Ауада ұшу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

«Ауада ұшу. Су көлігі»

Рысбекова Дина

7 «б» сыныбы

Өскемен қаласы

2008жыл

Тікұшақ

Тікұшақ -көтеру үшін бір не бірнеше ауа винті тудыратын, тік көтеріліп, тік қона алатын ауадан ауыр ұшу аппараты. Алғашқы кезде бұл аппараттар «автожир», «геликоптер» деп аталған.

Тікұшақтың бірден тік көтерілуі, тік қону, бір орында қалқып тұру, вертикаль осьпен кез келген бағытқа бұрылып ұшу мүмкіндігі бар.

Көтергіш винттің реактиві моментін теңестіру тәсіліне қарай тікұшақ сыңар винтті (ортақ осьті тік ұшақ, бұрамалары көлденең орналасқан) және көп винтті болып бөлінеді. Кез келген тікұшақтың сұлбасы ұшақ планерінен (фюзеляж, шасси, басқару ргандары, электр, радио және навигациялық жабдықтар), көтергіш күш тудыратын винттер жүйесінен, қозғалтқыш қондырғысынан, жетектен (трансмиссия) тұрады. Тікұшақтардың жылдамдығы 350 км/сағатқа, жүк көтергіштігі 40 тоннаға, ұшу алыстығы 2000 км-ге дейін жетеді. Дүние жүзінде- тікұшақты шығрумен Ресей авиа өнеркәсібі, АҚШ («Сикорский», «Боинг», «Белл», «Каман» фирмалары), Франция (Сьюд-Ависьон), Англия «Уэтленд», Италия «Августа», т. б. мемлекеттер айналысады. Тікұшақ ауыл шаруашылығында бау-бақша, техникалық бағалы дақылдар зиянкестермен күресу, тыңайтқыш шашу (Ка-15, Ка-20, Ми-1, Ми-2), жүк (Ми-4, Ми-6) және жолаушы тасу (Ми-8), геологиялық жұмыстарда (Ка-26), гравиметриялық суреттер түсіру үшін (Ка-18), мұз жағдайын барлауда (МИ-1, Ми-15), жоғарғы кернеу сымдарын, газ және мұнай құбырларын бақылау (Ка-18, Ка-26), көлемі үлкен жабдықтар тасымалдау және жолаушы тасу (Ми-10), санитарлық және құтқару жұмыстарында (Ка-18) пайдаланылады. Тікұшақ қарулы күштер құрамына кіреді. Ол тактик және әуе десантвн түсіру, әскер және жүк тасу, майдан шебін бақылау, артиллерияның атыс бағытын түзеу, мина тазарату, жүзбе көпір салу, т. б. мақсаттар үшін пайдаланылады.

Кеме

Кеме-суда немесе су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа жұмыстарға (арнайы техникалық немесе ғылыми) арналған су көлігі. Адамзат баласы кемені ежелгі дәуірлерде-ақ пайдалана бастаған. Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңін салды, кейін ағаш діңінен оылып жасалған қйықтарды пацдаланды. Бұлар ескек арқылы қоғалысқа келтірілді. 15 ғасырдан бастап ескек орнына желкен пайдаланыла бастады. 1782 жылы орыс өнертапқышы И. П. Кулибин (1735-1818) судың қысым күшімен айналдыратын доңғалағы бар кеме жасады.

Алғашқы темір корпусты кеме Англияда жасалды(1822) . Су ығыстырғыштығы 44, 5 тонна, жүріс жылдамдығы 32 узел (59, 3км/сағ) бу турбиналы кеме Англияда 1894 жылы сыннан өтті.

Пайдалану мақсатына қарай кемелер азаматтық және әскери болып ажыратылады: 1) Азаматтық кемелер: көліктік, кәсіптік, арнайы, қызиет және техникалық мақсатқа арналған, спорттық кемелер болып бөлінеді.

Қос корпусты не қалтқы балансирлі жалғыз корпусты кеме- катамаран деп аталады. Катамаранның жүзгіштігі жоғры және орнақты болып келеді. Шапшаң жүретін, кішігірім кеме- катер деп аталады. Оның ұзындығы 1, 5м-ден 40м-ге, ені 7м-ге, жылдамдығы 3-70 узельге (5, 5-130км/сағ) дейін жетеді. Қоғалтқыш түріне қарай катер бу қоғалтқышы, моторлы, газ турбиналы және желкенді еспелі боп бөлінеді. Шапшаң жүретін шағын кеменің бірі- глиссер (фран. glisseur, glisser-сырғанау) . Салмағы 80-100 тонна шамасында. Глиссердің жылдамдығы 300км/сағ-тан асады. Трауллер -балық аулауға әрі оны бастапқы өңдеуден өткізуге арналған бір палубалы кеме.

Кеменің жылдамдығы белгілі бір шамаға жеткен кезде су асты қанаттарда паыда болатын гидродинмикалық көтеруші күш әсерінен оның корпусы жоғарғы көтеріліп судан шығады. Сонда кеменің корпусына әсер ететін су кедергісі кемиді де, жылдамдық артады.

Пайдаланылған кітап: «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 4-ші және 8-ші том

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атыс негіздері
Құстардың экологиялық топтары
Иондаушы сәулелердің соматикалық-стохастикалық әсері
Дүниежүзілік авиация. Әуе көлігінің жаңа түрлері
Бір орыннан ұзындыққа секіру
Атыстың ережелері мен тәсілдерін оқып үйрету
Ату негіздері бойынша сабақ өткізу әдістері
Кәсіпорында бизнес - жоспарды іске асыру
Құстар класы туралы ақпарат
Қазақстанда мекендейтін құстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz