкмді пайдалану мәселелрі болып отыр. Өйткені біз қоршаған
ортамен үнемі байланыста болып, табиғатқа әсер етіп отырмыз. Адамзат
қоршаған ортаға антропогендік өзгерістер әкеліп, одан көптеп пайда көріп
отыр: ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп дамуда ,қалалр салынып, ландшафтар
көркейіп атыр. Алайда антропогендік әсердің қоршаған ортаға жағымсыз
жақтары да болып жатыр. Мұндай келеңсіз экологиялық жағдайлар ғылыми-
техникалық прогрестің, қоғам дамуының әрекеттері емес, болып жатқан
технологиялық және экологиялық саясатқа, экологиялық білімің төмен болуына,
кейбір техникалық және экологиялық шешімдердің дұрыс болмауына байланысты.
Табиғи байлықтарды ысырапты пайдалану, өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтар,
автокөліктерденшығатын газдар және т.б. биосфераны мейлінше ластауда.
1992 жылы Рио-де-Жанейрода қоршаған ортаны қорғау туралы болған БҰҰ-
ның конференциясында адамзаттың бұл жолмен орны толмас катастрофаға алып
келетіні туралы айтылды. Биосфераның барлоық еомпоненттері бір-бірімен
тығыз байланысты. Экологиялық тізбектің бір жерінде болған өзгерістер
тізбектің басқа да жерінде міндетті түрде байқалады. Біртұтас жүйе ретінде
биосфера дамуының жалпы заңдылықтарын білмеу, әлеуметтік деңгейде ол
қағидаларды ескермеу адамзатты ауыр жағдайларға алып келетінін естен
шығармауымыз керек.

1. Химиялық заттар түсінігі, түрлері
   Адам баласы  тіршілік ету  үшін өзіне керекті заттарды табиғаттан
алады. Сондықтан табиғат байлығын аялап, қоршаған ортаны ластанудан,
бүлінуден  қорғау  келешек ұрпаққа оларды табиғи  қалпынан бұзбай жеткізу
үлкен мәселе. Адамдардың денсаулығына  әсерін тигізетін қоршаған ортаның
ауа мен суы, топырағы мен өсімдіктері  таза болғаны жөн. Жер 
тұрғындарының  шаруашылық қызметі қазіргі  кезде биосфераны  ластаушылардың
басты себепкері болып табылады. Қазіргі өркениет  табиғаттағы тепе-
тендікті бұзып, қоршаған ортаны залалын тигізіп отырғаны жасырын емес.
Себебі  күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ  тәріздес, сұйық  және
қатты  қалдықтары биосфераға  түсіп отырады. Ол  қалдықтардан ауаға, суға
және топыраққа  санданған химиялық заттар  бөлініп, олар адам денсаулығына 
залал  тигізеді. Экологиялық зардап бүгінде адам өлімінің  20 пайызына
себеп, болып отыр. Ал  кейбір жерлерде  жағдай  мүнан да қиын. Қәзіргі
кезде  бүкіл жер  шарында адамның  араласуынан  шет қалған, ластанушы
заттардың түспеген  бірде- бір жер жоқ.
Қоршаған  ортаны ластайтын затардың  биологиялық  әсері олардың адамды
уландыруы, нысандық сырқаттарға  ұрындыруы,  қатерлі ісік тудыруды және
мутагендік  (гендердің  бопсалануы) қасиеттеріне  байланысты  екендігі
белгілі.
      Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар
ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық
қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи  ортаны ластап, адам организміне 
әр түрлі әсер етіп,  денсаулығын  бұзады. Осындай ұлы заттар көп мөлшерде 
әсер етсе адамның  тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы заттар ірі
өнеркәсіптер шоғырланған қалалардың тұрғындарының денсаулығына елеулі  зиян
келтіреді. Химиялық, түрлі – түсті  металл өндіретін  өндірістер тынымсыз 
улы заттар шығарып тұрады. Мысалы,  ауаны ластаушы қайта өңдейтін зауттар
мен электростанциялар секілді ауаға  күкірттің қос тотығын шығаруда, ол
әрине  адамның және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әр түрлі
аурулар туғызады.  Көмірді жылу электростанцияларында  жағудың әсерімен
ауаға күл бөлініп  шығады. Ол ауылшаруашылық  егістіктеріндегі көкөністер
мен жеміс - жидектерге,  орман өсімдіктеріне  елеулі зиян  келтіреді.
Оларды пайдаланған адам мен онымен қоректенген жануарлардың тәнінде зиянды
физиологиялық өзгерістер байқалады .
      Мамандардың мәліметтеріне  сүйенсек, соңғы жылдары  автокөліктер
өте көбейіп улы газдың мөлшері 40 пайызға,  ал  ұшақтардан бөлініп шығып
жатқан улы газдың  мөлшері 60 пайызға өскен. Цемент зауытынана бөлінген 
шаң- тозан  қоршаған ауада, топырақта  калий,  кальций,  магний
элементтерінің шамадан тыс көбеюіне себепкер болады. Ал мырыш пен қорғасын
өндіретін металлургия зауытынан  шығатын улы заттар топырақ пен шөптердің 
бойына жиналып, ауа мен су арқылы адам мен жануарлардың бойына еніп олардың
денсаулығына қауіп келтіреді. Адам организімінің  улы заттарға төзімділігі
әрқалай. Жас балалар мен қарт кісілер,  аурушаң, улы заттарға төзімсіз
келеді . Сондықтан қоршаған ортаға  зиянды  заттар шығаратын кәсіп 
орындардың қаладан алыстау  жерге орналасқаны  жөн.

Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен
және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі
мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су
қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда.
Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние
жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қодануға байланысты болып отыр. Осының
әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлық флот дамуда. Мұнай
өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авриялар болып
нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мыңдаған километр жерді
ластайды. Су
ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың
бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы синтетикалық заттар. Ағын
сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15мгл-ді құрайды. Ал осы
заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0.1мгл-ді құрайды.
Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец,
қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс
алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды
атауға болады. Металдардың ішінде су қоры үшін ең қауіптісі сынап,қорғасын
және олардың қосылыстары.
Судағы химиялық және улы заттардың мөлшерін Мемлекеттік
стандарт (ГОСТ) реттеп отырады. Олар – бериллий, молибден, селен иондары
және кейбір синтетикалық және радиоактивті заттар. Бұл заттардың
әрқайсысының шекті концентрациясы да әртүрлі. Әдетте, миллиграмның мыңнан,
он мыңнан бір бөлігі. Мысалы, мышьяктың шекті мөлшері – 0.05 мгл , селен –
0.001 мгл, бериллий – 0.0002 мгл. Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық
қызмет бүкіл орталық су жүйесіндегі: су сақтау қоймаларында, оның жүйеге
түсер жерінде, бөліну жүйесінде судың сапасын үнемі бақылап отырады. Егер
су құбыры жүйесі 10 мың адамға қызмет көрсетсе Мемлекеттік стандарт (ГОСТ)
айына 2 рет, 100 мың адамға – айына 100 рет, 100 мыңнан аса адамға – айына
200 үлгі алып бақылап отырады.
Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын –
энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне,
оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт
әлемдік антропогендік шығарындының 90 % - ын көмір қышқыл газы мен су буы
құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді
шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ
олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындарға
қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот
оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек
жатады.

2. Химиялық заттардың табиғи бірлестіктер мен адам өміріне әсері.
2.1. Химиялық заттардың табиғи бірлестіктерге әсері.
Қазақстанның үлкен қалаларында көп тараған химиялық ластаушы –
күкіртті газ (күкіртті ангидрид). Зерттеулер өкпе паталогиясы мен
атмосфералық ауаның ластануының арасында тікелей байланыс бар екенін
көрсетеді. Күкіртті ангидридтің мөлшерінің көбеюі бронхиалды астма мен
созылмалы бронхит ауруының асқынуына алып келеді.
Ласталған атмосфера ауасының көп таралған түрлері және

олардың адам организміне әсері

Ластаушылар Көздері Әсері
Альдегидтер Автокөлік түтіндері, Тыныс алу жолдары
қыздыру кезінде тітіркенеді
майлардың бүлінуі
Аммиак Жарылыс кезіндегі және Тыныс алу жолдарының
тыңайтқыштар себу қабынуын тудырады
кезіндегі химиялық
процестер
Арсиндер Мышьяк, қышқыл және Бүйректі зақымдайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар
Контрабанданы үшін қылмыстық жауаптылық
Контрабанданың түсінігі, түрлері
Сот химиялық сараптама
Алматы қаласының жағдайындағы Drosophila мelanogaster популяциясындағы морфологиялық өзгерістердің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу
Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Тірі вакциналардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Соғыс уақытындағы ТЖ зақымдаушы факторлары
Пәндер