Сеченов және психология


ЖОСПАР
Сеченов Иван Михайлович3
Биографиясы4
Ғалымның еңбектері6
Сеченов және психология8
Қолданылған әдебиеттер тізімі10
Сеченов Иван Михайлович
Сеченов Иван Михайлович (1829-1905)
Биографиясы
Сеченов Иван Михайлович 1829 жылдың 1 тамызында Курмышский уезінің Теплый Стан селосында (қазіргі Нижегород облысы Сеченово селосы) дүниеге келген.
1848 ж Петербургтегі Бас инжеренрлік училищесіне түседі (қазір Әскери инженерно-техникалық университет) .
Екі жылдан кейін Мәскеу университетінің медикалық факультетіне түседі. Оқып жүріп, ол физиология туралы көп ойланады. Университет курстарын бітіріп, докторлық емтихандарын тапсырады.
1856 ж. диссертация қорғағаннан кейін, Сеченов физиологиямен айналысу мақсатымен шетелге кетеді. 1856-1859 жж. Берлинде Иоганн Мюллер, Э. Дюбуа-Реймон және Ф. Хоппе-Зейлердың лабораторияларында жұмыс жасайды.
Шетелде жүріп Сеченов «Мас адамның физиологиясы» атты докторлық диссертациясын дайындап, 1860 ж. Петербургте Медико-хирургиялық академияда қорғап шығады. Сол жылы осы академияның физиология кафедрасын басқарады.
1870 ж. академиядан кетіп, 1871-1876 жж. Одессада Новороссийск университетінің физиология кафедрасын меңгеріп, 1876-1888 жж. Петербург университетінің физиология профессоры атанып, сол университетте физиологиялық лаборатория ұйымдастырады.
1889 ж. бастап жеке доцент, 1891 ж. бастап Мәскеу университетінің физиология профессоры.
1901 ж. отставкаға шықса да, өзінің эксперименталды жұмыстарын тоқтатпады.
Иван Петрович Павлов Сеченовты «орыс физиологиясының әкесі» деп атады.
Ғалымның еңбектері
Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен дәрiгерлер ежелгi дәуiрлерде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметiмен байланыстылығы жөнiнде болжам айтқан, әрi психикалық сырқаттарды сол ми қызметiнiң бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пiкiр, көзқарастарға жарақат немесе сырқаттан зақым-данған адамның бас миына бақылаулар негiз болған. Осын-дай сырқаттарға кезiккен адамның психикалық қызметi күрт бұзылысқа келедi - көзi көрмейдi, құлақ естiмейдi, ес, ойлау, сөйлеу қабiлетi кемидi, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады және т. б. Осы психикалық әрекет пен ми жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегi алғашқы қадам ғана болды. Бұл әлi психикалық iс-әрекет негiзiнде қандай физиологиялық механизмдер жатқанын түсiндiрiп бере алмайды.
Психологиядағы бұл ғылыми мәселе өз шешiмiн барша психикалық iс-әрекет түрлерiнiң рефлекторлық сипатына байланысты ғана табуы мүмкiн. Бұл проблеманы айқындауда орыс ғалым-психологтары М. М. Сеченов (1829-1905) пен И. П. Павлов (1849-1936) көп еңбек сiңiрген. М. М. Сеченов өзiнiң әйгiлi "Бас ми рефлекстерi" (1863) еңбегiнде рефлекторлық принциптi адамның бас миы қызметiне, одан әрi барша психикалық iс-әрекетiне жая қолданды. Ол "адамның бүкiл саналы да санасыз (астарлы) өмiрдегi әрекеттерi өзiнiң туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстiк әдiс" - деп жазған. Бұл психиканы объектив түсiнудегi алғашқы қадам едi. Бас миы рефлекстерiн шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бiрлiгiн анықтады: бастапқы бiрлiк - жүйке қозуы процесiнде миға берiлетiн сыртқы тiтiркендiргiштер; ортаңғы бiрлiк - мидағы қозу және тежелу процестерi және солардың нәтижесiнде психикалық қалыптардың (түйсiк, ой, сезiм, т. б. ) пайда болуы; ақырғы бiрлiк - сыртқы қозғалыстар. Бұл тiзбектегi ортаңғы бiрлiктiң психикалық элементтерi қалған екi шеткi (сыртқы тiтiркендiргiштер мен жауапты әрекеттер) бiрлiктерсiз жасамайды. Сондықтан да барша психикалық құбылыстар - бүкiл рефлекторлық процестiң бөлiнбес құрамы. Сеченовтың рефлекс бiрлiктерiнiң ажыралмас байланысы жөнiндегi тұжырымы психикалық iс-әрекеттi ғылыми тұрғыдан түсiнуде үлкен маңызға ие болды. Психикалық қызметтi сыртқы ықпалдардан да, адам қылық-әрекеттерiнен де бөлiп қарауға болмайды. Психикалық құбылыс субъекттiң жалғыз толғанысымен шектелiп қалмайды, егер олай болғанда, психикалық дүние (ой, ес, қиял т. б. ) нақты өмiрлiк маңызға ие болмас едi.
Сеченов және психология
Психикалық iс-әрекеттiң рефлекторлық принципiне орай Сеченов - адам iс-әрекетi мен қылығы сыртқы әсерлердiң себебiнен туындайтыны (детерминированность) жөнiнде ғылыми психология үшiн өте маңызды қорытынды жасады. Ол "Бастапқыда қандай да әрекеттiң себебi әрдайым тысқы сезiмдiк қозуда, онсыз ешқандай ой өрiстеуi мүмкiн емес" - деп жазды. Сонымен бiрге ғалым сыртқы жағдайлар әсерiн үстiрт түсiнбеу қажеттiгiн ескерткен. Бұл арада әңгiме тек көрiнiп тұрған нақты тыс әсер жөнiнде ғана емес, сыртқы жағдай әсерлерi тобына адамның өткенде кезiккен әсерлерi, барша өмiр тәжiрибесi қамтылады. Осылайша И. М. Сеченов рефлекстiң миға байланысты бiрлiгiн оның табиғи бастауынан (сезiм мүшелерiне әсер) және ақырынан (жауап қозғалыс-қимылдар) бөлiп, оқшаулау орынсыз екенiн көрсетiп бердi.
Психикалық процестердiң атқаратын мiндетi қандай? Бұл әрекеттi өзгермелi жағдайларға сай етiп отыру - сигналдық және реттеу қызметтерi. Психикалық құбылыс жауап әрекеттi өздiгiнен реттей алмайды. Бұл сыртқы дүние жөнiндегi ақпарат келiп түсушi, сақталушы, және өңделушi мидың белгiлi бөлiмдерiнiң қасиетi, қызметi. Психикалық көрiнiстер - бұл мидың сыртқы (қоршаған орта) және iшкi (организмнiң физиологиялық жүйе ретiндегi қалпы) әсерлерге жауабы, яғни психикалық құбылыс - бұл нақ осы мезетте (түйсiк, қабылдау) өткен тәжiрибеде болған (ес), осы әсерлердi қорытындылап немесе олардың нәтижесiн бiлуге жәрдемдескен (ойлау, қиялдау) тiтiркендiргiштерге жауап әрекеттердi реттеушi ме-ханизм. Осылай И. М. Сеченов ғылымға психиканың рефлекстiгi мен iс-әрекеттiң психикалық басқарылуы жөнiндегi идеяны қосты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz