Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық мәселелері және шетелдік тәжірибелер



Жоспар

I Кіріспе.

1.1 Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық мәселелері және шетелдік тәжірибелер.
1.2 Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру шаралары.

II Негізгі бөлім.

2.1 Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары.
2.2Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғаудың мәселелері.

III Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қоршаған орта бізді қоршап тұрған айналамыз, оған су ресурстары , орман ресурстары, пайдалы қазбалар ресурсы, ауа ресурсы, топырақ ресурсы т.б. жатады. Қоршаған ортаны қорғау үшін қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру; табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану; мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру; қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту; жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу; Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту; биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану сияқты т.б. шаралар орындау қажет.
Қоршаған орта шараларына жұмсалатын қаржы мөлшері ұлттық өнімнің 2% шамасын құрайды. Шығынның 43% әуе кеңістігін қорғауға, 39%-і су қорын қорғауға жұмсалады, қалған шығындар қатты қалдықтармен байланысты, 1%-тен астамы шуылмен күресу, радиоактивті және улы химикаттарға қарсы шараларға жұмсалады.
Айта кету керек, орталық қаржының шығыны барлық табиғат қорғау шығынының 11-12%-ін құрайды, ал мемлекеттік қаржының 1/3-і. Қалған шығындарды жергілікті және штаттық басқару орындары көтереді.
ҚР-да Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазір қолданыстағы заңнамалық актілерді жинақтап, реттеп, жетілдіру арқылы Экологиялық кодекс әзірлеу бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл кодекс басқа саладағы заңнамаларды экологияландыруда негізгі мәнге ие болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау министрі қарашаның 23-і күні осы министрлікте өткен Парламент Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында айтты. Экологиялық кодекс әзірлеу мәселесі Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын жүзеге асыру жоспары мен Үкіметтің 2006 жылға дейінгі жоспарында көзделгеннін айтқан сөзіне қарағанда, аталмыш кодексте тиімді өндірістік бақылау жүргізіп, экологиялық ақпараттық жүйелерді дамытқан және қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық стандарттарын енгізген кәсіпорындарды көтермелеу жайы қарастырылатын болады. Парламент Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің мүшелері алғашқы көшпелі мәжілістерін осы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен бастады. Отырыс барысында елдегі жалпы экологиялық ахуал мен экологиялық заңнамалардың жүзеге асырылуына тоқталды. Қазақстанда қазір экология саласына қатысты 30-ға жуық заңнама, 200-ден астам заңнамалық актілер бар. Сонымен қатар, бірнеше халықаралық конвенцияларға мүше болғандықтан, солардың аясында халықаралық донорлық қаражаттар тартылып, бүгінге дейін шамамен 100 миллион доллардың жобалары жүзеге асырылғанын мәлім етті. Алдағы уақытта мұндай қаражаттың көлемін тағы екі еселеу көзделіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Табиғи ресурстарды пайдалану экономикасы және номенклатурасы», Ә.Махмұтов, Ә. Мелдебеков, Алматы 2001.

2. “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті" ААҚ, 2006 №355-356 (25326) 25 қараша сейсенбі 2008 жыл.

3. http://www.aikyn.kz №355-356 (25326) 25 қараша сейсенбі 2008 жыл.
4. «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы», Байділдинов Д.Л, Алматы 2005.

Жоспар

I Кіріспе.

1.1 Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық мәселелері және шетелдік
тәжірибелер.
1.2 Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру шаралары.

II Негізгі бөлім.

2.1 Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары.
2.2Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғаудың мәселелері.

III Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қоршаған орта бізді қоршап тұрған айналамыз, оған су ресурстары ,
орман ресурстары, пайдалы қазбалар ресурсы, ауа ресурсы, топырақ ресурсы
т.б. жатады. Қоршаған ортаны қорғау үшін қоршаған ортаның сапасын басқару
жүйесін оңтайландыру; табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты
пайдалану; мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ
экологиялық аудитті жетілдіру; қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін
дамыту; жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының
ластануының алдын алу; Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді
азайту; биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану сияқты т.б.
шаралар орындау қажет.
Қоршаған орта шараларына жұмсалатын қаржы мөлшері ұлттық өнімнің 2%
шамасын құрайды. Шығынның 43% әуе кеңістігін қорғауға, 39%-і су қорын
қорғауға жұмсалады, қалған шығындар қатты қалдықтармен байланысты, 1%-тен
астамы шуылмен күресу, радиоактивті және улы химикаттарға қарсы
шараларға жұмсалады.
Айта кету керек, орталық қаржының шығыны барлық табиғат қорғау
шығынының 11-12%-ін құрайды, ал мемлекеттік қаржының 13-і. Қалған
шығындарды жергілікті және штаттық басқару орындары көтереді.
ҚР-да Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазір қолданыстағы заңнамалық
актілерді жинақтап, реттеп, жетілдіру арқылы Экологиялық кодекс әзірлеу
бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл кодекс басқа саладағы заңнамаларды
экологияландыруда негізгі мәнге ие болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау
министрі қарашаның 23-і күні осы министрлікте өткен Парламент Мәжілісінің
Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі
отырысында айтты. Экологиялық кодекс әзірлеу мәселесі Экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасын жүзеге асыру жоспары мен Үкіметтің 2006 жылға
дейінгі жоспарында көзделгеннін айтқан сөзіне қарағанда, аталмыш кодексте
тиімді өндірістік бақылау жүргізіп, экологиялық ақпараттық жүйелерді
дамытқан және қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық стандарттарын енгізген
кәсіпорындарды көтермелеу жайы қарастырылатын болады. Парламент Мәжілісінің
Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің мүшелері
алғашқы көшпелі мәжілістерін осы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен
бастады. Отырыс барысында елдегі жалпы экологиялық ахуал мен экологиялық
заңнамалардың жүзеге асырылуына тоқталды. Қазақстанда қазір экология
саласына қатысты 30-ға жуық заңнама, 200-ден астам заңнамалық актілер бар.
Сонымен қатар, бірнеше халықаралық конвенцияларға мүше болғандықтан,
солардың аясында халықаралық донорлық қаражаттар тартылып, бүгінге дейін
шамамен 100 миллион доллардың жобалары жүзеге асырылғанын мәлім етті.
Алдағы уақытта мұндай қаражаттың көлемін тағы екі еселеу көзделіп отыр.
1.1 Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық мәселелері және
шетелдік тәжірибелер.

Өндірістің қазіргі дамыған кезңінде экология мәселелері ұлттық
шеңберден шығып, халықаралық мәселеге айналды. Оның басты себептері
бар жағынан халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы болса,
екінші жағынан атмосфераға шығарылған , суға төгілген зиянды
қалдықтардың әсері мемлекеттік шекарамен шектеліп қолмайды, басқа
елдерге де әсер етеді.
Өнеркәсібі дамыған елдер көптеген шикізаттарды басқа елдерден
алады. Мұның тиімділігі: бірінші, өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз
ету, екінші шикізат өндірудің табиғи ортаға зиянды әсері басқа елде
қалады, үшінші, ұлттық байлық сақталады.
Табиғи ортаны қорғауда халықаралық қандай мәселелер туындайды?
Мысалы, атмосфералық ауа және мемлекетаралық су айдындарын пайдалану,
қорғау мәселесін алайық. Ауаны, суды ешбір мемлекет бөліп алып бір елдікін
екіншісіне байланыссыз ете алмайды. Бір елдегі ауаның, судың ластануы
екінші елге зиянын тигізеді. Сондықтан, мұндай мәселелер халықаралық
дәрежеде шешілуі тиіс. Мысалы, Балтық теңізін, Қара теңізді, Каспий теңізін
қорғау бірқатар елдердің бірлесіп шешіп жатқан мәселелері.
Мемлекетаралық суларды қорғауда бірқатар халықаралық шешімдер
қабылданды (Ертіс, Іле, Талас, Еділ-Жайық өзендері, Каспий, Арал
теңіздері).
Ядролық сынақ әсері көптеген көрші елдерге зиянын келтіреді.
Ғарыш кеңістігі, әлемдік мұхиттар халықаралық нормаларға сәйкес
қорғауды талап етеді. Барлық елдер табиғи ортаны қорғауға көмектесуі
керек. Табиғи ортаны қорғауға хөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысы
осыған сәйкес құрылады. Біріккен ұлттар ұйымының жанынан құрылған бірнеше
халықаралық ұйымдар бар.

UNEP (United Nations Environment Programme).
ЮНЕП (Табиғи ортаны қорғау бағдарламасы).
JUCN (International Union for Conservation of Nature).
ИЮКН (Табиғи ортаны қорғау халықаралық одағы).
WWF (Wildlife Fund).
ВВФ (Жабайы табиғатты қорғау әлемдік қоры).

ЮНЕП басқарушы Кеңесі Найроби (Кения) қаласында орналасқан.
Бағдарлама бойынша мынадай тақырыптармен жұмыс жасалады: елді мекендер және
табиғи орта; құрлықтағы экология жүйелері; табиғи орта және оның дамуы;
мұхиттарды ластанудан және ондағы биоқорларды қорғау; табиғи ортаны
қорғауды кешенді басқару; халықаралық құқық және табиғи ортаны қорғау;
табиғи ортаны қорғау турасында білім беру. Мұнда экономикалық зерттеулер
де жүргізіледі. Мысалы, табиғатты қорғау шығындары және тиімділігі
зерттеледі. Жер бетіндегі тіршілікті сақтау мақсатында бүкіләлемдік
табиғатты қорғау стратегиясы жасалды. Мұнда тіршілікті сақтаудың басты
бағыттары және оған қажетті ұлттық, халықаралық қаржыла айқындалады.
Бағдарласаның құрамына табиғатты қорғау жоспарлары, құқықтық қорғау
нормалары, тәжірибе жинақтау және ғылыми зерттеу жұмыстары кіреді. Ғылыми
еңбектер жарияланып тұрады. Жинақтың жалпы атының аудармасы – Табиғат қоры
және табиғи орта.
ЮНЕСКО (ғылым, білім және мәдениет бойынша) бағдарламалары: Адам және
биосфера, Адам табиғи ортада т.б.
ВОЗ (World Health Organization - WHO) Бүкіл-әлемдік денсаулық сақтау
ұйымы – табиғи ортаны сауықтыру, атмосфераны тазарту, атмосфералық тазалық
көрсеткіштерін, ластанумен күресу шаралары, т.б. мәселелерді зерттейді.
Халықаралық Аграрлық және азықтық ұйым (FAO – Food and Agriculture
Organization) – азықтық табиғат қорларын, табиғатты қорғау нормаларын және
бұл мәселелер бойынша халықаралық келісімдерді зерттейді.
Аталғандардан басқа: Халықаралық ғалымдар одағы (МСОП), қоршаған орта
жөніндегі ғылыми комитет, қоршаған орта мониторингінің глобалды жүйесі
(ГСМОС), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО), халықаралық
океанографикалфқ комитет (МОК) жұмыс істейді.
Табиғат қорғау мәселелері халықаралық конференцияларда, келісімдерде
талқыланып тұрады.
1975 жылы Хельсенкиде Еуропаның 33 мемлекеті АҚШ, Канада басшылары
қорытынды актіге қол қойып, ауаның ластануына қарсы күресті, тұщы су мен
теңіз суларын, топырақты, тірі организмдерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын
халықаралық ынтымақтастық негізінде, халықаралық бағдарламаларға сәйкес
жүрізуге келісті.
Теңіз қорын пайдалану құқы, теңіз жағалаулары, балық аулау, халықтың
өсімі, экологиялық білім беру, жердің тақырлануына қарсы күрес туралы,
т.б. мәселелер бойынша конференциялар өткізілді.
БҰҰ 1972жылы Стокгольм конференциясында табиғи ортаны қорғау туралы
халықаралық Жарғы қабылданды.
БҰҰ 27 Бас Ассамблеясы 5 маусымды Дүние жүзі табиғи ортаны қорғау
күні деп жариялап, ол күн жыл сайын аталып өтеді.
Ай және ғарыш келісімдері бойынша онда ядролық қаруды сынамау,
жасанды жер серіктерін жою әрекеттерін жүргізбеу турасында шешімдер
қабылданды.
Атмосферада және жер бетінде ядролық қаруларды сынамау туралы
келісімдерге қол жетті. Химиялық және бактериологиялық жаппай қырып
жоятын қаруларды қолдануға тиым салынды. Желдің бағытын өзгертуге
бағытталған шараларды жүргізуге тиым салынды. Теңіздерді мұнаймен
ластауға қарсы келісімдер бекітілді. Халықаралық келісімдер бойынша ашық
теңіздерде балық аулау тәртібі реттелді. Мұнда балық аулау мөлшері,
құралдары, мерзімдері шектелді. Жойылып бара жатқан балық, аң, құстар
түрлері бойынша оларды қорғау тәртібі, аулауға қарсы шаралар белгіленді.
Өсімдік түрлері бойынша да сондай келісімдер бар.
Табиғи ортаны қоғау мақсатында мемлекеттік саясат жүргізу үшін,
заңдардың орындалуын қадағалау үшін АҚШ-та мемлекеттік басқару құрылымдары
бар. Басқару органдарының міндеттемелері: нормалармен стандарттар белгілеу,
олардың орындалуын бақылау. Табиғи ортаны қорғаудың нақты шараларын
жүргізу міндеті мемлекеттік ведомостваларға, фирмалармен кәсіпорындарға
жүктеледі.
Табиғи ортаны ластануынан болған зиянды жоюдан гөрі оны болдырмау
әлдеқайда тиімді. Сондықтан экологиялық сараптау қолданылады. АҚШ-та
сараптау жүйесі үш негізгі элементтен тұрады:
• Шаруашылық жобаларын экологиялық сараптау, бұл үшін ғылыми
зерттеулер жүргізіледі;
• Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда экологиялық сараптау. Бұл
нормаға сәйкес болғанда жұмысқа зұқсат ету немесе қайта құру,
жетілдіру жөнінде талап қою түрінде болады;
• Жаңа өнімдерді экологиялық сараптау. Оның мақсаты экологиялық
талаптарға сәйкес емес өнімдерден тұтынушыларды қорғау.

1.2 Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтірушаралары.

Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін
және антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін
жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына
келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
• қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
• табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
• мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ
экологиялық аудитті жетілдіру;
• қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
• жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының
алдын алу;
• Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
• биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
• ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына
дейін кеңейту;
• табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде
гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және
мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу
кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
• антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
• өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи
ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
• экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін
оңалту;
• Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының
алдын алу;
• өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін
біртіндеп ұлғайту;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен іске асырылады.

Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу.
Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың және
экологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою
жөніндегі қызмет:
• қоршаған орта үшін жағымсыз салдарға әкеліп соғатын төтенше
жағдайларды болжау;
• жағымсыз экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезінде халыққа
жүріп-тұру ережелерін, қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін оқыту;
• төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына
міндетті экологиялық бөлімдерді қосу;
• шаруашылық қызметінің ерекше режимі бар аймақтарды, экологиялық апат
және дағдарыс аймақтарын белгілеуді заңнамалық регламенттеу;
• қоршаған ортаға жағымсыз салдары бар арандатушылық пен техногенді
авариялардың алдын алу;
• табиғи ортаның тозуына әкелетін химиялық заттарды әдейі қолданудың
алдын алу;
табиғи және аграрлық экожүйелерді құртатын қасақана өрттердің,
өнеркәсіптік қаскерліктің, өсімдік шикізаттарын заңсыз шабу мен дайындаудың
алдын алу, сондай-ақ табиғи нысандар мен жүйелерді бұзуға әкелетін тірі
организмдер түрін лаңкестік мақсатта әкелу мен таратудың алдын алу жолымен
жүзеге асырылады.

2.1 Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
құралдары:
• қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды республикалық және
жергілікті бюджеттердің, табиғатты пайдаланушылардың қаражаты
есебінен, халықаралық заемдар, гранттар және өзге де көздерден
мамандандырылған қорлар құру мүмкіндігімен қаржыландыру;
• қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі
жобалардың конкурсын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
туралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің
қаражаты есебінен мүмкіндігінше одан әрі қаржыландыра отырып
ұйымдастыру;
• табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-
шараларды қаржыландыруға және ықтимал экологиялық залалға өтемақы
төлеуге жауапты болатындығын немесе жүзеге асырылатын қызметтен бас
тартуға тиіс екендігін білдіретін “ластаушы төлейді” қағидатын іске
асыру;
• келешекте экологиялық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік
жауапкершілікті бір мезгілде күшейте отырып, қоршаған ортаға
берілетін эмиссия үшін ақы төлеуден бас тартумен қоршаған ортаға
шығатын эмиссия үшін және Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау
заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар төлеудің ынталандырушы
сипатын арттыру;
• қоршаған ортаға келетін залалды экологиялық сақтандыру, сондай-ақ
таратылу сатысында өз қаражатынан қоршаған ортаны қалпына келтіру
жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін кәсіпорындар жанынан қорлар
ұйымдастыру;
• экономикалық көрсеткіштерге табиғи нысандардың орта құру функциясын
ескере отырып олардың толық құнын, сондай-ақ табиғатты қорғау
(экологиялық) жұмыстарының (қызметтерінің) құнын қосу;
• қоршаған орта эмиссияларына квоталармен сауда жасау жүйесін енгізу;
• табиғатты қорғаудың нарықтық, оның ішінде өнеркәсіп тауарларын қайта
пайдалану және қайталама өңдеуді ынталандыратын тетіктерін енгізу;
• халықаралық конвенциялар және келісімдерде көзделген, қоршаған ортаны
қорғау саласындағы халықаралық қаржы-экономикалық тетіктерді қолдану
жолымен пайдаланылатын болады.
Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында
қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын
белгілеу жөніндегі мемлекет қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды
элементтердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым мынадай
негізгі бағыттарда дамуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Қазіргі күндегі экологиялық білім берудің географиялық негізі
Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының сауда ұйымына кірудегі маңызы
Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыстар
Қоғамдық бірлестіктердің жалпы сипаттамасы
Экологиялық тәрбие беруде физиканың рөлі
Вирусологиялық зертхана персоналдары
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы
Пәндер