Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы тайпалар одақтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Ақпараттық технологиялар және Математика Факультеті

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы тайпалар одақтары

Орындаған: Ергеш Манас, Иш-11к
Тексерген:

Астана-2008

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Сақ тайпасы
1.1. Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы
1.2. Сақ тайпасының мәдениеті
1. Үйсін тайпасы
1.1. Үйсін тайпасының шаруашылық жағдайы
1.2. Үйсін тайпасының мәдениеті
1. Қаңлы тайпасы
1.1 Қаңлылардың саяси құрылымы мен қоғамы
1.2 Қаңлылардың мәдениеті

Сактар

Оңтүстік Қазақстан аймағы сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ:
таграхаудтар – Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сырдария бойында
өмір сүрген.
Сақ тайпалары көп қоныстанған орталықтардың бірі – Іле алқабы болған.
Бесшатыр, Есік, Түрген , Кеген,Алексеев оба - мазарлары тап осы алқаптан
табан тепкен . Б.з.б бірінші мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын
мекендеген көшпелілер- сақтар . Бұл сақтардың материялдық мәдениеті мен
қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің европалық
бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастығы болды .
Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі :
• Гректер – азиялық скифтер ;
• Парсылар – құдіретті еркектер ;
• Ирандықтар – жүйрік атты турлар .

Сақ тайпаларының негізгі үш тобы :
Атауы Мекені
Парадарайя (теңіздің арғы жағындағы Қара теңіздің солтүстігі , Арал теңізі
сақтар ) маңы , Амудария мен Сырдарияның төменгі
ағысы.
Тиграхауда ( шошақ бөріктісақтар) Сырдарияның орта ағысы, Тянъ – Шанъ,
Жетісу
Хауомаварга (Хаома сусынын дайындайтын Мургап аңғары (Түркіменстан).
сақтар)

• Б.з.б VII-IV ғасырлар – Сақ тайпалар одағы құрылды .
Сақ қоғамының сипаты - әскери – демократиялық.Үш негізгі топқа бөлінген ,
әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:
1. Жауынгерлер- қызыл түс.
2. Абыздар-ақ түс.
3. Қауым мүшелері-сары және көк түс.

Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып
сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ
тайпалар одағының билеушісі-патша. Сонымен бірге сақ патшасы –
• Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;
• Малшылардың үйретуші ұстазы;
• Құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші.

Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер
де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге
соғысу құқығын иеленді.
Малға жеке меншік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары
құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.
Бұл кезең – алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия
құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту
кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды.
Грек тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ. 40-30жж. Жазылған Тарих еңбегі)
және Полиен деректері:
• Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің патшайымы Томиристің және оның
ұлы Спаргапимсестің парсы патшасы Кирмен соғысы(б.з.б. 529ж);
• Б.з.б. 519-518жылдардағы парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда
сақтарымен соғысы: (сақ көсемі Скунха, малшы Ширак ерліктері).
• Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайын)
сақтармен шайқасы. (б.з.б. 330-327ж) Маекдондықтарға қарсы 3жыл
қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.
Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте, Грецияда соғысты.
Фермопиль(б.з.б 480ж) және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін
көрсетті.Гректерге қарсы парсылармен одақтасып, Марафон шайқасында соғысты
(б.з.б. 490ж).
I Дарийдің қалдырған Бехистун сына жазуында сақ тайпалары туралы құнды
деректер бар (б.з.б. 516ж).
Сырдария жағасында Македонский бұрығымен Александрия Эсхата (шеткі
Александрия) қаласы салынды. Мемлекеттің шекаралық тірегі ретінде салынған
бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкиттер көтерілісі нәтижесінде қиратылды.

Сақ тайпаларының шаруашылығы
Б.з.б. I мыңжылдық ортасында сақтарда көшпелі мал шаруашылығы кең
тарады.
Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Бұл дала
айпаларының өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болып саналады.
Сақтар мал шаруашылығының үш түрін үйлестіреді:
1. Көшпелі мал шаруашылығы – Батыс және Орталық Қазақстанда.
2. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс және
Орталық Қазақстанның бір бөлігі, Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде.
3. Отырықшы мал шаруашылығы – Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария,
Келес өзендерінің бойында. Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін
шаруашылығы басым болды.
Жылқы өсіру маңызды орын алды. Батыс және Оңтүстік Қазақстанның
далалық және шөлейт аудандарында түйе өсіру кең тарады. Тебіндеп
жайылуға қабілеті болмағандықтанірі қара аз өсірілді. Сақтардың мал
шаруашылығының негізгі бағыты – қой өсіру. Б.з.б. I мыңжылдықтың
ортасындаңы грек авторы Хэрил сақтарды қойшылар деп атаған. Балық
аулау Ертіс жағалауында және Сырдария атырабында тараған.

Сақтар мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы
егіншілікпен айналысты. Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар –
Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық –Рабат, Бәбіш –молда қоныстары.
Тары, қарабидай, бидай өсірген.
Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік
пен қолөнер жоғары дәрежеде дамыды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, Іле
аңғары, Ыстықкөл маңында қазандар мен құрбандық заттары жиі ұшырасады.
Қазақ жоғалған үлгі әдісімен саз қалыптарға құйылып жасалды. Осындай
үлгімен жасалған Жетісу михрабы деп аталатын құрбандық жозысы Алматы
түбінен табылды.
Сақ тайпасының мәдениеті
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын
жасады. Б.з.б. І мыңжылдықта Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық
жәрмеңке өткізіліп тұрған.
Ұлы Жібек жолының жеке бөліктерінің бағыты:
• Лазурит жолы. Памир–Иран мен Месопотамия.
• Нефрит жолы. Қашғария–Қытай.
• Дала жолы. Хуанхэ өзені–Алтай–Қазақстан–Қара теңіз жағалауындағы
дала – грек, этрустар елі(б.з.б. І мыңжылдықтар ортасы)

Ал Шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.
• Б.з.б. VIІ ғасыр – Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның
оңтүстігінде скифтік–сібірлік аңдық стиль деп аталған өнер пайда
болды. Басты тақырыбы – аңдар мен аңыздағы қиял–ғажайып бейнелерді
суреттеу.

Аңдық стиль өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған
жорықтары кезінде танысқан. Осы жерден алғаш рет өмір ағашы атанған
арыстан бейнесі тараған. Бұл өнердің негізі– ежелгі аңыздарда сақталған
адамның әртүрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінік.
Б.з.б. ІІІ–ІІ ғ.ғ. бұл өнер түрі құлдырай бастады.Аң стилі ою–өрнекке
айналды.
• Жылқы бейнесі күн және отпен байланыстырылды. Есік қорғанынан табылған
патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар – күннің қозғалысын
білдіреді.
• Қабан бейнесі – күн күркіреу құдайы. Арыстанды бейнелеу Арал маңындағы
сақтардың тұрақты тақырыбы болған.

Сақтардың әлем құрылымы туралы түсініктері:
• Жер асты, жер, көк(аспан) әлемі.
• Дүниенің төрт бұрышы – оң жағы, сол жағы, алдыңғы жағы, артқы жағы.

Сақтардың ,арыш туралы түсінігі Есік қорымынан табылған патшаның бас
киімінде бейнеленген. Бұлар – күн,қанатты төрт ат және төрт алтын жебе
суреті. Бұл құдайдың үш әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып
саналған.Сақ патшасы күн бейнелі құдай дәрежесінде көрсетілген.
Сақ қоғамында діни нанымдар мен ғұрыштардың негізгі бағыты – ата–баба
аруағына сыйыну. Арнайы рулық зираттарға мәйітпен қоса, оның дүние мүлкін
бірге жерлеген. Өлген адамның аруағына сыйынып, о дүниеде қайта тіріледі
деп санаған. Мәйітті сақтау үшің бальзамдау мен мумиялау әдісін қолдана
білген.
От пен Күннің символы– мәіттерге қызыл бояу, ал қабір басына от жағу.
Сақтардың б.з.б. VII ғ. от храмдарын археологтар Жетісудан тапты.
Отырықшы сақтар жерді киелі деп есептеп, оған табынған. Ал көшпелі
сақтар күнге, отқа және соғыс құдайына табынды.
Сақ заманында анимизм, тотемизм және магия секілді ең ежелгі діни ұғым
сақталған.
Сақтарда зергерлік өнер жоғары дәржеде жетілдірілді. Әсіресе ағаштап
ойып жасаған бейнелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ РУ-ТАЙПАЛАР
Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы
Жетісу жеріндегі сақтардың отырықшылығы, жер шаруашылығы және қалалық өмірі
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
Найман мен керейіт тайпалар одақтары
Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Сақтардың қоғамдық құрылысы
ҚАЗАҚ РУ - ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Сақ тайпалық одағы
Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары ( салыстырмалы кесте )
Пәндер