Желінің даму тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I Кіріспе

Желінің даму тарихы

II Негізгі бөлім

Желі туралы жалпы мағлұмат
Ауқымды желі – Интернет желісі туралы ұғым
Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу
Интернеттегі ауқымды іздестіру жүйелері

III Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Желінің даму тарихы

Баршамыз есептеу машинасының даму тарихынан хабардар болармыз. 60
жылдардың ортасында компьютерлердің дамуының үшінші буыны интегралдық
микроүрділер (1965 – 1980) пайда болған болатын.
1958 жылы кремнийден жасалған интегралдық үрдінің табылуы компьютерлер
әлеміндегі жаңа құбылыс болды. Ондаған транзисторларды бір микроүрдінің
ішінде орналастыру мүмкіндігі туды. Осы кезде компьютерлерді бір – бірімен
байланыстыру үшін компьютерлік желі пайда болды. Желінің алғашқы дүниеге
келуіне себеп болған АҚШ қорғаныс министрлігінің ARPANET (Advanced Research
Project Agency NET) компьютерлік жүйесі. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір
– бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып
отыру үшін АҚШ – ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап
тапқан. 60 жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда
компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжiрибенiң ойдағыдай
жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, алғаш рет 1969 жылы
Қазанда бір компьютерден екінші компьютерге ақпарт алмастырды. Сол кезде
қолданыған компьютердің бірі Honeywell DDP – 516 болды. Оның бағасы 80 мың
доллар тұрды. Оның сыйымдлығы 12 Кбайт, шамамен қазіргі заманауи
калькулятордай болды. Ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу
орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт
мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. ARPA
агенттігінде ақпаратты өңдеу технологиясында Роберт Тейлор (Robert Taylor)
жетекшілік етті.
1958 жылы АҚШ – та ARPA – ның құрылуы (Advanced Research Project Agency).
1960 – жылдар ARPANet компьютерлік желісінің жобасы
• желінің орталығы жоқ – өміршеңдік;
• жаңа желіні қосқанда оны қайта жасаудың
қажеті жоқ;
• желілер бір – бірімен арнайы тораптар – шлюздар арқылы
байланыстырылады;
• деректерді пакеттеп тасымалдау әдісі;
1968 жылы 4 компьютерден тұратын компьютерлік желінің жаңа типі.
1972 жылы Желі 50 университет пен лабораторияны біріктірді .
1974 жылы TCPIP ақпаратты тасымалдау протоколы жасап шығарылды
Алғашқы қызмет түрлері:
• TelNet – компьютерді командалық қатарлар режимінде қашықтан
басқару
• FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды қабылдау мен жеткізу
• Электронды пошта (e-mail, electronic mail) – хат – хабар алмасу
1982 жылы Европалық UNIX – желі (бұған дейін – АҚШ, Канада,
Англия)
1983 жылы ARPANet желі екі бөлікке бөлінген:
• MilNet – АҚШ – тың соғыстық мақсаттары үшін
• Internet – қоғамдық желі
1984 жылы Домендік аттар жүйесі (DNS)
(www.mail.ru түріндегі адрестер)
1989 жылы Интернетте 100 000 компьютер.
1991 жылы WWW – тің (World Wide Web) ойлап шығарылуы – Т. Бернес - Ли,
деректерді гипертекст түрінде тасымалдау
1991 жылы ТМД елдері Интернетке қосыла бастады.
1994 жылы Алғашқы Интернет – магазиндер.
2000 жылы 20 млн – нан астам сайт.
Желі туралы жалпы мағлұмат
Компьютерлік желі (ағылшынша: сomputer network) – бір – бірімен
мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары
көмегімен қарым – қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған
жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютердің және де принтер, модем,
факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір – бірімен
байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет
алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты
компьютердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен
тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілер жергілікті желі (LAN), ауқымдық желі (WAN) болып
бөлінеді. Жергілікті желі (LAN) – бір ғимарат ішіндегі немесе қатар
орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір –
бірімен байланыстырады, яғни 2 – 2,5 км арақашықтықты байланыстырады.
Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте
жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100мегабитке де жетеді.
Гигабиттік жылдамдықтың да аулы алыс емес .
Ал компьютерлік ауқымдық желіге (WAN) келетін болсақ, онда олардың ара
қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр
құрылықтарда орналасқан компьютерлерді бір – бірімен байланыстыратын
ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа
фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек,
көптеген телефон каналдары, жер серіктері байланысу мүмкіндіктері қажет.
Ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай
жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы
секундына 2400 – 57600 биттер аралығында болады.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе
телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін.
Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

Ауқымды желі – Интернет туралы ұғым

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының
әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды
біріктіріп отыр.
1983 жылы ARPANET желісі екіге бөлінді: MilNet – АҚШ – тың соғыстық
мақсаттары үшін, ARPANET – ғылыми зерттеу қоғамдық желісі болды. Жалпы АҚШ
– та 1986 жылдан ауқымдық желінің бастауы Интернет пайда болды деп көреді.
Интернет ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990 – шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы
оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай
одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың
номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын
әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi
басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық
агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жәрдем беруге әзiр.
Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен
таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын
әуесқойы да, бәрi – бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi
тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ – да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ.
Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл
желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан
ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
INTERNET тек желі ғана емес, ол – желілердің желісі. INTERNET көптеген
байланыс желілерін бір – бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен
компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде,
университеттерде, комерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде,
тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET – тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер
нақты BBS тәрізді жұмыс жасайды (шындығында, INTERNET компьютерлерінің
көпшілігі BBS сияқты жұмыс жасамайды, бірақ әркім одан файлдар алып,
мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға
мұрсат алады). INTERNET – ке қосылу дегеніміз басқа жерлерде тұрған 1000 –
даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.
INTERNET ақпарат магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы
арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET – тегі жүйенің нөмерін
теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен
байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз.
INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қажет.
Жалғыз телефон компаниясы болмайтын сияқты INTERNET компаниясы да біреу
емес.
INTERNET – пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер
әрбір компьютерді INTERNET – ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше
түрі бар, олар:
• Қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
• Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар;
• Почталық байланыстар;
Тұрақты қосылып тұратын байланыс – мұнда жеке компьютер тікелей TCPIP
желісіне қосылған (Transmission Control Protocol Internet Protocol –
жеткізуді басқару протоколы интержелі протоколы) түрінде болады. Бұл
INTERNET – тің бір шекті бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен
тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс
ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады. Ерекшеленген
немесе тұрақты байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады.
Провайдер компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш
INTERNET – ке қызымет ететін компьютермен (хост компьютері) қосатын телефон
каналын жалдап алады. Телефон каналы мен INTERNET арасындағы байланыс
тұрақты сақталып, сондықтан провайдер – компаниясының компьютерімен
байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз
компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET арқылы мәлімет жібере
алады.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point – to – Point
Protocol немесе PPP деп аталады (Serial Line Internet Protocol – тізбекті
желі үшін INTERNET хаттамасы, Compessed Slip – тығыздалған Slip, Point –
аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCPIP секілді, бірақ
телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл
түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге
қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол
желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен телефон нөмері қажет
болады. Солар хост – компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip – пен
байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.
Почталық байланыс. Internet – пен қосыла алатын бірнеше почталық
байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер
бірден Internet – пен почталық байланысқа кіре алады. Олар почтасын
Internet – ке қосып беріп, одан да бірден хат – хабар ала береді.
CompuServe жүйесінде почта адресі алдына Internet деп жазып қойылады. Бұл
ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін
пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network
gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы
байланысады.
Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі
тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да
UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін
жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.

Интернеттiң негiзгi қосымшалары

E-mail (Electronic Mail) – электрондық почта. Желі тұтынушылары
арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы
почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook
Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар
ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін
теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме
арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.

E-mail адрестік құрылымы:
есім@ мекеме.домен
Мысалы:
common@Abilaykhana.kz
Jetlena@mail.kz
Usenet – бір – бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық,
бейформалдық, дәлірек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ - нің буындары
Unix операциондық жүйесінің архитектурасы
Мекеме жетекшісі
Бастапқы сандық сигнал
Жергілікті желі желілерін құру технологиялары
GSM мобильді байланыс стандарты
Есептеу желілері
ENRC корпорациясы үшін радиорелейлі жүйелер негізінде резервтік радиоарна құру
Компьютерлік желілер. Желілер жөнінде жалпы түсініктер
Сан жүйесінің аты
Пәндер