Баскетбол, баскетбол тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Баскетбол
Баскетбол (ағылшынша: basketball, basket - торқалта, ball - доп)-
командалық спорт ойыны. Мақсаты — өз себетіне допты салғызбай, қарсылас
себетіне допты лақтырып салу.
Олимпиадалық ойындар бағдарламасына баскетбол 1936 жылдан бері енген.
Ерлер арасындағы жүйелі түрде дүниежүзілік чемпионаттар 1950 жылдан, ал
әйелдер арасындағы чемпионаттар 1953 жылдан бері өткізіліп келеді. Европа
чемпионаттары 1935 жылдан өткізілуде.

Ойын тарихы
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы
ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан
жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде
Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін
ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, bаll –доп) деп жіктеледі.
Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Дисеймс
Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы
жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.
Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан
бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар
болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік
Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында
американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир
өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын
алды.
Жиырмасыншы жылдары алғашқы халықаралық кездесулер ұйымдастыра бастаған
ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ,
Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді.
1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын
кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы
Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды.
ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді. Атап айтса, Аргентина,
Грекия, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швеция, Чехословакия. 1935
жылы халықаралық Олимпиадалық комитет баскетболды олимпиада ойындары
қатарына қосу жөнінде шешім шығарды. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиада
ойындары аясында баскетболдың бағдарламасы дайындалды. Онда аталмыш ойын
түрін ойлап тапқан азамат Д. Нейсм доданың құрметті қонағы болды. Теннис
алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада өтіп жатқан кезде ФИБА-ң
алғашқы конгресі өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ ережелері айқындалды.
Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор
қаласында Маяк қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст
шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен Богатырь
қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін
баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы – Петерборда ғана танылған.
Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде
жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу институты баскетболды денешынықтыру
факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби
баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық
денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла
бастаған еді.
КСРО–ның екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап
КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады.
1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып,
бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион
атанды. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын 1976 жылы
сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. –
КСРО, 1980 ж. – КСРО, 1984 ж. – АҚШ, 1988 ж. – АҚШ, 1992 ж.-Тәуелсіз
достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. – АҚШ.
Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар
1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында
жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен
санаралықтай. Мәселен, 1987, 1988, 1990 және 1991, 1992 жылдары американ
ойыншылары сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан.
1992 жылы олимпида ойындарына тек білікті спортшылардан жасақталған
ұлттық баскетбол қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық құрама құрылды.
Бұл Америкада Dream Team, ұжымдық арман деп аталған. Оның құрамында
Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанған Майкл Джордан,
Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Олар 1994 жылы әлем
чемпионатында, 1996 жылы Атланта олимпиадасында тұғырдан көрінді.
Ал, АҚШ-тың әйелдерден құралған баскетбол командасы 1992 жылғы
сәтсіздіктен кейін, олимпиадалық чемпион атағын 1996 жылы қайтарып алды.

Ойын ережелері
Алғашқы халықаралық ойын ережелері 1932 жылы ФИБА ның алғашқы
конференциясында қабылданды.
Баскетболды он екі адамнан тұратын екі команда ойнайды. Ойын барысында
әр командадан алаңға бес адамнан шығады. Әр команда мақсаты — өз торқалта
себетіне допты салғызбай, қарсылас себетіне допты лақтырып салу. Доппен тек
қолмен ойнайды, допты жерге ұрмай жүгіру, әдейі допты аяқпен тебу, аяқпен
допқа блок қою ереже бұзушылық болып табылады. Байқаусыздан тисе, ереже
бұзылды деп есептелмейді.
Ойын аяқталғанда ең көп ұпай жинаған команда, жеңеді. Бір матч 10
минуттық төрт кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса,
төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны Овертайм
деп атайды.
Торқалта себетке әр допты салғаны үшін түрлі ұпайлар беріледі:
• 1 ұпай — айып сызығынан дәл түскен доп үшін;
• 2 ұпай — жақын немесе орташа қашықтықтан түскен доп үшін (үш ұпайлық
сызықтан жақын)
• 3 ұпай —6м 25см қашықтықтағы үш ұпайлық сызықтан түскен доп үшін;
Ойын әдетте орталық дөңгелекте айтыс тартысты лақтырудан соң, бір
команда ойыншысы допты дұрыс ұрып түсіргенде басталады. Бір матч он
минуттық төрт кезеңнен тұрады. Арасы екі минут үзіліс. Екінші және үшінші
кезеңнің арасындағы үзіліс он бес минут. Үлкен үзілістен соң командалар
торқалта себеттерін ауыстырады.
Жалпы ойын ашық алаңда немесе биіктігі 7 метрден кем емес эалда
өткізіле алады. Алаң өлшемі — 28х15 м. Торқалта себет жерден кем дегенде
275 см биіктіктегі қақпаға бекітілуі тиіс. Ойынға арналған доптың шеңбер
ұзындығы — 75-80 см, массасы — 600—650 г.
Бұзулар
Ойын бұзулар — дегеніміз ойын ережелерін сақтамау, бұзу. Ереже бұзу
түрлері:
• аут – доп алаңнан шығып кетеді;
• желіс (пробежка) — допты алып келе жатқан ойыншы, ережеде
көрсетілгеннен көп доппен адым жасап қояды;
• доп жүргізуде жіберген ереже бұзулар, соның ішінде допты алып ұстап
жүріп кету, екі қолмен бірдей допты ұру;
• үш секунд — шабуылшы ойыншы айып лақтыру алаңында өз командасы допқа
шабуыл алаңында ие болған кезде үш секундтан аса болса;
• сегіз секунд — допқа ие команда допты қорғаныс алаңынан шабуыл алаңына
сегіз секунд ішінде шығармаған жағдайда;
• 24 секунд — команда допқа 24 секунд ие болып, торқалта себетке допты
дәл түсірмеген кезде;
• қарсылас қарамағандағы ойыншы (плотноопекаемый игрок) — қарсыласының
қарамағында қалған ойыншы допты бес секундтан артық ұстаған жағдайда;
• допты қорғау алаңына қайтару— шабуыл алаңында допқа ие команда допты
қорғау алаңына қайтарған кезде ойын бұзушылық.

Фолдар
Фол — бұл жеке қарым қатынас немесе спорттық емес іс әрекетке
байланысты ойын ережесін бұзушылықтар. Фол түрлері:
• жеке;
• техникалық;
• спорттық емес;
• дисквалификациялаушы;
Бес фолдан артық алған ойыншы, ойын алаңын босатып, оған арықарай
қатыса алмайды.
Ойын техникасы
Баскетболшы техникасына берілген нақты ойын жағдайларын тиімді
пайдалану үшін арналған спорт түрінің дамуы барысында жинақталған әдіс-
тәсілдер және олардың жиынтығы мен түрлілігі жатады.
Техника тәсілі термині құрылымы бойынша сәйкес келетін және бір ойын
жағдайын шешуге бағытталатын қозғалыстар жүйесін қарастырады. Берілген
немесе басқа да тәсілдер қолданылатын шарттар көптүрлілігі оны орындаудың
тәсілдерін жетілдіреді, құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі
кезеңдерінде тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалац критериилері
өзгеріп, жетілдіріліп отырылған. Арсенал қайта құрылуына ойын ережелерінің
жоспарын дамыту, ойыншылардың басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпқой баскетбол
Баскетбол ойынының тарихы
Баскетбол тарихы
Баскетбол ойнау ережелері
Волейбол ойын ережесі
Баскетбол ойынының негізгі элементтері
Баскетбол ойыны
Баскетбол техникасының негізі - қозғалыс
Баскетбол ойыны туралы
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру
Пәндер