Алтын Орда мемлекетінің құрылуы туралы мағлұматтар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І Кіріспе

ІІ «Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы

2. 1 Алтын Орданың коғамдық құрылысы

2. 2 Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы

2. 3 Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы

ІІІ Қорытынды

Алтын Орда (моңғолша: Алтан Ордын улс; татарша: Altın Urda; орысша: Золотая Орда; түрікше: Altın Ordu) - Басында моңғол- кейінірек түркіленген - 1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Ильхандар династиясының қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.

Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі - қара, шығыстың түсі - көк, оңтүстіктің түсі - қызыл, батыстың түсі - ақ, ал сары (немесе алтын) түс - орталықтың түсі.

Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан. Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.

Моңғолдың билеуші руы де өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.

Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар ХVII-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін) . Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталады.

Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді (орыстар Жошы ұлысын осылай атаған), себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.

«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.

1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері - Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.

Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары - хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б. ) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.

Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары - ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.

Алтын Орданың коғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы - құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган - диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.

Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге - оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.

Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.

Үлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы күкықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді ұрпзғына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.

1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Русьқа басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды.

1239 ж. басында Бату хан Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. Монғолдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді көшпенді империяның жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Батый иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын Орда Шыңғысхан империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал XVIII ғ. 60-жылдарынан кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды.

Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат, арғын, алшын, керей, дулат, үйсін тайпалары т. б. мекендеді. Дешті Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған кейбір монғол тайпалары жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы - Еділ бойы (қазіргі Саратовтан Астраханьға дейін ) астанасы Берке сарайы немесе Сарай-әл-Жадид), негізгі әскери күші - қыпшақтар. Астана Сарай Батудан Сарай Беркеге көшірілді де, кейін Сарайшық қаласы Кіші Астана болды.

Алтын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241-1256; Берке -1257-1266; Мөңке-Темір-1266-1280; Мөде-Мөңке-1280-1287; Төле-Бұқа -1287-1291 жж, Тоқа-1291-1312 жж; Өзбек-1312-1342; Жәнібек-1343-1357жж. күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада - оғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін даруғабектер, басқақтар тағайындалды.

Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де күшейді. 1238 ж. Бұқарада қолөнерші Махмұд Тараби бастапан көтеріліс болды. 10 мың монғол жауынгері өлтірілді. Бірақ осы ұрыста Махмұд Тараби де қаза тапты. Алтын Орда көтерілісті басып тастады. 1240-1241 жж, 1270 жылы Кама булғарлары көтерілді.

Бұл кезеңде Жошы ұлысы бір-біріне тәуелсіз өзара жауласқан төрт аймаққа бөлініп кетті: Алтын Орда (Мамай ұлысы) - Еуропа мен Ресей, Украина мен Қырым жерінде, Ноғай Ордасы (Ноғай ұлысы) - Батыс Қазастан мен Башқұртстан, Татарстан жерінде, Еділ бойынша, Көк Орда (Шайбани ұлысы) - Орал бойынша және Сібір жерінде, Ақ Орда (Орысхан ұлысы) Ертіс пен Сарыарқа даласында. Осылардың ішінде Қазақ халқының тарихына тікелей қатысы бар мемлекет Ақ Орда, сосын Ноғай ордасы. Ал Шайбани ұрпақтары кейін Өзбекстан жеріне кетті.

Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда Ежен, Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.

1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Бұлғарстанды бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарайшық қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.

Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті. . Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 - 1266 жж. ) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 - 1280 жж. ) өз атынан теңге шығара бастады.

Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 - 1342 жж. ) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 - 1357 жж. ) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.

1251 ж. Үгедей ұлысы жойылды. Жері Мөңке ханның (Шыңғыс ханның кіші ұлы Төленің баласы) жақтастарына таратылып берді. Шағатай үлысында да билік колдан-қолға өтті. Әсіресе Мөңке өлгеннен кейін феодалдар тартысы кушейе түсті. 1260 ж. Арығ-Бұғы мен Күбылай екеуі де өздерін үлы хан деп жариялады. Үздіксіз шайқастардан жергілікті қалалар мен егіс алқаптары зардап шегіп, тозуға айналды. Рашид ад-Диннің айтуынша, XIII ғ. 60-жылдарында «Арығ-Бүғының тағылық әрекеттерінен Іле алқабында аштык болып, қаншама халык кырылып калған».

1269 ж. үлы ханнан тәуелсіз Хайду мемлекетінің күрылуы жергілікті халықтан шыққан феодал билеушілердің бас көтере бастағанынын куәсі еді. Осы жылы Талас бойында шакырылған кұрылтайда олар отырықшы-егінші аудандарды кұрып кетуден қорғау әрекеттерін жасады.

Алайда Шыңғыс әулетінін арасындағы толассыз талас-тартыс пен Хайдудын ұлы хан армиясымен үзакқа созылған соғысы кұрылтай шешімін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

Хайду ізбасарлары арасында басталған өзара тартыстар XV ғ. алғашқы жартысында Жетісудың экономикалык кұлдырауын шегіне жеткізді. Махмуд ибн Уәли Хайду ұлдары мен Шағатайдың шөбересі Доба арасындағы қақтығыстар туралы былай деп жазды: «Біздін аталарымыз өзара соғысып жатқан кезде көптеген адамдар жазыксыз қырылды, аудандар канырап калды, иелігіндегі жерлер сағымға айналды, егістік қурап қалды . . . кдлалар мен құрылыстар адамдар жылы орнын тастап, кезбе кайыршыға айналды».

Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында тұрға Казакстанның оңтүстік-шығысындағы - Баласағұн, Тараз, Алма«-лық, Алмату, Қаялык, Ілебалық, Екіоғыз, т. б. үлкенді-кішілі калалац мен елді мекендер жер бетінен жоғалып кетті.

1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.

1377 ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады.

1380 ж. Алтын Орда ханы Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Ноғай Ордасына арқа сүйеп, Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, «Куликово даласы» деп аталатын жерде Қырым ханы 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскері жеңіліске ұшырады. Соңында, яғни 1391 және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді. Осыдан кейін ел ыдырай бастады. XV ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты. XV ғ. I жартысында онан Бұлғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары империядан толық тәуелсіздігін алды.

Сол шамада бірінен соң бірі Қазан, Қырым, Астрахань, Ноғай, Көшпелі Өзбек, Қазақ, Сібір хандықтары құрылды. Ал Шағатай ұлысының орнына Моғолстан мемлекепті құрылған болатын. Ол да Ақсақ Темір шабуылдарынан әліреп, одан соң солтүстігіндегі ойрат-жоңғарлардың шабуылынан тыным көрмей, ыдырап тынды. Осылардың ішінде Жошы ұлысының орнына келген және далалық дәстүрлерді сақтап қалған ең ірі мемлекет соның ішінде Қазақ хандығы болды. Кейін 16 ғасырда Қазақ хандығы Алтайдан Еділге дейінгі жерлерді иемденіп, бұрынғы Жошы ұлысының жеріне иелік етіп қалды.

XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.

XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. Бүл ұлыстардың ең ірісі XV ғ. 30-жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20 - 60-жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.

Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы. Қазақстаннын оңтүстік-шығысы үш ірі монғол ұлыстарының түйіскен орталығына айналды. Жетісу аумағы үшеуінің арасында саяси бөлініске түсті: солтүстік бөлігі Жошы ұлысына, оңтүстігі Шағатай үлысына қарады, Солтүстік-Шығыс Жетісу болса Үгедей үлысының маңызды орталығы болып есептелді. Ұлыс хандарының астаналары Жетісуға орнатылды. Шағатай ұлысына жататын Жетісу аумағында билікке таласкан Шағатай және Үгедей ұрпактарының арасында үздіксіз соғыстар жүріп жатты. Шыңғыс әулетініц арасындағы мүндай соғыстарда екі жак та кешпелі феодалдар арасынан жақтас тауып, оларды да күреске тартты.

Монғол хандарының арасында жергілікті ел басшыларына арқаі сүйей отырып, отырықшы-егінші және калалык мәдениет негізіндегі бір орталыктан баскдрылатын билік жүйесін жактаушылар да болды. Олардын ең көрнектісі жоғарыда айтылған Добаның үлы Кебек хані (1318-1326 жж. ) еді. Ол көшпелі тұрмыстан қол үзіп, Жетісудані Мәуереннахрға барып коныстанды, ақша және әкімшілік реформасын жүргізді, Орта Азиядағы кираған калалардың қалпына келтіріліп, жаңадан кала салынуына ықпал жасады. Оның қамқорлығы аркасында Шағатай ұлысындағы онтүстікказақстандықі калалар калпына келтірілді. XV ғ. ортасында Хайду мемлекетінещ Моғолстан бөлініп шыкты.

Монғолдар халыкты жаппай қырып-жою соғысын жүргізді. Қалалар мен елді мекендер, сәулетті сарайлар мен мешіттер, суландыруі жүйелері әдейі киратылды, өңделген егістіктер караусыз калды. Мындаған колөнер шеберлері құлдыкка айдап әкетілді. Халық ашықты. Бұрын болып көрмеген қаталдык, жауыздык әрекеттерге жол берілді.

Монғол шапқыншылығы жаулап алған елдерінің экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды. Қазақстанның егіншілік және калалық мәдениеті мешеу қалды. Марко Полонын айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерінде калалардың «әскер енгізуге бөгет жасайтын камал-қабырғалары мен кақпалары болуына рұксат етпеді. Осылай ауыздыкталған халық көнбіс келеді, бас көтере алмайды».

Жетісу калалары жаугершілік кезінде киратылған жоқ. Бірақ Жетісудың үстімен еткен қисапсыз көп әскер атының тұяғымен, тонаумен-ақ бұл ауданның шаруашылығына орасан зор зиян келтірілген. Монғол үстемдігі орнағаннан кейінгі он жылдың ішінде калалар қиратылып, егістік жер мал жайылымына айналдырылды.

Осы окиғадан кейіи отыз жыл өткенле Іле анғарын басып өткен Вильгельм Рубрук былай деп жазды: «Бұл анғарда бүрын көптеген калалар болатын, казір олардын көбін татарлар (монғолдар) киратып, мал жаятын жайылымға айналдырған».

Мырза Мухаммед Хайдар Дулати XVI ғасырда: «Моғолстанның кең-байтақ даласында кезге мекен қалмады, бұл жерде бұрын калалар болғаны жайлы тек кана кітаптан немесе ауыз екі әңгімеден ғана білуге болады» деп жазды.

Монғол феодалдары үстемдік кұрған бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мәдениеті гүлденген, отырыкшы-егіншілік дамыған, халык тығыз қоныстанған Қазақстанның осы бөлігі бүрынғы экономикалық саяси және мәдени маңызынан түгелдей айырылды. Мұның әр түрлі себептері болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Ұлыстардың құрылуы
ҰЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ. АЛТЫН ОРДА
Моғолстанның алғашқы хандары
Алтын орда ұлыстардың құрылуы
Шыңғыс ханның мирасқорлары
«Түрік» этносы және этнонимі
Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
Тоқтамыс хан әскері
Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz