Автоматтандырылған компьютерлік сызу және жобалау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Қолданылған командалар

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кіріспе

Аuto CAD бұрыннан және осы күнге дейін әлемдегі белгілі сызба пакеті болып табылады. Бұл жүйенің аты “Automated Computer Aided Drafting and Design” ағылшын сөз тіркесінен қысқартылып алынған. Оның аудармасы “Автоматтандырылған компьютерлік сызу және жобалау” дегенді білдіреді. Бұл жағдайға қарамастан Аuto CAD автоматтандырылған жобалаудың дайын жүйесі болып табылмайды, әйткенмен проектілеу автоматизациясының проблемасын нәтижелі шешуге мүмкіндік береді.

Кейінгі уақытта көптеген автоматтандырылған сызба-графикалық есептер мен проекциялық процестердің пайда болуына қарамастан, Аuto CAD графикалық редактор ретінде әлі де көпшілікке танымал.

Автоматтандырылған сызба - графикалық жұмыстан басқа, Аuto CAD төмендегі мүмкіндіктерді қолдануды ұсынады:

- Графикалық модельдеу, яғни автоматтандырылған проектілеу жүйесінде компьютерді қолдана отырып, қиын модельдермен жұмыс істеу;

- Берілген сызбалардың информациялық базасын құру;

- Бір сызба негізінде сызба бөлшектерін жаңа өлшеммен тұрғызу;

- Таралған жүйенің игеру кинематикасын модельдеу, жұмыс қабілеттілігі мен сенімділігін бағалау.

Сонымен, Аuto CAD бағдарламасын құрылыстарды, үлкен ғимараттарды, мұнай және газ тасымалдау құбырларын жобалауда және тағы басқа мақсатта қолдану уақытты үнемдеудің және жобаны көрнекі етіп дайындаудың ең тиімді жолы болып табылады.

2. Негізгі бөлім

2. 1. Қолданылған командалар

LINE (кесінді) командасы.

Бұл команда тізбекті қайталанатын командалар тобына жатады. Сондықтан әрбір түйіндік нүктені енгізгеннен кейін Auto CAD жаңа түйіндік нүктені енгізу сұраныс шақыруын қайталайды.

Ситуацияға байланысты сұраныс шақырудың текстік нұсқалары таңдалады:

  • DRAW(сурет) саймандар тақтасынанLINE(кесінді) командасын таңдағаннан кейін немесе командалық қатарғаLINEкомандасын пернетақтадан енгізгеннен кейін мына түрдегі сұраныс шығады: Specify first point: (бірінші нүктені беріңіз) . Кез-келген әдіспен нүктені белгілейміз.
  • Бастапқы нүктені енгізгеннен кейін командалық қатарда Specify next point or [Undo] : (келесі нүктені беріңіз не [болдырмаңыз: ] сұранысы шығады. Бұл сұраныс екі рет қайталанады: бірінші және екінші сегменттің шекті нүктелері үшін. Егер командалық қатарға U(Enter) деп енгізсек, онда Auto CAD соңғы сегментті өшіреді.
  • Кем дегенде екі сегмент салынғаннан кейін сұраныстың шақырылу тексті өшіріледі:

Specify next point or [Close/Undo] :

Келесі нүктені енгіз немесе [Тұйықта/Болдырма ] :

Команда форматы мына түрде болады:

Command: Line

Команда: Кесінді

Specify first point:

Бірінші нүктені беріңіз:

Specify next point or [Undo] :

Келесі нүктені беріңіз немесе [Болдырмаңыз] :

Specify next point or [Undo] :

Келесі нүктені беріңіз немесе [Болдырмаңыз] :

Specify next point or [Close/Undo] :

Келесі нүктені енгіз немесе [Тұйықта/Болдырма ] :

Specify next point or [Close/Undo] :

Келесі нүктені енгіз немесе [Тұйықта/Болдырма ] :

Erase (өшіргіш) командасы.

Сызбада артық сызылған жерлерін өшіру үшін Erase (өшіргіш) командасын қолданамыз. Оны командалық қатардан немесе перне тақтасынан теру арқылы шақыра аламыз.

Circle (шеңбер) командасы.

Бұл команда шеңберді алты әдіспен тұрғызуға мүмкіндік береді. Шеңберді салудың барлық мүмкіндіктері Cen, RAD, DIA, 2 point, 3 point, ttr, ttt опцияларының көмегімен жүргізіледі және шеңберді тұрғызу кезінде келесі тіркестер қарастырылады:

Cen, RAD - центрі және радиусы арқылы

Cen, DIA - центрі және диаметрі арқылы

2 point - бір түзудің бойында жатпайтын екі нүкте арқылы

3 point - бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте арқылы

ttr - екі жанама объект және радиусы арқылы

ttt - үш жанама объект арқылы.

Командалық қатарға Circle командасын енгізгеннен кейін шеңбердің центрін енгізу туралы сұраныс шығады. Осыдан кейін шеңберді радиусы немесе диаметрі арқылы салу әдісін ұсынады. Үнсіз жағдайда енгізілген мән радиус есебінде қабылданады.

Команда форматы төмендегідей түрде болады:

Command: Circle

Specify center for circle or [3p/2p/ttr (tan tan radius) ] :

Specify radius of circle or Diameter

Specify diameter of circle

Arc (доға) командасы.

Шеңбер доғасы Arc (доға) командасымен тұрғызылады. Auto CAD бағдарламасында доғаны салу әдісі 10-нан жоғары деп саналады.

Arc командасын шақырудың диалогтық хаттамасын келтірейік:

Command: Arc

Specify start point of Arc or [Center] :

Specify center point of Arc:

Specify start point of Arc:

Specify end point of Arc or [Angle/ Chord Lenght] :

Specify included angle:

Осыдан көріп отырғанымыздай тізбекті түрде доғаны тұрғызудың бірнеше әдісі ұсынылады. Әрбір сұранысқа жауап ретінде не нүктені білу керек, не опцияны таңдауды білдіретін әріптік кодты енгізу керек. Кестеде доғаны тұрғызу әдістерін білдіретін әріптік кодтар келтірілген.

S- Starting point: S- Starting point
Бастапқы нүкте: Бастапқы нүкте
S- Starting point: E- End point
Бастапқы нүкте: Соңғы нүкте
S- Starting point: R- Radius
Бастапқы нүкте: Радиус
S- Starting point: A- Angle
Бастапқы нүкте: Центрлік бұрыш
S- Starting point: L- Chord Length
Бастапқы нүкте: Хорда ұзындығы
S- Starting point: D- Starting Diretion
Бастапқы нүкте: Бастапқы бағыт

Аuto CAD бағдарламасында доғаны тұрғызудың әртүрлі әдістерін қарастырайық:

3 point - 3 нүкте арқылы: бастапқы, екінші және соңғы

SCE - бастапқы нүкте, центрі және соңғы нүктесі арқылы

SCA - бастапқы нүкте, центрі және центрлік бұрышы арқылы

SCL - бастапқы нүкте, центрі және хорда ұзындығы арқылы

SEA - бастапқы нүкте, соңғы нүкте және бұрышы арқылы

SER - бастапқы нүкте, соңғы нүкте және радиусы арқылы

SED - екі нүкте және жанама бағыты арқылы

CSE - центрі, бастапқы және соңғы нүктесі арқылы

CSA - центрі, бастапқы нүкте және жанама бұрышы арқылы
CSL - центрі, бастапқы нүкте және хорда ұзындығы арқылы.

Polygon (көпбұрыш) командасы.

Auto CAD бағдарламасында көпбұрыш - бұл Polygon (көпбұрыш) командасымен құрылады. Ол ұзындықтары бірдей қырлары тұйықталған контурлы дұрыс көпбұрыш болып сызылады. Auto CAD бағдарламасында 3-тен 1024-ке дейінгі қабырғалы көпбұрыш салуға болады. Көпбұрышты салу үшін DRAW (сурет) саймандар тақтасындағы Polygon (көпбұрыш) пиктограммасын шертеміз немесе командалық қатарға Polygon (көпбұрыш) деп жазамыз. Содан соң әуелі қабырғалар санын береміз де, 1-кестеде сипатталған көпбұрышты салудың үш әдісінің бірін таңдаймыз:

Кесте

Опция: Опция
Сипаттамасы: Сипаттамасы
Опция: Edge (қабырға)
Сипаттамасы: Бұл опцияны таңдау үшін командалық қатарға Е деп енгізіп Enter басамыз. Бұдан кейін көпбұрыштың кез-келген қырының орналасуын анықтайтын 2 нүктені береміз. Қалғанын Auto CAD өзі жасайды.
Опция: Inscribed in circle (шеңберге іштей)
Сипаттамасы: Шеңбердің центрін енгізгеннен кейін командалық қатарға I деп жазып, Enter пернесін басамыз да шеңбер радиусын береміз. Осыдан кейін көпбұрыш шеңберге іштей сызылады.
Опция: Circumsiribed about circle (шеңберге сырттай)
Сипаттамасы: Шеңбердің центрін енгізгеннен кейін командалық қатарға С деп жазып, Enter пернесін басамыз да, шеңбер радиусын береміз. Осыдан кейін көпбұрыш шеңберге сырттай сызылады.

Команда форматы мына түрде болады:

Command: Polygon

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы автоматтандырылған жобалау жүйесінде машина жасау
Қолданбалы программалық қамсыздандыру
12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕГІ ЖАҢА ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны
Бағдарлама тақырыбы
Командалар терезесі
Өңдеу құралдары
Қолданбалы бағдарлама
Негізгі программалық құрылғылар
ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz