Ас бұршақ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындаѓы Атырау мемлекеттік университеті

Жаратылыстану факультеті

«Ауыл шаруашылық

мамандықтарының» кафедрасы

өзіндік жұмыс

Таќырыбы : «Ас бұршақ»

Орындаған: Уразалиев А. С.

ВД 25-топ студенті

Тексерген: Ещанова Н. Е.

б. ғ. к., аға оқытушы

Атырау - 2010 жыл

АС БҰРШАҚ (PISUM SATIVUM L. )

ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ МАҢЫЗЫ, ӨСІРІЛЕТІН АУДАНДАРЫ, ӨНІМДІЛІГІ, СОРТТАРЫ

Дәнді бұршақты дақылдардыц ішіндегі көп тарағаны асбұршақ, себебі ол халық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Біріншіден, ас бұршақ бағалы тағам, оның дәнінде белок (28%), көміртегі қосылыстары (62, 45%), витаминдер, минералдық тұздар бар. Сондықтан ас бұршақ дәнінен жарма, аздап ұн дайындалады. Пісіп жетілмеген дәндері мен жасыл бұршақтарынан консерві жасалады.

Екіншіден, ас бұршақ - жақсы мал азықтық дақыл. Әсіресе, құрамалы жем дайындағанда таптырмайтын өсімдік белогының қайнар көзі. Зоотехникалық норма бойынша жемнің бір мал азықтық өлшемінде 105-110 грамм қорытылғыш протеин болуы керек, ал ас бұршақтың бір мал азықтық өлшемінде 150-180 грамға дейін протеин болады.

Мысалы, гүлдену - жеміс түзу кезеңінде шабылған ас бұршақ көк балаусасының құрғақ затында 15-18 процент протеин болады. Ас бұршақтың 1 центнер көк балаусасында 16, ал шөбінде 49, 5 мал азықтық өлшем бар. Ас бұршақтың сабаны мен топаны өзінің қасиеті жағынан кейбір шөптерден кем түспейді.

Ас бұршақтың арпа, сұлы және басқа дақылдармен қосылып себілген көк балаусасы, сүрлемі, шөбі малға жақсы азық. ТМД-дағы егіс көлемі 4 млн гектарға жуық, 1990 жылы оның 130, 0 мың гектары Қазақстанда өсірілді. Көбінесе ас бұршақ республиканың солтүстік облыстарында егіледі. Ас бұршақтың 1990 жылы Қазақстан бойынша гектарынан 11, 0 центнер өнім алынып, барлығы 143, 0 мың тонна түсім жиналды.

1991 жылы Қазақстанда ас бұршақтың мына сорттары аудандастырылып себілді: Кан, Рамонский-77, Зерноградский неосыпающийся, Неосыпающийся-! және Таловец-55.

СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ ФАКТОРЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ас бұршақ жылылықты көп тілемейді. Оның тұқымы 1-2°С жылылықта өніп-өсе береді, бірақ жақсы көктеп шығуы үшін қолайлы температура 4-5°С шамасында. Егер генеративтік органдарының пайда болуы үшін қолайлы температура 16-20°С болса, бұршақтың өсуімен дәнінің толысуы үшін 22-26 ° С температура керек. Ас бұршақтың өркендері көктемгі - 5-6°С суықтыққа төзе алса, оның гүлдену кезеңінде - 2-4°С суықтың өзі қауіпті. Ас бұршақ ылғалды көбірек тілейтін дақыл. Оның транспирациялық коэффициенті 300-600-ге тең. Ал оның топыраққа себілген тұқымының бөртуі үшін дәннің салмағының 100 процентіндей ылғал қажет. Осыған орай ас бұршақты ерте, яғни топырақта ылғал мол уақытта сепкен дұрыс.

