Биологиялық мембраналар, түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

Биологиялық мембраналар5

Биологиялық мембрананың түрлері5

Биологиялық мембрананың моделі7

Мембрананың қасиеттері мен параметрлері9

Иондық каналдар10

Әдебиеттер11

Кіріспе

Әрбір клетка негізінде ядро мен цитоплазмадан және пішіні, көлемі, құрылысы, химиялық қасиеті, атқаратын кызметі әр түрлі структуралық заттардан тұрады (1-сурет) .

Цитоплазма (грекше "цитос" - ыдыс (клетка), "плазма" - жасалған, қалыптасқан) - өсімдік және жануарлар клеткасы протоплазмасының ядро мен қабықшадан басқа барлык элементтері болатын клетка құрамы. Цитоплазма гиалоплазмадан, органоидтардан және уақытша құрамдардан тұрады. Онда белоктар синтезі және клеткаға тән басқа зат алмасу процестері жүреді. Ядро мен органоидтардың өзара әсерін және қатынасын қамтамасыз етеді

.

1-сурет. Электрондық микроскоптағы клетканың көрінісі.

1 - плазмалық мембрана;

2 - ядро;

3 - цитоплазма;

4 - ядрошық;

5 - ядроның саңылаулары;

6- центриоль;

7 - май тамшысы;

8 - лизосома;

9 - микротүтікшелер триплеттері;

10 - Гольджи копмлексі;

11 - пиноцитоздық қуыс;

12 - талшықты аймақ;

13 - жылтыр эндоплазмалық ретикулум;

14 - коршалған торсық;

15 - митохондрия;

16 - рибосомалар.

Клетка сыртқы ортадан биологиялық мембрана қабатымен қорғалған. Сыртқы мембранасының (75 А° шамасындай) сыртқы және ішкі екі қабаты белоктардан, ал үшінші ортаңғы қабаты майларданы құралған саңылаулармен бөлінген.

Биологиялық мембраналар

2-сурет. Биологиялық мембрана (көлденең кесіндісінін сызба-нұсқасы) :

1-фосфолипидтердің молекуласының екі қатар қабаты;

2-белоктік қабат; 3-тоннельдік белок.

Биологиялық мембрананың түрлері

  • Жасушалық мембрана
  • Жасушаішілік мембраналар
  • Базальды мембрана

Мембрана негізінен екі маңызды қызмет атқарады: матрицалық, барьерлік (кедергі) . Әр түрлі қызмет атқаратын белоктарды ұстап тұратын, керексіз бөлшектерді енгізбей жасуша мен жеке омпартаменттерді қорғаушы. Мысалы, улы зат ішкен кезде.

Мембраналардың қалыңдығы бірнеше нм шамасында, сондықтан оны оптикалық микроскоппен емес, электрондық микроскоппен ғана көруге болады

Мембрананы құрайтын липид молекулалары амфипатикалық қосынды болып келеді.

Қызметі жағынан:

  • Полярлық (гидрофильды) “бастары”
  • Гидрофобты “құйрықша”

Екі қабатты липидтік қабат екі жеке моноқабаттардан құрылады Гидрофобты “құйрықшалары” ішке бағытталады. Бұл кезде молекуланың гидрофобтық бөліктерінің сумен жанасу беті ең аз болады.

Кез келген мембрананың негізін екі қабаттық липидтер құрайды.

Мембраналық липидтер 3 негізгі класқа бөлінеді:

  • фосфолипидтер
  • гликолипидтер
  • стероидтар

Фосфолипидтердің тығыздығы фосфолипидтер құрамына қандай май қышқылдарының енуіне байланысты болады.

Холестерин - стероидтар мембрана тығыздығына әсер етеді.

БМ - да холестериннің көбеюі мембрананың тығыздығын арттырып, заттар үшін өтімділігін азайтады.

Ақуыздар (белоктар) арқылы толықтай және жартылай мембрананың арнайы қызметі

  • өткізгішті
  • активті тасмалдау
  • электрлік потенциал өндіру т. б. жүзеге асады

Биологиялық мембрананың моделі

Сэндвич (бутерброд) моделі

3-сурет. Биологиялық мембрананың моделі

1931 жылы Н. Девсон және Р. Даниелли сэндвич (бутерброд) моделін ұсынды.

1972 жылы Синджер мен Николсон су-ауа немесе су-май аралығындағы фосфолипидтердің моноқабаттары орналасқан сұйықтық - мозаикалық моделі ұсынды.

Сұйықтық - мозаикалық моделі

4-сурет. Биологиялық мембрананың сұйықтық - мозаикалық моделі

1 -полярлы липид молекулосының басы; 2 - липид молекулосының көміртегі-сутегі қосылысы; 3 - интегралды ақуыз.

Мембрананың сұйық мозаикалық моделінің негізіне - липидтік биқабатты мембрана алынған.

Фосфолипидтік негіз ішінде жартылай батып, қалқып жүрген белоктары бар еріткіш тәріздес.

Жасанды биомембрана

Бұл модельде биологиялық мембрана моделі ретінде липосома қарастырылады.

Бұл су мен фосфолипидтер қоспасын ультрадыбыс арқылы өңдеген кезде алынатын билипидтік мембранадан тұратын кішкентай көпіршіктер (везикулалар)

Липосомалар толығымен белоктық мембраналардан тазаланған биологиялық мембрана тәріздес болады.

Мембрананың қасиеттері мен параметрлері

Мембрана молекулаларының қозғалғыштығы мен мембрана арқылы жүретін бөлшектер диффузиясы оның билипидті қабатының сұйық зат тәріздес екендігін дәлелдейді

Екінші жағынан алғанда мембрана реттелген жүйе

Осы екі фактор сұйық-кристалдық күйде болатындығын нақтылайды

  • Температура өзгергенде кезде фазалық ауысулар орын алады: қыздырылған кезде липидтердің балқуы, ал керісінше де кристалдануы
  • Фазалық ауысулар энергия алмасуға байланысты, яғни температура өсірілген кездегі жылу сиымдылықтың өзгеруіне байланысты болады

Биқабат сұйық кристал күйіндегі тұтқырлығы аз.

Түрлі заттардың жоғары ерігіштіктері осы биқабат қатты күйде болғандығынан артық болады.

Иондық каналдар

Иондық каналдар - клетканың мембранасындағы ірі ақуыздық молекулар және молекула үстінде орналасқан липопротеидты құрылымдар.

Олар мембрана арқылы иондардың клеткадан сыртқы ортаға және кері қарай өтуін қамтамасыз етеді.

1972 жылы Синджер мен Николсон биологиялық мембрананың моделіне сәйкес биологиялық мембрана сұйықтық- мозаикалық құрылымды. Сұйық фосфолипидты мембраналық қабатта ақуыз молекулалары жүзіп жүреді.

Иондарды каналдар арқылы трансмембранды тасу - организмде болатын барлық биоэлектрлі құбылыстардың бастауы.

Әдебиеттер

1. Химия. Ақанбаев.

2. Биология. Оқулық

3. Қазақ ССР Энцеклопедиясы. 2-том.

4. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Ж. Шоқыбаев.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мембрана құрылысын зерттеу әдістері. Мембраналардың өтімділігінің механизмі
Мембрананың липидтік құрамы
Клетканың негізгі мембраналық құрылымдары
Молекулаларды мембрана арқылы тасымалдау
Мембраналық транспорт: активті, пассивті, везикулярлық транспорт
Биологиялық мембраналар арқылы зат тасымалдау процесі
Биологиялық мембрана
Биологиялық мембрана туралы
Клеткалар мембраналары
Биологиялық мембраналар өтімділігі механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz