Аш ішектің құрылысы


Аш ішектің құрылысы және астың қорытылуы. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан оқтын-оқтын ас қорыту жолының келесі бөлігі - ішекке өтеді. Қоректік заттар аш ішекте одан әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді.
Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүртіктермен қапталған. Бүртіктердің астында қылтамырлар мен лимфа орналасады. Бүртіктердщ аш ішектегі асты сіщріп (сорып) алатын көлемі 4-5 м 2 -ден 400-500 м 2 -ге дейін болады. Аш ішектің ұзындығы 3-3, 5 м. Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Ұйқы безі сөлінің ферменттері сілтілі ортада ғана әсер етеді және оның қызметін өт күшейтіп отырады. Ac қорыту сөлі ферменттерінің әсерінен белок, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды.
Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1, 5 кг) . Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.
Бауырдың қызметі:
- улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі) ;
- көмірсу, май және белок зат алмасуына қатысады;
- өтті өндіреді (күніне 1, 5 л) .
Өттің қызметі:
- ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді;
- майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу;
- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;
- аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;
- ішектегі шіру процесін тоқтатады.
Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т. б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады.
Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар.
Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады.
Тоқ ішектін құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Тоқ ішектің кілегейлі қабықшасында бүр болмайды. Оның бездері құрамында ферменттері аз, ал кілегейлі заты көп сөл түзеді, осындай кілегейлі зат арқасында қорытылмаған ас қалдықтары ілгері жылжып, организмнен оңай шығарылады. Тоқ ішекте бактериялар көп болады. Олар астың қорытылуына жәрдемдеседі, бактериялардың қатысуымен кейбір витаминдер түзіледі. Бір мезгілде К витамині және В тобы синтезі іске асады. Тік ішектің дефекациясы - күрделі рефлекторлық акт, яғни бұл кезде диафрагма (көкет) мен қарын бұлшық етінің қабырғасы жиырылады. Бұл рефлекстің орталығы жұлынның құйымшақ бөлімінде орналасып, оның әрекетін бас миы реттейді.
Аш ішек арнасы (IG)
Аш ішек арнасына 19 нүкте кіреді.
IG-Шао-цзэ (Shaoze) Бұл антикалық Jing-dist темір-тегіне сәйкес келетін нүкте. Аш ішек арнасының бастама нүктесі. Аш ішек арнасының тарамыс бұлшықетін сергітуші, шүйде тармағына әсер ететін Fu Аш ішектің мерзімдік нүктесі: қысқы мерзімді сергітеді. Ал “ұзақ жаз” уақытында таратады. Нүктенің орналасуы: қолдың V саусағының тырнақ түбірінен шынтақ сүйегі жағына 0, 1 цунь қашықтықта орналасқан. Ине қою тәсілі: ине шаншу тереңдігі 1 фэнь 2 тыныс шығарғанда дейін инені қалдырады. 1-3 конуспен қыздырып емдейді. Тік бағытта 0, 3 см қиғаш бағытта 0, 5-0, 7см тереңде кәрі жілік буынына бағыттап ине қояды. Үш қырлы инемен қан алып дауалауға болады.
IG-2 Цянь-гу (Qiangu) Бұл антикалық Ying, су тегіне сәйкес келетін, құлақтың ішкі беті, мұрын, санның ішкі беті, кеуде сарайының арналық тармақтарына әсер ететін нүкте. Яғни көктемде сергітеді, күзде таратады.
Нүктенің орналасуы: Шынтақ жағында алақан саусақ сүйектерінің буын жасаған жерінде (ойыстау) орналасқан. Ине қою тәсілі: ине шаншу тереңдігі 1 фэнь 3 тыныс алуға қалдырады. 1-3 конус аралығында қыздырып емдейді. Тік бағытта 0, 3 см шынтақ жақтан кәрі жілік жағына бағыттап (ине ұшын) ал қиғаш 0, 5-0, 7 см ине ұшын кәрі жілік білезік буынына бағыттайды.
IG-3 Хоу-си (Houx) Бұл антикалық Shu ағаш тегіне сәйкес келетін. Аш ішек арнасын сергітетін және Du Mai таңғажайып арнасының кілті болып есептеледі. Көз ауруларында арнайы нүкте ретінде қолданылады. Көздің сырт қы бұрышында, құлақ, мойын, бет, батыр-аяқ басы буынның арналық тармақтарына әсер ету нүктесі: Аш ішектің Fu мезгілдік нүктесі жазғы мезгілде қуаттайды ал, күзгі мезгілде таратушы әсер береді. Нүкте V саусақтың алақан саусақ сүйектерінің буынынан артқа жынтақ жәләк жағында орналасқан. Жұдырықты түйгенде анықтап табады.
Инені 1 фэнь тереңде 2 тыныс шығарғанға дейін қалдырады. 1-7 конуспен қыздырып емдейді. Иненің тік бағытта 1-1, 5 см тереңдікте ине ұшын шынтақ жіліктен кәрі жілікке бағыттап салады. Ал қиғаш бағытта 1-1, 5 см тереңдікте ине ұшын V алақан саусақ негізіне бағыттап салады.
IG 4 Вань-гу (Wangu)
Бұл антикалық Yuan ағаш тегіне сәйкес келетін аш ішек арнасының бастама нүктесі. Ауырсынуға қарсы (білезік аумағы) нүкте. Бет, құлақ, мойынның сыртқы бетінде аяқ буындарындағы, кіші және ортаңғы жамбас бұлшықеттерінің санның ішкі бетіндегі тармақтық арналарына әсер етуші нүкте. Нүкте қолдың шынтақ жілігі жағында V алақан сүйегі мен үшбұрышты (үш қырлы) сүйектің аралығында орналасады. Қолдың басын тік ұстағанда табуға болады. Ине қою әдістемесі: ине шаншу тереңдігі 2-3 фэнь 3 тыныс шығарғанға дейін қалдырады. 3-7 когнуспен қыздырып емдейді. Тік бағытта 1, 5-2 см шынтақ жақтан кәрі жілік жағына қарай бағыттап салады. Ал қиғаш бағытта 0, 7-1, 5 см тереңдікте V алақан сүйектерінің негізіне қарай бағыттап салады.
IG 5 Ян-гу (Yanggu)
Бұл нүкте антикалық jing - prok оттегіне сәйкес келетін Аш ішек арнасының тарамыс - бұлшық етті сергітуші мойынның бүйір бетінің төменгі жақ тістердің тармақтарына әсер етеді. Fu аш ішектің мезгілдік нүктесі “ұзақ жазда” қанымдап көктемде таратуыш әсер береді.
Иненің орналасуы: шынтақ жіліктің біз тәрізді өсіндісі мен бұршақ тәрізді сүйектің арасында орныққан. Инені 2 фэнь тереңдікте инені 3 тыныс шығарғанға дейін қалдырады. 3-7 конуспен қыздырып емдейді. Тік бағытта 0, 5 см. Ал қиғаш бағытта 0, 7-1, 5 см тереңде қояды.
IG 6 Ян-Лао (Yanglao)
Аш ішектің XI нүктесі. Көз, құлақ, аяқ буындарының тармақтарына әсер еткші нүкте.
Нүктенің орналасуы: IG 5 янгу нүктесінен жоғары қашықтықта орналасқан. Ине қою әдісі: 1-2 фэнь тереңдікте 3 конуспен қыздырып емдейді. Инені тік бағытта 1 см. ал қиғаш бағытта 2-3, 5 см тереңдікте МС-6 Нэй-гуань нүктесіне бағыттап салады.
IG 7 чжи-чжен (Zhizheng)
Аш ішек арнасының Lo нүктесі жақтардың капталдың тармақтарына әсер етуші нүкте. Нүктенің орналасуы: IG-5 және IG-8 нүктелерін қосатын сызықтар кәрі жілік безін буыннан 5 цунь жоғарыда орналасқан. Ине қою әдісі: Ине шаншу тередігі 5 фэнь. 3 конуспен қыздырып емдейді. Тік бағытта 1 см тереңде ине салады. IG-8 сяо-хай (Xiaohai)
Бұл нүкте антикалық немесе жер тегіне жататын нүкте. Аш ішектің тынышталдыратын нүктесі. Көз, мойын, сыртқы бетінің тармақтарына әсер етуші. Нүктенің орналасуы: Шынтақ буынында иық сүйегінің (os humerus) ішкі айдарында (сайда) орналасқан. Нүктенің қатты шынтақтың буынның бүгіп табады. Инені 2-3 фэнь тереңдікте 7 тыныс алғанға дейін қалдырады. 3-7 конуспен қыздырып емдейді. Тік бағытта 0, 5 - 1 см, ал қиғаш 1, 5-2 см ине ұшын иыққа бағыттап салады.
IG 9 Цзянь-чжен (Jianzhen)
Құлақ тармақтарына әсер етуші нүкте. Нүктенің орналасуы: қолтықтың артқы жегінде 1 цунь жоғары иық жауырын буынынан артқа төмендеу орналасқан инені 5 фэнь тереңдікте 3-7 конуспен қыздырып емдейді. Тік бағытта 2 см тереңдікте ине қояды.
IG 10 Нао-шу (Naoshu)
Аш ішек арасымен Yang Wei Mai, Yang Qiao Mai арналарымен қиылысу нүктесі. Yang Wei Mai және Yang Qiao Mai таңғажайып арналарының нүктесі. Аш ішек арасын таралыс бұлшықеті қуаттаушы. Мойынның сыртқа бетіндегі арна тармақтарға әсер ету нүктесі. Нүкте IG-9 цзянь-чжэнь нүктесінен жоғары жауырының жолы астындағы шұңқырда артқы қолтық асты сызығында орналасқан. Инені 5-8 фэнь тереңдікте 3 конуспен қыздырып емдейді. Тік бағытта 1 см, ал қиғаш бағытта 1, 5-3 см ине ұшын аяқтарға қарап салады.
IG-11 Тянь-цзун (Tianzong)
Иықты көтере алмауда арнайы нүкте есебінде керектенеді. Нүктенің орналасуы: ІС-10 және IG-9 нүктелерінің дәл ортасында IG-12 бин-фэн нүктесінің астында орналасқан өзара үшбұрыш құрайды. Инені 5 фунь 1 цун, тереңде 6 дем алғанша инені қалдырады. 3 конуспен қыздырып емдейді. Тік бағытта 1 см, ал қиғаш бағытта 3-4 см тереңдікте алғашқыда ине ұшын бір жағына кейін екінші жағына инені теріден суырмай салады.
IG 12 Бин-фэн (Bingfeng)
Бұл нүкте орналасқан жерде аш ішек . Асқазан, өт қабы, “дененің 3 қуысы” және тоқ ішек арналарының түйісу нүктесі, нүктенің орналасуы: жауырынның бұғанамен байланысқан (құстұмсық өсіндісін) өсіндісінің жоғарғы жегінде орналасқан. Нүктенің 3 - 5 фэнь тереңдікте 3-5 конуспен қыздырып емдейді. 1, 5 тереңдікте тік, ал қиғаш 1, 5-2 см ал ине ұшын иық буынынына бағыттап ине қояды.
IG-13 Цюй-юань (Quyuan)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz