Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - ауған соғысы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: «Қылмыстық-құқықтық пәндер»
БАЯНДАМА
15 ақпан - Кеңес әскерiнiң Ауған жерiнен шығарылған күнi
Тараз 2009 ж.
КСРО Қарулы Күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "халықтық-демократиялық үкіметті қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, "интер-националдық әскери жәрдем береміз" деген желеуімен оның ішкі істеріне араласты. Бұл "қырғиқабақ соғыс" кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыншыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. "Халық" тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал "Парчам" тобын Б. Кармаль басқарды. 1977 жылғы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауған халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі АХДП-ға қысым жасап, 1978 жылдың 26 сәуірінде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңінде Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп, Ауғанстанда халықтық-демократиялық партиясының билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-құрпымен, салт-мұддесімен санаспау, тағы басқалар бұқара халықтың наразылығын туғызды. 1978 жылғы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (1978 жылғы желтоқсан), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың аяғында көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда халықтық-демократиялық партиясының басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп, оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, партия мен мемлекет басына Амин отырды. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Аминді қызметінен шеттетіп, "парчамшылдарды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңес Одағғы басшыларының шағын тобы (Л. Брежнев, Ю. Андропов, М. Суслов, Д. Устинов, А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылғы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
Он жылға созылған соғысқа Қазақстаннан 20 мыңнан астам әскері қатысты. Солардың бір мыңға жуығы Ауған жерінде қаза болып тағы 21 жауынгер із-түзсіз жоғалды. Қанды қырғында оққа ұшқан жауынгерлер есімі алтын әріппен тарихқа енді. 15 ақпан Ауған соғысы ардагерлерi үшiн естен кетпес ерекше күн. Дәл осы күнi Кеңес әскерiнiң Ауған жерiнен қайтару туралы үкiмi шыққан едi. Он жылға таяу уақытқа созылған қанды қырғын осы күнi тоқтаған болатын. Содан берi де мiне, 20 жыл өтiптi. Осы уақыт iшiнде интернационалист жауынгерлер 15 ақпан күнi бас қосып, майдан даласында мәңгiлiк көз жұмған құрбы-құрдастарын еске алып, сол бiр ұмтылмас шақтарды саналарында бiр жаңғыртады. Ауған соғысында қан төккен жауынгерлердің жағдайы қазір мәз емес. Себебі әлі күнге олардың мәртебелері анықталған жоқ. Қолдарына тиетін жәрдемақы көлемі алты мың тенгеден асапай отыр.
Тарих дәптерінен өз бағасын ала алмай жүрген ауған соғысы
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - ауған соғысы. Бұл соғыс әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай жүр. Ауған даласында қан төккен кеңес әскерлерінің қатарында, бауырлас елдің бірі саналған Қазақстаннан қазақстандық сарбаздар да болды. Жат жерде соғысқан 900 - дей жауынгерлердің барлығы кебенек киіп аттанғанымен, кебін кимей, мырыш табытпен елге оралғандары аз емес.
Жат жерде жау оғынан кейбір боздақтар қыршынынан қиылып, қорғасын оқтың құрбандығы болса, елге аман - есен оралғандарының да он екі мүшесі сау емес. Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі деген. Майданнан аман оралғандар бейбіт өмірге белсене араласты. Бүгінде олардың дәрежесі Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне теңестірілген. Бұл ретте Отан Соғысы мен ауға соғысын әрине салыстыруға болмас. Дегенмен, ауған ардагерлері қоғамы мүшелерінің үкіметке айтар өкпе - назы да жоқ емес. Бұл ретте олар интернационал - жауынгерлерге төленер мемлекеттік жәрдемақыға байланысты өз арызын білдіруде. Қазір елімізде 1 - ға жуық ауған ардагерлері болса, 3000 - дайы мүгедектер қатарында. кешегі кеңес үкіметі кезінде ауғандықтарға үкімет тарапынан көрсетілген қамқорлық оң көзқараспен жасалса, бүгінде олар осындай жеңілдіктерден мүлдем мақұрым десек те болады.
Бүгінгі таңда елімізде 1 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады екен.
Астары қалың Ауған соғысы жайлы ақиқаттар қаншама жыл ашылмай жатты. Кеңес Үкiметi құлағаннан кейiн ғана бұл соғыс жайында ақтарыла айта бастадық. Ашық күнде күркiреген күндей болған қанды қырғын туралы кинолар түсiре бастадық. Соның бiрi Сергей Бондарчуктiң "9 рота" фильмi. Кездесуге келген жұртшылық осы фильмнен үзiндi көрiп сол бiр сұрапыл соғыстың жантүршiгерлiк оқиғаларына куә болды.
Ауған соғысының астарына ол кезде ешкiм жиi үѓiлген де жоқ едi. Әскерге алынған жастардың жүрегiнде "Отан", "интернационалдық борыш" деген жалынды сөздер ғана болды. Өздерiнiң патриоттық борыштарын адал атқаруды ниет еттi олар. Солақай саясаттың көздегенi не және оның аяғы неге апарып соқтырарын ешкiм болжап бiлген жоқ. Сол борыштарын өтеу жолында туған жерден жырақта қаншама боздақ көз жұмды. "300" жүк болып елге қайтқандары қаншама.
Қазақстандағы Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов осыдан 20 жыл бұрын аяқталған Ауған соғысында із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық 21 жауынгерді іздестіру жұмыстарымен 1990 жылдардан бері айналысқандарын айтады. Мәскеуде орналасқан ТМД-дағы Ауған соғысына қатысушы елдер үкіметі жанындағы интернационал-жауынгерлер ісі жөніндегі комитеттің іздестіруімен соғыстың зардабынан туған жерінен алыстап, өзге елде тіршілік кешіп жатқан қазақстандық жауынгерлерді тапқан. Оның 1-еуі Германияда, 1-еуі Францияда, 1-еуі Канадада, 1-еуі Иранда, 5-еуі Пәкістанда, 3-еуі Ауғанстанда тұрып жатыр. Бәрі үйленген, сол елге сіңіп кеткен. Бұл азаматтарды елге қайтару мәселесін де көтерген. Бірақ, олардың кейбірі Қазақстанға қайтудан бас тартты өздері тұрып жатқан елдегі жұмысы мен азды-көпті шаруасын қимады. Тіпті, Қазақстанға кетем деп жиналып, бірақ аэропорттан кері қайтқандары болды. Сонымен қатар, 6 мәйіт табылып, оның екеуі қазақстандық жауынгер екені анықталды. Қалған төртеуінің қай елдің жауынгерлері екендігін анықтау үшін туған-туыстары іздестіріліп жатыр. Оның айтуынша, соғыста із-түссіз жоғалған бір жауынгердің мәйітіне Германия мен Америкада жасалатын медициналық сараптаманың орташа құны 10 мың АҚШ доллары тұрады. Қазірге бар шығынды Мәскеуде орналасқан ТМД-дағы Ауған соғысына қатысушы елдер үкіметі жанындағы интернационал жауынгерлер ісі жөніндегі комитет көтеріп отыр екен. Ол Қазақстан үкіметі табылған жауынгердің мәйітін елге жеткізуге, әлі медициналық сараптама жасалмаған жауынгерлердің мәйіттеріне сараптама жасауға көмек көрсетсе, деген тілек білдіреді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан бойынша 20 мың ауған соғысына қатысушы ардагер бар болса, солардың 60 пайызы еңбекке жарамсыз екен. Небәрі мемлекеттен 6 мың теңге ғана жәрдемақы алатын ардагерлердің бүгінгі жағдайы мүшкіл. “Соғыс мені еңбекке жарамсыз етті. Мен ол соғысқа өзім сұранып барған жоқпын. Аман-есен оралғаныммен басымнан зақым алып қайттым. Бүгінде үкіметтен 6500 теңге жәрдем аламын. Ол неге жетеді? Соғыс зардабы мен бүгінгі күннің қиыншылығы менің жанұямның жылылығын ұрлады. Талғардың Тұздыбастау деген ауылында пәтерде тұрамын. Тұрғылықты тұрағым жоқ, не жерім жоқ. Сонда бүгінде біздер кімбіз? Осы сауалға жауап беретін адам бар ма? - дейді Ауған соғысының ардагері екінші топтағы мүгедек Чапай Кебекбаев. Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің отбасы өздеріне үкімет тарапынан жеңілдіктер қарастырылмағанына шағым айтады. “Балам қайтуына тура 1 ай қалғанда 1984 жылы опат болды. Ата-ана өмірге ұрпақ әкелгенде оны ұрпағымды жалғастырсын деп әкеледі. Ол балам тірі болса бүгінде мені бағып-қаққан болар еді. Балаларымызды жоғалтқан біздерге қазір ешқандай жеңілдік жоқ. Осы Алматы қаласы бойынша Ауған соғысына баласын берген 87 ата-ана бар едік. Қазір содан қалғанымыз 35. Алды 85 жаста, артымыз 70-те. Оның көбісі ауру. Солардың көбі жалғызынан айырылып қайғыдан қаза тауып кетті. Айтарым сол, үкімет қалған ата-аналардың жағдайын жақсартса екен. Тірі адам тіршілік кешуі керек қой, ” - дейді Ауған соғысында баласын жоғалтқан Алматы қаласының тұрғыны Күміс Медетова ТМД елдерінің интернационал-жауынгерлері биылғы жылдың қыркүйек айында Астанада бас қосып, күрделі мәселелер жайлы ой-пікірлерін ортаға салмақшы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz