Жаһандық экологиялық проблемалар туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  • Кіріспе;
  • Жаһандық Экологиялық проблемалар;
  • Ұлттық экологиялық проблемалар;
  • Жергілікті экологиялык проблемалар;
  • Қорытынды;
  • Қолданылған ақпарат көзі

Кіріспе

ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін проблемалар жиынтығын алып келді, Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау, халықтың көбеюі, энергия мен шикізатпен қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, мұхитты пайдалану, артта қалған елдерге көмек, ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т. б- осының бәрі жеке елдің емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Бұлар адам баласының тірі қалуына және жердің сақталуына ықпал етіп отыр. Ғаламдық проблемалар тікелей болсын, басқа нәрселер арқылы болсын біздің әрқайсысымызға да қатысты, аталған проблемаларға қатысты жетістік-тер мен қиыншылықтарды, “кіші” проблемаларды оңай табуға болады. Өйткені адам қанша жеке, қайталанбас болғанымен Дүние-бұртұтас, бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады.

Адамзаттың барлық ғаламдық проблемаларын бір ғана жағынан, адам қоғамы мен табиғат арасындағы байланыс жағынан қарастыруға әбден болады. Адамзаттың іс-әрекеті табиғат заңдарына тәуелді. Табиғат адамды қажетті зат пен энергиямен қамтамасыз етеді. Адам табиғатты үнемі өзгертіп отырады белгілі бір шетке барғанда табиғат қарымта қайтара бастайды, өйткені қазіргі кезенднгі табиғат ресурстарын алудын, өндурудін жалпы өсуімен қатар, адам ала бастаған ресурстардың түрлері де көбейіп отыр. Сондықтан да табиғатқа түскен қысым өте күшті дәрежеге жетті және көптеген экологиялық проблемалар туындап отыр. Адамның тигереуінің күшеюі біздің алдымызға бірнеше мәселені қойғаны сөзсіз. Бүкіл адамзаттың алдындағы сияқты бізге де денсаулық сақтау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, жерді сақтау жөніндегі қиыншылықтар таңсық емес. Табиғатты тиімді пайдалану мәселесі біз үшін әлі шешілмеген іс болып саналады.

Бұл қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе болып отыр, өйткені құрғақшылық пен тұщы су көздерінің болмауы жағдайында суға деген сұраныс ерекше маңызға ие болады. Әзірге сумен қамтамасыз етудің жүзеге асырылып отырған үш жолы бар. Олар-жер асты суларын алу, теңіз суын тұщыландыру және су құбыры арқылы Еділ мен Амудариядан тасымалдау. Осы әдістермен суды ала беру, оны ұлғайту салдарын болжау өте қиын. Сырттан тасымалдау өте қынбатқа түсе, жер асты суларының қоры өте аз, жексіз емес, ал теңіз суын тұщыландыру арқылы судың өзіне жер асты суын қосу қажет. Содықтан жаңа су табу жолдары мен су өнемдеу әдістерін іздеу керек. Ол жол-атмосфералық жауын-шашынды пайдалану. Сондай-ақ мұнай, газ өңдіру, қиыршық тас пен ұлу тас алу облыстағы оңсыз да әлсіз экологиялық балансты бұзады, ауаның, жердің ластануы, шаңтозаң, т. б осының бәрі өңдіру өнеркәсібінің алдында “не адамнын денсаулығы мен табиғат, не ғылымды іс” деген талап қойып отыр.

Жаhандық экологиялық проблемалар

Климаттың өзгеруi. "Қызу әсерiнiң" салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша ықтимал қатер төндiредi.

Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.

Аталған хаттаманы бекiткен және ол күшiне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердi өзiне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады.

Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекiтуiнiң мақсатқа сайлығын айқындау үшiн 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына әсерi мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу қажет.

Талассыз экологиялық тиiмдiлiгiнен басқа, Киото хаттамасын бекiту бiздiң ел үшiн халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердiң экономикасына активтердi орналастыру мүмкiндiгiмен инвестор рөлiндегi бiрлескен жүзеге асыру жобаларына және "таза даму" процестерiне қатысу, өндiрiстiң энерготиiмдiлiгiн арттыру үшiн жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдiң экономикалық мүдделерiн қорғау үшiн көмiртегi кредиттерiн шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөнiндегi перспективаларды ашады.

Киото хаттамасын бекiткеннен кейiн нақты жобалар мен iс-шараларды iске асыруды көздейтiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi 2015 жылға дейiнгi бағдарлама әзiрленетiн болады.

Озон қабатының бұзылуы. Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады.

1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi.

Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi.

Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргізілуде.

Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу.

Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады.

Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды.

Атмосфера ауасын ластайтын көздер. А тмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Ол Жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5, 157×1015 тоннаға тең. Атмосфера бірнеше қабаттан - тропосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Шекарасы болмайтын атмосфера ауасының ластануы оп-оңай, әрі ластану барлық жер бетіне тез арада-ақ таралады.

Ауаның ластануы - табиғаттан және адамның іс-әрекетінен болады. Табиғи ластану жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен, дауылдан, орман, дала өрттерінің әсерінен болады. Ірі жанартаулар атқылағанда шыққан түтін мен күл Жер шарын қоршап, атмосфераның едәуір кеңістігіне жайылып кеткендігі болып тұрған.

Атмосфераның табиғи әсерлермен ластануының бір белгісі сол, онда бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары, өсімдіктерді тозаңдары, тағы басқа адам ағзасына зиянды заттар кездеседі. Атмосфера табиғи әрекетімен қандай дәрежеде ластанса да, ондағы газдардың тепе-теңдігі бұзылмайды. Жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттарды шалғай жатқан екінші ауданға таратады. Ауаның төменгі қабатының ластануы тау жыныстары мен топырақтың беткі қабатының бұзылуынан да пайда болады. Мәселен, жер бетінен он шақырым биіктікте шаң-тозаңның болуы тек жер бетінен көтерілген заттар екені дәлелдеуді қажет етпейді. Кейде ұйытқып соққан қатты жел жердің беткі қабатынан мыңдаған тонна топырақтың ұсақ бөлшектерін ауаға көтеріп әкетеді. Сол себепті бір текше сантиметр ауаның құрамында ондаған мың түйір шаң-тозаң болады.

Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану. Ластайтын заттар өндірістен, автокөліктен және тұрмыстық қалдықтардан таралады. Осы лас заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады. Қазақстанда ірі-ірі өнеркәсіп орталықтары, зауыттар мен фабрикалар көп шоғарланған қалалар, мұнай-газ және т. с. с. өндірістерді айтуға болады. Оған ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар мен автокөлік санының арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі ластаушылар белгілі болады. Ауаға шығатын заттардың химиялық құрамы пайдаланылған отынның түріне, өндірілетін өнімнің құрамына, өндірістегі технологиялық процестерге, тағы басқа жағдайларға байланысты. Мәселен, жылу электр стансалары ауаға шаң-тозаңдарды, түтіндер мен күйелерді көп мөлшерде қосады. Қуаты орташа жылу электр орталығы тәулігіне 2 мың тонна сапасы төмен көмір жағып, ауаға шамамен 400 тонна күл және 120 тонна күкірт тотығын (SO2) шығарады.

Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын ауаға орасан көп мөлшерде зиянды газдар мен шаң-тозаңдар таралып жатады. Әсіресе, өндірістер шоғырланған жерлерде ауадағы ерекше қара түтін көзге көрініп тұрады. Оның ауаны ластаумен қатар басқа қосымша зияндары да бар. Атап айтқанда, атмосферадағы қара түтін күн сәулесінің жер бетіне дейін жетуіне кедергі жасайды, жер бетін қорғайтын озон қабатының жұқаруына үлес қосады, әр түрлі қышқылды жауындарға себепші болады.

Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің толық дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызып отырған мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері және елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3, 0 млрд тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы және бір миллиард тоннадай шаң-тозаң (аэрозоль) шығып тұрады. Сонымен бірге адам денсаулығына зиян 800 түрлі зат қоршаған ортаға тарайды. Кей жерлерде олардың шектік рауалы концентрациясы (ШРК) тіпті бірнеше есе асып түседі. Адам өміріне, жалпы тірі әлемге қауіпті осынша зиянды заттарды қоршаған ортаға орасан көп мөлшерде бөліп шығаруда. Ең үлкен үлес - мұнай мен газ, тау-кен және өңдеу өнеркәсіптеріне тиесілі. Мұнай мен газ өндірісінде ортаны ластаушы заттар ұңғымалар мен оларды жалғаушы құбырлардан, жер астынан шыққан мұнай мен газды қоспалардан алғашқы айыру кезінде, мұнай қоймалары мен басқа да пайдаланылатын заттар, сондай-ақ құрал-жабдықтардан бөлініп шығады. Ластаушы заттардың құрамына көмірдің тотығы (52 %), күкіртті ангидрид (18 %), көмірсутегі (12 %), жеңіл бөлшектер, шаң (10 %) және азот тотықтары (8 %) кіреді. Көмір тотығынан басқа барлық ластаушы заттардың қатысуымен фотохимиялық тұман (смог) пайда болады. Күкіртті ангидрид пен азоттың тотықтары атмосферадағы суда еріп, өзі аттас қышқылдар түзеді. Ондай жаңбырлар адамға, жалпы тірі әлемге, топыраққа, суға зиянды әсерін тигізеді. Есеп бойынша жалпы Жер атмосферасын күкіртті ангидридпен ластауда мұнай-газ өнеркәсібінің үлесіне 40 % тиетін көрінеді. Өнеркәсіптік өндірістерден шығатын зиянды заттардың түрі өте көп. Солардың ішінде төмендегі түрлерді атап кетуге болады:

Шикі мұнай өзінің табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын. Мұнайдың буы онша зиянды болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне тисе әр түрлі тері ауруларын қоздырады (мысалы, экзема) ;

Бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, онан ішек-қарын арқылы қанға өтеді, сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде аяғы өлімге апарады (ШРК-дан асып кетсе) ;

Көмірдің тотығы (СО) - иісі мен дәмі жоқ түссіз газ. Жұмыс істейтін аймақта оның ШРК мөлшері - 20 мг/м3. Егер концентрациясы 300-ден 600 мг/м3 болса, онда адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3-де қатты уланады, ал 3600 мг/м3-де 2-3 рет тыныс алғанда-ақ адам өліп қалады.

Көмірдің қос тотығы (СО2) реакцияға аз түсетін ауыр түссіз газ. Сәл ғана қышқыл иісі мен дәмі бар. Ауадағы концентрациясы 1 % болғанда зиянды әсері байқалмайды. 4-5 % болса, тыныс жолдарын жыбырлатады, ал 10 %-ке жеткенде қатты уландырады. Ауадағы ШРК 1 %.

Құрамында көмірсутегі бар (Н2S) табиғи газ орасан улы. Күкіртті қосылыстардың улылығы бөлініп шығатын улы ангидридтерге байланысты. Көмірсутек ауадан гөрі сәл ауырлау, өте жағымсыз иісі бар түссіз газ. Көбінесе ой жерлерде, шұңқырларда, құдықтарда, траншеяларда жиналады, суда тез ериді, ерітіндіден оп-оңай газ түріне көшеді. Ауадағы концентрациясы 1000 мг/м3 болғанда қас-қағымда уландырады.

Күкіртті ангидрид өткір иісті, түссіз газ. Адамның тыныс жолындағы ылғалмен қосылып, қышқыл түзеді, тыныс жолын жыбырлатады. Ауадағы концентрациясы 20-60 мг/м3 болғанда, тыныс жолы мен көзді қышытып, жыбырлатады. Мұндай концентрацияда адам 3 минут қана шыдайтын көрінеді. Осы газдың ауадағы концентрациясы 300 мг/м3-қа жеткенде адамды естен тандырады. ШРК 10 мг/м3. Оның ауадағы концентрациясы 1, 82-5, 2 мг/м3 болса, барлық өсімдіктерді айықпайтындай етіп уландырады.

Азот тотығы қанды улайтын түссіз газ. Орталық жүйке тамырына тікелей әсер етеді.

Азоттың қос тотығы - тұншықтыратын иісі бар, қоңыр түсті газ. Ауадағы концентрациясы 10 мг/м3 болғанда иісі сезіледі, 80 мг/м3-қа жетсе, тамақты жыбырлатып, ауыздан су ағады, 200-300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне қауіпті. ШРК - 5 мг/м3.

Биоәртүрлілік. Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi.

Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды.

Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi.

Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13, 5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4, 9%-iн құрайды, бұл биологиялық әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17, 5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6, 4%-iн құрайды.

Қазақстанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.

Республика аумағының небәрi 4, 2%-iн алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнiн, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктiң табиғи резерваттары ретiндегi олардың орасан рөлiн ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiне көшiру жөнiндегi шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшiн 2006 жылға дейiн мемлекеттiк биосфералық резерваттардың желiсiн қалыптастыру бағдарламасын әзiрлеу қажет.

Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi әкелу Қазақстан үшiн елеулi сыртқы қатер болып отыр. Бүкiл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердiң кең таралу қауiптiлiгiн ескере отырып, Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияның Биоқауiпсiздiк жөнiндегi Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердiң бiздiң елiмiздiң аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi трансшекаралық өткiзуiмен байланысты қызметтi жүзеге асырудағы жауапкершiлiктерiн арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзiрлемелер iсiнде өзара көмектi, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерiн iске асыру қоршаған орта объектiлерiн сақтауды, оны белгiлi бiр тұрақтылық деңгейiнде ұстап тұруды, өзiн-өзi реттеу қабiлетi мен жанды және жансыз табиғат түрлерiнiң, оның ішінде жойылу қаупі төнген тіpi организмдер геноқорының көптүрлілігін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Жердiң шөлейттенуi және тозуы. Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды.

Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн.

2004 жылдың барысында шөлейттенудiң көлемi мен құрғақшылықтың терiс әсерiнiң алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарлама әзiрлеу және бекiту қажет.

Бағдарламаның негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн болдырмау және жердiң тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестiң экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру болмақ.

Ұлттық экологиялық проблемалар

Экологиялық апат аймақтар. Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.

Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.

Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.

Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.

Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1, 5, Түрікменстанда 2, 4, Қазақстанда 1, 7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2, 2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық проблемалардың салдары
Әлемдік мұхит проблемалары
Ғаламдық жылынуды болжау әдістері
Ядролық апаттар
Адамзат өзекті мәселелері және БАҚ
Жаратылыстанудың мақсаттары
Табиғи фактардың климат өзгерісіне әсері
Қазіргі өркениеттің жаһандық мәселелерін шешудегі ғылым мен техниканың рөлі
Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі
Климаттың өзгеруі жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz