Жалаулы жастардың алаулы шағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жалаулы жастардың алаулы шағы

Өсер елдің қай сәтте де бірлік
болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға
жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес
жалауы!

Әрбір Жаңа жыл басында соғатын самалды Алтынкүрек желі болмаса,
табиғат тозып, ескіріп, қоңырсып кетер еді. Жас көктем есік ашып,
Алтынкүрек қалай еседі - солай қасат қардың көбесі сөгіліп, суық тоң жібіп,
топырақтың бауыры бусанып сала береді.
1986 жылдың 16 желтоқсанының Қазақ халқы үшін қасіретті әрі
қасиетті қос күні-Алматыда және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18
күндері болған Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс нақ осы табиғаттың
Алтынкүрек желімен салыстырылса, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап,
демократия әлі орныға қойған жоқ еді. Алайда М.С.Горбачевтың сұлу сөздеріне
сеніп жүрген адал да аңғал қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, беймәлім,
ортақол жетекші Г.В.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы болып сайлауына келіспеушілік білдірді. Сөйтіп, олар
Орталықтың дәстүрлі әміршіл іс әрәкеттері мен қайта құрудың жарияланып
жатқан демократиялық принциптері арасындағы айқын қайшылықтың бетін тұңғыш
рет айқара ашып, Мәскеудің екіжүзділігіне, Кеңес империясының зорлықшыл тас
қамалына тай салмай қарсы шықты. Әрине, күш мүлдем иең емес-ті. Бейбіт
қарусыз жастар: темір таяқпен, саперлік күрекпен, адам аулайтын иттермен
қаруланған, өрт сөндіру машиналары және бронетранспортерлермен жарақтанған
әскерге қалай төтеп берсін? Империя дертімен уланған жазалаушылар өрімдей
жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып жаншыды. Аналарға қол көтеріп,
қазақ қыздарын шашынан сүйреп, итек талатып сабағандарды басқаша қалай
бағаларсың?! Сөйтіп, баршамызға белгілі Желтоқсан құрбандарын,
қаһармандарын айтпағанда, 99 адам нахақ сотталды.
Желтоқсан оқиғасы күндері ерекше ерлік көрсеткен МХҚ мен Ішкі
істер министірлігі деректері, әрине, тым қарапайым. Олар небәрі 2212-2336
аралығында ғана кінәлілерді күдірткен. Сарбаздарың өз арттарын қалай ашсын?
Ал Мұхтар Шаханов комиссиясының деректеріне сүйенсек 8,5 мыңнан астам адам
ұсталып, қамалған, 1,7 мыңдай адам дене жарақатын алған. Мұны былай
қойғанда, М.С.Соломенцев, Е.К.Лигачев, т.б. жартықұдайлар кесапатымен
тұтас қазақ халқына ұлтшылдық таңбасы басылған жоқ па? Таяу тарих
М.С.Горбачев жолбасшылығы арқасында, міне, осындай масқара интернациолизм
көрінісіне куә болды.
Айрықша Алтынкүрек желі небәрі бірер күн соғып тыншығанмен, тозып
тоңған табиғатты әп сәтте жаңғыртып, жасартып жібереді. Қанға бөктіріліп
басылған бодандыққа қарсы бұлқыныс Желтоқсан оқиғасы да қалғып мүлгіп
жатқан күллі Кеңес Одағын оятты. Көп ұзамай Балтық бойы елдері бостандық
жолындағы күресін бастады. Тбилиси, Баку толқулары тұтанды. Ақырында
Желтоқсанның жойқын желі Қазақстанның барлық түкпір түкпіріне жетіп, құлдық
бұғауын үзіп, отаршылдықтан босаған жаңа егеменді мемлекеттерді дүниеге
келтірді. Өзгелер білсін білмесін, Желтоқсан оқиғасының жемісі шып-шырғасыз
осындай.
Біле тұра айтпағаннан жаманы жоқ. Желтоқсан оқиғасын еске алғанда
болашаққа бейімделіп келе жатқан жас ағаларымыз бен әпкелеріміздің қиылған
тағдыры мен ағылған қаны, қасіретті де қайғылы, қаралы күндері еріксіз еске
түседі. Жалын атқан Желтоқсанға қатысқан қазақ жастарының ерлігін
асқақтатқанымыз орынды деп есептеймін.Құдайға шүкір, 1825 жылғы орыс
декабристтері тәрізді өлімнен қорықпаған, түрі адам да, жүрегі шаян
жауынгерлерден, жасақшылардан қайтпаған желтоқсаншы қыздарымыз аз емес,
солардың бірі желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақ қызы Ляззат Асанова.
Асанова Ляззат Алтынайқызы Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық
ауылында 1970 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985
жылы Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түседі.
Алматыда 1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық
және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол
Орталықтың билеп төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы жаңа алаңға
алғашқы ереуілшілер қатарында Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір
сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат
бола аламыз! деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан
кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында Алматыға Қазақ КСР ҚК–нің 65-
бабымен айып тағылып, қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы
қаласында болғаноқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы
Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне
қарағанда, Ляззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище
жатақханасынан табылғанда, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап
өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы
Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министірлігі мен Мемлекет
қауіпсіздігі комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ляззатты
жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне
салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі
ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза
тапқан.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Асанова жөніндегі шындық
қалпына келтіріле бастады. Ляззаттың ерлігіне арналған ән, ол жөнінде баспа
сөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері
жарық көрді.
Ляззаттың анасының айтуы бойынша Ляззат жанұядағы балаларының
үлкені екен. Сондықтан да болар ол ерке өскен, еркелігіне қарамай батыр,
тік мінезді болған. Мен қызымды қолынан жетектеп Алматыға өзім алып
келгенмін, кішкентайынан өлең айтқанды жақсы көрді, сол себептен болар мен
Ляззаттың дарынын жер астында қалдырғым келмеді, сондықтанда мен оның
қалада оқығанын қаладым. Егер уақытты артқа жылжытуға рұқсат болса мен
Ляззатымды бұл қалаға алып келмейтін едім ғой. Кейін көтеріліс болғанын
білген жоқпыз, денесін апарамыз қызыңыз бесінші этаждан құлап өлді деген
хабарды естідік, оған не түрткі болғанын білмедім. Бірақ Ляззат не болсада
өзіне ешқашанда қол жұмсамайтын еді, бұған біреулердің қатысы бар екені
айқын дейді. Шындығына келсе жүрегі жылаған ананың айқайын ешкім
естімейді, естігісі келмейді. Бұл оқиғаға кім кінәлі? Ляззаттың анасы
барлығына өзін кінәлайды, бірақ анасының ешқандай кінәсі жоқ екені белгілі
емес па? Ана жүрегі қызының тек бақытты болғанынқалады ғой. Өз жанын
тәуелсіздік үшін құрбан еткен Ляззаттай қыздарымыз көп бола берсін! Патриот
ұрпақ Қазақстанның келешегі үшін керек!
Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар намысын, құқықтары мен
мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет бейнесін, егемен ел болуға лайық
екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына
үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына
түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы
көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып
қалады. Сондықтан да болар желтоқсандықтар уақыт талабына сай үн қатты.
Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат
Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадында мәңгі
жазып кетті. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новотройцк селосындағы шопан
балаларына арналған мектеп интернатта оқыды. Қайрат бастауыш комсомол
ұйымының хатшысы ретінде қабырға газеттерін шығарысып, өлең жазып, әр түрлі
кештерді ұйымдастырудың бел ортасында жүрді. Бір сөзбен айтқанда, басынан
бақайына дейін коммунистік тәрбиенің иісі сіңген, сөз бен істің алшақтығын
тап басып аңғара бермейтін аңғал ұрпақтың бір үкілі еді. Әкесі Ноғайбай
орталау білімі бар, бақташы . Анасы Дәметкен сауыншы.
Желтоқсан көтерілісін зерттеген коммисия қорытындысы бойынша 99 адам
сотталып, соның екеуі ату жазасына кесіліпті. Ең жоғары жазаға
іліккендердің бірі Рысқұлбеков!
Қайрат абақтыда отырған мезгілде қазақ тілінің тағдыры саяси саудаға
түсіп, қызу айтыс тартыс жүріп жатқан кезі еді. Бұған түрмедегі Қайрат
Рысқұлбековте өз үнін қосқанын Ана тілі атты мына бір өлеңі куә:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тілменен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен,
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен...
Осылайша, жиырмасыншы ғасырдың біртуар ұлдарының бірі Қайрат өз
күресін өлеңмен жалғастырып, бостандықтың жарық сәулесі үшін жан аямай
арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген еді.
Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау, біз секілді масылдар.
Бұл Қайраттың Өкініш атты өлеңінен үзінді. Лүп-лүп соққан болаң
жүректің, өмірге құштар ыстық жүректің соңғы лүпілі. Жан сыры. Соңғы үміт.
Өкініш пен өтініш... Өмірде өз кінәсіздігін сезіне тұрып, әлдебіреулердің
мүлт еткен қателігі үшін, әсіресе, ел басқаруда үміт артқан үлкенді кішілі
саясаткерлердің желтоқсан дүрбелеңіне алып кеп тіреген шалыс қадамы үшін
құрбандыққа шалынудан артық өкініш бар ма?
Бұл дүниедегі зор бақыт еркіндік екен ғой, кім білген. Адамның
бостандықтағы бір күні, қапастағы бар ғұмырдан әлдеқайда қымбат екенін енді
білгендеймін. Жиырма бір жасар жігіттің бұлай деп өсиет қалдыруына, сірә,
қамшының сабындай қып қысқа ғұмырдағы көрген білгендері, көңіліне
түйгендері әсер еткен болар. Бәлкім, оның алау жастықпен ерте қоштасып, тез
есеюіне қапастағы қаралы күндер суреті әсер еткен болар.
Біз қазақпыз мың өліп, мың тірілген деп, кеудесінде намыс оты
жалындаған сол бір ұлтжанды жас сияқты ұл-қыздарымыз қазір бар ма?
Қаймана қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алыңға
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда.
Сөйлесем даусым жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға,-деген болатын желтоқсан
көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков.
Қайрат өзі үшін, халқы үшін жасқанбастан басын бәйгеге тіккен, асқақ
рухы мәңгі биік, өршіл жас. Оның отаршыл империялық езгіге қарсы күресі
бүгінгі және келешек ұрпаққа өнеге, үлгі боларлық таза азаматтық іс!
Сондықтан да, Қайраттың тұнық та терең, сыршыл да сарбаз сезімі алдында бас
иеміз.
Қайрат бұл дүниеден ықтиярсыз көшкенімен, оның соңында аңырап ата-
анасы, шулап туған-туысы қалды. Тағдырға не шара? Туған ұлының бейкүнә
тағдырына шырылдап, ара түскен әкесі Ноғайбай ақсақал да сол қайғымен
өмірден өтті. Не қызық көрді ол? Алып анадан дейді халық, анасы Дәметкен
Асанбаева болса, кейінгі жылдары жабысқан кеселден қол аяғы оқыс тартылып
қалатын ауыр дертке ұшырады.
Ешкімді аямай, жолындағының бәрін жаппай қиратып, құйындатып келген
Құйынның құрбаны болған Қайрат небәрі жиырма бір ақ жыл ғұмыр кешті.
Шындықты жеңу ... жоқ, шындықтың жеңілуі мүмкін емес... деген екен.
Халқымыздың асыл перзенттерінің бірі, желтоқсан оқиғасында жазықсыз
жазаланған қыршын жас, ақын жүректі Қайрат Рысқұлбековтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалаулы жастықтың алаулы шағы
Махамбет Өтемісұлы жайында
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Шыңғыс Айтматов
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
Әлібекмола кен орыны
Ақтамберді жыраудың өмірі жайлы деректер
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
Мұнай және газ өндірісіндегі экологиялық проблемалар
Жиембет толғауларының тақырыбы
Пәндер