Алтын Адам
Алтын Адам
Алтын адам - Алтын және бағалы металдар мемлекеттік музейінің бірегей,
құнды жәдігері.
Ол 1969-70 жылдары Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тарих ғылымдарының
докторы, ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер Кемел Ақышұлы
Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік
қорғанынан табылған, біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғғ.жатады.
Кемел Ақышұлы Ақышев 1924 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Әскери училищені аяқтаған соң майданға аттанады. 1950 жылы Қазақ
Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология
институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік
Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды.
Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы
Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология
бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА
Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы
Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде
археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады.
Археологтар алғаш рет әлемдік тәжірибеде барлық республика көлемінде
Археологиялық карта жасап, онда материалдық құндылықтың 5 мыңға жуық
ескерткіштері есептеліп, сипатталады. 50 жылдардың соңында К.Ақышевтің
қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның
ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады.
Одан жинақталған материалдарды талдай келе, К.Ақышев сақтардың таза
көшпенді емес, олардың қыстайтын орны мен жылы баспаналары болғандығына
көзі жетеді және осы тұжырымға нық тоқтайды. Сол жылдардың өзінде-ақ ол
тағы бір ғылыми ізденістің бағытын – сақ өнерінің шығу тегін зерттеуді
көздейді және ежелде Жетісуда дербес металлургия ошағының және қола құю
өндірісінің дамығандығын дәлелдейді.
Бұл бағыт Есік қорғанынан Алтын адамды тапқанда да әрі қарай жалғасын
тапты. Қорғандардың көпшілігі ертеде тоналған, тек бүйірдегісі ғана, яғни
жас сақ көсемінің жатқан жері аман қалған. Қазу тәсілі мен түрлі сызбалар
арқылы Алтын адамның бейнесі қайтадан жаңғыртылды.
Сақтар түсінігінде ескірмейтін, шірімейтін алтын зат мәңгіліктің символы
ретінде болған. Ғылымнан белгілі, тірі кезінде алтын бұйымдар тек
патшалардың киіміне ғана жапсырылған. Ал о дүниеге алтын әшекей заттармен
аттандыру оның өмірін мәңгілік ету идеясымен байланысты болу керек.
“Алтын адам” 1969-1970 жылдары тарих ғылымдарының докторы, академик Кемел
Ақышев бастаған археологтар тобының қазба жұмыстары нәтижесінде Алматы
қаласына 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған. Топырақ қорғандармен
ұштасып жатқан зираттар солтүстіктен оңтүстікке қарай аумағы үш шаршы
километрдей жерді алған. Бұл қорғандар патша қорғандары деп аталады. Есік
қорғанының диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Бір қорғанда орталық зират
және қырынан жерленгендердің зираты бар болғаны анықталған. Орталық зират
бірнеше қайтара тонаудың нәтижесінде өзінің бұрынғы қалпынан өзгерген.
Тонаушылар қырынан жерленген зиратты таба алмаған, ол ешкім тимеген күйінде
түгелдей сақталған. Бейітте ұзындығы 1,5-3 метрлік Тянь-Шань шыршасынан
жасалған табыт болған. Ағаш табыттың солтүстік бөлігінде ұзыннан жатқыза
жерленген адамның қаңқасы, ал оңтүстік және батыс бөліктерінде ыдыс-аяқтар
орналастырылған. Жерленген адаммен бірге киімінен алтын пластиналар,
белбеу, қару-жарағы, жанынан қола айна, жақұт тастармен әшекейленген алтын
сырға табылған. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы, түрлі құс
бейнелерін беретін хайуанаттар стилі деп аталатын скиф-сақ зергерлік
өнерінің үздік үлгісі. Жерленген адамның басынан бастап аяғының ұшына дейін
165 см.
Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ
тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш.
Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған.
Бас киім 150-ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі,
ұзындығы 70см шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш
бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Арқардың алтын
статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар-мұз
басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, кіршіксіз
деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан-жағындағы төрт жебе, әлемнің
төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке алтын лентамен спираль
сияқтандырып оралған және жоғары жағы жапырақ тәрізденіп, ортасы қуыс болып
келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын
бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.
Сақ тайпаларының мифологиялық бейнелерінің бірі – жылқы болып есептелінген.
Бас киімде бір-біріне қараған екі жылқы бейнесі кездеседі. Ол кәдімгі мініс
жануары, әлем аймақтарының бірінен-біріне өтудің көлік құралы, тәңірдің
бұйрығын сақтап жеткізуші, дүниені жалғастырушы буын. Сонымен қатар жылқы
адамдар әлемі мен аспан әлемі арасындағы дәнекер болған және ол өзінің
иесіне өлімнен кейінгі сапардан соңғы мақсатына жетуіне көмектеседі деген.
Сақ жауынгерінің бас киімінің дәл ортасында таңғажайып қанатты тұлпар
орналасқан. Жылқы – сыннан өткен дос, жолдас, соғыс қаруы, ата-бабалар
дүниесімен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді. Сонымен қатар салтанатты
рәсімдік, тәңірлік және аластаушы жануар қызметін атқарған.
Құстардың бейнелері негізінен көк аспанның нышаны болып есептеледі. Құс
бейнелері нақтылықты, дәлме-дәл мергендікті, жылдамдық пен тегеурінділікті
де білдіреді. Мұндай бейнелер жүйріктік пен ұшқырлық болсын деген тілектен
туындаған. Құстың ерекшелігі, олар бір жағынан-құс, яғни аспан аясының
нышаны, ал екінші жағынан, бұл құстардың табиғаты, яғни биологиялық
ерекшеліктері оларды Ғарыштың төменгі өрісімен байланыстырады және аспанда
тек Құдай ғана мекендейді, ал оған құс қана ұшып жете алады деген ұғымдар
қалыптасқан. Сондай-ақ, құс көсемнің билік нышаны да болып есептелген.
Таудағы барыс – бұл образ жоғарғы әлем – аспанды білдіреді. Жалпы алғанда
жоғарғы дүние мен адамдар әлемін байланыстырушы-әлемдік тау деген мағына
береді. Жауынгер идеалын кейіптейтін барыс бейнесі ер жүректіліктің,
тәкаппарлықтың, еркіндіктің және патшалық тұқымның нышаны санатында
есептелген. Осыған қарап еліміздің болашаққа ұмтылысын білдіретін барыс
образы мемлекетіміздің елдік рәміздерінен лайықты орын алып отыр.
Бас киімнің артқы жағындағы табиғат көрінісін тау тәріздес әшекей бейнелеп
тұр.Ежелгі кезде адамдар әлемді тауға ұқсатты, сондай-ақ Құдайлар мекені
деп те есептеген. Ол адамды жаугершілікте, аң аулауға шыққанда сақтап
жүреді деп сенген. Ал алтынды қасиетті металл ретінде күн шуағына теңеді
және бұл бағалы металл хан билігін меңзеген.
Тауешкі бейнесіндегі әшекей де кездеседі. Ол ірі де мықты мүйізі бар
тұяқты жануар ретінде жаратылыстың ортаңғы аймағымен байланысты болған. Оны
өмір бәйтерегімен, әлем өзегімен байланыстырады. Тауешкі жердегі рухты
көктегі жайылымға, яғни жоғарғы әлемге апарады деген наным қалыптасқан.
Тау ешкісі таза құрбандық жануары, Құдайлар және жоғарғы әлемнің жануары
ретінде қабылданған.
Мойнында домалақ жүзік сияқты үш оратылған алтын алқа, екі ұшында
жолбарыстың бас пішіні бейнеленген. Бұйымның материалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz