Интернет желісі, электрондық пошта туралы


Интернет желісі. Электрондық пошта
Іnternet (бас әріппен жазылса) - кез-келген компьютерді жер щарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратан Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде "сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар. 1960 жылдардың алғашқы жартысы. «Үлкен» компьютерде жұмыс істейтін пайдаланушылар үшін көп пайдаланылатын режимде мәтін файлдарын бір-бірімен алмастыруға мүмкіндік беретін алғашқы бағдарлама құрылды.
TCP/ІP - Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтердібір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
ІP (Іnternet Protocol) - мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін торапаралық хаттама.
TCP(Transmіsson Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол тораптағы ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет (кіші әріппен жазылса) - TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.
Ақпараттық сервер дегеніміз - қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар, т. б. мәліметтер сақталады.
Торапқа қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлар арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет порвайдері болып қызмет атқаратын Интерент трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т. б. мекемелер жұмыс істейді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері - ІSP (Іnternet Servіce Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Провайдерлер мынадай топтарға бөлінеді:
- халықаралық
- ұлттық
- Аймақтық (региональдық)
Қазақстан аумағындағы провайдер компаниялары:
1) НУРСАТ - бастаушы қазақстандық телекоммуникациялық оператор www. nursat. net
2) Компания "Nursat" www. nursat. kz
3) Қазақстандағы хостинг-провайдер Хостинг Forever. kz www. forever. kz
4) Мегалайн - Казактелекомның интернет провайдері Megaline. kz www. megaline. kz
5) Компания Astel - Қазақстандағы ірі тәуелсіз байланыс операторы
www. astel. kz
6) Neo Lab's - Қазақстандағы интернет, баннер жарнамасы, KZ доменiнiң тiркелуi, хостинг, сайттарды жасау.
www. neolabs. kz
7) Компания Hoster. KZ - Қазақстан хостигінің ең күшті тарифы. Сiз аймақтағы кез келген еркiн доменмен ресiмдей аласыз . KZ немесе . COM. KZ, тiркеудi созуға және доменнiң трансферасын жасай аласыз. www. hoster. kz
8) Семипалатинск - қаланың сайты. www. semsk. kz
9) Ducat -Интеграцияланған Телекоммуникациялық шешiмдер
http://homenet. ducat. kz/ www. arna. kz
10) Компания "Net Style" - Интернет-қызмет, интернет карточкалар, веб-студия және интернеттегі жарнамалардың провайдері www. nets. kz
11) ID Host - хостингтік алаң www. idhost. kz
12) Компания "SputTV" www. sputtv. com
13) G-NET - 2000 жылдан бері кабелдiк теледидардың қызметiн жүзеге асырып келеді. G-Media - Кабельдік теледидардың желісі
gmedia. kz www. g-net. kz
14) Кабельдік теледидар Алма -ТВ www. almatv. kz
15) АО "Кептер телеком" - Астана және Ақмола облысындағы интернет провайдер www. kepter. kz
16) ТОО "Mediana Services Ltd" - Хостинг және доменді тіркеуwww. intronet. kz
17) Компания "Icon" www. iconnet. kz
18) Интернет сервис провайдер "Academnet" www. academset. kz
19) TOO "KAZHOST" www. kazhost. com
20) ТОО "РадиоБайланыс" www. rbk. kz
21) Компания "Intelsoft Kazakstan LTD" www. intelsoft. kz
22) Network-тың жаңа телекммуникациялық жүйелері www. network. kz
23) Өскемен. Интернет және VPNet-тің жергілікті жүйесі www. vpnet. kz
24) Петропавл облысының жергілікті жүйесі - EsilNet www. esilnet. com
25) Provider. kz - Провайдерлер және Казнеттің хостері www. provider. kz
26) Alem Telecom от ТОО "Medianet com" www. alemtelecom. kz
27) Фирма "Триада+" www. city. kz
хостинг провайдер megahost. kz
28) Портал КТВ-СК www. ktv-sk. com
29) DUCAT NetCard cards. ducat. kz
30) ТОО "IT-Terra Incognita" www-host. kz
31) "АЛМА ТВ" кабельдік теледидары www. almanet. kz
32) ТОО "ГАЛАН ТЕЛЕКОМ" www. galan. kz
33) ТОО "MegaNet" www. meganet. kz
34) Веб-дизайна студиясы "Эстамп" www. estamp. kz
35) NextTel - Спутниктік интернеттің провайдері www. nexttel. kz
36) Интернет-провайдер "Emax" www. emax. kz
37) Интернет - холдинг weba www. weba. kz
38) KAZ-IT Web Group www. kaz-it. kz
39) Компания "Орбита Плюc" www. thuraya. kz
40) SAT Billing System - система биллинга и картшаринга sat-billing. kz
41) АПИХОСТЕР www. iphoster. kz
42) Телекоммуникациондық компания "Актау Онлайн" www. aonline. kz
43) ТОО "Сумма Телеком" summatel. kz
44) СТС Астана www. ststelecom. kz
45) Қазақстандық байланыс провайдері www. nls. kz
46) Файлдық архив DUCAT files. ducat. kz
47) Қазақстандағы хостинг - www. aihost. kz
48) Компания "TEGRA Kazakhstan" www. tegra. kz
49) Компания "Аспан Телеком" www. aspan. kz
50) NETRING Service www. anet. kz
51) Компания "Домовой" www. domovoi. kz
52) Компания "Cronus Telecom" www. cronus. kz
53) ТОО "Орбита-Север" www. orbsev. com
54) ТОО "SmartNet" www. sm-unicom. kz
55) COMBILINE www. hi-tech. kz
56) Қазақстандағы хостинг - hostbay. kz
57) "INCOM Ltd" студияның корпоративтік блогы www. blog. incom. kz
58) Компания "Space. kz" www. space. kz
59) Компания "KT-Company" www. skytel. kz
60) АО "Санрайз" www. sunrise. kz
61) EsilGroup www. esilgroup. kz
INTERNЕТ-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNЕТ -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- қосылып түратын тікелей байланыстар (кіру жолдары) ;
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары) ;
- почталық байланыстар.
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін карастырайық.
Тұрақты қосылып түратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылған (Тransmission Соntrol Ргоtосоl/ Іnternet Рrotocol - жеткізуді басқару протоколы/интержеді протоколы) түрінде болады, бұл INTERNЕТ -тің бір щеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNЕТ -ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Іnternet арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Іnternet арқылы мәлімет жібере (алады) береді.
Почталық байланыс. Іnternet-пен косыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері СоmpuServe болып келген компьютерлер бірден Іnternet-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Іnternet-ке беріп, одан да бірнеше хат-хабар ала береді. СоmpuServe жүйесінде почта адресі аддына Іnternet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар Іnternet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.
Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUСР деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.
Браузерлер
1993 жылы NCSA Mosaic - Windows (сол кездегі MS Windows 3 графикалық қабыршағы бар MS-DOS) басқару жүйесіндегі графикалық интерфейс пен дамыған мүмкіншіліктері бар бірінші веб-браузер. Mosaic проектінің өзі World Wide Web жүйесінiң әр түрлi компоненттерiн байытып енгiзіп, спецификацияларының дамыуына үлкен үлесін қосты. Mosaic программасының дамуы 1997 жылда тоқтатылды.
Internet Explorer
- әлемдегі ең әйгілі браузер. Бірақ өкінішке орай, бұл браузерді тек басқа браузерлердің бар екенін білмейтін пайдаланушылар ғана қолданады. Бұл браузердің тағы бір қажеттілігі көптеген программалар IE компанентін қолданады және онсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Бір қуантарлығы, ІЕ-де қыстырмалар жүйесі пайда болды, оның көмегімен интернеттегі жұмысты жеңілдетуге болады. Сонымен қатар, бетті жүктеу жылдамдығы артты, жаңалықтарды оқу залы, фишинг-қорғану (интернет-алаяқтардан қорғану) пайда болды.
Өңдеуші: Microsoft Corporation,
Сайт: http://microsoft. ru/,
Артықшылығы: қазіргі браузер технологиясының жаңа жетістіктерін қосады, көптеген Сайттарды қолдайды,
Кемшілігі: жылдамдығы төмен, Бағасы: 60%.
