Табиғаттың химиялық ластануы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қоршаған ортаның химиялық ластануы

Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.

Ластануды жүйенің тепе - теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:

шығу тегі бойынша:

табиғи және жасанды (антропогенді) ;

пайда болу көзіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т. б. ;

ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін) ;

әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т. б. ) ;

әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико - химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т. б) ;

әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері) ;

тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты - 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты - 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон) .

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді.

Өндірілетін ресурстардың тек 2 - 3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т. б) .

Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. - нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.

Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км 2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км 2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 - 25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төніп отыр.

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 - 30% - ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1 - 3 0 С - ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1% - ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 - 7% - ға арттыруы мүмкін.

Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.

Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды.

Судың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т. б заттар жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін амосфералық жауын - шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады.

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радиациялық ластану болып қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.

Химиялық ластану . Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды.
Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықта шөгедi.
Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты қатер төндiруi мүмкiн.
Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда.
Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады.
ТОЛ-дың табиғи ортаны ластауының объективтi бағалауы жоқ, өйткенi мониторингтiң қазiргi жүйесi топырақтағы және тамақ өнiмдерiндегi пестицидтердiң қалдық санын ғана айқындайды.
Табиғи ортаға қауiптi әсерiн және генетикалық деңгейде қайтымсыз процестерге әкелiп соқтыру мүмкiндiгiн ескере отырып, 2005-2006 жылдар барысында ТОЛ-ды бақылаудың, мониторингiнiң және басқарудың бағдарламасын әзiрлеу қажет.

Радиоактивтi ластану. Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi:
жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы) ;
ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар;
мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi) .
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.
Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды.
Халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын алу үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс әсерiн зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет.
Проблеманың кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс.
Аталған iс-шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.

Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар

Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ.
Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6, 7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегі үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды ұқсату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.

Қоршаған табиғи ортаның химиялық заттармен ластануы, оның ішінде антропотехногендік химиялық заттармен ластануы иммундық жүйенің әртүрлі бөлімдеріне айтарлықтай әсерін тигізіп, организмнің сенсибилизациясын және оған тән емес иммундық реакциялардың қалыптасуына алып келеді. Иммундық жүйедегі осындай өзгерістерге химиялық заттардың болмашы көлемдегі әсері де алып келуі де мүмкін. Себебі, әртүрлі химиялық заттардың организмге уландырғыш әсері әртүрлі болады. Бұл жерде Шымкент қаласының өмір сүру ортасында кездесіп отырған ауыр металдар, оның ішінде қорғасын микроэлементі өзінің организмге зияндылығы жағынан 1 дәрежелі қауіпті улы заттардың қатарына жатады.

Біздің жүргізген экологиялық-гигиеналық зерттеулеріміз, Шымкент қаласының Солтүстік шығыс тұрғын аумағынан өзге аумақтарының атмосфералық ауасының, сол арқылы суы, топырағы және өсімдіктері қорғасын микроэлементімен жоғары дәрежеде ластанғандығын көрсетіп отыр. Осыдан қоршаған орта нысандарының ластануына байланысты организмнің қорғаныс механизмдерінің бұзылуы және оның жаңа экологиялық-гигиеналық ортаға адаптациясына тигізетін әсерін зерттеудің маңызы артып отыр. Бұл жағдай әсіресе организмі жарақатқа тез шалдығатын балалар организміндегі иммундық және бейімделгіштік реакциялардың жағдайын тексерудің маңыздылығы аса жоғары.

Ауыр металлдардың адам организміне тигізетін зияндылық әсері көптен бері жан-жақты зерттелуде. Бұл мәселе әсіресе өндіріс орындарында жұмыс атқаратын адамдарға байланысты өте жиі көтерілуде. Қорғасын микроэлементі атмосфералық ауа, су және топырақтан нәр алатын жеміс-жидектердің құрамында организмге өтіп, онда күрделі соматоскопиялық өлшемдер, қанның қысымы және тамырдың соғысы туралы мәліметтер кірді.

Қозғалыс белсенділігі профилактикалық тексеру сұрақнамасының мәліметтерін сараптай отырып бағаланды. Қозғалыс белсенділігінің сандың деңгейі- апталық адымды өлшеу әдісімен жүзеге асырылды.

Сұрақнаманың мәліметтері балалардың мектеп қабырғасындағы және мектептен тыс уақыттағы қозғалыс белсенділігін бағалауға жағдай туғызды.

Тәулік бойындағы динамикалық қозғалыс уақтысы 15% төмен болса, ол гипокинезия деп саналды. Балалардың күнделікті қозғалыста атқарған адымдарының санын өлшеу үшін Пензаның сағат жасау зауытының «Заря» атты (шагомер) адым өлшегіш құралы қолданылды. Шагомердің көрсету бойынша тәулігіне 1 адымнан төмен қозғалысты гипокинезия деп анықтадық. Кетле индексі бойынша см. Есептелген бой ұзындығына қатынасы дененің артық салмағы деп оның 85% деңгейі алынды.

Қозғалыс белсенділігін барынша денсаулыққа жайлы етіп ұйымдастыру жұмыстары әрбір баланың физикалық даму көрсеткіштерімен кардиореспираторлық жүйе қызметінің жұмысын есепке ала отырып жоспар бойынша жүзеге асырылды. Сонымен әрбір балаға «Өз бетінше дене тәрбиесімен айналысуға үйрену» атты құрал берілді. Бұл әдістемелік құралдың негізін күнделікті 20 минут бойы жүргізілетін таңертеңгілік және кешкілік гимнастика, мектепте күнделікті арнайы осы топтағы балаларға арналған 45 минуттық тәрбие сабағы, 20 минут ішінде орта жылдамдықта атқарылатын жүгіру жұмыстары кіреді. Әрбір дене тәрбиесі жаттығуының ұзақтығы апта сайын 2 минутқа арттырыла отырып, жалпы белсенді дене қозғалысының ұзақтығы 7 сағатқа дейін жеткізілді. Зерттеу тобындағы балалардың байқауға алынған көрсеткіштерінің бастапқы деңгейі бақылау тобындағы балалар көрсеткішінің бастапқы деңгейінен айтарлықтай алшақта орналаспаған болып шықты.

Зерттеу тобындағы балалардың орта есеппен алғандағы бойларының ұзындығы 142, 36 см-ден 142, 88 см болса, салыстыру тобындағы балалардың көрсеткіштері 143, 25 см-ден 143, 65 см аралығында болып шықты. Дене салмақтарының орташа көрсеткіші зерттеу тобының балаларында 36, 10 кг нан 36, 62 кг жетсе, салыстыру тобындағы балаларда 36, 25 кг нан 36, 65 кг дейінгі аралықты құрады. Оның барысында Шымкент қаласының аумағында өмір сүріп жатқан 9-12 жас аралығындағы 110 бала зерттелді. Олардың 55 қаладағы қоршаған орта нысандағы денсаулыққа қауіпсіз дәрежеде ластанған Солтүстік шығыс аумақта (Р=0, 98), ал 55 қаланың организмге орта есеппен күшті дәрежеде қауіпті тұрғын аумағында (Р=21, 57) өмір сүріп жатқан балалар еді. Бұл балалардың барлығы да бірыңғай климаттық-географиялық ортада өмір сүріп жатқан азаматтар.

Балалардың иммундық жүйесінің қызметін бағалау мақсатында қанының құрамындағы лейкоциттер мен лимфоциттердің абсолюттік және салыстырмалы сандары, Т және В лимфоциттерінің саны Т-лимфоциттерінің жалпы, көп рецепторлы және аз рецепторларының саны пайызбен есептегенде лимфоциттердің өздігінен және фитогемоаглютиннің әсерінен жүретін бластрансформациялық реакциясы, қанның сары суындағы М, G, А, Е иммуноглобулиндері (МЕ) мл зерттелді. Қалыпты шамалардың шегін анықтау үшін жастың жеке топтағы балалардың қалыпты иммунологиялық көрсеткіштерінен тұратын жиынтықты сараптап, оның орташа деңгейін анықтадық. Көрсеткіштердің белгіленген орташа шамасын 9-12 жасар балалардың қалыпты шамасы ретінде қабылдадық.

Қоршаған орта нысандарының ластану дәрежесі организмге қауіпсіз аумақта тұратын балалардың көрсеткіштер деңгейі, гумаралдық және клеткалық имунитеттің қалыпты шамасынан айтарлықтай ауытқымаған. Жеке көрсеткіштерді талдағанда 72, 8% баланың иммунологиялық көрсеткіштері жасына сай анықталған, көрсеткіштердің қалыпты шамасына тура келді. 15, 9% баланың көрсеткіштерінен 5-7 түрі жасына сай анықталған көрсеткіштердің қалыпты шамасынан біршама төмен немесе артық болып шықты. 11, 3% баланың жекелей иммундық көрсеткіштерінің 3-4 түрі қалыпты шамасынан айтарлықтай ауытқыған болып шықты.

Қоршаған орта нысандарының ластануы күшті дәрежеде қауіпті аумақтың (Р=21, 57) балаларының 42, 1% Т- лимфопения анықталды, ал 46, 3% В-лимфопения тіркелді. әсіресе иммуноглобулиндердің жеке түрлері бойынша айқын жетіспеушілік байқалады. Осылайша, 54, 3% балаларда һдА иммуноглобулиндерінің концентрациясы төмендесе, LgM иммуноглобулиндері 42, 8%, LdG имуноглобулиндері 59, 6% және LgE глобулиндері балалардың 85, 1% өте жоғары концентрацияда қалыптасқан. Балалардың 48% иммуноглобулиндердің 2 немесе 3 түрінің қатар төмен концентрацияда қалыптасуы байқалады.

Осы аумақта тұратын балаларда лимфоциттердің өздігінен жүретін бласттрансформациялық реакциясы, қоршаған орта нысандарының ластану дәрежесі организмге қауіпсіз аумақ балаларының реакциясынан (4, 5±0, 42) екі еседен артық жоғары болып (10, 3±1, 23) шықты. Сонымен, иммундық жүйе қызметін реттейтін лимфоциттердің дипропорциясы және LgE иммуноглобулиндерінің аса жоғары концентрацияда қалыптасуы қоршаған ортаның жоғары деңгейде ластануынан иммуносупрессияның және дезадаптация пайда болып, организмнің өмір сүруіне жайсыз жағдайдың қалыптасқандығын көрсетіп отыр.

Қазақстанның қолайсыз экологиялық аймақтары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болған антропогендік өзгерістер
Экология және адам денсаулығы
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Қоршаған ортаның ластануы: экологиялық мәселелер
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Қазақстандағы ауа кеңістігі, су және топырақтың экологиялық жағдайы
Табиғат, оның адам өміріндегі маңызы
Жердің айрықша белгілер
Химиялық қауіпттер
«Қалаларда қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz