Экологиялық факторлардың жіктелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Биологиялық жүйе ретінде ауэтэкология жекеленген тірі ағзаны-жануар,
өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын
зерттейді.
Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз жерде пайда болған, яғни оған мұраға
өткен табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді.
Қоршаған ортаға бұл ағзаны қоршап жатқан оның күйі мен тіршілік
қызметіне тікелей не жанама әсер ететін нәрсенің барлығы жатады.
Тірі азаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар деп
атайды.
Экологиялық фоктор дегеніміз - ағза бейімделушілік реакциялар, не
адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі
немесе жағдайы.

1. Экологиялық факторлардың жіктелуі.

Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер
етеді. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және
антропогендік деп бөлінеді.

Экологиялық фактор

Биотикалық абиотикалық
антропогенді

3-сурет. экологилық факторлардың жіктелуі

Абиотикалық факторлар - бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта
жағдайларының комплексі (температура, қысым, радиациалық фон, ылғалдылық,
атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы және т.б.)
Биотикалық факторлар - бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің
басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм және т.б)
Антропогенді факторлар - адам қызметінің қоршаған ортаға тигезітін
әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ
қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы және т.б)
Бнрілген жіктелу шартты болып табылады. Себебі, температураны абиотикалық
фактор ретінде қарастырсақ , ол тірі ағзалардың әрекетіне байланысты жиі
өзгеріп отырады.
Мысалы, ауаның температурасы +13 0С-дан төмендеген кезде бал
араларының қозғалыстық белсенділігі артады, ал бұл ұядағы температураны 25-
300С –ға дейін көтереді.
Жоғарғыда келтірліген жіктеулерден басқа ағзалардың қоршаған орта
факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесін бағалауға негізделген
(Мончадский) жіктелу бар. Бұл жіктелу бойынша барлық экологиялық факторлар
3 топқа бөлінеді.

Экологиялық факторлар

1-ретті периодты 2-ретті периоды
периодсыз

4-сурет. ағзалар қоршаған орта факторларының әсеріне бейімделушілік
дәрежесіне байланысты экологилық факторлардың жіктелуі.

Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделуі пайда
балады. Мысалы, жер шарының тікелей өз өсінен және Күнді айналуы немесе Ай
фазаларының ауысуы.
Аталған факторлардың тұрақты түрде қайталану циклдері Жердегі
тіршілікке дейін де болған сондықтан да ағзалардың бұл бірінші ретті қуалау
негізінде ертеден қалыптасқан.
Температура, жарық толысуы мен қайту факторлары көптеген мекен ету
орталарында ерекше орын алады. Тек ең терең мұхит түбінде – абиссаль
зонасында бұл бірінші ретті факторлардың өзгеріс болмашы ғана. Тәжірибелік
зерттеулер жүргізілгенде тұрақты температура немесе жарықта зертханадағы
жануарлардың мінез-құлқы табиғи жағдайлардан өзгеше болатынын есепке алу
қажет.
Екінші ретті периодтық факторлардың өзгеру 1-ретті факторлардың
өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, ауаның ылғалдылығы –
температураға тәуелді екінші ретті фактор.
Су ортасы үшін еріген оттегінің, еріген ьтұздардың мөлшері, лайлану
дәрежесі, ағысытың ағу жылдамдығы және т.б. 2-ретті периодты факторлар
болып табылғанымен, олардың 1- ретті периодтық факторларға тәуелділігі
әлсіз. Ағзалардың 2-ретті периодтық факторларға бейімделгеніне көп уақыт
болған жоқ, сондықтан олардың бейімделдуі анық көрінбейді. әдетте, екінші
ретті периоды факторлар түрлердің белгілі бір ареалдар ішіндегі санына әсер
еткенімен, ареалдардың ауданына, шекарасына әсер етпейді.
Периодты емес факторлар ағза мекен ететін ортада қалыпты жағдайда
болмайды. Олар кездейсоқ әсер ететіндіктен, ағзаларда бейімделу белгілері
пайда болып үлгере алмайды. Периодты емес факторларға мысал ретінде
климаттық факторларды – дауылды желдер, найзағай, өрттер, сонымен қатар
адамның шаруашылық қызметін айтуға болады.
Иесінің паразитке тигізетін әсерін екінші ретті периодтық
факторлароға жатқызу керек. Себебі, паразит мекен ететін орта ретінде
иесінің денесі оның қалыпты мекен ету ортасы болып табылады. Ал иесі үшін
паразиттің болуы міндетті емес, бұл периодты емес фактор.

2. Абиотикалық факторлардың әсерінің жалпы заңдылықтары.

Мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлардың
көптүрлілігіне қарамай, олардың ағза әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың
жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтарды
әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы, ең алдымен оның әсер ету күшіне
байланысты. Фактордың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың
тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.
Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық
фактордың интенсивтілігін оптимум деп атайды. Көптен түрлердің гүлденуі,
көбеюі үшін оптимум деп атайды. Көптеген түрлердің гүлденуі, көбеюі үшін
оптималды темапературалар белгілі.
Түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу
диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды.
Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына және экологиялық валентілігіне
қарай ерекшеленеді. Мысалы, тундрадағы қарсақ ауа температурасының шамамен
80с (+30с-дан -55с-ға дейін) ауытқуына шыдай алса, ал жылы су шаяндары
судың температурасының 6с-ДАН (+23с-ДАН +29с) жоғарғы ауытқуын көтере
алмайды. Факторлардың бір әсер ету шамасы бір түр үшін оптималды, екіншісі
үшін зиянды, ал үшіншісі үшін төзімділік шегінен тыс болуы мүмкін.
Экологиялық валенттілігі төмен түрлерді стенобиотты (грек тілінінен
аударған stenos-тар) ал төзімділігі жоғарғы түрлер-эврибионтты (грек
тілінен аударғанда eyros-кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибиоттылық
ағзада өзінің тіршілігін сақтауда пайда болатын әр түрлі бейімделу типтерін
сипаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври және стенотермді ағзалар;
тұздардың концентрациясына байланысты эври және стеногалилі; жарыққа эври
және стенофотты, тамақ түріне байланысты эври және стенофогты ағзаларды
бөліп көрсетуге болады.
Эврибионттылық түрдің кең таралуына жағдай жасайды. Көптегшен
қарапайымдылар, саңырауқұлақтар эврибионттарға жатадыда олар барлық мекен
ету орталарында таралған. Стенобионттылық таралу ареалын шектейді.
1840 жылы Ю. Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның
экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен
анықталатынын дәлелдіді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін
анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуне бағытталған
тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет
жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және
топырақта жеткіліксіз болатын заттарға тәуелді екенін анықтайды.
Қазірген Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың
минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық
факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.
Экологиялық фоктордың тек жетіспеуі ғана емес, оның артық мөлшері де
шектеуші әсер ете алады.
Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан
1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттылық заңы:
Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші
фактор болады, ал олардың арасындағы ауытқу диапозоны толеранттылық шамасын
(латын тілінен аударғанда tolerantia-шыдау, төзім) яғни азаның белгілі бір
факторға төзімділігінгі анықтайды.
Салыстырмалы түрде тұрақты жағдайда ұзақ уақыт тіршілік еткен түрлер өзінің
экологиялық серпімділігін жоғалтып, қоршаған ортаға стенобиоттылық
қалыптасады. Ал, орта факторларының айтарлықтай ауытқымалы жағдайында
тіршілік еткен ағзалардың экологиялық серпімділігі жоғары болады да оар
эврибионтты болады.
Тірі ағзалардың жеке дамуында олардың қоршаған орта факторларының
өзгеруіне сезімталдығы жоғары болатын кезеңдері белгілі. Мұндай кзеңдерде
қауіпті кезеңдер деп атайды. Бұл кезеңдер көбіне көбею кезеңдеріне және
онтогенездің бастапқы кезеңне сай келеді. Бұл кезде қоршаған ортаның
көптеген теңіз жануарлары тұздылғы төмен немесе тұщы суда да тіршілік ете
алады, ал тұзды су қажет.
Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.
Жарық. Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842-1925): Біздің
планетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен
жаралған - деді.
Биосферадағы ең маңызды процесс-фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге
асырылады. Жасыл өсімдіктерде (жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар
электрондардың доноры су болып табылады.сондықтан фотосинтез нәтижесінде
оттегі түзіледі.

Бактериялардың электрондардың доноры күкіртсутек, органикалық заттар
болып табылады. Мысалы, жасыл және алқызыл күкірт бактерияларында төмендегі
процесс жүреді.
Тірі ағзалардың жарыққа қатынасын екі жақты қарастыруға болады: бір
жағынан жарықтың тікелей жасуша проплазмасына әсері ағзаны жойып жіберуі
мүмкін, ал екінші жағынан –жарық тіршілікке қажетті энергияның бірінші
ретті көзі.
Көрінетін жарық ағзаларға әр түрлі әсер етеді: қызыл сәулелер-
жылулық, көк және күлгін –биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен
өсімдіктердің даму жылдамдығына, фотосинтездің интенсивтілігіне,
жануарлардың белсенділігіне, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен
температурасының өзгеруіне әсер етеді, тәуліктік және маусымдық циклдерді
қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. әрбір мекен ету ортасы
жарық күшімен, мөлшерімен және сапасымен анықталатын белгілі бір жарық
режимімен сипатталады. Жарықтың күші немесе интенсивтілігі уақыт бірлігінде
аудан бірлігіне келетін энергиямен өлшенеді: Джм 2с, Джсм2 с
Бұл факторға рельефтің ерекшеліктері күшті әсер етеді. Ең интенсивті
жарық тікелей жарық, бірақ өсімдіктер таралған жарықты толығырақ
пайдаланады.
Жарықтың мөлшері радиация жиынтығымен анықталады. Поюстерден
экваторға қарай жарықтың мөлшері артады. Жарық режимі анықтау үшін
шағылысқан жарық мөлшері де, яғни альбедо есепке алу қажет.
Альбедо дегеніміз-әртүрлі денелердің бетінің шағылыстыстыруға
қабілеті. Ол радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шыққандағы мөлшері.
Альбодо жарық сәулесінің түсу бұрышына және бетті шағылыстыру қасиетіне
байланысты болады. Мысалы, таза қардың альбедщосы -85% лас қар-45-50%
қарашірікті топырақ-5-14%, ашық түсті құм-35-45%, орман-10-18%, үйеңкінің
жасыл жапырақ-10%, күзгі сары жапырақтар -28%
Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі
топтарын бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен аударғанда
helios –күн, phyton-өсімдік), сциофиттер (грек тілінен аударғанда skia-
көлеңке) және көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер).
Жарық сүйгіш түрлер-жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі.
Фотосинтез процесінің тыныс алудан басымдылығы тек жоғарғы жарықтың
жағдайында ғана орын алады (бидай, қарағай, майқарағай).
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер- күшті жарықты көтере алмайды, үнемі
көлеңкеде орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер(.
Кесілген орманның орындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды.
Көлеңке төзімді өсімдіктер – жақсы жарық жағдайында өседі бірақ
көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық,
өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары.)
Көлеңкеге төзімді ағаштар мен шөптесін өсімдіктер жапырақтарының
мизаикалы орналасуымен ерекшеленеді.
Ағаштардың жарықтық және көлеңкелік жапырақтары (ағаштың сыртында
және ішкі жағында орналасады) –жарық жақсы түсетін және көлеңкедегі-
анатомиялық жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Жарықтағы жапырақтар қалың
дөрекілеу, кейде жылтыр болуы жарықты шағылыстыруды қамтамасыз етеді.
Көлеңкедегі жапырақтар жұқа, кутиккуласы өте нәзік немесе болмайды.
Ормандарда көлеңкеге төзімді ағаштар қалың, бірігі өседі. Олардың
көлеңкесінде анағұрлым көлеңкеге төзімді ағаштар мен бұталар, ал төменгі
белдеуінде – көлеңке сүйгіш бұталар мен шөптесін өсімдіктер өседі.
Кеңістікті бағдарлау құралы ретінде жарықтың жануарлар өміріндегі маңызы
зор. Қарапайым жануарлардың өзінде жарық сезгіш органеллалар пайда болады.
Жасыл эвлене жарық сезгіш көзшенің көмегімен ортаның жарық дәрежесіне
жауап береді. Ішекқуыстылардан бастап, барлық жануарларда жарық сезгіш
мүшелер-құрылысы әр түрлі көздері дамиды.
Жануалар күндізгі, түнгі және қас қарайғанда тіршілік ететін жануарлар
болып бөлінеді. Сонымен қатар жарық күнді көтере алмайды. Тек қараңғыда
тіршілік ететін (топырақ жануарлары, үңгірлер мен терең жерлерде
мекендейтін) жануарлар, жануарлар мен өсімдіктердің ішкі паразиттері де
бар.
Биолюминесценция дегеніміз тірі ағзалардың жарық шығаруға
қабілеттілігі. Бұл қоршаған ортадан түсетін тітіркендіруге жауап ретінде
катализатордың әсерінен күрделі органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде
болады.
Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын анықтайтын
факторлардың бірі – температура. Жылудың тек абсалюттік мөлшері ғана емес,
сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып
табылады. Олардың жылу реттеуінің анатомо-морфологиялық және физиологиялық
механизмдері ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған.
Ылғалдылық жетіспейтін жоғары температуралы белдеулерде тарихи даму
барысында жапырақ бетінің ауданы кіші немесе жапырақтардың болмайтын
өсімдіктердің морфологиялық типі қалыптасқан.
Көптеген шөл өсімдіктерінде ақшыл-түкті жабыны болады. Бұл бейімделушілік
күн сәулелерін шалыстырып, өсімдікті шектен тыс қазып кетуден қорғайды.
Қолайсыз температуралардың зиянды әсерінен қорғауға бағытталған
өсімдіктердің физиологиялық бейімделушіліктеріне төмендегі мысалдарды
келтіруге болады: буланудың интенсивтілігі- транспирация , плазманың ұю
температурасын өзгертетін жасушадағы тұздардың жиналуы, хлорофиллдің күн
сәулелерінің енуіне қарасылық қасиеті.
Жануарларда ағзаны қолайсыз температуралардың әсерінен қорғауға
бағытталған морфологиялық бейімделулер қалыптасқан.
Бергман ережесі бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене
мөлшері ірі жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған.
Термодинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес,
бетінің ауданына тура пропорционал болады.
Неғұрлым жануар ірі және денесі шағын болған сайын оған тұрақты
температураны ұстап тұру жеңіл. Ал неғұрлым жануар ұсақ болса, оның
салыстырмалыауданы жоғары және жылу жоғалтуы да, зат алмасу деңгейі де
энергия жоғалтуы да жоғары.
Аллен ережесі бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқан
климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді.
Мысалы, экологиялық жағынан бір-бірінен жақын мына түрлердің құлақтардың
мөлшерін салыстырсақ, тундрада мекендейтін поляр түлкісінің құлағы ең
кіші, қоңыржай белдеуде мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа. Африка
шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен.
Жануалардың жылу режиміне бейімделген денесін жеке мүшелерінің
қатынасының өзгеруінен де көрінеді. Мысалы, солтүстік аудандарда
мекендейтін осындай жануарлармен салыстырғанда жүрегі, бүйірегі, бауыры
үлкен болады.
Жылу алмасу түрінде байланысты жануалардың экологиялық екі типін бөліп
көрсетеді: пойкилотермді және гомойтермді.
Пойкилотермді ағзалардың зат алмасу ьдеңгейі тұрақсыз, денесінің
температурасы тұрақсыз, жылуы реттеу механизмдері жоқ дерлік. Олардың
денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады.
Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар балықтар, қосмекенділер жатады.
Гомойотермді ағзаларға –зат алмасу деңгейі жоғары және тұрақты, зат
алмасу нәтижесіндежылу реттеуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың
денесінің температурасының салыстырмалы түрде тұрақты болуы қамтамасыз
етеді.
Пойкилотермді жануалардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды
температура ауытқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және
температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенометрмді деп бөлуге
болады.
Жылу реттеушінің механизмдері химиялық және физикалық болып бөлінеді.
Химиялық механизмді. Ағзадағы еакциялардың интенсивтілігі қамтамасыз
етедіде, рефлекторлық жолмен жүзеге асады.
Жылу реттеуінің физикалық механизмін жылу сақтау жабыны тері бездерінің
қызметі, тыныс алу кезіндегі ылғалдың булануы, қан айналудың қан тамырлық
реттелу қамтамасыз етеді.
Салқынқанды жануарлардың зат алмасуының жылдамдығы сыртқы ортаның
температурасына тура пропорционал, ал жылықанды жануарларда керісінше,
температура төмендегенде жылу бөліну артады, яғни зат алмасу процестерінің
жылдамдығының артуы өндірудің артуына әкеледі.
Пойкилотермді және Гомойотермді жануалардың арасында аралық жағдайда
Гомойотермді жануарлар орналасады. Оларда белсенді жағдайда дене
температурасының сыртқы орта температурасынан айырмашылығы болмайды.бұл
жануаларда ұйқыға кеткен кезде зат алмасуы деңгейі төмендейді де, денесінің
температурасы қоршаған орта темературасынан аздап қана жоғары болады.
Гомойотермді жануалардың өкілдері ретінде –сарышұнақ, кірпі, жарғанат, аю,
үйректұмсық мысал болады. Пойкилотермді жануарлар темература бірден
төмендеп кеткен жағдайда анабиоз жағдайына өтеді. Анабиоз вирустарда,
бактерияларда, омыртқасыздарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда,
мүктерде байқалады. Анабиоз құрылысын алғаш рет бақылап, сипаттаған А.
Левенгук болды.
Зерттеушілер біртіндеп, баяу салқындаған кезде жасушаларда мұз
кристалдарының түзілетінін, одан соң олардың жасуша қабықшасын бұзатынын
көрсетті. Бірден, жылдам салқындағанда кристалдану орталықтары түзіліп
үлгермейді де, шыны тәріздес құрылым пайда болады. Нәтижеде цитоплазма
зақымданбайды.
Осылайша, терең, бірақ жылдам салқындау уақытша қайтымды түрде
ағзаның барлық тіршілік процестерінің тоқтауына әкеледі.
Анабиозды зерттеу әр түрлі криотехнологиялардың (грек тілінен аударғанда
kryos-суық, аяз) дамуына жол ашты. Бұл әдіс биологияда, медицинада , ауыл
шаруашылығында қанда сақтау, қолдан ұрықтандыру үшін жануарлардың
спермасын, трансплантациялауға қажет ұлпалар мен мүшелерді, бактериялар мен
вирустардың дақылдарын сақтау үшін қолданылады.
Температура жер бетінде ағзалардың таралуында маңызды фактор болып
табылады. Осы арқылы ол тірі ағзалардың әр түрлі табиғат зоналарында
мекендеуін қамтамасыз етеді.
1918 ж. А. Хоцкинс биоклиматтық заңды тұжырымдады. Оның зерттеулері
бойынша солтүстікке шығысқа және тауға қарай тірі ағзалардың өміріндегі
периодтық құбылыстар ендіктің әр градусы, бойлықтың әр 5 градусы, шамамен
әр 100 м биіктеген сайын 4 күнге кешігеді, яғни ол маусымдық құбылыстардың
дамуы ендік, бойлық және теңіз деңгей биіктігіне тәуелді екенін және
олардың арасында белгілі бір заңдылық бар екенін көрсетеді.
Қазіргі кездегі ағзалардың таралуының маңызды заңдылықтарының бірі
құрлық, теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің географиялық таралуының
биополярлығы болып табылады. Бұл заңдылық бойынша бір түр екі жарты шардың
да салқын, қоңыржай өсімдіктерінде мекендегенмен, тропиктік белдеуде
кездеспейді (тіссіз киттер, құлақты түрлендер және т.б.)
Ылғалдылық. Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық болып
табылады. Мысалы: балдырлардың денесінің – 96-98%-ын, шөптесін
өсімдіктердің жапырағының 83-86%, мүктер мен қыналардың - 5-7%,
былқылдақденелердің - 80-92%, бунақденелердің 46-92%, қосмекенділердің -
93%, сүтқоректілердің - 68-83%, су құрайды.
Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің, әр түрлі даму кезеңдерінде суға
деген қажеттілігі әр түрлі болады. Ол ауа райына, топырақтипіне байланысты.
Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын
шектейтін маңызды фактордың бірі.
Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен
жабындарының өткізгіштігі маңызды рөл атқарады. Су режиміне байланысты
өсімдіктермен жануарлардың мынадай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін,
құрғақшыллықты сүзгіш және орташа ылғалдылықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге
болады.
Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендей топтарға бөлінеді.
1. Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда hydor, hydatos –су) – су
өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығымен суға батып
тұрады.(элодея, тұңғиықгүл жәнет.б.)
2.Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hydor-су ) – құрлық –су өсімдіктері,
суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады.
3. Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда hydros-ылғалды) –ылғалдығы жоғарғы
жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды
ормандарда, батпақтарда-батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында
өседі.
4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos-орташа, аралық)-қоңыржай,
орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың
шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар,
көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.
5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros-құрғақ) –құрғақ жерлерде
өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.
А) Суккуленттер (латын тілінен аударғанда Succulentus-шырынды) –ұлпаларында
суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар алоэ,
агава).
Ә) Склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros –құрғақ, қатты)
–құрғақшылдыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді
қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл жантақ, жусан, боз селеу). Бұл
өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген
склефиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа
айналады.
Құрлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шектеуші факторлар анықтамасы және жіктелуі Ю, либих заңы. В. Шельфордтың толеранттылықзаңы
Экожүйелердің орта өзгертуші рөлі және бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру проблемалары
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру
Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігі.өндіріс ортасының қолайсыз факторларының жіктелуі
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайлар
Аутэкология
Негізгі тіршілік орталары. В. Шелфорттың толеранттылық заңы
Адам экологиясы
Қоршағана ортаны қорғаудың құқықтық негіздері
Пәндер