КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЛАР
КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЛАР
Жоспар
1. Кестелік процессорлардың негізгі мүмкіндіктері
2. Кестелік процессорлардағы негізгі объектілер
3. Ұяшықтар мен блоктарды абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестеу
4. Формула және функция
5. Диаграмма құру
Кестелік процессорлардың негізгі мүмкіндіктері
Есептеулерді (бухгалтерлік, шаруашылық т.б) жүргізуге арналған
программаларды кестелік процессорлар деп атайды. Көп қолданылатын
процессорлар: Microsoft Excel, SuperCalc, Lotus 1-2-3, Quatro Pro.
Кестелерді өңдеуге жататын негізгі іс-әрекеттер:
• Электрондық кестелерді құру және редакциялау;
• Көпкестелік құжаттарды құру;
• Электрондық кестелерді көркемдеу және баспаға шығару;
• Кестелерді сұрыптау, сұраулар бойынша берілгендерді іріктеу;
• Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып есептеулер жүргізу;
• Түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу;
• Тиімді ету мәселелерін зерттеу;
• Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын
таңдап алу;
• Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу;
• Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу
тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Бірақ Excel жәй
программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі
есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі
мәлеметтердің негізінде түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қорын
даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б.
қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана
емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және
жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
Кестелік процессорлардағы негізгі объектілер
Кез-келген кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және
жатық жолдар) тұрады. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол
ұяшыққа мәліметтерді (текст, сан, формула) енгізеді. Кестеде жол
нөмірленеді, бағаналар латынның бас әріптерімен белгіленеді.
Жол нөмірі электрондық кестеде қатарды анықтайды. Жол нөмірлері жұмыс
тақтасының сол жағында жазылады.
Бағана әріптері электрондық кестеде блоктарды анықтайды, олар жұмыс
тақтасының бастапқы жолында (6-шы жол) жазылады. Блоктар келесі ретпен
нөмірленеді: A-Z,одан соң AA-AZ, одан соң BA-BZ, одан соң CA-CZ т.с.с.
Ұяшық – кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта текст, сан, формула, деректер
жазылады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес бағана әріптері мен жол
нөмірінен тұрады.
Ұяшық көрсеткіші – ағымдық ұяшықты көрсетеді, ұяшық көрсеткіші
жылтырауық төртбұрыш түрінде кескінделеді.
Ағымдық ұяшық көрсеткішпен белгіленеді.
Блок – сыбайлас ұяшықтардан тұратын тіктөртбұрышты аудан. Блок бір
немесе бірнеше ұяшықтардан тұрады.
Блок адресі қарама-қарсы (сол жақ жоғары, оң жақ төмен) жатқан
бұрыштарының координаталары арқылы белгіленеді.
Ұяшықтар мен блоктарды абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестеу
Әрбір ұяшықтың өзіндік адресі бар. Егер ұяшыққа формула енгізілсе, онда
оны содан кейін жылжытуға, көшіруге немесе ұяшықтар блогына таратуға
болады. Формуланы кестедегі жаңа орынға ауыстырғанда формуладағы сілтемелер
өзгермейді, ал бұрын формула тұрған ұяшық бос қалады. Көшіру кезінде
формула кестедегі жаңа орынға ауысады, сілтемелер өзгереді, бірақ бұрын
формула тұрған ұяшық өзгеріссіз қалады. Формулаларды көшіру кезінде
ұяшықтар немесе сілтемелер адрестерінің өзгерістерін басқару қажеттілігі
туындайды. Ол үшін ұяшықтар немесе сілтемелер адрестері символдарының
алдына "$" символдары қойылады. Алдына "$" символы қойылмаған ұяшық
адрестерінің атрибуттары ғана өзгереді. Егер ұяшық адрестерінің барлық
атрибуттары алдына "$" символы қойылса, онда формуланы көшіру кезінде
сілтеме өзгермейді. Егер сілтемеде "$" символы қолданылатын болса, онда ол
абсолюттік, ал қолданылмаса салыстырмалы деп аталады. Абсолюттік адрестер
формуланы көшіру кезінде өзгермейді, ал салыстырмалы адрестерде белгілі бір
шамаға жылжу орын алады.
Формула және функция
Excel-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол
ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы
арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы
керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек.
Жиі қолданылатын функциялар үшін саймандар тақтасында батырмалар
бекітілген. Формулалар жұмысының нәтижесінде жаңа мән алынады. Егер
формулада сілтеме көрсетілген ұяшықтардағы мән өзгертілсе, нәтиже автоматты
түрде өзгереді. MS Excel-де функциялар жұмысшы кітаптарда стандартты
есептеулерді орындау үшін қолданылады. Функцияны есептеу үшін қолданылатын
мәндер аргументтер деп аталады. Функцияны қолдану үшін оны формуланың бір
бөлігі ретінде ұяшыққа енгізу керек. Функция аргументтері функция атынан
кейін дөңгелек жақшаға жазылады және бір бірінен ";" символымен
ажыратылады. Аргумент ретінде сандарды, текстті, логикалық мәндерді,
массивтерді, сілтемелерді қолдануға болады. Жұмыс істеуге қолайлы болу үшін
функциялар мынадай категорияларға бөлінген: 1)мәліметтер қорын және
тізімдерді басқару функциялары; 2) күн және уақыт функциялары; 3)
инженерлік функциялар; 4) қаржылық функциялар; 5)логикалық функциялар; 6)
стстистикалық функциялар; 7) текстік функциялар; 8) математикалық
функциялар.
Диаграмма құру
Excel-дің бір жақсы қабілеті сандық қатарлар мен бағаналар сандарын
графиктер мен диаграммаларға айналдыра алады.
Диаграммалар – деректерді графикалық бейнелеудің ыңғайлы сайманы.
Диаграммалар өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік
береді, бұл жұмыс парағының әр ұяшығын мұқият қараудан жеңіл әрі түсінікті.
Диаграмма ұяшықтарда байқалмай қалған қателерді көруге көмектеседі.
Excel-де 14 түрлі екі-үш өлшемді диаграммалар бар. Диаграмма мен
графикті Диаграмма шебері арқылы құрған жеңіл. Excel-дің бұл функциясы бес
диалогты терезесі арқылы диаграмма (график) тұрғызуға және оны жұмыс
парағына салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.
Құрылған диаграммаға әр түрлі өзгерістер енгізуге болады. Диаграмма
типіне байланысты оның әр түрлі бөліктерін бөліп алып форматтауға болады.
Егер кестеге өзгерістер енгізілсе, сәйкес диаграммада да өзгерістер болады.
№1 практикалық жұмыс
MS Excel-де логикалық формулалар құру
Сабақтың мақсаты:
1. Әр түрлі жағдайлар үшін есептер құруды үйрену.
2. МS EXSEl-де логикалық формулалар құруды үйрену.
Әдістемелік нұсқаулар. Компьютерлік модельдеу – ақпараттық және
математикалық модельдер негізінде компьютерлік модельдер құру. Ол
модельдеу жүргізілетін қолданбалы программамен тікелей байланысты.
Компьютерлік модельді құру кезінде кестелер формасында мәліметтердің үш
негізгі облысын көрсету керек:
1. Алғашқы мәліметтер – "қолмен" енгізілетін айнымалы параметрлер.
2. Математикалық модельдер негізінде құрылған және электронды кестелер
ережелері бойынша жазылғанформулалар бойынша жүргізілетін аралық
есептеулер.
3. Нәтижелер.
Формулаларды құру кезінде алғашқы және аралық мәліметтерге сілтемелерді
қолданады.
1-тапсырма.
Жаңадан үйренуші спортшылар тобында шынықтыру жаттығулары өтіп жатыр.
Топтың әр мүшесінің жасы мен жүрегінің соғу жиілігі белгілі. Өткізілетін
шынықтыру жаттығуларының тиімділігін автоматты анықтауға мүмкіндік беретін
зерттеу жүргізу керек.
Ескерту. ЖСЖ максимальді мәнін және мүмкін болатын ЖСЖ диапозонын есептеу
үшін ОБЖ курсында оқылатын формулалар қолданылады.
1. Берілген жағдайдың ақпараттық және математикалық моделін құрыңыз.
2. Оқытушының берген мәліметтерін A, B, C бағандарына енгізіп, үлгі бойынша
есептеу кестесін орындаңыз.
A B C
2Аты-жөні Жасы ЖСЖ, Макс. Мүмкін ЖСЖ диапазоны, Жатты-ғул
минсоЖСЖ, минсоғыс ар
ғыс минсоғыс эффекті-с
і
3 Минимальді Максимальді
4
5
3. D, E, F бағандарына сәйкес есептеу формулаларын, ал G бағанына логикалық
формуланы енгізіңіз.
2-тапсырма.
Дүкенде кафель плиткасы сатылады. Бір плитканың аты мен көлемі белгілі. Бір
моншаға керекті плиткалар санын автоматты түрде есептеуге мүмкіндік
беретін зерттеу жүргізу керек. Бөлменің биіктігі - h, ұзындығы - a, ені -
b. Сонымен бірге бөлме ауданының 10%-тін есік пен терезе алып тұратындығын
ескеру керек, ал плитканың 5%-і кесу мен ұсақтауға кетеді. Және де қосымша
10 плитка сатып алу керек.
1. Берілген жағдайдың ақпараттық және математикалық модельдерін құру.
A B C D E
1 Кафель плиткасының санын
есептеу
2
3 Бастапқы мәліметтер Аралық есептеулер Нәтижелер
4
5 Плитка
6 Аты ҰзындығЕні, м Бір плитканың ауданы Барлық
ы, м плиткалардың
саны
7 Үлгі 1 0,20 0,15
8 Үлгі 2 0,20 0,17
9 Үлгі 3 0,20 0,20
10 Үлгі 4 0,25 0,15
11 Үлгі 5 0,25 0,20
12 Үлгі 6 0,25 0,25
13
14 Ванна Жардың ауданы
бөлмесі
15 Биіктігі 2,2
16 Ені 1,5
17 Ұзындығы 3
№2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
КІТАПТАР ЖӘНЕ БЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ.
МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕНГІЗУ. ҰЯШЫҚТАРДЫ ЕРЕКШЕЛЕУ.
ЕСЕПТЕУ ФОРМУЛАЛАРЫ АРҚЫЛЫ КЕСТЕ ҚҰРУ.
Жұмыстың мақсаты: MS Excel құралдарының көмегімен кесте құруды, кесте
ішінде есептеу формулаларын құруды және кестені форматтауды үйрену.
Excel электрондық кестесі жазылған әрбір файл, бірнеше беттерден
тұратын байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты
жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналады. Беттердің
немесе парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп
тұрады. Әдетте электрондық кесте іске қосылған мезетте 1-бет (лист 1)
екпінді болады, келесі немесе басқа бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың
жарлығында тышқанды шертеміз. Ал қажетті беттің жарлығы экранда көрінбей
тұрса, жарлықтардың сол жағындағы бағыттауышта (3,4) тышқанды шерте отырып,
жылжытамыз.
Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар
тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін блок немесе
торлар аралығы деп аталады. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы
ұяшықтардың адресі қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2
ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2:D8 түрінде көрсетіледі.
Excel электрондық кестесінде сан ретінде қабылданған мәлімет ұяшықтың
оң жағына ығысып орналасады.
Электрондық кестеге уақыт және күн-ай мерзімі енгізілгенде Excel 97
программасы оларды арнай сандар ретінде қабылдайды, яғни олар ұяшықтың оң
жағына қарай ығыстырылады. Уақыт мерзімдері сан ретінде қабылданатындықтан
оларға сандық мәндерге қолданылатын барлық амалдарды орындау мүмкіндігі
бар. Күн мен ай және жыл мезгілдері шамалары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz