Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясы
Орындаған: Абжапарова Гульдана
«31 есеп және аудит»
Тексерген: Камила Мусировна
Астана қаласы
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Индустриялдық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентінің « Елдегі жағдай туралы оның ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленді.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты ныса-насы болып табылады.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан эконо-микасы бірқатар проблемаларға тап болып отыр. Негізгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бір жақты шикізат бағыттылығы, әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық және өңір-аралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі, менеджменттің экономиканы Ғаламдану процестеріне және сервистік - технологиялық өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржы нарығын одан әрі дамыту және фискалдық, білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру көзделіп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдік стандарттарға көшу көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрылымында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек.
Жалпы алғанда стратегияны іске асыру нәтижесінде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистік - технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.
2. Стратегияның мақсаты, міндеттері және
оны жүзеге асыру қағидаттары
Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Индустриялды - инновациялық дамудың мемлекеттік стратегиясы 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ одан кейінгі жылдары қазақстандық экономиканың сервистік-технологиялық бағыттылығын қалып-тастыру негіздерін құруы тиіс.
Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамыуна қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік - технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялық - инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабілеті дегеніміз қазақстандық кәсіпорындардың экспортқа шығарылатын өнімдерді өндіру қабілетін білдіреді. Басқаша айтқанда, өңдеуші өнеркәсіптің өнімі осындай әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек және баға бойынша бәсекелесуге қабілетті болуы тиіс.
Экономиканың шикізаттық секторын дамыту үкіметтің салалық және секторлық стратегиялары жүзеге асырылады.
Стратегияның міндеті:
- өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8 - 8, 4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2005 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сиымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- елдің экспорттық әлеуетін қосылған құн жоғары тауарлар мен қызметтердің мүддесіне қарай әртараптандыру;
- сапаның әлемдік стандарттарына көшу;
- дүниежүзілік ғылыми - техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдік шаруашылық жүйесіне және өңірлік экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады.
Стратегия мынандай қағидаттарға негізделеді:
- жеке сектормен серіктестік;
- инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталуы;
- өнеркәсіпті жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөніндегі рәсім-дердің жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды іске асыруға мемлекеттік қаржылық және өзге қолдау көрсету;
- қосылған құн тізбегін дамытуды қамтамасыз ететін салаларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларының кешенді сипаты;
- тең бәсекелестік жағдайларды және салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруды қамтамыз ету;
- қандай да болсын жеке сипаттағы жеңілдіктерден және преферен-циялардан бас тарту;
- индустрялдық саясаттың бәсекелестік артықшыларды қалып-тастыруға бағытталуы.
Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлі сапалық өзгерістер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу Қазақстанда тұрақты экономи-калық дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2. 1. Стратегияны іске асырудың кезеңдері және тетігі
Тұтас алғанда стратегияны іске асыру үш кезеңде:
- 2003-2005 жылдар аралығы
- 2006-2010 жылдар аралығы
- 2011-2015 жылдар аралығында жүзеге асырылады.
Бірінші кезең (2003-2005 ж. ж. ) басты түрде дайындық сипатындағы іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңна-масына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңа заңдар әзірлеу, инвес-тициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттің қатысуын қамтамасыз ететін мемлекеттік институттар құру, ққт талдау жүргізу жөнінде маман-дарды даярлау, мемлекеттің қатысуымен іске асырылатын тиімді жобаларды айқындау көзделеді.
Бұл кезеңде Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасына салық ауыртпалығын айтарлықтай төмендетуге қатысты өзгерістер енгізу, Қазақстанның Метрикалық конвенцияға қосылуы, Халықаралық электро-техникалық комиссиясына, т. б. кіруі жоспарланады.
Осы кезеңде қорларды құруға көзделген капиталды түзу, Даму Банкінің жарғылық капиталын ұлғайту, жобаларды инвестициялаудың мемлекеттік жүйесін айтарлықтай жетілдіру қажет.
Ғылымды, білімді дамыту және оны индустриялды-инновациялық дамытуға бағыттай отырып, кәсіби кадрларды даярлау саласындағы рефор-маны бастау, стандарттау мен сертификаттауды жетілдіру, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру процесін аяқтау көзделіп отыр.
Осы кезеңдегі экономиканың дамуы индикативті жоспардың болжамына сәйкес жүргізілетін болады.
Жоспарлы кезеңде экспорт пен ішкі тұтынудың дәстүрлі тауарлары және қызметтері өндірісінің бір мезгілде сан жағынан өсуімен қатар өнеркәсіп пен аграрлық секторды қайта жаңғырту, жұмыстың инвести-циялық - құрылыс күллі кезеңін түбегейлі өзгерісі есебінен экономиканың тұрлаулы дамуын қамтамасыз ету үшін негіз салынуы қажет.
Орта мерзім ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің, білім және денсаулық сақтау жүйелерін, құрылымдық-институтционалдық дамыту және мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне еңбек-ақы төлеу жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, қаржы секторын дамыту және ырықтандыруды жалғастыру қажет. Тиімді инновациялық инфрақұрылымның негізі қалануға тиіс.
Екінші кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия іс-шараларын эконо-миканың барлық салаларында белсенді іске асыру кезеңі болады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетістіктер негізінде қуаттарды құру, сондай-ақ қажетті мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік береді. Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым негізінен қалыптасатын болады. Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттік бюджет пен қаржы институттарының қаржы ресурстары бірыңғай бағытта жұмыс істеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс істейтін кәсіпорындарды кеңейту және жаңа өндірістер құру проблемаларын кешенді түрде шешеді. Бұл ретте ірі, орта және шағын кәсіпрындарды үйлесімді дамыту қамтамасыз етіледі. Осы жақында 19 қараша күні Сенатта палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің қатысуымен Экономика және өңірлік даму комитетінің бастамасы бойынша еліміздің 2003-2005 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланған болатын.
Экономика және бюджеттік жоспарлау, Көлік және коммуни-кация, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерінің басшылары қатысқан кездесуді аша келіп Экономика және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұрлығайым Жолдасбаева еліміздің орнықты дамуына бағытталған ұлттық инновациялық бағдарламаның стратегиялық маңызын атап көрсетті. Депутат 2003-2005 жылдардағы еліміздің индустриялды - инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру туралы Үкімет есебінің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды еске салды. Сондай-ақ экономиканы белсенді түрде әртараптандыруда заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, шикізаттық бағдарды өзгерту, келешегі бар өндеу өнеркәсіптерін қалыптастыру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығару мәсе-лелеріне тоқталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жобаларға маңыз беріліп, келешегі бұлыңғыр жобалар алынып тасталынды және 45 ұтқыр (28 өндірістік, 17 инфрақұрылымдық) жобадан тұратын, жалпы құны 54 миллиард АҚШ долларына жуық « Негізгі тізім » қалыптас-тырылды. Ұтқыр жобаларды іске қосу және жүзеге асыру үшін елеулі мемлекеттік қолдау көрсетілді - ол мемлекеттік кепілдеме және тапсырма, даму институттарының несие желілерімен инвестициялық преференциялары.
Үстіміздегі жылы жалпы құны 1, 4 миллиард доллардан астам жеті жоба пайдалануға беріледі, 2009 жылы жалпы сомасы 2, 5 миллиард долларға жуық сегіз жобаны аяқтау жоспарланып отыр.
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында мемлекет қабылдаған тұрақтандыру шараларының уақытында жүзеге асқанын атап өткен министр оның экономиканың бірте-бірте өсуімен отандық қаржы жүйесінің орнықтылығына серпін беретінін айтты. Ол сондай-ақ депуттарды инфрақұрылымдық одан әрі дамуды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйе белгілерін қалыптастыратын, бизнес ахуалды жақсартатын шаралар туралы хабардар етті. Осы бағыттарды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жағдайында министр экономиканың инновациялық даму саласындағы нормативтік-құқықтық негізін жетілдіру қажеттігіне тоқталды.
Стратегияны жүзеге асыру мәселелерін талқылай келе депутаттар шикізат, агроөнеркәсіп кешені салаларында жоғары технологияны дамытуға, аймақтық инфрақұрылымдарды көркейтуге, шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бюджет қаржысын тиімді пайдалану жолдары туралы ой бөлісті. Сенаторлардың пікірінше кластерлік өндірістерді, ұлттық брендіні, алдыңғы технологиялар трансферттерін қалыптастыру, тиісті мамандар қорын даярлау жөніндегі жұмыстарды белсенділендіру қажет.
Үшінші кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны іске асыру бөлігінде аса өнімді болады. Осы кезеңде іске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндірісінің және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндірудің өсімінен асып түседі. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүреді.
Стратегияны орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, оның іске асырылуы жөнінде іс-шаралар жоспарлары арқылы жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының үкіметі үш жылдық кезеңге әзірлеп, бекітеді.
Іс-шаралар жоспарында елдің индустриялық-инновациялық дамуының әрбір кезеңінің сапалық ерекшеліктері көрсетіліп, стратегия қағидаттарын іске асыру жөніндегі нақты шаралар көзделеді. Индустриялық дамудың басым бағыттары бойынша бөлек сапалық (секторалдық) бағдарламалар әзірленеді. Онда нақты атқарушылар мен іске асырудың мерзімдері, сондай-ақ қаржыландырудың жылдар бойынша болжанатын көлемі мен көздері көрсетіледі. Бағдарламаларды әзірлеу ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдардың меншік нысанына және ведомствоға жататынына қарамастан қатысуымен жүзеге асырылатын болады.
Кешенді түрде жоспарланатын іс-шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдардың елдің индустриялық-инновациялық дамуының барлық бағыттары бойынша мақсатты және келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін барынша үйлестіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Стратегияның іс-шаралар жоспарын орындау және жоспарланатын көрсеткіштер жетістігінің барысын бақылау жасау арқылы Мемлекеттік стратегияны іске асырудың тұрақты мониторингі мен тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
2. 2. Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Индустриялық - инновациялық даму стратегиясын ойдағыдай іске асыру экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негізінде елдің экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты өсуіне және өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру мен экспорттың өсіміне жағдай жасау қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.
Ел экономикасында жеке бастамалар басымдыққа ие болады. Барлық рынок субъектілері үшін тең бәсекелес жағдай жасалады.
Экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруда ғылым жетістігін пайдалану жақсарады, менеджмент және маркетингтік зерттеулер, өнімді стандарттау және сертификаттау және т. б. салаларда кейіндеп қалуды еңсеру шаралары қабылданады.
Инвестициялық және инновациялық жобаларды мемлекеттің қаржы ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшін таңдау бөлігінде іріктеу рәсімдері өзінің мақсатқа сәйкестігі мен ашықтығына ие болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz