Интернет - бүкіләлемдік желі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Интернет - бүкіләлемдік желі
Дайындаған: Ғаладинұлы. Б
Курс: І
Топ: Г-29-1
Қабылдаған : Шилибекова А.
Тараз 2010
МАЗМҰНЫ
Интернет - бүкіләлемдік желі
Интернет құрылысы
Компьютерлік торап дегеніміз не?
Интернетке қосылу үшін не істеу керек?
Қазақ интернеті: форумдар
Интернет - бүкіләлемдік желі
Интернет ( Interconnected Networks ) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.
2008 ж. ортасына таман Интернетті пайдаланатын адамдар саны 1, 5 млрд-тан асты. Ресейде барлық мектептер 2008 жылдан бастап Интернет жүйесіне қосылған компьютерлермен жабдықталған.
Бес жыл ішінде Интернетті пайдаланушылар саны 50 миллионнан да асты. Басқа БАҚ өкілдеріне осындай танымалдыққа жету үшін көп уақыт керек болатын:
2010 ж. 22 қаңтарынан Интернетке Бүкілхалықтық космостық станциялар қосыла алатын болды.
Интернеттегі ақпараттық қорларға пайдалану бостандығы мемлекеттік шекаралармен немесе ұлттық домендермен шектелмейді, бірақ тілдік шекаралар сақталады. Интернетте басым қолданылатын тіл ағылшын тілі. Екінші орында қытай тілі, ал үшінші - испан тілі.
Интернет желісін құру және нормативтік негіздерінің ұтымдылығы бойынша үдеріс 80 жылдардың басынан бастап Еуропа және АҚШ-та (және бірқатар басқа да шет елдерде) басталған.
Қазіргі уақытта Интернет желісі қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірнеше деңгейі қалыптасты:
1) халықаралық;
2) өңірлік (Еуропалық одақ және ТМД шеңберінде) ;
3) ұлттық.
Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті заң шығарушы қарастырып отырған құқықтық қарым-қатынастар саласын реттеуге ұмтылады.
Интернет желісінің трансшекаралылығы Интернет желісіндегі құқықтық қарым-қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу, қолданыстағы ережелер мен әдеттегіліктерді біріздендіру қажеттілігін құрайды.
Интернетті пайдаланатындардың барлығы- тек бір нәрсені ғана іздейді. Ол - ақпарат. Оның негізгіқайнар көздері адам және машина. Интернет арқылы өзің сияқты адамдармен танысыуға болады.
Интернет тораптарын потенциалды пайдаланатындар деп:
Бұл жағдайда Іnternet бір қайықта жүзіп, келе жатқан басқалармен де танысуға мүмкіндік береді. Іnternet -тен электронды конференцияны табуға болады.
Сонымен қатар есептеуіш қорларына кіруіне қамтамасыз етеді. Оқытушы компьютермен НАСА арқылы космос программасынан ақпарат алуға болады. Және де өткенді, қазіргіні, болашақтағы космос төңірегіндегі ғылымнан толық ақпарат береді. Библия, Құран, Тору қасиетті кітаптарынан қажетті цитаттарды алу мүмкіндігі толық бар. Бұл прогресте сіз өз ережелеріңізбен ойлайсыз.
Интернет құрылысы
Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланылатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез-келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер дегеніміз - қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар, т. б. мәліметтер сақталады.
Торапқа қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлар арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет порвайдері болып қызмет атқаратын Интерент трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т. б. мекемелер жұмыс істейді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері - ІSP (Іnternet Servіce Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Компьютерлік торап дегеніміз не?
Сіздің компьютеріңіздің дискісі қанша үлкен және онда көп ақпарат сақталсада файлдар қажет болатын жағдай туады. Ең қарапайым тәсіл - оларды дискет арқылы көшіру. Ал егер файлдар үлкен болып, дискетке симаса? Ал егер олар көп болса? Мұндай проблеманы шешудің қарапайым варианты - компьютердің торапқа топтастырылып, оларды параллель немесе бір ізді тораптар арқылы қосып, және де арнайы программа көмегімен, мысалы, түзу кабельді жалғау арқылы мәліметтер беруін қамтамасыз етуге болады. Ол үшін қосатын кабельдер ғана қажет. Алайда, осылай қосылған жағдайда мәліметтер беру жылдамдығы төмен болады. Және осылай қосу тек бір бөлменің шеңберінде ғана болуы мүмкін. Егер де мәліметтермен әртүрлі бөлмелерде немесе бір мекеменің әр этажындағы орналасқан компьютерлерде алмасу үшін, компьютерді арнайы тораптық адаптерлер арқылы кабельдер көмегімен бір торапқа байланыстырады. Мұндай жағдайда мәліметтермен алмасу жылдамдығы едәуір жоғары болады. Компьютерлерді біріктіре отырып, компьютерлік торап олардың ақпарат пен қорларын бірыңғай қолдануын қамтамасыз етеді. Ақпарат - бұл дискіде орналасқан файлдардағы берілгендер және бағдарламалар, ал қорлар - қатты дискеттер, принтерлер, модемдер және басқа да құрылымдар.
Компьютерлік тораптың екі түрі бар: бөлінген серверлі торап немесе көпрангілік және біррангілік тораптар.
Көпрангілік торапта бір немесе бірнеше компьютерлер болады, олар сервер деп аталады. Тораптық операциялық жүйе басқаруымен жұмыс істейді және өзінің үлкен дисклерінде ондаған мың файлдарды сақтайды. Сонымен қатар, оларға принтерлер қосылған. Торапта компьютерлер жұмыс істейтін станцияны клиент деп атайды. Олардың әрқайсысы серверлерге жолы ашық және программа мен мәліметтерді пайдалануға тораптық принтерлерде басып шығару мүмкіндікткері болады. Бірнеше пайдаланушы бір мезетте мәліметтердің базасымен жұмыс істеп, файлдарды редакциялау, арнайы тораптық программаларды пайдалануға болады. Тораптардың осындай түрі үлкен көлемдегі ақпарат сақталатын ірі организациялар мен фирмаларда қолданылады.
Біррангілік торапта әр компьютерде жұмыс станциясы да, сервер де болып жұмыс істей алады. Осындай тораптағы әр компьютер осы тораптың басқа компьютерлеріне кіре алады. Оның дискеттерінде файлдарды сақтайды және оқиды. Ал жерде орналасқан программаларды іске қосуға, қосылған принтерде басуға мүмкіндік бар. Біррангілік тораптар кішігірім мекемелер мен офистерде қолданылады.
Компьютерлік тораптар бір мекемеде немесе бір организацияда орналасқан компьютерлерді байланыстырады. Байланыстың қысқа толқындары ақпаратты коаксиальді кабельдер және оптикалық жарықшақ арқылы жіберуге мүмкіндік береді. Мұндай тораптар сауда фирмаларында, банктерде, оқу орындарында қолданылады.
Интернетке қосылу үшін не істеу керек?
Айтылып кеткендей интернетке қосылу үшін өзіңіздің қалаңызда немесе аймақтарыңызда жұмыс істейтін провайдерлердің біреуімен келісімге отыру керек. Келісімге отырып провайдер қойған бағамен ақшасын төлегеннен кейін, сіз өзіңізге керекті деректі аласыз: қолданушының аты, пароль, телефон номері, файл - сценарияй және т. б. Сонымен қатар провайдер торабына қосылудың инструкциясын аласыз. Осыдан кейін барып модемді қойып, оның жұмысының параметрін баптайсыз. Егер де сізде модем болмаса оны сатып алу үшін провайдердің мамандарынан кеңес алуыңыз керек. Сіз провайдерде бар модемді пайдалансаңыз жақсы сапа ала аласыз. Мысалы, егер де провайдерде ІДС типіндегі модем тұрса, сізге де сол типтегі модемді алуға кеңес береді. Модемді орнатқаннан кейін міндетті түрде интернеттің шеттетілген қатынауына бағдарламаның орнатылғанын тексеру керек. Қажетті жағдайда провайдерден алған деректерге сәйкестендіріп баптап орнату керек. Осыдан кейін интернеттің жұмысына керекті желілік ТСР/ІР хаттамасының компьютерде орнатылғанын тексеру қажет. Орнатылмаған жағдайда орнату керек. Келесі кезеңде шеттетілген қатынауды жаңадан біріктіріп, провайдерталаптарына сәйкестіріп баптау керек. Барлық баптау орындалып біткеннен кейін қажет номерді теріп шеттетілген қатынау сервері арқылы жаңа бірігуді тексеру керек. Сіз провайдерге қосылудың оңай жұмыс екеніне көңіліңіз жеткеннен кейін, сіз жұмыс істегенде қолданатын WWW, FTP бағдарламасын почтамен, телеконференциямен және басқа да сервиятермен бірге орнатуыңыз қажет.
Қазақ интернеті: форумдар
Әлемторда қазақ тілінде мәліметтердің қашан, қалай пайда болғанын анықтау емес, мендік мақсат - қазіргі біздің алдымызда тұрған негізгі мәселелер мен қазіргі жағдайымыз. Интернетте қазақ тілінде сайттар мен блогтар, күн санап болмаса да бірте-бірте көбейіп келеді.
Соңғы бір екі жылдың ішінде интернетте қазақ тілінде мәліметтер толысып, көбейіп келеді. Бұл жайтты бірінші кезекте, қазақтілділер үшін интернетке шығу мүмкіндігі кеңейгендімен байланыстырамын. Мәселен, осы уақытқа дейін интернетте көбіне қаланың орыстілді жастары белсенді болып келсе, соңғы жылдар ішінде форумдардан түкпірдегі ауылдың оқушылары да өз үндерін білдіре бастады. Интернеттің бағасы қымбат болған тұста, әлемтор көбіне жұмыс мақсатында пайдаланып келді. Қазақтілді редакциялардың көпшілігінде әр журналистке интернетке шығу үшін шектеу қойылатын. Қазіргі кезде жағдай өзгеріп, журналистер қауымы, ғаламторға емін-еркін сүңгіп, қажеттісін сүзіп алып жүр. Қазақ тілінде ақпарат беретін сенімді ақпарат агенттігі ретінде “Қазақпарат” танылса, қазір сұраныс өскендіктен “Қазақстан Тудей”, “ҚазТАГ”, “Интерфакс” та мемлекеттік тілде ақпарат ұсынуда. Бұл жайт бірінші кезекте ақпарат таратудағы заңдылықты сақтау болса, екіншіден, қазақтілді қолданушылар тарапынан ақпаратқа деген зәруліктің туындағанын ескеру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz