Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Шағын және орта бизнес пен оны қолдаудың қажетті нысандарын дамыту
аса өзекті болып табылады. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай дәл осы
фактор қоғамның саяси, әлеуметтік тұрақтылығына жанама және тікелей ықпал
етіп, орта тапты қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік-саяси
демократиялық институттарды дамытуға әсер етеді. Шағын бизнес маңызды
әлеуметтік функцияны орындайды: ол тауар нарықтарын толықтыруға,
бәсекелестік ортаны дамытуға, өндіріс пен қоғамды құрылымдық қайта құруға
ықпал етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның шағын және орта бизнес қызметінің
тиімділігі дамыған мемлекеттердің осыған ұқсас кәсіпорындары қызметінің
тиімділігінен төмен. Бұл шағын және орта бизнестің өзінен өзі-ақ осыған
ұқсас, мысалы экономиканың тиісті саласындағы біріккен Еуропаның осыған
ұқсас кәсіпорындармен салыстырғанда барынша қарапайым жағдайға ие болуына
әкеледі.Сондықтан шағын және орта бизнестің өз қызметінің тиімділігін
ұлғайтуға ұмтылуы өзінен өзі түсінікті. Ал бұл, егер елдің шағын және орта
бизнесіне біріккен Еуропаның кәсіпорындарына ұқсас жағдайлар заңнамалы
түрде жасалса ғана мүмкін болады. Әрі бұл өз кезегінде, егер мемлекеттің
ішкі саясаты отандық өндірушіні дамытуға бағытталса ғана іске асуы мүмкін.
Қазақстандағы шағын бизнестің бүгінде айтарлықтай жеткілікті
дәрежеде өз мүддесін қорғауға құқылы. Бірақ бүгінде отандық кәсіпкерлер -
бірінші кезекте шағын және орта кәсіпорындар – бірлесуді әрі меншікті
ұйымдар мен өз мүдделерін қорғау үшін күресуге қабілетті бизнес-
қоғамдастықтар құру жолының ең төменгі сатысында тұр. Сондықтан саяси
партиялар шағын және орта бизнестің мүдделерін көрсетудің негізгі арналары
мен құралдарының бірі ретінде саналады.Бұл тұрғыдан алғанда Нұр Отан
Халықтық-Демократиялық партияның тарихы үлгі боларлық. Ол осыдан екі жол
бұрын бірнеше партияларды, оның ішінде ауыл және индустриялық
кәсіпкерлердің мүдделерін білдіретін Аграрлық және Азаматтық партиялардың
бірлестігі ретінде құрылды. Сондықтан Нұр Отанның о баста тиісті
мүдделерді білдірудің және кәсіпкерлердің бірлестіктерімен нақты қатынас
бойынша тәжірибесі болды. Жалпы алғанда Нұр Отанның түсінігінде
мемлекеттік саясат шағын бизнеске қатысы бойынша мынадай үш негізгі
міндетті шешуітиіс:
Біріншіден, тұтастай экономикалық қызметтің, оның ішінде шағын
бизнестің жұмыс істеуі үшін қолайлы және тұрақты жағдайлармен қамтамасыз
ету, яғни оның дамуына кедергі жасамау.
Екіншіден, кәсіпкерлік қызметті бастауға және өз ісін дамытуға ниет
білдіргендерге қолдау көрсету, яғни балық аулауды ниет етпей, тек қармақ
беру керек.
Үшіншіден, кәсіпкердің құқықтарын және оның жеке тұлғасы мен жеке
меншігінің қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету.
Шағын және орта бизнеспен қатынастың маңыздылығын ескере отырып, Нұр Отан
ХДП-ның Қазақстанның гүлденуі және қазақстандықтардың әл-ауқаты үшін: біз
елдің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз атты Халықтық сайлау алды
тұғырнамасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау деген арнайы бөлім
бар. Онда шағын және орта бизнес субъектілерінің Қазақстанның ЖІӨ-дегі
үлесін кемінде 40%-ға дейін жеткізу міндетіқойылады.Осы мақсатта партия
мыналарға қол жеткізетін болады:
• кәсіпкерлік, әкімшілік кедергілерді жою мәселелері бойынша нормативтік
құқықтық базаны жетілдіру;
• рейдерлікке тиімді тосқауыл қоятын заңдарды қабылдау;
• мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдері мен бақылау функцияларын
қысқарту;
• салық салу, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржы-кредиттік
қолдау жүйесін жетілдіру;
• шағын бизнестегі технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге арналған
заңнама базасын дамыту;
• инженерлік коммуникацияларға қосылуға шығындарды азайту.
Мемлекет басшысының осы жылдың аяғына дейін шағын бизнесті тексеруге
арналған мораторий енгізу туралы шешімі осы саяси бағытты жүргізудің
көрнекі мысалы болады.
Жезқазған қаласында болған республикалық бизнес-форумда Президент
Н.Назарбаев бизнес пен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саладағы өзара
іс-қимылдарының негізгі қағидаттарын жария етті. Ол мемлекет пен іскер
қоғамдастық тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуде де
толыққанды әріптес болуы тиіс екенін атап өтті.
Шағын және орта бизнестің саяси қорғалушылығын арттыруды Нұр Отан ХДП
өзінің елді жаңғыртудағы және оның бәсекеге қабілетін дамытудағы маңызды
міндеттерінің бірі ретінде қарастырады.
Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі орны
Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының
экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және
орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17%
- ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық
индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық
мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының
қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді.
2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30%
(бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР– ның президентімен өткен жылы халыққа
жолдауында қарастырылып,бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың
диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы
тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы
үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда
мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу
мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы
орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына
байланысты. Сондықтан осы жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі
проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады. Сонымен
қатар шағын және орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ)
кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін
анықтайды. 
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық
қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің
тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің
төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе, онда осы
сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай
қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың
бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған . Шағын және орта
кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып,
оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып
табылады.  
ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың
қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай –
ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар
1. Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын
зерттеу арқылы ролін қарастыру;
2. Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары
мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;
3. Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР
–дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу. 
Қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен
қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша
рекомендацияларды ұсынумен анықталады.Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар
жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады,
мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және
айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі. Сонымен кәсіпорындардың
үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені
бірін - бірі толықтыра отырып , экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Шағын және орта кәсіпорындар- үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және
ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар
жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда
пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған
кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ –
түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің
барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып
табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің
жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге
қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын
кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау
керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар,
шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін
фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500
адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын
фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен
құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың
шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі
стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару
сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау
барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара
алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.нарықтық экономиканың шаруашылық
жүргізуші субъектілерде кәсіпкерлік және бизнес ұғымдары өзара тығыз
байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі
ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары
бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа
тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету,
серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы
пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе
ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін
шаруашылықты білдіреді,бірақ кәсіпкерлік және бизнес түсініктері
экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. Бизнес
түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде
нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге
қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы
барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана
жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де
қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар
жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет
бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында
жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (
жалпы бөлім ): кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік
нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты
қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе
мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы
қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және
өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Соған қарамастан,
тәжірбиеде кәсіпкерлік пен бизнес терминдері бірін – бірі
алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, кәсіпкерлік және шағын бизнес
бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен
айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы
дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын
және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. ¬Өзінің кәсіпорынын ашу
барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда
табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту.
Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мотиві ретінде
келісілерді деп көрсету керек. Тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру
мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша
және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен
арттыруға ұмытылу.
Қазақстан кәсіпкерлер форумы өкілдерінің берген мәліметіне
сүйенсек, қазір ел ішінде шағын және орта бизнеспен шұғылданатын 400 мыңға
жуық кәсіпорын бар. Алайда қазірде олардың 100 мыңға жуығының жұмысы
жүрмей, кедейлікке ұшыраған. Кәсіпкерлер сауда-саттықтан өзге бизнес түрін
ел ішінде жетілдіру үшін табысқа салынатын салық мөлшерін азайту керек
дейді. Мұндай пікірді Ұлттық банктің бұрынғы басшысы, Қазақстандағы екінші
деңгейдегі ірі банктердің бірі - Халық банкі басқармасының қазіргі
төрағасы Григорий Марченко да қолдап отыр.Отандық кәсіпкерлердің тың
бизнесіне қолдау көрсету үшін қазақстандық банктер үстеме пайызы арзан
несиелер берудің жаңа амалдарын жасап жатыр. Қазір Қазақстан банктері
беретін қарызына жыл ішінде 11 пайызға жуық үстеме ақы қосып, табыс тауып
отыр. Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченко
басқаратын Халық банкі кәсіпкерлерге несие берудің әуресі аз жолын
жасадық дейді. Алматы қала әкімшілігіне қарайтын шағын бизнес бөлімінің
қызметкерлері жасаған сараптама бойынша, қаладағы шағын және орта бизнес
өкілдерінің басым бөлігі қазір құрылыс саласы мен күнделікті сауда -
саттықты кәсіп етеді.
- Бір жарым миллионға жуық халқы бар Алматы қаласы үшін шағын кәсіппен
шұғылданатын 51 мыңнан астам адам бәрібір аз, - дейді кәсіпкерлер
қауымдастығының өкілі Виктор Янбаев.
Қазақстан кәсіпкерлер форумы ұйымының Алматы өкілдігін басқаратын
Тимур Назыханов Қазақстандағы шағын кәсіпорындардың бүгінгі нақ саны 300
мыңға жетті дейді. Құжат бойынша, тіркелгені 400 мың, ал қалған 100 мыңы -
түрлі себептермен жабылуға мәжбүр болғандар. Ұйым басшысының айтуынша,
шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып отырған бірқатар себептер бар.
Соның бірі - әр қызмет түріне берілетін рұқсат қағаздардың (лицензия)
көптігі екен:
- Құрлыс жүргізуе қажетті лицензиялар көп. Оның сыртында қызметіңді
жалғастыру үшін жыл сайын растап отыруға міндеттісің.
Алматы қаласы әкімшілігінің шағын бизнес бөлімінің қызметкері
Рашид Аманжолов арыз-шағыммен келетін кәсіпкерлердің саны азаймай
отырғандығын мойындайды. Дау-дамайдың көбі кәсіпкердің есеп-қисап
құжаттарын тексеруге келетін құзырлы мекемелердің көптігінен туындап отыр
дейді маман:
- Шағын және орта бизнес өкілдерін тексеретін қадағалу ұйымдары тым көп.
Қазір олардың ұзын ырғасы 57-ге жетті. Оның сыртында заң нормаларын қайта
қарау керек.
Қазақстан президентінің экономика жөніндегі кеңесшісі болған банкир
Григорий Марченко кәсіпкерлерге салмақ салып отырған басты дүние - салық
мөлшерінің көптігі дейді. Мәселен, Батыс Европа елдері мен Ресей салықты
арзандату ісін пысықтап жатыр. Сондықтан, салық кодексіндегі кейбір салық
төлемдерін азайту мәселесін қарастыратын уақыт туды дейді.
Олар салық көптігіне қынжылады. Қазір ел ішінде салық төлету саясаты
жақсы деп айтушылар көп. Өкінішке орай, ол сөздің шикілігі ісімізден
көрініп жатыр.Алматы сауда-өнеркәсіп палатасы бастығының орынбасары
Мұхтархан Бияровтың айтуынша, Қазақстанда шағын және орта бизнестің даму
барысы көп-көрім . Оған арқау болған себепті былай әңгімелейді:
- Кәсіпкерлердің қызметін тексеруге тиым салынған жылы бизнес
өкілдері біраз дәулет жинап үлгерді.
Шағын және орта бизнес өкілдерінің кейбірі, Дүниежүзілік сауда
ұйымына мүше болуды мақсат тұтқан Қазақстан үкіметінің бастамасын
асығыстыққа бағалап, мақұлдап отырған жоқ. Олардың айтуынша, бұғанасы қатып
үлгермеген кәсіпкерлер үшін шетелдік әріптестерімен бәсекелестікке төтеп
беру қиынға соғуы әбден мүмкін. Қазақстанның Мұсылмандар одағы мен АҚШ-тың
Global Business Corporation компаниясы арасындағы әріптестік негізінде
құрылған ұйым дағдарыс кезінде елдегі шағын және орта бизнес саласына
несиелендіру арқылы көмек көрсетпекші. Бірақ, аталмыш ұйымның құятын қаржы
көлемі әзірге белгісіз.Қазақстан мұсылмандары тек елдің рухани өміріне
ғана емес, экономикалық өміріне де белсенді араласуы керек. Жобаның
мақсатын осылайша түсіндірген Қазақстанның Мұсылмандар одағы аталмыш ұйым
бөлімшелерінің Алматы мен АҚШ-тағы Атланта қалаларында ашылып үлгергенін
мәлімдеді. Одақтың төрағасы Мұрат Телібеков жаңадан құрылған ұйымның
әсіресе, шағын және орта бизнеске Америкадан инвестиция тарту мәселесіне
баса назар аударып жатқанын жеткізді.
- Қазіргі уақытта біздің әріптестеріміз халал өндірісін дамытуға ерекше
көңіл бөліп жатыр. Елімізде мал фермалары желісін ашу үшін американдық
тарап несие бөлуге даяр. Бұл қаражаттарды американдық Эксимбанкі бөледі.
Оның Қазақстандағы банктермен арада келісімі бар. Ол бойынша біздің
фермерлер кепілсіз несиелер ала алады.Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде
халал өнімдеріне деген сұраныс барған сайын артып келеді. Дегенмен, ол
сұранысты толығымен қамтамасыз ететін Қазақстанда өндіруші де жоқ. Оның
үстіне Халал деген атауы бар өнімдердің барлығы да шын мәнінде халал
емес дейді мамандар. Мұсылман қағидаларына сай дайындалуы тиіс бұл азық
түрлерін шығарумен айналысатын зауыттарда ол үшін жағдай жасалмаған. Ал
аталмыш саланың монополиялануы жағдайды тіптен қиындата түседі. Осы себепті
Қазақстан Мұсылмандар одағының мүшелері қаржыны аталмыш салаға құюды
жоспарлап отырғандарын айтады.
- Қазір Қазақстанда халал өндірісі ойдағыдай дамымай отыр. Тіпті, 1,5 млн
халқы бар Алматыны да қамтамасыз етуге өндірушілердің шамасы жетпей жатыр.
Қазір халал өнімдерін тек мұсылмандар ғана пайдаланбайды. Таңертең
дүкендерге түскен халал өнімдері кешке жетпей бітіп кетеді. Осы
жағдайлардың бәрін ескеріп, біз осы салаға инвестиция тартып отырмыз, -
дейді Сәкен Өзбекұлы.Алайда Мұсылман одағының мүшелері фермерлер үшін
ұсынылатын несиенің пайыздық көрсеткішін нақты айта алмай отыр.
- Бір білетініміз, пайыздық көрсеткіші Қазақстандағы банктерден әлдеқайда
төмен болады. Біз пайыздық жағын әлі келіскен жоқпыз. Бірақ, қалай болғанда
да, ең төмен көрсеткіш болады. Оған шағын және орта бизнес азаматтарының
көптеп тартылатынына сенімдіміз, – дейді Сәкен Өзбекұлы.
Қазіргі таңда Қазақстанның орта және шағын бизнес саласы қаржыға зәру
болып отыр. Сауда-өнеркәсіптік палатасының мәліметі бойынша, әлемдік
дағдарыстың салдарынан Қазақстанда шағын және орта бизнестің 70 пайызы
банкроттықтың алдында тұр. Елдегі жұмыс орындарының 60 пайызын беріп
отырған аталмыш саланы дағдарыс кезінде қолдау үшін Ұлттық қордан 4 млрд
теңге бөлінген болатын. Бұған дейін елдегі кәсіпкерлер қауымдастығы
Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры арқылы жүзеге асатын қаржылай көмекті
тездетуді сұраған еді.
Кәсіпкерлерге ұсынылып отырған несиені өтеу мерзімінің ұзақтығы - 7 жыл,
пайыздық көрсеткіші – 12,2 пайыз болмақ.

Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жай-күйін анықтау жөніндегі кешенді
зерттеудің нәтижелері
2009 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Даму кәсіпкерлікті дамыту
Қоры жүзеге асырған Бизнес- Кеңесші бағдарламасы аясында “ BISAM
Central Asia ” Бизнес- ақпарат, әлеуметтік және маркетин гтік зерттеулер
орталығы Қазақстандағы шағын және орта бизнес ахуалы мен проблемаларын
бағалау мақсатымен к ешенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы
Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы рөлі
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері
Экономикалық жүйелердің мінездемесі мен оның ерекшеліктері
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар туралы ақпарат
Шағын кәсіпорынның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі
Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
Бәйтерек ауылдық округі
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Пәндер