Радиобайланыс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы:Радиобайланыс

Орындаған:Алдажарова.А

Тексерген:Амренова.Г.Ж.

Радиобайланыс принциптері

Электромагниттік толқындар ашылған соң,аз уақыт өткеннен кейін,олардың
практикалық қолданысы табылды.1885 ылы орыс физигі А.С.Попов алғашқы рет
электромагниттік толқындары пайдаланып,информацияны алыс қашықтыққа сымсыз
жеткізуге болатын мүмкіншілік көрсетті. Бұл әдіс радиобайланыс деп аталады.
Радиобайланысты орнату үшін радиотартқыш пен радиоқабылдағыш керек.
Радиотартқыш автотербеліс генераторынан және антеннадан құралады.Жаңа
элемент-антеннаның атқаратын міндетін және жұмыс істеу принципін анықтайық.
Егер,автотербеліс генераторында электр тербелістері өтсе,онда катушкада
және контур сымдарына электрондар үдемелі қозғалады.
Жабық тербелмелі контур
Жалпы сәулену шарттары орындалатындықтан,электромагниттік толқындардың
туындауын күтуге болады.Алайда практикада жай тербелмелі контурдың
электромагниттік толқындарды шығарғанын байқау қиын.Сондықтан мұндай контур
жабық тербелмелі контурдеп аталды.Көрнекті түрде жабық тербелмелі контурдың
электромагниттік толқындарды шығармауын былай түсіндіруге болады.Жабық
контурда электр тербелістері пайда болғанда,конденсатор астарлары арасында
құйынды магнит өрісі периодты туындайды.Бірақ бұл өріс конденсатор ішіндегі
электр өрісін ораған тұйық сызық болып туындайды.
Ашық тербелмелі контур
Электромагниттік толқындары сәулелендіру үшін ашық тербелмелі контур
керек.Оның міндетін антенна атқарады.Антеннаны өздік жиілігім
автогенератордағы тербелмелі контурдың өздік жиілігіне тең ашық тербелмелі
контур ретінде қарастыруға болады,бірақ бұл контур конденсаторының
астарлары катушканың қарама-қарсы жақтарына алыстатылған.Бұл жағдайдағы
электр өрісінің кернеулік сызықтарының кеңістікте үлесуін бейнелейді.
Антеннаның ашық тербелмелі контурын аавтогенератордың контурымен
резонанста болатындай реттейді және онда мәжбүрленген электр тербелістері
қоздыралады.
Практикада антенна құрамында екі ұзын металдық сым немесе екі стержіні
бар,оларда айынымалы ток қоздырылады.
Таратқыштың антеннасындағы айнымалы тоқты қарама-қарсы таңбалы екі
нүктелік зарядтың антеннаның ортасы және ұштары арасындағы периодты
тербелмелі қозғалысы деп қарастыруға ыңғайлы.
Әр текті зарядтар бір ортақ нүктеден алыстағанда, электр өрісі өзгереді
және ол өзгеріс қоршаған кеңістікте с=300000 кмс жылдамдықпен
тарап,құйынды магнит өрісін тудырады.
Антеннаның ұштарын жеткен соң,зарядтар кері бағытта антеннаның ортасына
қарай қозғалады,ал электр және магнит өрістері тұрақты жылдамдықпен
кеңістікте таралуын жалғастырды.Екі заряд антеннаның ортасында
түйіскенде,электр өрісі сызықтарының ұштары жабысады және электр
зарядтарымен байланыспаған құйынды электр өрісінің туындауына аяқталады.

Қабылдағыш антенна.Реттеу
Электромагниттік толқынды қабылдау үшін қабылдағыш антенна керек.Ол өздік
жиілігі,қабылданатын электромагниттік толқынның жиілігімен бірдей контурмен
байланысқан.Қабылдағыш контурдың жиілігін икемдеу үшін көбінесе сыйымдылығы
айнымалы конденсаторды қолданады.
Антеннаға жеткен электромагниттік толқын антеннада және ол арқылы
қабылдағыштың тербеліс контурында мәжбүрленген электромагниттік тербелістер
қалдырады.
Контурдың өздік жиілігі электромагниттік толқынның жиілігіне тең
болғанда,электрлік резонанс байқалады және ең тиімді түрде электрмагниттік
толқынның энергиясын пайдаланады.

Микрофон
Дыбыс сигналдарын радиотолқындарын көмегімен жеткізу үшін алдымен дыбыс
тербелістертерін электрлік тербелістерге айналдыру керек.Осы айналу
микрофон деп аталады.
Электродинмикалық микрофон құрамында тұрақты магнит,жіңішке сымнан оралған
катушка және жұқа серпімді диафрагма енеді. Катушка диафиграмаға желімдеген
және тұрақты магнит өрісінде орналасқан.
Дыбыс толқындары микрофонның диафрагамасының мәжбүрленген тербелістерін
тудырады,ал дифрагмамен бірге катушка сол жиілікпен тербеледі. Тұрақты
магниттің магнит өрісінде тербелген катушкада индукциялық айнымалы ток
пайда болады.Бұл токтың жиілігі дыбыс тербелістерінің амплитудасына сәйкес.

Амплитудалық модуляция
Микрофоннан алынған электр сигналын күшейткіш арқылы радиотаратқыш
генераторында бергенде,электромагниттік тербелістердің амплитудалық
модуляциясын жасауға болады.
Бұл жағдайда радиотаратқыштың антеннасындағы жиілігі жоғары
тербелістердің амплитудасын уақыт өткенде дыбыстық жиілікпен өзгереді.
Мұндай тербелістер амплитудалық модульденген тербелістер деп аталады.

Детектор
Қабылдағыштың антеннасында әр түрлі көздерден келген электромагниттік
толқындар мәжбүрленген электромагниттік тербелістерді қоздырады.Тербелмелі
контурдағы конденсатордың сыйымдылығын өзгерту арқылы қабылдағыш тиісті
толқынға икемделеген.Диод детектор болады. Ол токты бір жаққа ғана
өткізіп,апмлитудалық модульденген айынымалы токты детектілейді.Нәтижесінде
диод тізбегіндегі ток үйектілігі бірдей,бірақ амлитудасы әр түрлі
импульстер түрінде өтеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиобайланыс регламенті Радио байланыс түсінігі және тарихы
Радиобайланыс регламенті
Транкты байланыс
Радиолокация және радиолокациялық құрылғылар
Радио. Радиобайланыс. Радиотолқын
Радиотолқындар
Сандык РРЛ тасушы сигналды модуляциялау
Радиотолқындардың таралуы
Поездың аралықта амалсыз тоқтауы кезіндегі әрекеттер тәртібі
CDMA жылжымалы радиобайланыс желісі
Пәндер