Firefox 3. 0
- халықаралық эксперттердің пікірі бойынша бұл браузер ІЕ-нің табысты бәсекесі бола алады. Wikipedia. org мәліметі бойынша Firefox-ты пайдаланушылар, қатынау қорлар саны 17%-тен асады. Firefox-тың 3-ші версиясы шыққаннан бастап, Гиннес кітабына енуге шешіп, құрастырушылар жүктеулер күні деп жариялады. 2008 жылдың 17 маусымында бір тәулікте жүктелген файлдар саны 8 млн. асты(www. spreadfirefox. com/ru/worldrecord) . Opera 9. 50 программасы шыққан күннен кейін 5 күн өткен соң, Firefox программасын 4, 7 млн. рет жүктеген. Браузердің әйгілі болуы қарапайымдылығы мен әмбебаптылығында. Интерфейс қосымшасы серфингке қажетті бес батырмадан тұрады. Ресми сайтта Windows, Mac OS немесе Linux бағдарламаларының нұсқасын жүктеуге мүмкндігі бар. Кемшілігі - жадтың ағып кетуі.
Firefox өңдеушiлері қосымшаның iздестiру мүмкiндiктерiне үлкен ықыласын бөлдi. Қасында мекенжайды енгiзу жолның қасында ақпараттық және анықтама порталдарына мәлiметтерi жылдам табуға барынша мүмкiндiк беретін арнайы панель орналасқан. Сонымен қатар, веб-беттерде керекті ақпаратты табатын Find As You Type(Мөрдiң жанында iздестiру) массиві жұмыс істейді. Бағдарламаның қосымша модульдері бар, олардың қатарына ыңғайлы басқару аспабы FreeGestures жатады: веб-беттерді енді клавиатурасыз, яғни тышқанмен басқаруға болады(Opera және Maxthon сияқты) . Бірақ қолдану мүмкіндігінен ерекшелігі маңыздырақ(IE және Opera ашық сiлтемелерді браузердiң қайта жiберiлуiнде сақтауға мүмкiндiк беретіні бізге белгілі) .
Fasterfox - Сайт: http://fasterfox. mozdev. org/ жұмыстың жылдамдығын арттырады.
Flashblock 1. 3. 3a1 және AdBlock Plus 0. 5. 10 - плагиндер, жарнамалар мен флэш-графикаларды блоктайды, екеуі де күйге келтеріледі.
Locationbar 2 - адресті жол бейнесiн өте жақсы түрлендiредi, жұмыс істеу кезінде олардан анағұрлым түсiнiктiрек және ыңғайлы ететін плагин.
Өңдеуші: Mozilla. org
Сайт: http://mozilla. org
Артықшылығы: Жұмыстың жақсы жылдамдығы, плагиндер жиынының қолдауы.
Кемшілігі: ІЕ-дегі кейбір маңызды функцияларды қабылдамайды, осал және кейбір майда қателері бар. Бағасы: 85%
Opera 9. xx
- таңдаулы әмбебап браузердің түрі. Кез-келген пайдаланушы бұл браузерді Windows жүйесінде ғана емес, сонымен қатар басқа да Mac OS, Linux, BSD сияқты операциялық жүйесінде де орната алады. Бұл программа жер жүзінде әйгілі болмаса да, Украина елінде әрбір 5-ші қолданушы пайдаланады. Мүмкінділігі: өзінің түсінікті функциялар санымен тең қалмайды, программада өзіндік пошталық клиенті Opera Mail, Usenet жаңалықтарын оқушы агент бар, RSS-хаттарын көруге болады, IRC хаттамасы бойынша қатынасу мүмкіндігін береді. Программаның қолданбалы интерфейісінің көзқарасы бойынша бағдарлама қазіргі талаптарға сай келеді: минимум батырмалары және пункт мәзiрінің максимал функционалдығы. Браузерде тышқан арқылы басқару мүмкіндігі іске асырылған. Мысалы, оң жақ батырманы басып тұрып, нұсқағышты сол жаққа қарай жылжытсаңыз, сіз алдыңғы веб-бетті жүктейсіз. Ұқсас оңға қарай орын ауыстыру келесі ашылған беттерді көрсетеді. Операда әрбір бос қыстырма 9-нобайлардан тұрады және пайдаланушы оны өз қалауынша күйге келтіре алады. Ең маңыздысы, Опера қыстырмалары браузерді жапқанда жойылмайды және барлық ашық құжаттардың кештеуі веб-беттердің кездейсоқ жабылуын қайтарып алуға мүмкіндік береді. Тағы бір әмбебап ерекшіліктерінің бірі - тек қана бұл браузерде виджеттерді(виджет - бұл қолданушымен әрекеттесетін график түрiнде болатын қолданбалы интерфейстiң стандартталған компоненттерi. ), аздаған веб-бағдарламаларды жүктеуге болады. Бұдан басқа, қолданушылар қосымшаны рәсімдеудің әртүрлі схемаларын жүктеуге және бағдарламаның сырт пішінін түрлі күйге келтіре алады. Опера жоғарыда айтып кеткен браузерлермен салыстырғанда эрганомика және функцияналды жағынан тиімді, бірақ бұл браузер Firefox, ІЕ сияқты интернет-жобалармен сәйкес келмейді. Беттер миниатюр бейнесінде көруге болады. Қолданушы көп қыстырмаларды ашқан жағдайда, барлық веб-беттерді ашып жатпай, тышқанды қызыққан сайтқа апарғанда миниатюр үлгісі шығады. Бұл тәсіл өте қолайлы және қолданушының жұмысын жеңілдетеді.
Өңдеуші: Opera Software
Сайт: http://opera. com/
Артықшылығы: Жоғары функционалды, ыңғайлы интерфейс, виджеттерді қолдайтын, ең жылдам жұмыс істейтін браузер.
Кемшілігі: ІЕ-дегі кейбір маңызды функцияларды қабылдамайды, осал және кейбір майда қателері бар. Бағасы: 90%
SeaMonkey 1. 1
- бұл бағдарлама Firefox проектісінің жалғасы болып табылады. Ол веб-браузер ғана емес, веб-серфинг және Интернетпен жұмыс істеуге қажетті бағдарламалар жиынынан тұрады. Бұл жерде веб-беттерді ашатын бағдарлама, қалқып шығатын және қыстырмаларды шығарады, және де адресті кітаппен, қатесіз жазуды тексеру утилитасымен жабдықталған пошталық және жаңалықты клиент. Бұдан басқа, SeaMonkey-да жеке күйге келтіруі бар бірнеше профильдерді жасауға болады. Бір қуантарлығы, SeaMonkey браузерін әртүрлі операциялық жүйеге тегін жүктеуге болады және оны 15 тілде аударуға болады.
Maxthon 2. 02. 29
- жартылай Gecko және Trident қолдануымен жасалған, бұрын MyIE атпен белгілі Maxthon браузері. Бұл браузер Internet Explorer ядросының негізінде құрастырылған. Internet Explorer-дің жетілдірілген үлгісі болып саналады. Maxthonның өңдеушілердің біртума шешімі бойынша, серфинг процессын тек қана бір тышқанның көмегімен ғана басқаруға болады. Ол үшін манипулятордың нақты қозғалысын сізге ыңғайлы етіп күйге келтіру қажет. Maxthon браузерінде Супер Drag'n'Drop технологиясы арқылы сізге қажетті интернет-беттерін тышқан көмегі арқылы жүктеуге болады. Ерекшеленген мәтінді аспаптар жақтауына тарту арқылы, сіз тиісті сұрау салу іздестірушіні жүктей аласыз. Егер де сіз мәтінді тасу кезінде Ctrl батырмасын бассаңыз, ақпарат бағдарлама орнатылған құжатта сақталады. Бағдарламаның мүмкіндіктері өте көп: веб-беттердің тез ауыстырылуы, автоматты түрде қайта айналдыру және т. б.
Өңдеуші: Mysoft Technology
Сайт: http://maxthon. com/
Артықшылығы: Microsoft-тың функционалдығын түбегейлi кеңейтлуi, жұмыстың жылдамдығының үлкеюi.
Кемшілігі: Басқа браузерлермен салыстырғанда функционалдық жағы төмен. Бағасы: 75%
MyIE2
- бұл программа функционалдығын кеңейтейтін Internet Explorer-дің аяқталмаған пакеті. Біртума және басқа браузерлерде кездеспейтін функциялар тұрады. Бағдарламада софтың бөлек іздестіруі, драйверлер, рефераттар және т. б бар. Функционалдық панелі әртүрлі аспаптар жиынын қолдануға мүмкіндік береді: ICQ хаттарды жіберу, ТВ бағдарламасын көру және т. б. ІЕ браузерімен салыстырғанда мұнда жұмыс істеу жылдамдығы едәуір артқан.
Өңдеуші: RefuZZer, MYiE2 RU Team
Сайт: http://www. myie2. ru/
Артықшылығы: Microsoft функционалдығының түбегейлi кеңейтуi, сирек кездесетiн функциялар, тұрақты және тез жұмысы.
Кемшілігі: жоқ
Бағасы: 85%
Flock 1. 2
- Flock өңдеушілері Windows, Mac OS және Linux операциялық жүйелеріне жүктеуге болатын жаңа және стандертты емес браузерді шығарды. Олар бірінші концептуалды жаңа сервис Web 2. 0 қолдайтын әлеуметтiк браузерді ойлап тапты. Бұл бағдарлама Blogger. com, LiveJournal. com немесе Wordpress. com жүйелері блоктарын жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар, del. icio. us және ma. gnolia. com қоғамдық қыстырмаларына қосылады, және орнатылған RSS-агрегаторына ие, фотосуреттерді Flickr. com және Photobucket. com-да жариялауға мүмкіндік береді және YouTube. com және Truveo. com сайттарынан видеоларды жүктеуді күйге келтіретін баптауы бар. Flock-тың басқа функционалдығы өзге Gecko-проекттерге ұқсас. Бағдарлама көптерезелілікті қолдайды, өзінің жүктеу менеджерлері және парольдерді басқару құралдары бар, шығатын жарнамаларды болдырмайды, сонымнен қатар, RSS-жаңалықтарымен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие.
Mozilla Firefox және Opera браузерлерінің айырмашылықтары
Mozilla Firefox және Opera - қолданушының желімен әрекеттесуі екі қарама-қарсы көзқарасты тудырады. Екі браузер де көптеген дарынды идеялардың іске асуы болып табылады, олардың соқтығысуы талас туғызады.
Екі браузер де Internet Explorer-дің Presto (Opera) және Gecko (Mozilla Firefox) қозғағыштарынан негізделген. Браузерлерді құрастырушылардың қиналатын әйгілі Acid2 тесті Операның соңғы версияларында және «түнгi» құрастырулар деп аталатын Mozilla Firefox 3 қиын емес мәселе. Mozilla Firefox дистрибутиві веб навигациясымен сабақтас ұтымды функция жиынынан тұрады. Ең басты назар аударарлықтай жағдай - бұл бағдарламаның және де оның қосымша модулдерінің автоматты түрде жаңаруын қамтамасыз етеді. Сіз браузердің дистрибутивін бір рет жүктейсіз де, содан кейін жаңару автоматты түрде немесе сіздің қатысуыңызбен іске асады. Бағдарламаны жаңарту үшін дистрибутивті қайта жүктеу міндетті емес, жүздеген және одан да жоғары килобайттан тұратын шағын модуль жазып алса жеткілікті. Мұндай механизм кіріс трафигін 10 есе үнемдейді. Операда мұндай ерекшелік жоқ. Mozilla Firefox-тағы жазылып жатқан мәтіннің орфографиясын тексеру, қолданушының форум және блоктарда сауаттылығын сақтауға мүмкіндігін береді. Қате сөздер қызыл толқынды белгімен белгіленеді. Мезеттік мәзірде сөздердің дұрыс жазылуы көрсетіледі. Кейбір әйгілі интернет-ресурстары нақты Іnternet Explorer және Mozilla Firefox-та жұмыс істейді. Жартылай жаңарту жүйесінің аналогы Операда жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz