МҰНАЙ. МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МҰНАЙ. МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ

Мұнайдың физикалық қасиеттері. Мұнай — жанғыш, қара-қоңыр түсті
өзіне тән иісі бар май тәрізді сұйықтық, ол судан жеңіл және суда
ерімейді.
Мұнайдың негізінен көмірсутектер қоспасы екеніне тәжірибеде көз
жеткізу қиын емес. Егер мұнайды 31-суретте көрсетілгендей құралда
қыздырсақ, оның жеке заттарға тән белгілі бір температурада емес,
температураның кең аралығында айдалатынын байқауға болады. Жайлап
қыздырған кезде ең алдымен молекулалық массасы аз, содан кейін
жоғары температурада молекулалық массасы үлкен заттар айдала
бастайды.
Құрамы. Мұнайлардың құрамы бірдей емес. Бірақ олардың бәрінде
де көмірсутектің үш түрі — алқандар (көбінесе қалыпты құрылысты),
циклоалқандар және аромат қосылыстар кездеседі, бұл көмірсутектердін
мөлшері әр мұнай кендерінде әр түрлі болады. Мысалы, Маңғыстау
мұнайы алқандарға, Баку аймағындағы мұнай циклоалкандарға бай
келеді.
Мұнайда көмірсутектерден басқа аз мөлшерде құрамына оттегі,
азот, күкірт және басқа элементтер кіретін органикалық қосылыстар
болады. Ным (смола) және асфальт заттары түрінде жоғары молекулалық
қосылыстар да бар. Мұнай құрамында жүздеген әр түрлі қосылыстар
болады.
Мұнай өнімдері. Зауыттарда мұнайды айдау арқылы оны жеке
фракцияларға бөледі: 40-200°С аралығында қайнайтын құрамында С5—С11
көмірсутектері бар бензин алынатын, 150-250°С аралығында қайнайтын,
құрамында С8—С14 көмірсутектері бар лигроин; 180-300°С аралығында
қайнайтын С8—С14 көмірсутектері бар керосин; бұлардан кейін газойль
алынады. Бұлар — ашық түсті мұнай өнімдері деп аталады.
Қолданылуы. Бензин поршенді двигательдері бар автомобильдер мен
ұшақтарға жанармай ретінде қолданылады. Сонымен қатар майға,
каучукқа еріткіш ретінде, матаны тазартуа, т.б. пайдаланылады.
Лигроинды тракторға жанармай ретінде қолданады. Керосин — трактор,
реактивті ұшақтар мен зымырандардың (ракеталардың) жанармайы.
Газойль дизель жанармайы ретінде пайдаланылады.
Мұнайдан ашық өнімдерді айдағаннан кейін, қара түсті, тұтқыр
мазут деп аталатын сұйықтық қалады. Қосымша айдау арқылы мазуттан
жағар майлары алынады. Бұдан басқа, мазутты химиялық әдіспен өңдеу
арқылы бензинге айналдыруға болады (кейінгі тақырыптардан қараңдар),
сондай-ақ қазан қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланады.
Мұнайдың кейбір іріктемесінен қатты көмірсутектер қоспасы —
парафиндер; қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин
алады. (Парафин мен вазелиннің қайда қолданылатынын естеріңе
түсіріңдер.)
Бензиннің детонацияға төзімділігі. Бензиннің аса маңызды
қасиеттерінің бірі — оның детонацияға төзімділігі.
Детонация құбылысын тусіну үшін іштен жанатын автомобиль
двигателінің қалай жұмыс істейтінін еске түсірейік. Двигатель
цилиндріне бензин буы мен ауа қоспасы сору арқылы барады, қоспа
поршенмен сығылып, электр ұшқыны арқылы от алдырылады.
Көмірсутектер жанғанда түзілетін газдардың көлемі ұлғаяды және
жұмыс істейді. Бензин буының ауамен қоспасы қаншалықты қатты
сығылса, двигательдің қуаты соншалықты күшті болады және
жанармайды да аз жұмсайды. Алайда бензиннің барлық іріктемелерінің
қатты сығылуды көтере алмайтыны анықталды. Кейбір көмірсутектер
сығылған кезде күні-бұрын от алады және қопарылыс түрінде өте жоғары
жылдамдықпен жанады. Қопарылыс толқынының поршеньді соғуынан
цилиндрде дүрсілдеген дыбыс шығады, детальдар уақытынан бұрын тозып,
двигательдің қуаты кемиді. Бензиннің қопарылыс түрінде жануы
детонация деп аталады.
Құрылысы қалыпты алкандар детонацияға өте төзімсіз келеді.
Тармақталған көмірсутектер, сондай-ақ қанықпаған және аромат
көмірсутектер детонацияға төзімді. Олар жанғыш қоспаның қатты
сығылуына жол береді, сондықтан әлдеқайда қуатты двигательдер
жасауға мүмкіндік туғызады.
Бензиннің детонацияға төзімділігін есептеу үшін октан шкаласы
жасалды. Бензиннің әрбір іріктемесі белгілі бір октан санымен
сипатталады. Детонацияға төзімділгі өте жоғары изооктанның (2,2,4-
триметилпентанның) октан саны 100-ге тең деп алынады. Өте оңай
детонацияланатын н-гептанның октан саны — 0. Гептан мен изооктан
қоспасының октан саны, олардың құрамындағы изооктанның (проценттік)
мөлшеріне тең болады.
Осындай шкаланы пайдаланып, бензиндердің октан санын анықтайды.
Егер бензиннің октан саны 76 болса, ондай бензин цилиндрде 76%
изооктан мен 24% гептан қоспасындай детонациясыз қысым туғыза алады.
Мұнайдан бөлініп алынатын бензин әсіресе тармақталмаған
алкандарға бай болса, оның салыстырмалы түрде октан саны төмен
болады. Өңдеудің ерекше әдістерін қолданып (кейінірек танысамыз),
октан саны едәуір жоғары бензин алады.
Іс жүзінде этилденген бензин жиі пайдаланылады. Бұл бензинге
октан санын арттыру мақсатында антидетонат — тетраэтил қорғасын
Рb(С2Н5)4 қосылады. Этилденген бензин жанған кезде одан бөлінетін
қорғасын цилиндрдің қабырғасына қонып және двигательді тоздырмас
үшін оған тағы да шамалы дибромэтан (немесе бромэтан) қосады.
Осындай қоспа жанған кезде қорғасын пайдаланылған газдармен бірге
бромид РbВr түрінде ұшып шығады және айналадағы ортаны ластайды,
сондықтан үлкен қалаларда этилденген бензинді пайдалануға тиым
салынады.

Қазақстанда мұнай өндіру тарихы. Жер көлемі жөнінде әлемдегі ең
ірі мемлекеттің бірі саналатын Қазақстан сондай-ақ орасан зор
табиғат байлығы мен адам ресурстарына да ие. Еліміздің басшылығы осы
ресурстарды тұрғындардың әл-ауқаты деңгейін көтеру бағытында
пайдалану үшін табанды жұмыс жүргізеді.

Қазақстанда мұнай өндіру тарихы 1899 жылдан басталды. Ең алдымен,
Қазақстандағы мұнай өндіру өнеркәсібі бастауында мұнай және газ
жобалары экономикаға құйылар инвестицияның өсуіне ықпал ететін өз
мәніндегі катализаторға айналады. Арада жүз жыл өткен соң, Қазақстан
Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ..мұнай ұлттық
индустрияның тек маңызды саласына айналған жоқ, ол мемлекет
тәуелсіздігінің символына, жарқын болашаққа деген үмітке айналады.
Бүгінде Қазақстан мұнайы Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс
істеуде деген тарихи мәні бар сөз айтты.
Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда,
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Мұнай елімізде
бірінші рет 1899 жылы Ембі-Каспий серіктестігінде Қарашүңгілдегі
мұнай ұңғысынан атқылады. Бұл кен орындарына 60 жылдарда Маңғыстау
түбегінде Өзен және Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да қуатты
Қаражанбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол
(Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл
(Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен
газ шоғырланған 14 алап және 160 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан
қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына 100 жыл толғаны
тойланды. Бүгінде республика жылына шамамен 30 млн тонна мұнай
өндіреді. Шетелге 17млн тоннадай өңделмеген мұнай шығарылады.
Орта Азиядағы ең ірі мұнай жобасы. Шетелдік инвесторлар мен
Қазақстан Республикасы еліміздің табиғи ресурстарын игеруді бірлесе
отырып, табысты жүргізуде. Сондай бірлескен кәсіпорындардың бірі –
Теңіз мұнай кен алаңын игеру мақсатында құрылған Теңізшевройл
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған жоба бойынша шетелдік
инвестиция қаржысының көлемі 20 млрд. АҚШ доллар. Күні бүгін
жарғылық қордағы үлестері бойынша Қазмұнайгаз (20%), Шеврон
Оверсиз Компани (50%), Эксон Мобил Қазақстан Венчурс Инк. (25%)
және ЛукАрко (5%) компаниялары ТШО-ның серіктестері болып саналады.
2003 жыл ТШО-да шикі мұнай өндіру көлемі тәулігіне орта есеппен 35
мұнай тонна (277 мың баррель) деп есептегенде 12,75 млн. тоннаға
жетті. Бүгінгі өнім көлемін 1993 жылғы жылдық көрсеткіш – 940 мың
тоннамен салыстырғанда, арада өткен жылдарда өндіріс деңгейінің
қаншалықты өскендігін көреміз.

МҰНАЙДЫ ӨНЕРКӘСІПТІК ӨҢДЕУ

Енді халық шаруашылығына қажетті мұнай өнімдерінің өнеркәсіпте
қалай алынатынымен танысайық. Табиғи мұнай құрамында су, минералды
тұздар және әр түрлі механикалық қоспалар болады. Сондықтан ең
алдымен мұнайды сусыздандырып, тұзсыздандырып және басқа да
қоспалардан тазартады.
Мұнайды айдау. Мұнайдан айдау арқылы бір фракциясынан кейін
екінші фракциясын зертханадағыдай іске асырып, мұнай өнімдерін алу
әдісі өнеркәсіп жағдайы үшін жарамайды. Бұл әдістің өнімділігі өте
төмен және көмірсутектердің молекулалық массаларына сәйкес
фракцияларға дәл бөлінуін қамтамасыз етпейді. Үздіксіз жұмыс
істейтін қондырғыларда мұнайды айдау әдісінде мұндай кемшіліктер
жоқ.
Қондырғы мұнайды қыздыратын пештен және ректификациялық
колоннадан тұрады, мұнда мұнай фракцияларға — өздерінің қайнау
температураларына сәйкес көмірсутектер қоспаларына — бензинге,
лигроинге, керосинге және т.б. бөлінеді. Пеште ирек-ирек ұзын құбыр
бар. Пеш мазут немесе газ жағу арқылы қыздырылады. Ирек түтікке
үздіксіз мұнай, келіп тұрады, онда мұнай 320-350°С-ге дейін
қыздырылады және сұйықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық өндіріс жайлы
Құбырларды жіктеу
Мұнаймен ластану концентрациясы
Мұнаймен ластанған топырақты зерттеу әдістері
Молекулалық массасы
Қорларды есептеу
АҚ ҚазМұнайГаз басқарудың экономикалық механизмдерін қалыптастыру
Мұнай және мұнай өнімдерінің химиялық, физикалық қасиеттерін анықтау.
Мұнайды өңдеу
Автожанармай стансасына қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары
Пәндер