Мемлекеттік табиғи қорығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік табиғи қорық - қоршаған ортаның табиғи эталондар,
реликтілері,ғылыми зерттелеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және
рекреацияға арналған объектілері ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени
жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы
тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат
кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау, Соңғысы адамның шаруашылық
әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында
16-шы орын алады. Дегенмен республика жерінің көлеміне шаққанда қорықтар
үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика
үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде
нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан
түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан
болашақта ғалымдардың,табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15
қорық ұйымдастырылмақшы.
Ақсу-Жабағылы қорығы 1927 жылы ұйымдастырылды. Бұл-Қазақстандағы
ертеден келе жатқан қорық. Қазіргі кезде қорықтың көлемі 12 8118 га, ол
Қазақстанның Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасы тоғысқан жерінде Оңтүстік
Қазақстан мен Жамбыл облысында орналасқан. Сонымен қатар қорықта екі
палеонтологиялық жер бар, олар Қаратау тауында орналасқан. Қорықтың негізгі
территориясы Талас Алатауы жотасының батыс бөлігі мен теңіз деңгейінен 1100-
4200м биіктіктегі Угам жотасының қиыр солтүстік-шығыс тарамын алып жатыр.
Мұндағы тау жыныстарының басымы-төменгі карбон мен жоғарғы девон ізбестері.
Ізбес сілемдері палеозойдағы ежелгі теңіз жануарларының көпшілігін-
трилобиттер, маржандар, бауыраяқтылар, губкаларды қатқан күйінде сақтаған.
Қорықтағы тау жоталары қатты бөлінген. Олар шығыстан батысқа бойлай
созылған және бедерлері ұқсас болып келеді. Солтүстік баурайлары әдетте
жазық, кең тегіс стылы бедерлер, тау адырлары қар және мұздықтармен
көмкерілген. Оңтүстік баурайлары-тік, құрғақ және жартасты. Олардан жиі
жіңішке үшкір жоталар кетеді, сөйтіп, сайда күрделі иірімдер түзеді.
Орталық бөлігінде қалың мұзды жота Бұғылы көзге айқын түсіп тұрды. Осы
жотаның мұздықтарының ішіндгі ең ірісінің көлемі шамамен 1 шаршы шақырым.
Қорықтың негізгі өзендері - Жабағылы, Ақсу Балдарбек,бала Балдарбек
олар батысқа қарай ағады. Қорық ауа райы континентальды, ылғалдылық жыл
маусымы бойынша біркелкі түседі. Жалпы түсетін жауын-шашынның(таудың орта
белдеуінде 950мм) 30%-ы қыста,40%-ы күзде және не бары 10%-ы жазда түседі.
Ауаның жылдық орташа температурасы +5,6˚С, ең суық айда(қаңтарда)-орташа
-5,4˚С, ең ыстық айда (шілдеде) +17,2˚С. Құрғақшылық кезеңнің орташа
ұзақтығы – 70 күн, аязсыз- 142 күн, қар жабыны бар кезең – 160 күн.
Қазақстандағы қорықтар арасында Ақсу-Жабағылы өсімдіктерінің бай және
алуантүрлілігімен көзге түседі. Басқа қорықтарда 5-7 типті өсімдіктер
болса, мұнда 12 типті өсімдікке жататын 60 өсімдік формациясы бар. Тек
Батыс Тянь-Шань үшін ең ерекше өзіне тән жартылай далалар немесе далалар
болып табылады. Қорықпен оның айналасында осы типтң үш түрі кездеседі.
Аласа шөптесінді далада көпжылдық қысқа мерзімдік (эфемероидтар) жуашықты
Қоңырбас, толық қиякөлең басым және біржылдық өсімдіктер (эфемерлер) қорық
шекарадағы тау етегін жауып тұрады. Аласа тау белдеуі үшін ірі шөптесінді
далада өш бидайығы мен жаман арпа басым болу тән. Көбіне ушбелляр деп
аталатын үшінші түрде шатыргүлділер тұқымдасының (жіңішке сасыр мен малазық
прама) ірі шөптесінді өкілдері басым. Ол аласа таудан орта тауға дейін
тіпті субальпі белдеуінің төменгі жағында жекелеген жерлерде едәуір кең
таралған. Тек Батыс Тянь-Шаньға тән өсімдіктің басқа түрі-аршалы ормандар.
Ол осы аймақтың қайталанбас кескінін құрайды, баурайларды бекітіп, оларды
эрозиядан құрайды, ылғалдылықтыжинайды, өзен ағыстарын реттейді, қар
көшкіндері мен су тасқындарынан қорғайды. Фитонцидтер мен эфир майлары
ауаны тазартып сауыұтырады. Бір гектар аршалы орман осындай заттардың 30кг
бөліп шығарады, сөйтіп, микробқа қарсы тұрақты аймақ түзеді. Сонымен қатар
қорықта басқа да бірегей өсімдік бірлестіктері қорғалады. Бұл Сиверс алма
ағашынан және Кавказ таудағанынан тұратын тоғай ,эхидна эспарцеті басым
бірлестіктер, эндемиктер мен піскен жуасыну шөптесіндер орта таудың көлемді
шөгінділерінде өседі.
Қорық флораға бай. Қорғалатын түрлер саны келесідей: саңырауқұлақтар
250 түрден жоғары, мүктер, қыналар, балдырлар 60-70 түрден жоғары,
өсімдіктер 1300 түрден жоғары. Флораның бірегейлігі мен өзгешелігі жоғары
өсімдіктерден жақсы көрінеді. Бұл топта 200 сирек түр белгілі, сонымен
қатар Батыс Тянь-Шань мен Қаратау енділігі-177, қалдық түр-30-дай,
қызылкітаптық -39 түр. Тек қорықта сирек кездесетін тамаша жүттіген, ангрен
ұғамиясы, Минквиц примуласы, талас кекіресі, Масальский қандыгүлі, Коопман
өгей бұтасы, талас қайыңы және т.б қорғлады. Көптеген пайалы өсімдіктер
ішінен ең маңыздылары мәдени түрлер туыстар болып табылады. Олардың түрі
қорықта 80-нен асады. Грей және Кауфмап қызғалдақтары ерекше танымал болып
отыр. Олар әлемге белгілі бірнеше жүздеген мәдени қызғалдақтардың шығу
тектері болып табылады.
Қорықтың жануарлар лемі де алуан түрлі. Омыртқалы жануарлар фаунасында 330
түр, оның ішінде 6 отряд 21 тұқымдасқа жататын 50 сүтқоректілер түрі бар
саны және түр құрамы жағынан басымы-кеміргіштер, оның ішінде тоқалтіс пен
тышқанның алуан түрлері. Тұяқтылар ішінен әдеттегі түр тау ешкісі, аз санды
арқар (Тянь-Шань түршесі) қорықтың тек сай бөлгінде ғана және өткен
ғасырдың 60-шы жылдарында жерсіндірілгн маралдар кездеседі. Жыртқыштардан
көбіне Тянь-Шань қоңыр аюы кездеседі. Бұл қызылкітаптық түрдің барлық
таралу аймағы ішіндегі ең жоғарғы тығыздығы осы қорықта орналасқан. Арқар
мен аюдан басқа, қорықта тағы 5 қызылкітаптық түрлер-барыс, жайра,
түркістан сілеусіні, шұбар күзен және тас сусары мекендейді. Тек соңғы түр
ғана әдеттегі (40-50 дара шамаларда), қалғандары өте сирек (2-ден 5 дараға
дейін) кездеседі. Кейбір түрлер саны едәуір ауытқиды. Қорықтың 80 жылдық
тарихында елік, доңыз, ұзынқұйрық, суыр саны өсті, өте төмендеді және
қайтадан өсті.
Құстар әлемі едәуір бай. Мұнда 268 құс түрі кездеседі, сонымен қатар 110
жас құсы және 130 ұялайтын құс бар. Соңғы сан Қырғызстан мен Өзбекстанды
қосқанда Тянь-Шаньның барлық ұялайтын фаунасының 80%-ын құрайды. Едәуір көп
санды және барлық жерде кездесетін торғай тектілер отряды өкілдері - әр
түрлі сарыторғайлар, құнаұтар, жадырақтар, сандуғаш торғайлар,
содырғыторғайлар. Жыртқыштар: құмай, ақбас құмай, қаршыға, тілеміш,
күйкентай және т.б байқалады. Олардың 6 түрі-бүркіт, сақалтай, жыланшы
жұртшы, бақалтақ-қыран, ителгі өте сирек, бір немесе бірнеше жұп болып
ұялайды, қызылкітаптық дәрежеге кіреді. Басқа отряд өкілдерінен осы
дәрежеге жататын қара дегелек, үкі және көкқұс қорықта кездеседі. Тағы бес
түр (тырналар-сұр және ақбас дудақ, безгелдек, лашын) ұшып өту кезінде анда-
санда кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардың 11 түрі бар. Жыландардан
қалқантұмсық жылан мен өрнекті қарашұбар жылан, кесірткелерден-алсай,
жыланкөзі көп кездеседі. Мұнда сирек кездесетін қызылжолақ қарашұбар жылан
және аласа тауларда әдеттегі сарыбауыр жылан қызыл кітапқа енген.
Қосмекенділер не бары үш түрі-көлбақа, жасыл құрбақажәне қызыл кітапқа
енген даата немесе ортаазия құрбақасы мекендейді. Ақсу-Жабағылының
биологиялық алуантүрлілігінің ғажайып әлемі ежелден әр түрлі мамандықтағы
ғалымдардың назарын өзіне еліктірді. Қорықтың бұл бөлігінің органикалық
дүние эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы бар.
Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының
Наурызым аумағында орналасқан. Мұның аумағы 87,7 мың га жерді алып жатыр.
Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала қорғауға алынып зерттелуде,
бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ қарағай сақталып келген. Қорық
көлемінде Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек, Сыпсың орманы алқаптары кіреді.
Ең оңтүстіктегі сор топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы сор топырақта
алуан түрлі қайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката
алмасының жабайы түрлері өседі. Сондай-ақ қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат,
Сарымойын атты көлдер бар. Аталған көлдер, әсіресе, көктем мен күз
айларында нағыз құс базарына айналады. Қорық орналасқан аумақтың климаты
континенттік; қысы-суық, ызғарлы; жазы-ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері
200-500мм. Мұнда жоғары сатыдағы өсіидіктер 700-ге жуық түрі өседі. Мұнда
солтүстікте тіршілік ететін құстар жылы жаққа барар жолда, қайтар жолда
демалуға қонады. Селу өскен жазық далалар мен құстардың көптеген түрлері
кездеседі. Жалпы қорық территориясын құстың 200-ден астам, сүтқоректілердің-
40, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың-3 және омыртқасыздардың
700-ге жуық түрі мекендейді. Ал,өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуық түрі
тіршілік етеді.
Табиат жағдайының әр түрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана
үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы,
орманды және сауаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары
мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар
сияқты жерсініп кеткен. Онда тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден
суырлар, ақ қояндар және жырқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақ
тышқан кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 286-ден астам
түрі, балықың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппақ қардай
аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.
Алматы қорығы 1961 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың га-ға жуық, әр
түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған,
беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар
Іле өзенінің атақты әнші тауы Аққұм-Қалқан. Қорықтың негізгі мақсаты-Іле
Алатауының орталық бөлігіндегі табиғи бірлестіктерді, яғни жануарлар мен
өсімдіктер әлемі нысандарын сақтау, сонымен қатар осы бірлестіктердің
табиғи даму заңдылықтарын зерттеу.
Іле Алатау жотасы-қорықтың орналасқан жері, ол Тянь-Шань тау жүйесінің
Солтүстігінде жатыр. Ол өзінің орталық бөлігінде Талғар тау түйінін
түзеді,мұнда жоғарғы биіктікке жетеді (Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4979 м
биіктік). Қорғалатын территориядағы Іле Алатауы негізгі сілемдерінен
бірнеше үлкен тармақтарға бөлінеді, олар өзен-су айрықтары болып табылады.
Қорық территориясының ауа райы қоңыржай және тағы да тік белдеулік заңына
бағынышты 3000 метр биіктікте ауаның орташа жылдық температурасы 8,9°С-тан
тау етегіндегі салқын кезең ұзақтығы 4 ай, ал 3000 метр биіктікте 7 айдан
ұзаққа созылады. Қыскезінде күндізгі радиациялық жылымықтардың жиі болып
тұруы тән. Тау етегінде қыстан көктемге өту уақыты-наурыздың бірінші
онкүндігі. Биіктіктерде бұл кезең мамырға дейін созылады. Маңызды ауа райы
факторы жауатын жауын-шашын саны болып табылады. Жауын-шашынның ең көп
түсетін жері-1500-ден 2300 м биіктіктегі таудың орта бөлігі. Сонымен,тау
етегінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 555мм, 1600-2200м биіктікте
840-880мм, 2500-3000 метрде не бары 735-750 мм болады. Қар жабыны 3-тен 7
айға дейін және одан да көпке созылады.
Қорық өсімдіктер әлеміне бай және алуан түрлі. Оның флорасындажоғарғы
өсімдіктердің 1000-ға тарта түрі бар. 50 түр сирек кездеседі,оның 26 түрі
Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Төменгі тау белдеулерінде бұлар-өрік,
Мушкетов түйесіңірі, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы өте сирек, Кавказ
таудағаны, алтай гимноспермумы. Оңтүстік далаланған баурайда Колпаковский
мен Островский қызғалдақтары, өте сирек Альберт құртқашашы мен Колпаковский
иридодиктумы кездеседі. Орта белдеуде Виттрок рауғашы, өте сирек Семенев
айдаршөбі, сарғыш ақбасқурай, алматы кекіресі, Тянь-Шань және алтын
жалынгүлі, Семенев еменжапырағы.
Қорық жануарлар әлеміне де бай. Омыртқасызжануарлардың түр саны
белгісіз, бірақ алуан түрлі әрі көп екені сөзсіз: қазіргі уақытқа дейін 8
кластың 2000-дай түрі анықталды. Қорыққа кірген кезде ең алғаш көзге
түсетіндер ашық түсті күндізгі көбелектер, олар ең ірі желкенділерден ұсақ
көгілдір көбелектерге дейін, мұнда олардың 135 түрінен кем кездеспейді.
Бірен-саран кейбір басқа насеком топтары анықталған. Қоңыздар отрядынан
барылдауық қоңыздың 252 түрі, жапырақ жегіштердің 102 түрі, жарғақ
қанаттылардан: жабайы бал араларының 110 түрі және құмырысқаның 33 түрі,
қазғыш аралардың 97 түрі анықталған. Қорық территориясында насимкомның 6000
мыңнан астам түрі кездеседі деген болжауды сеніммен айтуға болады. Осы кқп
түрліліктің Қазақстан Қызыл кітабына тек 12 түрі ғана енгідзілген. Басқа
омыртқасыздардан қызыл кітаптық түрлерге 4 бауыр аяқты құрлық моллускалары
жатады. Омыртқалылар фаунасына 225 түр жатады, олардың ішінде: 3 балық
түрі, 2-қосмекенді, 6-бауырмен жорғалаушы, 172 құс, 42-сүтқоректі
жануарлар. Қорық шекарасында Шепек 3 балық: Штраух талма балығы.
қабыршақсыз және қабыршақты көкбас балықтар мекендейді.
Қорық территориясында құстардың таралуы ұялаудың экологиялық
жағдайларына тығыз байланысты. Орманды белдеуде 10-нан астам аң мекендейді.
Борсық індерін бұталар мен ағаш түбіне салады. Еліктер көбіне төменгі және
орта тау бөліктерінде, ал марал керісінше, шырмалы ормандардың жоғарға
шекарасы мен субальпі белдеуіндегі аршалы ормандарда кездеседі. Аю шыршалы
ормандар субальпі шалғындарын мекендейді. Орманда белдеудің солтүстік
баурайында сілеусін кездеседі. Оның негізігі қоректері – елік, қоян, құр
және аңдар мен құстардың басқа да түрлері. Қорықты 70 жылдан астам
зоологтар, географтар, геологтар, топырақтанушылар, ботаниктер және басқа
да ғылыми зерттеу орындарының мамандары зерттеулер жүргізіп келеді. Осы
зерттеулер нәтижелері кітаптар мен журналдарда жарық көріп, Отандық ғылым
жетістіктері олып отыр.
Қорғалжын қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан
мемлекеттік қорық.Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз
бөлігін қамтитын қорық 1958 жылы ұйымдастырылған. Қорықтың территориясы
258,9 мың га. Оған Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің біразыкіреді. Оның көп
бөлігін көлдер лып жатыр. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның
температурасы-41-42˚С суық болса, шілде температурасы +38-39˚С дейін
жетеді. 125-130 күндей аясыз жайма шуақ болады. Жылына 200мм шамасында
жауын-шашын түседі. Мұнда көктем мен күз айларында көл беті қанттылардан
көрінбей кетеді. Өйткені алыс сапар шегіп бара жатқан құстар тынығу үшін
бұл көлдерде біраз қонақтайды. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің
331түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы,
бидайық, бозшөп т.б өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22түрі бар.
Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Қорық территориясында құстардың 294
түрін, сүтқоректілердің 37түрін,қосмекенділердің 2түрін, бауырымен
жорғалаушылардың 3түрін, балықтың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді.
Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен т.б басқа мекендейді.
Қорғалжын қорығында 32 мыңдай қасқалдақ, 10-12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б
құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсауыл қаршақаз, тұрпан,
қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды
кездестіруге болады. Жылдың қай мезгілі болмасын қорық территориясы-
қанаттылардың құтты қонысы. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға
келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те
атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін-қызғылт қоқиқаз бар. Ол
Қазақстан жеріндегі тек Теңіз кенінде ұя салып жұмыртқа басады. Түсі
қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл
айдыны қзыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны
кейде Қызылқанат деп атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45-60
мыңдай болса, 2000 жылдары 10-15мыңдай ғана қалды. Халықаралық маңызы
бар,қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз
көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп
жылдан бері Табиғат шежіресі күнделігі жазылады. Қазір қорықта
экологиялық туризм саласы дамып келеді. Олардың барлығы да адам
қамқорлығына алынған.
Марқакөл қорығы 1976 жылдың 4 тамызда ұйымдастырылған қорық Шығыс
Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр. Осы екі
қыратпен көмкеріліп,айдыны күн бетіне шағылысқан Алтайдың ару көлі-Марқа
адам қамқорлығына алынды. Бұл тұщы көл теңіз деңгейінен 1500 метрлік
биіктікте орналасқан. Ең терең деген жері 25 метрге жуық. Көлге тұс-тұстан
27 өзен мен бұлақ келіп құяды да, бір ғана Қалжыр өзені өзек тартып шығады.
Негізгі мақсаты-бағалы хайуанаттарды, құстарды және балық уылдырық шашатын
өзендер арналары мен ормандарды табиғи қалпында сақтау. Қорықтың
территориясы 71369 гектар. Шалқып жатқан Марқа жағалауы жасыл желек
жамылған ну орманға тұнып тұр. Аққайың, тал, көктерек, үйеңкі, долана,
мойыл көздің жауын алады. Тауға таяу және оның баурайында көкке тік
шашылған бал қарағай бой түзейді. Жайқалып өскен шөптесін өсімдіктер
дүниесі де өте бай. Субальпі мен альпі белдеуі шабындыққа бай. Көлде
балықтың бірнеше түрі бар. Онда балықтың-4, сүтқоректілердің-59, құстардың
250-ден аса түрі, қосмекенділердің-3, бауырымен жорғалаушылардың-4 түрі
мекендейді. Орман ішінде меңіреу құр, көл бетінде аққу кездеседі. Қорықтың
хайуанаттар дүниесі де сан алуан. Қорық жерінде алуан түрлі
палеонтологиялық қазба байлықтары көп. Биологиялық өнімділігі жағынан
біздегі тау көлдерінің бірде-бір Марқакөлге тең келе алмайды. Бүгінгі қорық
аумағындағы табиғи кешендерді ғылыми тұрғыдан тексеріп, байырғы қалпында
сақтау жұмыстары жүргізілуде.
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені атырауындағы жануарлар
мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлестіктерді, сонымен қатар Алакөл көлі
аралдарындағы мойнақ шағаланың бірегей популяциясын және басқа топтас
құстарды қорғау мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы
қаулісімен құрылды. Ол Алматы облысы Алакөл ауданы мен Шығыс Қазақстан
облысының Үржар ауданында орналасқан. Қорықтың алғашқы көлемі 12520 га
болатын, содан кейін 20743 гаға кеңейтілді. Қазіргі кезде оған Тентек өзені
атырауы (17423 га )мен Алакөл көлі аралдары(3300 га) кіреді. Бірінші
бөлімше айналасында көлемі 21547 га екі шақырымдық қорғау аймағы құрылған.
Қорғалатын аралдар Үлкенаралтөбе, Орта және Кішкенеаралтөбе айналасында да
көлемі 5130 га екі шақырымдық аралық белгіленген, мұның ішінде балық
аулауға, кішкене кеме мен басқа да жүзетін заттар тұрағына тиым
салынады.
Алакөл - Сасықкөл көлдер жүйесі Қазақстанның Оңтүстік Шығыс бөлігі
Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы тау жүйелері арасындағы шөлді ойпатты алып
жатыр. Ойпат ортасында ірі көл жүйелері - Сасықкөл, Қошқаркөл, Ұялы,
Алакөл, Жалаңашкөл орналасқан. Қазіргі ландшафттары мұздық дәуірден кейінгі
ксеротермиялық кезеңде пайда болды. Көл бедері сатылы ойпаң жер жазықтығы
түрінде, ол ежелгі теңіз және тұзданаған көл шөгінділерінен қалыптасқан,
көлді сор топырақты, шалғынды-батпақты және сор шалғын топырағы басым шолақ
жиектейді. Алакөл шұңқырында топырақтың шөлді түрі басым. Өзендер мен
көлдердің жайылма сатылы жағаларында шалғынды-тоғай өсімдіктері астында
аллювиальды-шалғын топырағы, ал батпақ пен көлдің төменгі жағалауларында
қияқ-қамысты құрамасында шалғынды-батпақты топырағы кездеседі.
Аймақ ауа райы қатаң континентальді – жазы құрғақ және қысы
салыстырмалы суық, қары аз және желді. Ауаның жылдық орташа температурасы
6,2-7,2°C аралығында ауытқиды, ең жоғарғы +42°С және ең төменгі -46°C.
Қаңтардағы ауаның орташа айлық температурасы -14,0 °C, шілдеде 24,1°C.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 146 мм-ден 279 мм-ге дейін
жазықтықтағы фененологиялық мерзім ұзақтығы келесідей: көктем: 25 наурыз –
5 мамыр (52 күн), жаз: 16 мамыр – 30 қыркүйек (138 күн), күз: 1 қазан - 15
қараша (45 күн ), қыс: 16 қараша -24 наурыз (130 күн). Орташа температурасы
0°C –тан жоғары жылы кезең ұзақтығы 8-8,5 ай. Қазанның соңы мен қарашаның
басында алғашқы қар түседі.
Алакөл ойпаты – Қазақстандағы ең желді жердің бірі. Жоңғар қаласы
арқылы екі қарама-қарсы бағытты жыл бойы кездесіп соғатын жергілікті жел
едәуір тән. Желдің пайда болуы Жоңғар қақпасының екі жағындағы атмосфералық
қысымның үлкен айырмашылығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Қазақстандағы қорықтар
Ақсу-жабағылы қорығы
ҚОРЫҚТАР. ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР. ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР
Қорықтар - табиғат эталоны
Мәдени мұра бағдарламасы және оның маңызы
Қазақстанның қорықтары мен бақтары туралы
Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
Қазақстанның табиғи қорықтары
Қазақстан қорықтары жайында
Пәндер