Электрондық ақша



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ақша реформалары.
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті
масса болып табылмайды.Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша
сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс
жүзінде ақшаның формасы дегеніміз-ақшаның белгіленген типіндегі заттық
айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді.Әр түрлі балама
тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне , банк
депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша
формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар
баршаға аян.
Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды
және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.
Толыққұнды ақша- номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін
ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамында
металдың (алтын,күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс
жатады.
Толыққұнды емес ақша- сатып алушылық құны ақша қатынастарының
тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша.Толыққұнсыз ақшаларға
билондық монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар жатады.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:
-Металдық;
-Қағаздық;
- Кредиттік;
-Электрондық ақша.
Металл ақшалар-бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық
құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған
металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр
түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық.Олар монета
түріне шығарылды.
Монета- бұл заңмен бекітілген формасы,сыртқы пішіні, салмақтық
құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын , салмағын, массасын,
типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета
түрінде біздің дәуірімізге дейінгі 3-1 ғасырларда Римде пайда болды.Ең
алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен
(Мысыр, Рим, Вавилон) бектілген металл құймалар айналымға шықты.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі 7 ғасырда Ливия
мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-
жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталады.
Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А.Македонский
болды.Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі
ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау
құралы қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады.Монеталар бағалы
металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың
қоспаларынан дайындалды.Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық
болып бөлінеді. Толыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың
қоспаларынан дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес
келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады. Айырбас монеталары арзан
түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардағы номиналдық құн
құрамындағы металл құнынан асып кетеді.
Монеталарды құю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық
emissio сөзінен аударғанда шығару деген мағынаны береді.Ақшаның
эмиссиясы-бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымғашығару, ол
айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.К.Маркс табиғат ақшаны
жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан
берілді.Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар
болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:
1. Тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;
2. Оның жоғарғы құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру
үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.
Оларға ұсақ монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар- нағыз ақшалардың өкілдері. Тарыхи тұрғыда қағаз ақшалар
металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және
алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында
металл ақшалар көшті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның теориялық аспектілері және оның түрлері
ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Банктер арасындағы төлемдер
Факторинг операцияларының түрлері
Электрондық ақшамен біздің болашағымыз
Электрондық банктік қызметтерді көрсету талаптары
Электрондық есеп айырысу мәні мен механизмі
Ақша жүйесі, түсінігі және элементтері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуына талдау жасау
Электрондық ақшалар және олардың Қазақстан аумағында қолданылуы
Пәндер