Кәсіпорындардың түрлері, міндеті мен мақсаты


Кәсіпорындардың түрлері, міндеті мен мақсаты
Кәсіпорын дегеніміз - өндірістік - қоғамдық еңбек бөлінісінің біртұтас халық шаруашылығы комплексінің негізгі буыны. Ол өз ісіне жауап беретін заңды шаруашылық орын. Сонымен қатар, ол пайда алу мақсатында алғашқыда өз қаржысы мен мүмкіндіктерін пайдаланатын нақты іспен айналысады. ҚР - ның қолданып жүрген заңдарына сәйкес кәсіпорынның мынадай түрлері бар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив.
Мемлекеттік кәсіпорын
Мемлекеттік кәсіпорындар өз іс - әрекеттерімен басқа да салаларды көбірек кеңейтуге жол ашады.
Біріншіден, мемлекеттік материалдық резервтерді (ММР) құру және сақтау. Бұл осы жүйенің шығындарын мемлекеттік бюджет арқылы ғана емес, сонымен бірге ММР агенттігінің заңды бұзбай басқа да кірістері арқылы жүргізуге жол ашады. Екіншіден, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестірін (тізімін) енгізу. Үшіншіден, туризм саласында да мемлекеттік кәсіпорындарды құру. Туристерді тарту, сол арқылы бюджетке қаржы түсіру. Төртіншіден, мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалануды, оларға көліктік қызмет көрсету мен жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру.
Мемлекеттік меншіктің түрлеріне байланысты кәсіпорындар төмендегідей болып бөлінеді:
- Республика меншігіндегі кәсіпорындар, яғни республикалық мемлекеттік кәсіпорындар - ҚР Үкіметінің немесе Ұлттық банкінің шешімімен құрылады. Бұлардың атаулы тізбесін ҚР - ның Үкңметі бекітеді.
- Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар, яғни коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар. Олар республика Үкіметі белгілеген тәртіппен жергілікті атқарушы органның шешімі бойыншв құрылады.
- Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын - еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Оларды құрудың мақсаты: негізгі кәсіпорындарды, оның ішінде монополияға қарсы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау; негізгі кәсіпорынның филиалдарын дербес заңды тұлға етіп қайта құру; негізгі өндірістің тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандырылған өндіріс құру; негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату мақсатында құрылады.
Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет - мақсаты қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтік - экономикалық міндеттерді шешу болып табылады:
- мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз
ету және қоғам мүддесін қорғау;
- экономиканың жеке меншік секторы қамтымаған немесе жеткіліксіз қамтыған қоғамдық қндірістің буындары мен салаларында бірінші қажеттіліктегі тауарларды өндіру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету) ;
- мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру.
Мемлекеттік кәсіпорын өзі мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап
құрылған деп саналады және заңды тұлғаның құқығына ие болады.
Жарғы - мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құрылтайшы құжаты болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында : кәсіпорынның түрі, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы (уәкілетті органы) туралы мәлімет, кәсіпорынның тұрған жері, оның қызметінің мәні мен мақсаты, басшының уәкілеттігі, жұмыс режимі, кәсіпорын мүлкінің құралуы мен табысты бөлу тәртібі, кәсіпорынды қайта ұйымдастыру мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым - қатынастары айқындалады. Жарғыда сондай - ақ кәсіпорын мен құрылтайшы, кәсіпорнның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы қарым - қатынастары айқындалады. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
Кәсіпорынның мүлкін негізгі және айналыс қаражаты, сондай - ақ құны кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген құндылықтар құрайды. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, пайлар) бойынша соның ішінде кәсіпорын қызметкерлердің арасында бөлуге болмайды.
Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мынадай жағдайларға байланысты қалыптастырылады:
А) оған меншік иесі берген мүліктің;
Ә) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қосқанда) ;
Б) заңдармен тыйым салынған өзге де қаражат негіздерінің есебінен.
Мемлекетік кәсіпорындардың негізгі құралдарға жататын,
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітілген мүлікке, сондай - ақ оларға тиесілі акцияларға қатысты сатуға және сыйға беру мәмілерін жасауға құқығы жоқ.
Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындары:
- шаруашылық жүргізу құқығында негізделген кәсіпорындар,
- жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның негізгі
міндет - мақсаты:
- қару - жарақты және оның оқ - дәрісін, қорғасын құралдарын, әскери техникасын, қосалқы бөлшектерді, санатталатын элементтер мен оның приборларын әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату; босатылған әскери - техникалық құралдарды қайта өндіру және жою (құрту, ұқсату, көму)
- уранды және басқа бөлшектенетін материалдарды, сондай - ақ одан жасалатын бұйымдарды алу, өңдеу, тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату; арнаулы қорғаныс құралдарын қолданбай - ақ пайдалануға болатын нормадан асатын мөлшерде радиоактивті заттары бар өнім шығару және сату;
- дәрі - дәрмектер, дәрілік заттар мен емдеу препараттарын, медициналық жабдықтар мен құрал - сайман жасау және сату;
- энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау, желілік көлік, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында, республикалық және жергілікті инфрақұрылымда тіршілікте қамтамасыз ететін басқа жерлерде өзінің табиғи монополиялық жағдайы мен әлеуметтік - экономикалық маңыздылығы жағынан тікелеә мемлекеттің басқаруын қажет ететін шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
- банк, сақтандыру жіне өзге де қаржы қызметі саласында;
- заңдарда қаржыландыруды арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің желісін ұстау мен дамыту;
- почта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және халықаралық байланыс желілерін пайдалану;
- денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет, туризм және спорт өндірістік - шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
- қылмыстық - атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;
- мемлекеттік құқық және жер кадастрларын жүргізуді қамтамасыз ететін қыметті жүзеге асыру. Мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалану жіне жабдықтау функцияларын орындау мақсатында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар құруға тыйым салынады.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын
қазыналық болып табылады. Олардың негізгі мақсаты:
- төтенше және авариялық жағдайларда кен - құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа да табиғи зілзаладан қорғау;
- қылмыстық - атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;
- топографиялық - географиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу;
- денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет және спорт саласында өндірістік - шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
- мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалануды оларға көлік қызметін көрсетуді және жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру;
- кеме жүзетін жолдар мен гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) күтіп ұстау мен дамыту;
- мемлекеттік монополияға жатқызылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестік
Шаруашылық серіктестік дегеніміз - жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым. Бұлар: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктетстік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары:
- құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға;
- шаруашылық серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен оның құжаттамаларымен танысуға;
- таза табысты бөлісуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бір немесе бірнеше қатысушыны пайданы бөлісуге қатысудан шеттеуді көздейтін ережелері жарамсыз болып табылады;
- шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқығы бар.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың атқаратын міндеттері:
- құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
- салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер және мерзімдер бойынша салып отыруға;
- шаруашылық серіктестік коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Шаруашылық серіктестің жоғарыда аталған нысандарына тоқтала
кетейік.
- Толық серіктестік дегеніміз, бұлардың мүлкі жеткіліксіз болған
Жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктстік. Азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Оның жарғылық капиталының мөлшерін құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек.
Толық серіктестіктің ең жоғары органы - қатысушылардың жалпы жиналысы. Бұндай ұйымның ішкі мәселелері жөнінде шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады.
- Сенім (командиттік) серіктестігі деп серіктестіктің міндеттемелері
бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жинтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік танылады. Оған қатысатын толық серіктердің құқықтық ережесі жіне олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктетстіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді. Азамат тек бір ғана сенім серіктстігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады.
Сенім серіктестігі оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серіктестер сенім серіктестігін таратудың орнына оны толық серіктестік етіп қайта құруға құқылы.
3. Жауапкершілігі шектеулі серістемтігі деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік танылады; бұл нысанға қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Серіктестік органдарының құзыреті, сондай - ақ олардың серіктестік атынан шешімдер қабылдау немесе әрекет ету тәртібі ҚР Азаматтық Кодексіне, заң актілеріне және серіктестік жарғысына сәйкес белгіленеді.
Жаупкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
- серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталы мүшелерін өзгерту;
- атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімін бұрын тоқтату, сондай - ақ жауапкершілігі шектеулі серіктетстікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осындай беру шарттарын белгілеу;
- қаржылық есебін бекіту және оның таза табысын бөлу;
- серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару.
- Қосымша жаупкершілігі бар серіктестік деп қатысушылары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz