Қазіргі заманғы өндірісті басқару теориясы
Мазмұны
Кіріспе
1 Қазіргі заманғы өндірісті басқару теориясы
1. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері
2. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
2 Нарық жағдайында өндірісті ұйымдастыру
2.1 Өндірісті ұйымдастырудың түрлері мен әдістері
2.2 Өндірісті оперативті басқару негіздері

1.1 Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері
Экономиканың дамуының барлық кезеңдерінде кәсіпорын негізгі буын болып
саналады. Тек кәсіпорында ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс
құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес
өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын
ұйымдастыру – әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе
алатын өндірістік бірлік саналады.
Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақты өнім
өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады.
Кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншік түрін
анықтаумен қатар, жұмыскерлерге ұжымын құру және ұйымдастыру, сыртқы –
экономикалық байланыс қызметін қамтиды.
Кәсіпорынның шаруашылық жұмыстары алдын ала анықталған өндірістік
бағдарламаны орындау барысында Қазақстан Республикасындағы бекітілген
заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын
көрсетеді.
ҚР кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ
тұлғалар, сонымен қатар олардан құралған заңды тұлғалар тобы жатады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шешуші тұлға болып кәсіпкер саналады.
Кәсіпкер статусы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін
қалыптасады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып жеке азамат та, олардан
құралған топ та саналады.
Өндірістік кәсіпорын – деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа
көрсету арқылы тұтынушылықты қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан
кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес
шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.
Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығының қанағаттандыру
және табыс табу жатады.
Кәсіпорын қызметінің бағыты алдына қойған түпкі мақсатымен анықталады.
Әдетте кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнеше таңдаулары болуы мүмкін:
- өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу;
- жоғары сапалы өнім өндіру;
- технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену;
- қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану;
- жұмысбастылықты барынша жоғары деңгейге жеткізу;
Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге
тырысады:
- қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек;
- бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықты өз
позицияларын қалай нығайту керек;
- өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек;
- қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек;
- қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады;
- өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық
сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.
Осы мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпорынның қызметі оның жалпы
іскерлік саясатын анықтайды. Жұмыс барысында іскерлік іс-әрекеттердің нақты
жоспарына айналады, ол әдетте үш кезеңнен тұрады.
1 ) кәсіпорын қол жеткісі келетін сандық көрсеткіштерді анықтау;
2) алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды бағыттар мен іс-
әрекеттерді анықтау. Бұл жағдайда екі негізгі факторға назар айдарылады:
- кәсіпорын қызметіне әсер етуші сыртқы факторлардың дәрежесін анықтау;
- кәсіпорынның әлсіз фақтары мен оның ішкі мүмкіндіктерін талдау;
3) кәсіпорын қызметінің құрылымына сәйкес икемді ұзақ мерзімді
жоспарлау жүйесін жасау және стратегиясын анықтау.
Нарықтық қатынастардың дамуы өндірістік жұмыстармен айналысушы
кәсіпкерді көптеген өзекті мәселелерді шешуге мәжбүр етеді.
Олардың біріншісіне, нарықтық кеңістікте өзінің шаруашылық орнын таба
білуі кәсіпкерге нарық жағдайын, анықталған сала мен аймақта тауарларға
ұсыныс пен сұранысты зерттей отырып, мүмкін болатын кедергілер немесе
шектеулерді анықтауы тиіс. Қарыз алу, салық жеңілдіктерін пайдалану
мүмкіндіктерін зерттеумен қатар инвестицияның жалпы шарттарын анықтайды.
Мұндай ақпараттармен танысу үшін статистиканы, заң актілері, ақпарат
құралдарының мәліметтерімен жиі танысып отыруы тиіс. Осылай нарықтағы өз
орнын тапқаннан кейін кәсіпкер кәсіпорынның мамандану жолдарын анықтайды.
Мұнан кейін болашақ тұтынушылардың мүмкіндігін анықтау, бәсекелестер туралы
мағлұматтар жинастыру,өнім өндіруге қажетті техника және технология
мәселелерін шешу қажеттілігі туындайды.
Кәсіпкерліктің түрін таңдаудың да мәні зор. Ең бірінші жеке және
ұжымдық кәсіпкерліктің ішінен біреуін таңдауы тиіс. Кәсіпкер кәсіпкерліктің
жеке түрін таңдауда тәуекелділік пен жауапкершілікті өз мойнына алады. Жеке
кәсіпорны болғандықтан, оның меншігінде немесе отбасы мүшелерінің жалпы
үлестік меншік құқығы болады. Егер сәтсіздікке ұшыраса кәсіпорын
міндеттемесінің толық жауапкершілігін өз мойнына алады да өзінің қалған
меншігімен есептеседі.
Ал егер кәсіпкерліктің ұжымдық түрін таңдаса онда кәсіпорын бойынша
жауапкершілікті серіктестерімен бөліседі. Кәсіпкерліктің мұндай түрі
тәуекелділік дәрежесін азайтады және қосымша ресурстарды тартуға
көмектеседі.
Кәсіпкерліктің ұжымдық түрлеріне мыналар жатады:
- Шаруашылық серіктестіктер, олар толық серіктестік және сенімділікке
негізделген серіктестік болып бөлінеді. Шаруашылық қоғам, акционерлік
қоғам, жауапкершіліг шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар қоғам болып
бөлінеді.
- Толық серіктестік, оның мүшелері олардың арасындағы келісімшартқа
сәйкес серіктестіктің атынан кәсіпкерлік жұмыспен айналысады және оларға
қатысты мүлік міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
- Акционерлік қоғам (АҚ), жарғылық қоры белгілі бір акция соны бойынша
есептелінеді, акционерлік қоғам мүшелері оның міндеттемелері бойынша
жауапты емес, өзіне қатысты акциялардың құны көлемінде қоғамның
шығындарының тәуекелділігіне жауапты болады.
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп оның бір немесе бірнеше
тұлғалардан құрылған қоғамды айтады. Оның жарғылық қоры белгілі
құрылтайшылар құжатындағы шамаға сәйкес үлестерге бөлінеді. Қоғамның
мүшелері міндеттемелері бойынша жауапты болмайды, қосқан үлестерінің
құнының шамасында қоғамның шығындары бойынша тәуекелділікке жауапты болады.
- Қосымша жауапкершілігі бар қоғамның мүшелері қоғамның құрылтайшылық
құжатында анықталғандай өзінің қосқан үлесінің құнына бірдей еседе өз
мүлкімен жауапкершілікті міндетіне алады.
Келесі негізгі шешуші қадам болып өнідірістің базасын құру саналады.
Кәсіпкерге өндірістік және қойма үйлерін, құрал-жабдықтарын, станоктар мен
құрал-саймандар, шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, комплект
бұйымдарын дайындау, жұмыс күшін тарту қажет болады.
Негізгі кезеңге кәсіпорынды қаражаттармен қамтамасыз ету жатады. Өз
қаржылары кәсіпкерге және оның серіктестеріне жұмысты бастауға және
дамытуға көп жағдайда жете бермейді. Ақша қаржыларының жетіспеушілігін
акциялар шығару арқылы немесе коммерциялық банктерден қарыз алу арқылы
толықтырып отырады.
Банктен несие алу сақтандырудың әр түрлі операциялармен қатар
жүргізіледі. Сақтандыру шараларын жүргізуде үйлер, материалдық запастар
және т.б. пайданылады.
Акциялар, облигациялар және т.б. құнды қағаздарға шығару және сатып алу
арқылы кәсіпорын қор немесе құнды қағаздар нарығымен байланысты болады.
Мұның бәрі кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстарын көрсетеді.
Нарықтық қатынастар дамыған сайын кәсіпорынның сыртқы ортамен байланысы
кеңейе және толыға түседі.
Кәсіпорын маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі мақсатына
өндірілген өнімді сату емес, сатылатын өнімді өндіру болып саналады.
Кәсіпорынның маркетингтік жұмысының негізгі қағидарына сауда өндірістік
жұмыстарды басқару жүйесінің негізгі ережелері мен түрлерін анықтауға
жатады. Оларға кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу мүмкіндіктерін,
экономикалық конъюнктураны талдау және нарықты терең, жан-жақты ғылыми-
тәжірибелік тұрғыда зерттеу, нарықты сегментке бөлу (сегменттеу); нарық
сұраныстарына өндіріс пен өнім өткізудің икемді болуы, инновациялық жаңалық
енгізу, жоспарлау және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің негізгі функцияларына кешенді
зерттеу (талдау, болжау, конъюнктура), кәсіпорынның өнідірістік-өнім өткізу
мүмкіндіктерін талдау, маркетинг стратегиясы мен бағдарламасын жасау, тауар
саясатын жүргізу, баға саясатын қалыптастыру және жүргізу, өнім өткізу
саясатын жүргізу, коммуникациялық саясатты жүргізу, яғни сұранысты
қалыптастыру және өнім өткізуді ынталандыру жатады.
1-сурет. Кәсіпорынның нарықтағы маркетингтік зерттеу жұмыстарының үлгісі.
Кәсіпорынның өндірістік – ресурстық және экспорттық мүмкіндіктерін
анықтау екі бағытта жүргізіледі:
А) кәсіпорынның дамуының сыртқы шарттары – кәсіпорын жұмысының құқықтық
базасын зерттеу, яғни мемлекет бекіткен, соның ішінде шаруашылықты қайта
құру; заң актілері, кәсіпорынның өндірістік және экспорттық жұмыстары,
сыртқы экономикалық байланыстары, министрліктер мен ведомстволардың әр
түрлі инструкциялары және т.б.
Кәсіпорын дамуының сыртқы факторларын талдау өндірістік және өнім
өткізудің тиімділігін, табыстылығын арттыруға, микродеңгейде басқарудың
түйінді мәселерін шешуге көмектеседі.
Ә) кәсіпорынның өндірістік – ресурстық және өнім өткізу бағдарламасының
құрылуының ішкі шарттарына мынадай бағытта зерттеу жүргізуді талап етеді:
- кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына баға беру;
- кәсіпорынның тауар ассортименттерін қайта қарастыру және өндірілетін
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- кәсіпорынның нарықтағы стратегиясын әзірлеу, жеке алғанда
сегменттерге бөлу арқылы сыртқы нарықтағы стратегиясын анықтау;
- кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау;
- кәсіпорынның өндірістік қуатын есепке алу және диагностика жасау,
материалдық-техникалық базасын бағалау;
- кәсіпорынның жоспарлау жұмыстарын және өндірістік – өнім өткізу және
ғылыми – техникалық болжамдар жүргізу;
- кәсіпорынның мамандар құрамын, жұмыскерлердің білім және мамандылықты
көтеру деңгейін бағалау.
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастырудың негізгі мақсаты
кәсіпорынның бәсекелестік мүмкіндігін, оның күшті және әлсіз жақтарын
анықтау және кәсіпорын жұмысын жетілдіру жатады.
Кешенді маркетингтік зерттеу кәсіпорынның даму бағдарламасын және
стратегиясы туралы шешім қабылдау үшін негізделген база болып саналады.
Нарықты болжау, нарықтағы кәсіпорынның өз жұмысын жоспарлау, стратегиясын
жасау, нарықтық сұранысты қалыптастыру – кәсіпорынның ішкі жұмыстарын
басқарудың маркетингтік тұжырымдамасының негізгі қағидалары болып саналады.
Ұзақ мерзімдік стратегиялық саясат жүргізу және экономикалық және
әлеуметтік қиыншылықтарды болдырмау үшін, тұрақты даму және перспективалық
жетістіктерге жету үшін кәсіпорынның маркетингтік бағдарламасы дайындалады.
Бағдарлама индикативті ұсыныстық сипат алады.
Нарық
2-сурет. Кәсіпорынның өндірістік-ресурстық және өнім өткізу қызметінің
үлгісі
1.2 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Өндірістік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге
айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді.
Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік
бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді. Өндірістік үрдіс кез келген
кәсіпорын қызметінің негізін қалайды.
Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларын
еңбек құралдары (машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.),
еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші,
яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады. Осы негізгі үш
фактордың тікелей өзара әрекеті мазмұнын құрайды.
Кәсіпорынның өндіретін өнімдерді қолданылу бағытына байланысты негізгі
және көмекші өндірістің өнімдері болып табылады. Негізгі өндірістің
өнімдері, әдетте,сатуға арналады, ал көмекші өндірістің өнімдері негізгі
өндіріс өнімдерін дайындаудағы кәсіпорынның өө мұқтаждарына қолданылады.
Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделілігіне байланысты жай
(қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік
үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы
дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралелді жай үрдістердің
қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.
Өнім өндірудің технологиялық үрдісі технологиялық операцияларға
бөлінетін бірқатар бөлшектік үрдістерден құралады.
Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс
орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын үрдістің бөлігін айтады.
Жұмыс орны – жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын өндірістік
ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және
техникамен жабдықталады. Кәсіпорынның соңғы нәтижелері жұмыс орындарын
ұйымдастыру деңгейімен, олардың саны және мамандану дәрежесімен, уақыт
бойынша операциялардың сәйкестелуімен және кеңістікте ұтымды орналасуымен
тікелей байланысты болады.
Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және
қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.
Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы,
сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін
технологиялық үрдістер жатады.
Негізгі үрдістер жиынтығы негізгі өндірісті құрацды. Күрделі өндірісте
әдетте үш кезеңнен тұрады: дайындау кезеңінде дайындық жұмыстары
жүргізіледі; өңдеу нәтижесінде оның өнімдері дайын бөліктерге айналады;
жинақтау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындалған бөліктерден және сатып
алынған дайын өнімдерден өнім құрастырылады.
Өнім жасаудың технологиялық үрдісі бұдан басқа да өзінің құрамына
табиғи үрдістерді қамтиды. Табиғи үрдістерге еңбек затына табиғаттың
физикалық және химиялық әсерін тигізетін үрдістер жатады. Бұл үрдістер
жанды еңбектің және еңбек құралдарының қолдауынсыз өтеді, бірақ көп уақыт
алады, сондықтан оларды жасанды үрдістермен ауыстырып отырады.
Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау,
құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.
Қызмет көрсету үрдістеріне – техникалық бақылау жұмыстары, көлік, қойма
операциялары және тағы басқалар кіреді.
Өндіріс тиімділігі және өнім сапасы көп жағдайда өндірістік қызметтерді
ұтымды ұйымдастыру деңгейімен анықталады.
Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларына екі категорияға
бөлуге болады:
- жалпы, яғни оның нақты мазмұнына байланысты болмайды;
- арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.
Жалпы қағидаларға уақыт бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік
үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын мынадай қағидаларды жатқызуға
болады:
- мамандану қағидасы, өндіріс үрдісінде жұмыс орындары және
кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісіні мен оның
шоғырлануын көрсетеді;
- паралельдік қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты
өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді;
- пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты
бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек
өнімділігімен сипатталады;
- тура-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, щикізаттар мен жартылай
фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі
қысқа қозғалыс жолдарымен жүруін айтады;
- үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді
талап етеді;
Ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына
және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол
еңбегін болдырмауға бағытталады.
Өндірістік ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық (тасқындық),
партиялық (топтық) және бірлік. Олардың ішіндегі ең тиімдісі – қазіргі
талаптарға сай келетін ағындық әдіс. Бұл әдістің мәні технологиялық
үрдістің барлық элементтерінің уақыт бойынша қатаң сәйкестігімен және еңбек
заттарының жұмыс орындары бойынша өнім өндірудің белгіленген тактісі
бойынша анықталады.
Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық
игіліктерді дайындау үрдісін айтады. Өндірістің мазмұны еңбек
қатынастарымен анықталатын негізгі үш элементтен тұрады:
- ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы;
- адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы;
- еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
Әрбір кәсіпорын өндірістік бөлімшелерден, яғни цехтардан, шаруашылыққа
қызмет көрсететін бөлімшелерді ұйымдастырумен айналысатын мекемелер және
басқару органдарынан құралады.
Өндірістік бөлімшелерге, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары,
кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір-бірімен
байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы,
өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері, цехтар, бөлімшелер, қызмет
көрсетуші шаруашылықтар мен жұмыс орындары (өндірістік үрдіске тікелей
немесе жанама қатысушы) арасындағы байланыстар жиынтығы өндірістік
құрылымды құрайды.
Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен
жүргізіледі:
А) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді
қамтамасыз ететін қуатын анықтау;
Ә) әрбір цехтың және қоймалардың орналасатын өндірістік алаңдарын
есептеу;
Б) кәсіпорының ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы
орталық жолдармен өзара байланысын жоспарлау;
В) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар
арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және т.с.с.
Өндірістік үрдістің жіктелуі де кәсіпорынның өндірістік құрылымын
көрсетеді. Өндірісті ұтымды ұйымдастыру және ынғайлы басқару қағидасы
бойынша кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің жекелену жүйесі де
оның құрылымын анықтайды. Осыған орай өндірістегі мынадай бөлімшелерді атап
өтуге болады: кәсіпорын, өндірістік бірліктер, цехтар, ағындық жүйелер,
секциялар (бөлімшелер), жұмыс орындары.
Кәсіпорынның негізгі құрылымдық бөлімшесіне цех жатады. Цехта
маманданудың заттың белгісіне қарай толық өндірістік үрдіс орындалады да,
өнім өндірудің көп бөлігі немесе толық өндіру жұмыстары жүзеге асырылады.
Цехтардың өндірістік – шаруашылық дербестік белгілері болуы керек.
Ағындық жүйе – өндірісті ұйымдастырудың негізгі объектісі. Ағындық жүйе
бірнеше секцияларға бөлінеді. Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы
сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады. Ал әрбір секция
бірқатар жұмыс орындарынан құралады. Жұмыс орындарында арнайы жұмыс
орындалып, өнімнің жаңа құны пайда болады.
Кәсіпорындардың өндірістік құрылымының үш түрі бар. Олар заттық,
технологиялық және аралас (заттық-технологиялық) болып келеді.
• Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің
әрқайсысы өнімнің бір түрін, я болмаса оның бөлігін (түйінін,
агрегатын) немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық
құрылымын көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру
цехтарында қолданылады. Заттық құрылымның мысалына автомобиль,
зауыттарының двигатель, шасси, тарату қораптары дайындау, кузовтар
өндіру цехтары, аяқ-киім өндірісінде – аяқ-киімді құрастыру (жинақтау)
цехтарын жатқызуға болады.
Заттық құрылымның артықшылықтары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz