Аумақтар мен басқа да кеңістіктер


Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
- Аумақ ұғымы және аумақтардың түрлері.
- Мемлекеттік шекаралар.
- Халықаралық өзендер.
- Антарктика мен Арктиканың құқықтық режимі.
- Аумақ ұғымы және аумақтардың түрлері
Халықаралық құқық бойынша аумақ (кең мағынада) - бұл құрлық және су айдындары, жер қойнауы және әуе кеңістігімен бірге бүкіл жер шары, сонымен қатар ғарыш кеңістігінде орналасқан аспан денелері мен ғарыш кеңістігінің өзі.
Жердің барлық аумағы, құқықтық режимнің негізгі түрлеріне қарай, үш санатқа бөлінеді:
- Мемлекеттік аумақтар;
- Халақаралық режимдегі аумақтар;
- Аралас режимдегі аумақтар.
Халықаралық қатынастарда аумақтың маңызы өте зор. Аумақ - бұл әр мемлекеттің және бүкіл адамзаттың тіршілік ету ортасы және тіршіліктің материалдық базасы.
Аумақтық мәселелер маңызды халықаралық проблемалардың қатарына жатады және мемлекеттер арасындағы жиі пайда болатын келіспеушіліктердің себебі болады.
Мемлекеттік аумақ - бұл белгілі бір мемлекеттің егемендігі аясында болатын, мемлекеттің толық және ерекше билігі таралатын аумақ. Мемлекеттік аумақтың шекаралары халықаралық құқыққа сәйкес анықталады және халықаралық келісімдермен бекітіледі.
Мемлекет өз аумағын халықаралық қағидаттар мен нормаларды ескере отырып, өзінің ішкі заңдарына сәйкес пайдаланады.
Халықаралық режимдегі аумақтар - бұл мемлекеттік аумақ пен аралас режимдегі аумақ құрамына кірмейтінаумақтар: жағалау мемлекеттерінің ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан су кеңістіктері; теңіз түбінің халықаралық ауданы - жағалау мемлекеттерінің континенттік қайраң мен ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан теңіз түбі мен оның жер қойнауы; мемлекеттік аумақтар шегінен тыс жатқан әуе кеңістігі; Антарктика; ғарыш кеңістігі; Ай және басқа аспан денелері.
Бұл аумақ мемлекеттердің ортақ пайдалануында болады және онда халықаралық қағидаттар мен нормалар қолданылады.
Аралас режимдегі аумақтар - бұл континенттік қайраң мен ерекше экономикалық аймақ, яғни жағалау мемлекеттердің ұлттық заңдары нормаларымен қатар бір уақытта халықаралық құқықтық нормалар да қолданылатын аймақтар. Бұл аймақтар мемлекеттердің егемендігі аясында болмайды және мемлекеттік аймақтар құрамына кірмейді. Бірақ, халықаралық құқыққа сәйкес, әрбір ондай ауданда жағалау мемлекеті табиғи ресурстарды зерттеуге, жетілдіруге және сақтауға қатысты өз егеменді құқықтарын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Бұл құқықтардың көлемін халықаралық құқық анықтайды. Жекелеп айтсақ, олар - 1958 ж. Континенттік қайраң туралы конвенция және 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы.
Мемлекеттік аумақ. Халықаралық құқық бойынша мемлекеттік аумақ - бұл жер шарының белгілі бір мемлекетке тиесілі бөлігі және оның шегінде мемлекет өзінің аумақтық үстемдігін жүзеге асырады. Мемлекеттік аумақтың құрамына жер қойнауымен бірге, құрлық және су, олардың үстіндегі әуе кеңістігі кіреді.
Мемлекеттің құрлықтық аумағы - бұл мемлекеттің шекаралары шегінде орналасу жеріне қарамастан, барлық құрлық, аралдар мен анклавтар.
Анклав - бір мемлекеттің немесе мемлекеттердің құрлық аумағымен толық қоршалған басқа мемлекет аумағының бөлігі. Анклав өз мемлекеті аумағының бөлінбес бөлігі болып табылады.
Егер мемлекет аумағының бір бөлігі басқа мемлекеттің құрлықтық аумағымен жартылай және жартылай теңіз аумағымен бөлініп тасталса, онда ол жартылай анклав ретінде қарастырылады. Себебі, оған теңізден кіруге мүмкіндік беретін теңіз жағалауы бар.
Су аумағы - бұл ішкі (ұлттық) сулар және аумақтық сулар (аумақтық теңіз) . Бұл екі су кеңістіктерінің айырмашылығы мемлекеттің азаматтық және әскери кемелерінің бұл жерлерде жүзу режимдеріне байланысты.
Ішкі суларға 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясына сәйкес:
1. Мемлекеттің (оның ішінде архипелаг-мемлекеттерде) аумақтық теңіздің енін өлщеу үшін қабылданған бастапқы түзу сызықтардан жаға жаққа қарай жатқан теңіз сулары;
2. Порт сулары;
3. Жағалауы бір мемлекетке тиесілі болған шығанақтың сулары, егер де олардың ені 24 теңіз мильден аспаса; тарихи шығанақтар.
Ішкі сулардың қатарына бір мемлекеттің шекаралары шегінде орналасқан өзен, көл және басқа да суайдындардың сулары да жатады.
Аумақтық теңіз - бұл ені 1982 ж. Конвенцияға сәйкес 12 теңіз мильден аспайтын, теңіз жағалау суларының белдеуі.
Мемлекеттік аумақтың құрамына, сонымен қатар мемлекеттің құрлықтық және су аумағының астында жатқан жер қойнауы; әуе аумағы - мемлекеттің құрлықтық және су аумағының үстінде жатқан бүкіл әуе кеңістігі кіреді.
Өз аумағының шегінде мемлекет аумақтық үстемдікті жүзеге асырады. Мемлекеттің аумақтық үстемдігі - бұл оның егемендігінің құрамдас бөлігі, ол мемлекет аумағының шегінде тұрған барлық азаматтар мен ұйымдарға қатысты мемлекеттің билігі ең жоғары билік екендігін білдіреді.
2. Мемлекеттік шекаралар. Мемлекеттік шекара - құрлықта, суда, әуеде, жер қойнауында, мемлекеттік аумақтың шегін - карталарда және жерлерде анықтайтын сызық, яғни мемлекет егемендігінің әрекет ету кеңістігінің шегі.
Мемлекеттік шекара мемлекет шекарасын басқа мемлекеттердің аумағынан, сонымен қатар халықаралық аумақтардан бөледі. Өту жерлеріне қарай, шекараларды су және әуе шекаралары деп бөлеміз.
Құрлықтық шекара бір мемлекеттің құрлықтық аумағын басқа мемлекеттің құрлықтық аумағынан бөледі және шекаралас мемлекеттер арасындағы шартпен анықталып, шартқа сәйкес жерлерде белгіленеді.
Әдетте шекаралар жер бедерінің ерекшеліктері (таулар, өзен, т. б. ерекше белгілер) ескеріле отырып жүргізіледі және орографиялық деп аталады.
Су шекарасы: көлде - құрлықтық шекараны көлдің арғы жағалауымен қосатын түзу сызық арқылы; кемелер жүретін өзенде - бас фарватер арқылы; кемелер жүрмейтін өзенде - әдетте өзеннің ортасы арқылы; теңізде - аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы арқылы немесе шектес не қарсы жатқан мемлекеттердің аумақтық теңіздерді айыру сызығы арқылы өтуі мүмкін.
Аумақтық теңіздің сыртқы шектері халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкес жағалау мемлекетінің заңдарымен белгіленеді.
Мемлекет аумақтық әуе шекаралары - бұл мемлекет әуе кеңістігінің биіктік және жақ шектері. Әуе кеңістігінің жақ шегі - бұл мемлекеттік шекараның құрлықтық және су сызықтарынан өтетін вертикальді жазықтық.
Шекаралас мемлекеттердің арасындағы мемлекеттік шекара делимитация мен демаркация арқылы анықталады және орнатылады. Делимитация мен демаркацияны мүдделі мемлекеттердің паритеттік негізде құрған аралас комиссиялары жүзеге асырады.
Делимитация - мемлекеттік шекара сызығы жалпы бағытының карталарда және сол сияқты құжаттарда өтеуін шарттық тәртіпте анықтау. Делимитация кезінде шекара сызығының өтуі арнайы таңдап алынған және келісіпқойылған табиғи немесе жасанды нүктелерге не бағдарларға негізделе отырып, кестелер мен карталарда, екіұшты талқылануға жол бермей, толық суреттеледі.
Демаркация - бұл мемлекеттік шекара сызығын арнайы шекара белгілер мен көрсету арқылы жүргізу. Демаркация жүргізгенде хаттама - әрбір шекаралық белгінің ерекше белгілерінің суреттемелері енгізілген жерлерде шекара сызығы өтуінің кестелермен және фотографиялармен бірге жан-жақты суреттемесі жасалады.
Редемаркация - бұрын демаркацияланған шекараны тексеру және айқындау, жойылған немесе бүлінген шекаралық белгілерді жөндеу, қалпына келтіру, шекаралық белгілердің бір түрін басқа түрмен ауыстыру, қосымша белгілерді орнату және т. б.
Мемлекеттеік шекараның режимі. Шекаралас мемлекеттердің келісіміне сәйкес жерлерде орнатылған шекара сызығын өзгерте алмайды. Шекара сызығының өзгерісі де жақтардың өзара келісімі негізінде ғана болуы мүмкін. Шекара сызығын біржақты өзгерту әрекеттері халақаралық құқықты және оның егеменді теңдік, мемлекеттік аумаққа қол сұқпаушылық және тұтастық сияқты қағидаттарын бұзу болып саналады. Жерлерде шекара сызығына қолсұқпаушылықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттер өзара келісім негізінде шекараның белгілі бір режимін анықтайды. Ол шарттармен бекітіледі. Бұл режим жерлерде шекаралық белгілермен белгіленген шекара сызығының жер аспауына және тиісті тәртіпте күтіп ұсталуына бағытталған.
Шекаралық режим ішкі заңдармен, сонымен қатар шекаралас мемлекеттердің келісімдерімен реттеледі.
Шекаралық аймақ - әдетте әкімшілік бірліктердің - қала, аудан шегінде орнатылады. Шекаралық аймақтың құрамына, сонымен қатар аумақтық және ішкі сулар, шекаралық өзендер мен көлдердің сулары кіреді. Басқаша айтқанда, шекаралық аймақ - бұл мемлекеттік шекараны жағалап өтетін, енінен 5 км дейін құрлықта, ашық теңізге шығатын теңіз жағалауында, шекаралық көлдердің жағаларында, олардағы аралдарда орналасқан жер.
Шекаралық белдеу - бұл құрлықтағы мемлекеттік шекара сызығынан немесе шекаралық өзендердің жағалауынан орнатылатын, ені үлкен емес (2 км дейін) тікелей шекарада жатқан жер белдеуі.
Бұл белдеу шегінде шекара әскерлерімен қосымша шектеу режимдері енгізіледі: бақылау-іздік белдеуі; мемлекеттік шекара сызығын жағалап өтетін, ұзындығы шекара сызығынан әрбір жаққа 4-5 м болатын шекараның орман соқпағы және ол дұрыс көруге бөгет болатын нәрселерден тазартылады; мемлекеттік шекараны санкцияланбаған өтуді тыюға арналған инженерлік құрылыстар.
Мемлекеттер қарым-қатынастардың тәжірибесінде тату көршілік қатынастарды нығайту және бейбіт ынтымақтастықты дамыту үшін шекаралық өкілдердің институты қолданылады. Шекаралық комиссарлар немесе өкілдер және олардың орынбасарлары өз мемлекеттерінің үкіметтерімен тағайындалады.
Аумақтың тиістілігін өзгерту. Мемлекетте, биліктің саяси ұйымы ретінде, халықаралық қатынастарда аумаққа билік етуге байланысты әр түрлі конституциялық өкілеттіктер бар. Бұл өкілеттіктерді иемденген мемлекеттік биліктің жоғары органдары халықтың еркіне сәйкес қызмет жасайды деп болжамдалады. Осындай жағдайларда мемлекеттік билік органдары мемлекетке, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тиесілі құқықты тікелей жүзеге асырады. Әр түрлі мемлекеттерде үкіметтің халықаралық аренада аумаққа билік ету шектеулері қарастырылған.
Олардың түрлері:
- мемлекет шекаралары тек заң негізінде ғана өзгере алады;
- конституция аумақтың бөлінбеуін жариялайды;
- мемлекеттік аумақтың құрамын өзгертетін құжаттар бекітуге
жатады;
- мемлекеттік аумақтың бөлігін мемлекет иелігінен шығару үшін
үкімет ондай әрекеттерге өкілетті болуы керек;
- конституция мемлекеттік аумақтың құрамына кіретін барлық жерлер мен обылыстарды атап шығады.
Әрбір мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде өз аумағын иелену, пайдалану, билік ету құқығына басқа мемлекеттердің бұл құқықты құрметтеу міндеті сәйкес болады.
Бұл міндет қол сұқпаушылық қағидатының мазмұны болады және мемлекеттерге мыналарды жүктейді:
- күш көрсету қаупімен немесе күш көрсету арқылы аумақтарды
алмау;
- мемлекет шекараларының қол сұқпаушылығын құрметтеу;
- аумақтық егеменнің келісімінсіз шетелдік аумақты пайдаланбау;
- өзінің аумағын басқа мемлекеттің аумағына нұқсан келтіретіндей
етіп пайдаланбау қажет.
Қазіргі таңда, мемлекетке тиесілі аумақты өзгертудің негізгі 2 тәсілі қолданылады:
1) ұлттар мен халықтардың өз тағдырын өздерінің шешуі қағидатын жүзеге асыру негізінде;
2) тиісті мемлекеттердің өзара келісімі бойынша.
3. Халықаралық өзендер. Халықаралық өзендер - бұл екі немесе одан да көп мемлекеттердің аумағынан өтетін өзендер. Олар мемлекеттер арасындағы халықаралық салдарды туғызады. Ондай өзендердің ішінен мыналарды атауға болады: Дунай, Амур, Рейн, Нигер, Конго, Амазонка және т. б.
Кеме қатынасы бар және кеме қатынасы жоқ халықаралық өзендер болады. Сонымен қатар, олар бірнеше мемлекеттердің аумағынан өтуі мүмкін немесе олардың аумақтарын бөлуі мүмкін. Осындай жағдайда, жағалау мемлекеттерінде ондай өзендерге қатысты өзара құқықтар мен міндеттер туындайды және бұл жағдай мемлекет мүдделерінің өзара байланысын туғызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz