Рыноктың құрылымы және оның түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің, халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "рынок" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі рыноктық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет "күш" деп те дәріптеуде.

Саяси экономикалық мағынада рынокты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, рынок тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Рынок - тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.

Экономикалық дамудың объективті жағдайы рынокты және оның категорияларын өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі рыноктың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу рыноктық айырбасқа кең жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі "батыстық модельдерді" қайталану емес. Бұрынғы социалистік елдердегі рыноктық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы рыноктың тепе-теңдігі қалыптастырылады. Әрбір өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да рынок меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да рынок өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәржесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.

Соңғы уақытта, теориялық дискуссияларда рынок пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс рынокты, оның икемділігін, экономиканың тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан рынок ұдайы өндірісті үйлесімді дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы рыноктық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.

Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы құрылымдары, өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен рынокта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтың өтеді. Сонымен қатар, рынок белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнің оған жұмсалған еңбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Рыноктың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін ол бағаның қоғкамдық қажетті еңбек шығындарын нақты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар рыноктық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.

Көп уақыт бойы біздің шаруашылығымыздың бұрынғы социалистік елдердегі сияқты сәйкестілігі бұзылып, экономика тапшылық жағдайында, болып келді. Мұны ұдайы өндірістің заңдылығы деп түсінушілер де аз болған жоқ. Сөйтіп, социализм тұсында сұраныс ұсыныстан әрдайым артық болуы керек деген формула пайда болды. Рынок құрылымы өте күрделі. Мұның ең басты буыны - өндіріс құрал-жабдықтары қозғалысы материалдық - техникалық жабдықтау түрінде жүзеге асты. Материалдық-техникалық жабдықтау - орталықтан ресурстарды жоспарлы түрде өндірушілер мен тұтынушыларға бөліп отыру. Бұл басқарудың әкімшілдік - әміршілдік түріне тән әдіс еді. Сырт қарағанда материалдық-техникалық жабдықтау сатып алу, сату арқылы жүргізіледі, бірақ бұл формальды түрде болып келді. Рыноктың ұдайы өндірістегі рөлін көтеру үшін өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей коммерциялық жән аралық рөл атқаратын көтерме базалар арасындағы қатынасты кеңінен дамытуды өмір талап етті. Материалдық - техникалық ресурстарды орталықтан бөлуден өндіріс құрал-жабдықтарын рынок арқылы сатуға көшу, еңбек ұжымдарының өзін-өзі басқару мен экономикалық дербестігін күшейтіп іскерлігін көрсетуге жол ашты.

Көтерме сауданың бірінші көрінісі - өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы келісім шарт түріндегі байланыстар. Олар өзара өнім өндірудің көлемдерін, оның сапасын және жабдықтау жағдайларын анықтайды. Көтерме сауда шаруашылық есептегі базалар мен магазиндер арқылы да ұйымдастырылады. Өндіріс құрал-жабдықтарын көтерме сауда арқылы сату алдын ала экономикалық және ұйымдастыру алғы шарттарын қажет етеді. Әңгіме сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын ескертетін бағалар жүйесіне, нақтылы шаруашылық есепке көшу, дамыған инфраструктурасын жасау. Тек шаруашылық коммерциялық есепті нығайту арқылы ресурстарды үнемдейтін экономикалық тұтқаларды жасауға болады. Көтерме сауда рыногына көшудің басты жағдайына ресурстар мен қажеттіліктің сәйкестілігін сақтау да жатады.

Жалпы тауар айналысы ақша айналысымен тығыз байланысты. Сондықтан өндіріс құрал-жабдықтары рыногының дамуы, кәсіпорындардың коммерциялық сауда қызметінің кеңеюі ақша ресурстарының қарыз қорын және бағалы ақшалардың жеке рыногының құрылуын, олардың қозғалысының икемділігін жарастыруды талап етеді. Сөйтіп, рыноктың құрамында бағалы ақшлардың облтгациялар мен акциялардың коммерциялық айналымы орын алуы мүмкін. Әзірге бұрынғы социалистік елдерде мемлекеттік облигациялар механизмі жолға қойылған. Венгрия мен Қытайда сонымен қатар акциялар рыногы да орын алуда. Рыноктық дамыған форма биржалардың ұйымдасуын талап етері сөзсіз.

Болашақта нақты жүйенің қалануына ұлттық ақшаның төлем қабілетінің, айналым қызметінің өсуіне қарай теңгенің белгіленген курсқа сәйкес шетелдік вальюталарға еркін айырбастау рыногының да құрылуы объективті құбылыс.

Өндіріс құрал-жабдықтары айналысының ерекше бір формасы, ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу. Қазіргі кезеңде агроөнеркәсіптек бірлестіктер жоспарлы сатып алу көлемін мемлекеттік заказ ретінде аудандық агроөнеркәсіп бірлестіктеріне жібереді. Жекелеген шаруашылықтарға сатып алу заказдары берілмейді, оның көлемі белгіленген баға бойынша келісім шарт негізінде анықталады.

Ұдайы өндіріс процесінде түтыну тауарлары мен қызмет көрсету рыногының маңызы да зор. Тек осының негізінде өндірісті ұлғайту мен тауарлардың сапасын жақсарту бағдарламалары жүзеге асырылады. Осы проблеманың маңыздылығын былай анықтауға болар еді. Егер біз рынокты алуан түрлі тауарлармен және көрсетілетін қызмет түрлерімен молықтыра алмасақ, бөліс қатынастарын жетілдіру жөніндегі барлық күш-жігерлеріміздің тиімділігі шамалы болып шығады, ал халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндетіміз орындалмай қалады. Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың кешенді бағдарламасы міне осыған бағытталуы қажет. Қазіргі кезендегі тұтыну тауарлары рыногының ерекше белгісі - тұтынушылар сұранысын жақсы өтеу барысында өндірушілер арасында конкурс пен жарыс өткізу. Мұнда көтерме сауда жәрмеңкелерін жиі өткізудің маңызы зор. Әсіресе ТМД елдерінің, аймақтардың арасында осындай жақсы тауарлар сату жарысын ұйымдастыру өндірушілер үшін үлкен сын болар еді. Бұл болашақта халықаралық экономикалық қатынасқа кәсіпорындардың өз еркімен қатынасуына да үлкен әсер етері сөзсіз.

Көптеген елдердің тауар айналымында ауыл шаруашылығы мен басқа кооператив өнімдері, өздрінің қосалқы шаруашылығында өндірген өнімдерді өткізетін рынок көрнекті орын алуда. Экономикалық реформа барысында колхоздар жоспардан тыс 30 процентке дейінгі жоспарлы өнімді қалаларға апарып келісім бағалармен сатуға құқылы.

Рынокты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндет. Ең бастысы реттелетін әлеуметтік рынокты дамыту, алыпсатарлармен күрестегі жеңістің, "көлеңкелі экономиканы" жоюдың алғы шарттары.

ТМД елдерінің ұлттық рыноктары бір-бірімен тығыз байланыста. Олар дүниежүзілік рынокпен де қарым-қатынасты ұлғайтуда. Бұл қатынастарды дамытудың материалдық негізі ол елдер арасындағы еңбек бөлінісін тереңдету, тікелей тауар айырбасы мен сату қызметтерін кеңейту. Тауар айналысы мен рынок "сатушы мен сатып алушылардың" арасындағы қатынастың көріну формасы болмағанымен, олар шын мәнінде өндіріс пен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың қайшылықтарын нақты көрсетеді.

Сұраныс пен ұсыныс - халықтың тауарларға деген төлем қабілеті бар сұранысы мен ол тауарларды ұсынудың арасындағы қатынас. Тауарды сатып өткізу процесі қалыпты жүзеге асып тұруы үшін сатуға шығарылатын тауар мен халықтың төлем қабілеті бар ұсынысы сай келуге тиіс. Алайда өмірде дәл осылай бола бермейді. Өйткені, сұраныс қоғамның барлық қажеттерін көрсетпейді, ол тек ақша қаржысымен қамтамасыз етілген өндіріс құрал-жабдықтарымен тұтыну заттарына деген сұранысты қанағаттандыруды қамтиды. Сұраныс сияқты, ұсыныс та елдегі өнім өндірудің бүкіл көлемін сипаттайды. Мысалы ол тауар айналысы саласынан тыс өндірістік және жеке тұтынуға түсетін өнімдерді өндіру резервтері мен көлемін қамтымайды. Халық тұтынатын тауарларға сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік тұтыну заттарының көлеміне, қорлану қорын ұтымды пайдаланып, өндірістің тиімділігін арттырумен тікелей байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қоғамдық өндірістің екі бөлімінің - өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары өндірісінің өсу қарқыны әсерлі ықпал етеді.

Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне халықтың ақшалай табысы мен еңбек өнімділігінің өсу қарқынының арақатынасы да ықпал етеді. Осы арақатынасты реттеуде баға да маңызды рөл атқарады. Егер, жекелеген тауарлар ұсынысы сұраныстан асып кетсе, мемлекет бөлшек сауда бағасын кемітеді, осының салдарынан рынок сыйымдылығы артып, тауарлар тез өткізіледі. Ал егер ұсыныс сұраныстан артта қалса, мемлекет ең алдымен тұтыну заттарын өндіруді ұлғайту шараларын қолданады, тек кейбір жағдайда ғана, осындай тауарларды едәуір ұлғайту мүмкіндігі болмаған сәтте мемлекет бұл тауарға деген сұраныс пен ұсынысты бір-біріне сәйкестендіру мақсатымен бағаны көтеруге мәжбүр болады. Бірақ мұндай жағдайларда бір тауардың бөлшек сауда бағасын көтеру, әдетте, басқа тауарлардың бағасын кемітумен толықтырылады. Халық тұтынатын тауарлар бойынша рыноктық тепе-теңдікті орнатудың және оны бірқалыпты сақтаудың қажетті алғы шарты халықтың сұранысын үнемі зерттеп есепке алу болып табылады. Рыноктық тепе-теңдік халық шаруашылығының үйлесімді дамуының бір белгісі. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылуы экономиканың сәйкестілігінің бұзылып, өндірістің дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуді қиындатады.

Сұраныс пен ұсынытың арақатынасының бұзылуы тек бағаларды өсіріп қоймайды. Ұсыныстың сұраныстан өне бойы артта қалуы рыноктың қалыпты жұмысын бұзып, экономикалық айналымды бүркемелеп, өндірістің құрылымына да әсер етеді. Нәтижесінде өнімді жаңартып отыру баяулап, ғылыми-техникалық прогресс тежеліп, тауарлармен қызмет көрсетудің сапасы нашарлап, экономиканың финанстық тұрақтылығы бұзылады. Мұндай жағымсыз құбылыстарға орын бермеу үшін рынокты оның заңдары негізінде басқара отырып, оны экономиканы реттеу механизміне енгізу керек. Жалпы сұраныс пен ұсынысты реттеу - рынокты басқарудың басты қызметі, шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі. Мұндай реттеу әр түрлі әдістермен, мысалы тікелей және жанама жолмен жүргізіледі. Соңғы уақытта рынокты реттеп, сұраныс пен ұсынысты үйлестіру мақсатымен маркетинг жүйсі енгізілуде.

Қазіргі кезеңдегі рынокты реттеудің бір ерекшелігі орталық экономикалық органдар сұраныс пен ұсыныстың макропропорцияларын реттеуді, өз жауапкершілігіне алып отыр. Ал микропропорцияларды, яғни кейбір тауар түрлерін қызмет көрсетуді нақтылы тұтынушылар мен жабдықтаушылардың арақатынасын реттеуге кәсіпорындар мен кәсіпкелерге тұтас алғанда еңбекшілерге кең құқықтар берілген.

Еңбек рыногы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми - техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге көмектеседі. Еңбек рыногы жұмыс орны мен кәсіпті таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек рыногы асқан жауапкершілікті, жинақылықты, тәртіпті қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті - еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.

Еңбек рыногы туралы сөз болғанда жұмысқа тарту теориясында жаңа көзқарас пайда болғанын атау керек. Кеңестік қоғамтану, экономикалық әдебиеттерде ондаған жылдар бойы социализм жағдайында жұмыссыздар болмайды, бұл социализмнің капитализммен салыстырғандағы белгілі бір артықшылығы деген қағида берік орын алып келді. Қоғамдық пікір де осы тұрғыдан қалыптасқан еді. Елімізде рыноктық шаруашылық системасына көшуге орай экономикалық теория алдында бірсыпыра жаңа сұрақтар қойғаны туралы жоғарыда сөз болды. Сол сұрақтардың бірі еңбек рыногы және жұртшылықты еңбекке тарту мәселесі. Шындығында, 1989 жылдан бері әдебиет бетінде, түрлі ғылыми-өндірістік конференцияларда, жиналыстарда айтылған пікірлерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Бір топ біздің елде еңбек рыногы болуға тиіс емес десе, екіншілері еңбек рыногы бар, бірақ ол тежелген, ерекше рынок дегенді айтып жүр. Әрине, кеңестік, дәстүрлік саяси экономия теңдік, әділеттілік пен қазіргі ілгері дамыған елдердегі жалақы, еңбекке тарту, оған ынталандырумен байланыстырғысы келеді. Онымен бірге жаңа көзқарас еңбек проблемаларын зерттегенде экономикалық және әлеуметтік саясат, еңбектің сипаты мен мәні, оның тиімділігі, әділеттілігі туралы мәселені қамтуды қажет етді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рыноктың шаруашылық тауарлық өндiрiс дамуның жоғарғы баспалдағы ретiнде
Рыноктың пайда болу шарттары
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
Рыноктық шаруашылық тауарлық өндіріс дамуының жоғарғы баспалдағы ретінде
Макроорта, микроорта, медиаорта
Жетiлген бәсеке мен монополия – нарықтық экономиканың қарсы түрлерi
Маркетинг ортасы
Макроорта, микроорта және медиаорта
Рыноктық шаруашылық
Макроорта факторларының кейбір негізгі сипаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz