Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпкерлік туралы түсінік
Кәсіпкерлік дегеніміз - қызмет етуші субъектілердің новаторлық
инициативалық қызметі. Кәсіпкерлік – экономиканың және ұйымдастырудың
жағдайлары, жаңа материалдың қызмет көрсету мақсатында, және тапқан
пайданың шығындарын қысқарту бағытына арналған қызмет түрі.
Кәсіпкер – бұл тәуекелден қорықпайтын, жауапкершілікті мойына алатын,
инновациялық және инициативалық қызметтерді іске асыра отырып , нарықта
бәсекеге түсетін субъектіні айтамыз.
Кәсіпкерлік қызмет процесінде бірнеше субъектілер қатысады.
1.Кәсіпкерлер
2.Тұтынушылар
3.Жалданушы жұмысшылар
4.Бизнес бойынша серіктер
5.Мемлекет
Кәсіпкерліктің негізгі қызығушылығы тұтынушыларға көп мөлшерде
тауарлар мен қызметтерді ұсына отырып, жоғарғы денгейде максималды пайда
табу жатады. Тұтынушы бизнес товардың қанша көлемде шығарылуын,
қызметтердің қай денгейде ұсынылуын , қанша көлемде және қандай сапада,
қандай бағамен сатылуын , қандай орындарда орналасуын шешетін бизнес түрі
б.т.

Бизнесті енгізуде келесідей формалар түрін көрсетуге болады: 1) Жаңа
бизнес-бұл бизнес түрі жеке кәсіпкерге тікелей, яғни, оның жұмыс істеуін
кәсіпкердің өзі жауапкершілікті мойына алады. Мұндағы басты ерекшелік
меншік иесі бизнестегі еркіндікпен бақылауға қақылы.Ал оның кемшілігі болып
–меншік иесі басқалар үшін де болған қателіктерге өзі жауап береді.
Адамдарды біріктіру, яғни,ұйым –бұл қызмет түрінде екі немесе одан да көп
қатысушылар бірлескен қызметті атқару мақсатында ұйымдасады.Ұйымды
ұйымдастыру үшін ең бірінші қажеттілік болып, алғашқы капитал
саналады.Шығындар мен кірістер,қатысушылар арасында теңдей бөлікке түседі.
Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон
енгізді(1680-1734).Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде
қарастырды.Француз экономисті Жан-Батисг Сейн(1767-1832) айтуынша
кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды
деп түсіндірді.Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне
жүгінуі тиіс болды.

Әйгілі ағылшын экономисті Адам Смиг(1723-1790)кәсіпкерді жекеше қызмет
атқаратын жеке меншікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке
қызығушылығымен байланыстырды.Бұл негізді кәсіпкер өзі жоспарлау өндірісті
өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөліуі тиіс болды.

Ағылшын экономисті Давид Ричардо(1772-1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист
ретінде қарастырды. Кәсіпкерлікке бағалы жаңа бағаны ХІХ ғ. соңында ағылшын
э-ті Аллон Маршал берді(1824-1924).Бұдан соң толық кәсіпкерлік мінездемені
өз жұмысында американ э-ті Йозеф Шумпетер берді.
Кәсіпкерліктің отандық теориямен тәжіребиеден келесідей маңызды принциптері
бар:

1.Қызметтің еркіндік негізінде еркін таңдалы.
2.Кәсіпкерлік қызыметке оның қаржысы мен мүлкіне заңды және заңсыз
тұлғаларды тарту.
3.Қызмет бағдарламасын өз еркінен құру,тұтынушылармен қызметті ұсынатын
товарларды дайындайтын,өндіретін өндірушілерді өз еркімен құру және т.б.
4.Жұмыскерлерді еркін қабылдау.
5.Маталарды техникалық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды
пайдалану оларды тарту.
6.Заңға сәйкес экономикалық қызметтердің кәсіпкер мен еркін сезінуі оны
жүзеге асыруы.

Кәсіпкерліктің маңызды функциялары болып табылатындар мыналар:

1.Новаторлық функция техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс
процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асыуы, тәжірбиелі конструкторлық
өндеулер,жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.

2.Ұйымдастырылған функция өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен
тәсілдерді еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі
элементтер...

ін енгізу.

3.Шарауашылық функциясы еңбек материалды қаржылық интелектуалдық және
оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.

4.Элементтік функция қоғамға қажетті элементтің заңдар талабына сәйкес
товарлар мен қызметтерді ұсыну.

5.Тұлғалық функция кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақсатында, өз
қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеке асыру.

Кәсіпкерлік субъектілері

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Жеке
кәсіпкерлік туралы Заңы жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке
кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды
реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің  еркiндiгiн
қамтамасыз  ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар
мен кепілдіктерді айқындайды.
Жеке  кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді ң негізгі мақсаты жеке
кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік
мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектiсi болып табылатын заңды тұлға Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасында   көзделген ұйымдық – құқықтық
азаматтық заңнамасында көзделген  ұйымдық – құқықтық нысанда ғана құрыла
алады.
Жеке кәсіпкерлік  субъектiлерi шағын кәсіпкерлік субъектiлерiне,  орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызылуы
мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған,  жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу
адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын,   жұмыскерлерінің жылдық орташа саны
елу адамнан аспайтын және   жыл бойғы  активтерінің  орташа жылдық құны
тиісті қаржы жылына арналған    республикалық бюджет туралы  
заңда белгiленген алпыс мың
еселенген айлық есептік көрсеткіште н аспайтын заңды тұлғалар шағын кәс іпкерл
ік субьектілері болып табылады.
Мыналарды:
-      есiрткi заттарының психотроптық заттардың және
прекурсорлардың айналымымен байланы сты қызметті;
-      акцизделетін өнімді өндіруді немесе  көтерме сатуды;
     -    астық   қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
     -   лотереялар өткізуді;
     -   ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
    -   мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын
         өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
     -   радиоактивті  материалдардың айналымымен   байланысты
          қызметті;
-      банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және
сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің 
    қызметінен басқа);
-      аудиторлық қызметті;
-      бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби
қызметті жүзеге асыратын дара кәсіп керлер  мен заңды тұлғалар шағын
кәсіпкерлік субьектілері болып таныла алмайды.

Қазақс тан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық
кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Рес публикасының өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiнен тұрады.

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы
кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық,
консалтингiлiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн
құрылатын заңды тұлға;
2) дара кәсiпкерлiк - жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке
тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан
олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын
бастамашылық қызметi;
3) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау - Қазақстан Республикасында
кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерлiктi дамытуды
ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау
жөнiндегi мемлекеттiк шаралар кешенi;
4) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын
жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;
5) жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға
бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне
негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың
тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық
қызметi;
Кәсіпкерлік құқықтың пайда болу тарихы.
Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол
кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған
болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық – әрқашанда құқықтың
бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы
арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып
кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді.
П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық – өндіріс пен айырбас
арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы Екісекторлық құқық
теориясын шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік –
шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ
көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
ҚР шетел азаматтарының меншік құқығы
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі және жеке кәсіпкерлікті бақылау
ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Сақтаудың жекелеген түрлері
Кәсіпкерлік құқық субъектілері
Пәндер