Ұлы Отан соғысын


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 65 жыл

Ай өткен, жылдар өткен, ғасыр өткен

Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жеткен . . .

(Жеңіс әндер жинағынан)

Біз ес білгелі 9- мамыр күніне қарсы Ұлы Жеңіс мерекесі ретінде қарсы алып, мектепте ордендерін тағынған ардагерлермен кездесу ұйымдастырып, оларға гүл шоқтарын табыстайтынбыз. Жылдар өткен сайын осы күн ерекше аталып өтуде. Қара бұлттың артынан күн шыққандай болып, бір кездегі сұрапыл жылдардың артынан келген Жеңіс күніне міне - 65 жыл толды.

Осы уақытқа дейін Ұлы Жеңістің халқымызға қаншалықты қиыншылықпен келгенін теледидардан, кітаптардан оқып білсек те, бірақ, қазіргі таңдағы көрші мемлекеттердегі ауыр жағдайларды, әртүрлі табиғат апаттарынан кейінгі ауыртпалықтарды көріп, сезінгеннен кейін 1941-1945 жылдардағы ұл-қыздарымыздың, ата- әжелеріміздің, әке мен аналарымыздың бастан кешкен қиыншылықтарын жүрегіммен түсінген сияқтымын.

« . . . қасықтай қаны қалғанша болашақ үшін айқасқан жерлестеріміздің рухы алдында тағзым ету - бүгінгі ұрпақтың парызы» - деп Елбасымыз айтқандай ел ермен еңселі екені, елім деп еңіреп туған ерлердің елеусіз қалмайтыны, халық қаһарман ұлдарын жырына қосып, көкке көтеретіні, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамайтыны ақиқат.

Себебі, Отан үшін от кешіп, қаншама асыл азаматтар мерт болды. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай еңбектенген. Бірақ ешкімнің сағы сынбаған, олардың бойындағы Отаншылдық сезім Жеңіс сағатын жақындатқан.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекені фашисттік Грменияның басқыншыларынан азат етілген бірнеше ондаған мемлекеттер атап өтеді. Бұл Жеңіс біздің қазақстандықтар үшін де ерекше қымбас деп есептеймін.

Тарихқа жүгінсек Қазақстаннан соғысқа барлығы 1 миллион 366 мың дам қатысқан, солардың 601 мыңы майданда көз жұмған. Қалғандары әртүрлі дәрежедегі мүгедек боп оралған.

Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанады.

Ер-жүрек бауырларымыздың соғыстағы ерліктері мен жігерлерін қайсарлық пен батырлық істерін әрбір жас мақтанышпен айтып, үлгі тұтуы қажет.

Жеңіс күнін барлық адамзат аңсап күтті, сол күнге 65 жыл толып отыр. Жеңістің туған күнін атап өтуге барлық қазақстандықтар ат салысып, өз дәрежесінде өткізуі қажет. 65 жылға толған туған күнінде ұйымдастырылған мерекелік шараларды ел аузынан 10 жылға дейін түспейтіндей, таңданыспен айтатындай етіп өткізуіміз керек.

Қазақстандықтар Жеңістің 65 жылдығының маңыздылығын жүрегімен түсініп, ең алдымен адамдардың жүзінен қуаныштың нышаны сезіліп тұруды мерекелік шараға дайындықтың басты шарты етіп орнатуымыз қажет, бұл күн себебі, ең қуанышты күн. Жыл бойына көшелерде жасыл, сары түске безендіріп, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 65 болғанын сездіретін тәрбиелік мәні бар іс шараларды барлық мекемелерде 9 мамырға дейін емес, бір жыл ішінде атап өтілсе. Жас буынға арнап Ұлы Отан соғысы туралы жазылған жазушыларымыздың шығармаларын қайта көп данада басып шығарса, атап айтқанда жазушы драматург, жерлесіміз Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романын, балаларға арналған соғыс жылдарындағы тақырыптарда жазылған көптеген шығармаларды қайта баспадан шығарса, қазіргі жастардың отаншылдық сезімін жоғарылататыны хақ.

Тәуелсіздіке қол жеткізген шақта, оның қандай жолмен келгенін, ол бізге не үшін қажет екенін түсіндіретін, осындай мерекелер келешек жастарға ой салу құндылығымен ерекше. «Отан үшін отқа түс - күймейсің» деп Бауыржан атамыз айтқандай Отанын қорғаса, сол үшін аянбай тер төккен әрбір адамның ерлігі бағаланатынына көзін жеткізіп, ұл-қыздарымыздың бойынан патриоттық сезімді ояту болып табылады.

Келесі жастардың, біздің міндетіміз Ұлы Отан соғысына қатысқан қаһарман қыздары мен жау жүрек ұлдарына арналған ескерткіштерді бағалап, қастерлеп, ай-сайын өз еріктерімен тазалап, гүл шоқтарымен безендіріп тұрса, ардагерлеріміз бен бабаларымыздың еңбегі еш кетпегенін сезіп, бізге ренішін емес, алғысын келешек ұрпаққа айтар еді.

Айтып болды дүние талай әнді,

Аспан жүзін таң алды, арай алды.

Жетсек деген арманға жетті дағы,

Жеңіс деген бір сөзбен ел оянды.

Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді,

Қала көрді қиындық, ауыл көрді.

Жеңіс! Жеңіс! - деген сөзді айтқызған және осы күнге жеткізген қазақтың батыр ұлдары мен қаһарман қыздарын дүниеге әкелен қазақ халқы ештеңеден қорықпауы тиіс!

Қорыта келе қазақстандықтарды, оның ішінде ақтөбеліктерді Жеңістің 65 жылдық туған күнімен құттықтай отыра, елімізде әрдайым тыныштық болуын тілеймін!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұланты маңындағы шайқас
ХАЛЫҚ РУХЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ
Әбілқайыр хан(Мұқамбет Ғази Бахадүр хан)
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР СОҒЫСЫ
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан
Ұлы отан соғысын қайта қарастыру-кейінгі ұрпақтың борышы
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Қазақстан 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысы кезеңінде
Бауыржан Момышұлы: тарихи тұлға және көркем образ
Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz