Қазақстан Республикасының экологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының экологиясы

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік
өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген.
Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған
немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты
бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар
шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия
пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық
апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.
Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының
эрозиясының нәтижесі.
Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта"
туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология"
терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және
"Экология - табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын
зерттейтін ғылым" деген анықтама берген. Бүгінде тәуелсіз
Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр.
Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары,
зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта,
жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі
экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ
алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне
экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға
жыртқыштықпен қарауының салдары.
Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің
табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі
экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан
жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың
зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан
қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.
Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар
өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады.
Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің,
генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында
қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам
денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға
ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе
жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс
циферблаттарынан т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.
Өсімдік - тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа
қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам
тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл
желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру
түдыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.медицинада
алатын орны үшан-теңіз. Сондықтан әсімдіктің қызметін бірде-бір
жетілген механизм атқара алмайды.
1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды.
Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып,
адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты
дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-
Семей" козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29
тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев
Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда
Қазақстандағы экологиялық жағдайдың ушығып тұрған ошақтары
Арал мен Балқаш. Бұл көлдер тек қана Қазақстан емес әлем
халқын алаңдатып отыр. Аралды құтқару мәселесіне тек эколог
ғалымдар ғана емес, елім дейтін барша азаматтар атсалысуда. Елбасы
Н. Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан экологиялық проблемалар тұр.
Осындай ағалар арқасында Ароал-Балқаш қоры құрылды. Дүние
жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі.
ЮНЕСКО тарапынан халықаралық кеңес болып өтті. Оған Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан Республикаларынан танымал эколог
ғалымдар қатысты. Егер нақты шара қолданылмаса барынан, байлығынан
айырылған өлі көлге айналмақ деген дабыл қағылды.
Қоршаған ортаның зиянды заттармен, техногенді қалдықтарымен
ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше зиян тигізуде:
Батыс Қазақстан мұнайгазконденсат кен орындары, Өскемен қорғасын -
мырыш комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат
заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған
тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Екібастуз
энергетикалық комплексі, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор"
Шымкент өндірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б.
Республикадағы жұмыс істеп турған кәсіпорындарды тазалау
қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс
сарқынды суларының әсерінен Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы
зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып
түседі.
Пайдалы қазбалардың ішінен республикаға ең максимальды
экономикалық, экологиялық, және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны
полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден
қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі,
шикізат күйінде, басқа елдерге жө-нелтіліп, дайын өнім мен қымбат
бұйымның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше
жазғаны шикізат өндіретін орындардың зиянды қалдықтары мен бүлінген
су, ауа, топырақ.
Қоршаған ортаның республикамыздағы халықтың науқастануына
тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе тау-кен өнеркәсіп
орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялык, ахуал
соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде. Арал өңірінің
экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл
планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында
Орталық Азиядағы бес мемлекет Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан,
Түркіменстан Президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет
басшылары шешімімен Арал бассейнін қалпына келтіру жобаларына
қолдау білдіру түралы шаралар айқындалды.
Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан Амудария,
Сырдария өзендері 60 жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе,
1980 жылдан бастап жылына орта есеппен 4 текше шақырым су
беріп келеді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін кемінде жылына
40-45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66000 шаршы шақырым
су айдынынан, қазір не бары, шамамен 25 шаршы шақырымға
жуық су айдыны қалып отыр. Бір кездері арнасынан асып - тасып
жатқан алып теңіз, бүгінде жыламсырап ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан
тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы суық
хабарлар барған сайын қатерлі де қорқынышты сипат алып барады.
Экологиялық апат аймағында отырған ел ең алдымен ауыз су
тапшылығын көріп отыр. Теңізбен қоса Арал төңірегіндегі жергілікті
тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені елді мекендердің тек 15-20%-ы
ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа
мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық
жерде су бір адамға бір шелектен келеді, ал өркениетті елдерде оның
шамамен 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы
аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін
тигізуде. Олар бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның
астында жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының қасіретін
бастан өткізуде. Соның салдарынан тұрғындар арасында жүрек, өкпе,
қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші
республикада жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан
Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен
науқастанған адамдардың жалпы саны 19,5 мың. Осыған байланысты
кейінге сыруға болмайтын нақты шара осы өңірдің тұрғындарының
қал-ахуалын жақсарту,жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы
тұщы ауыз су жіберу, су құбырларына құрылыс жүргізу,
"Көкарал" бөгеті құрылысын аяқтап, кіші Аралды сумен толтыру.
Теңіздің тартылу салдарынан ауаның орташа ылғалдылығы 18%-
ға төмендесе, ауа-райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарды. Бұл
өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Егер
"Көкарал" бөгеті болмаса, Сырдария суы үлкен теңіз тереңдіктеріне
ағып барып үлкен айдынға жайылып бостан -босқа буланып, ауаға
ұшатын еді. Кіші теңізге Сырдария суын көбірек жеткізу мәселесін
түбегейлі шешу қажет.
Экологиялык, зардап аймағына айналған тағы бір өлке ол -
"Байқоңыр" ғарыш аймағы. Байқоңырмен шектес Ұлытау даласының қай
түкпіріне үңілсеңіз де, әртүрлі зымырандардың сынығынан аяқ алып
жүру қиын. Бұлар зымырандардың бірінші ұшу сатысынан айырылып,
жерге құлаған бөлшектері. Зымырандардың отын құрамында хлорлы
қосылыстар жиі кездеседі. Аспаннан от жалынға оранып түскен
қалдықтар 3-4 гектар аумақты улап, өртеп, тып-типыл етіп
кететіндіктен, ұзақ жылға дейін, қу тақырларға айналған бұл
жерлерде ештеңе өспейді. Байқоңыр ғарыш аймағының аумағында зымыран
бөлшектері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы туралы ақпарат
Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экология ғылымы туралы
Қазақстан Республикасындағы экология ғылымының даму тарихы
Тауар – ақша қатынасы жағдайында табиғатты пайдалану
Экология ғылымы
Пәндер