Генеративтік органдары пайда болуынан бастап толық гүлдену кезеңіне дейінгі аралықта ас бұршақ ылғалға аса мұқтаж болады. Сонымен қатар оған дәндену кезеңінде де жеткілікті мөлшерде ылғал керек. Бүрлену және гүлдену кезеңінде ылғал тапшы болса, ас бұршақтың өнімі күрт төмендейді.

Ас бұршақ қара топырақта жақсы өседі. Механикалық құрамы ауыр, қышқыл топырақты ас бұршақ әсте қаламайды.

ӨСІРУДІҢ ИНТЕНСИВТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖИНАУ

Алғы дақыл. Ас бұршақ алғашқы даму кезеңінде арам шөптерден көп зардап шегеді. Сондықтан оны таза танапқа сепкен дұрыс. Осы тұрғыдан алып қарағанда оның жақсы алғы дақылы күздік дәнді дақылдар, жүгері, қант қызылшасы, картоп сияқты отамалы дақылдар. Бір себілген танапқа ас бұршақты қайталап сепсе, оның өнімі кемиді, сол себепті ас бұршақты бұл орынға төрт-бес жылсыз қайыра орналастыруға болмайды.

Тыңайту. Ас бұршақ топырақтағы қоректік заттарды өсіп шыққаннан пісіп жетілгенге дейін пайдаланады. Дегенмен, қоректік заттарды дамуының алғашқы кезеңінде көп мөлшерде керек етеді. Гүлдену кезеңіне дейін барлық пайдаланатын азоттың үштен бірін (36%), фосфордың екіден үш бөлігін (60-64%) және калийдің үштен бірінен тең жартысына дейінгі (37-53%) мөлшерін пайдаланады. Дәннің пайда болып, толықсу кезеңінде фосфорды 84-95 процент және калийді 79-81 процентіне дейін сіңіріп үлгереді, ал азотты пісіп жетілгенге дейін пайдалана береді.

Ас бұршақтың ауадағы азотты пайдалану қабілетіне қарамастан, оның даму кезеңінің басында аз мөлшерде, яғни бір гектарға әсер етуші заттары есебімен алғанда 15-20 кг азот тыңайтқышын топыраққа сіңірген дұрыс, өйткені ерте көктемде жылу жетіспегендіктен түйнек бактерияларының тіршілігі өте баяу жүреді, сондықтан топырақта жеңіл сіңетін азот тапшылығы сезіледі.

Фосфор тыңайтқыштары ас бұршақтың өнімділігін арттырып қоймай, сонымен қатар оның дәнінің пісіп жетілуін тездетеді.

Калий тыңайтқыштарын қолдану да - тиімді шаралардың бірі.

Осы жағдайларды ескере отырып, күзде топырақты негізгі өңдеудің алдында танаптың әр гектарына әсерлі заттары есебімен 45-60 кг фосфор және 45-50 кг калий тыңайтқыштарын сіңіру керек. Ас бұршақты себер алдында оның тұқымын нитрагин препаратымен өңдеу жақсы нәтиже береді.

Топырақ өңдеу. Жерді негізгі өңдеу әдісі әр аймақтың топырақ-климат жағдайына байланысты. Эрозия қаупі жоқ, механикалық құрамы ауыр топырақтарда жерді түренді плугтармен сүдігерге терең жыртады. Жерді терең жырту ас бұршақ тамыр жүйесінің жақсы өсуіне, түйнек бактерияларының мол болуына мүмкіндік туғызады. Жер неғұрлым ерте жыртылса, солғұрлым оның пайдасы зор, өйткені топырақтың су, ауа режимдері, физика-химиялық қасиеттері жақсарып, осының арқасында микробиологиялық процестердің жүруі жылдамдайды.

Механикалық құрамы жеңіл, топырақ жел эрозиясына ұшырайтын аймақтарда жерді негізгі өңдеу күзде сыдыра жыртқыш культиватормен жүзеге асырылады.

Көктемгі топырақ өңдеу ылғал жабудан басталады. Күзде түренді плугтармен жыртылған жерлерде ылғалды ЗБТС-1, 0-пен, ал аударылмай сыдыра жыртқыштармен өңделген танаптарда БИГ-3А тырмаларымен жабады.

Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі танаптың арам шөптерден тазалығына байланысты. Негізінен топырақты өңдеу мен егінді себудің арасында үзіліс болмағаны дұрыс. Жер түренді плугтармен жыртылса, онда егін себер алдында топырақты КПС-4 культиваторымен 8-10 см тереңдікте өңдейді, ал сыдыра жыртқыш культиваторлармен аударылмай өңдеген танаптарды КПШ-5, КПШ-9 культиваторларымен қопсытады.

Ас бұршақты интенсивті технологиямен өсіргенде, егін себер алдында жерді РВК-3, 6, РВК-5, 4 құрамалы агрегаттармен өңдеген дұрыс.

ТҰҚЫМДЫ СЕБУГЕ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ СЕБУ

Тұқымды себуге дайындау оны әр түрлі ауруларға қарсы дәрілеуден басталады. Аскохитоз, фузариоз, бактериоз, сұр шірік және басқа ауруларға қарсы себер алдында тұқымның әр тоннасын 5-10 литр суға ерітілген 4-6 кг 70 проценттік тигам, немесе 3-4 кг 80 проценттік ТМТД препараттарымен өңдейді.

Өсімдіктің аталған ауруларынан шегетін зардабын азайту үшін, ас бұршақ егісінің әр гектарына 2-4 кг 80 проценттік цинебом препаратын шашады.

Себілген ас бұршақ тұқымы жақсы өніп шығуы және ерте пісіп жетілуі үшін республиканың солтүстік облыстарында себілетін тұқымды 4-5 күн ыстық ауамен желдеткен дұрыс.

Тұқым себу мерзімі жергелікті жағдайларға байланысты. Ас бұршақ ылғал сүйгіш және салқынға төзімді дақыл болғандықтан оны ерте сепкен дұрыс. Бұл егіннің өнімін арттыруға себеп болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында ерте себілген бұршақ кешірек егілген танаптарға қарағанда әр гектардан түсімді 15-17 центнер көп берген. Керісінше, А. И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша республиканың солтүстік облыстарында ас бұршақты кешірек, яғни мамырдың екінші онкүндігінде сепкенде жоғары өнім алынады.

Дән себу мөлшері сорттың биологиялық ерекшеліктеріне, тұқымның ірілігіне, себу әдісіне, танаптағы ылғал қорына және басқа жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Тұқымы ірі сорттардың қолайлы себу мөлшері бір гектарға 0, 6-0, 7 млн өнгіш дән болса, ұсақ тұқымды сорттар үшін ол - 0, 7-0, 9 млн. Таспалық әдіспен сепкенде әр гектарға 0, 6 млн, кең қатарлы сепкенде - 0, 4 млн өнгіш дән қажет.

Қазақстанның құрғақшылықты аймақтарындағы ас бұршақтың қолайлы себу мөлшері 0, 8-0, 9 млн, ал республиканың суармалы жерлерінде - 1, 3-1, 5 млн өнгіш дән болып есептеледі.

Ас бұршақты негізінен кәдімгі жай немесе тар қатарлы әдіспен себеді. Ал арам шөптерден таза танаптарда таспалық әдіспен себу жақсы нәтиже береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері
Ас бұршақ пен май бұршақтың морфобиологиялық ерекшеліктері. Аудандастырылған сорттары
Белок өндірісін арттырудағы дәнді бұршақ дақылдарының алатын орны
Дәнді дақылдарды жинау
Ас бұршақтың аудандастырылған сорттары
Дәнді дақылдарды стандарттау
Бұршақ тұқымдас өсімдіктер өніміндегі азоттың мөлшері
Майбұршақ дақылы, үрмебұршақ дақылы және агротехникалық шаралар
Асбұршақ дақылы
Көкөніс дақылдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz