Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен шығармашылығы
(1815-1860)
Кіріспе
2005 жылы шертпе күйдің негізін қалаушы, ұлы композитор Тәттімбет
Қазанғапұлының туғанына 190 жыл толды. Осы орайда облыстық Ж.Бектұров
атындағы жасөспірімдер кітапханасы Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен
шығармашылығына байланысты ұсынылатын әдебиеттер көрсеткішін дайындады.
Бұл көрсеткіште Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен шығармашылығы
байланысты қысқаша өмірбаяны мен күйші Тәттімбет күйлерінің құрылымдық
ерекшеліктерін зерттеген музыка зерттеушілері мен оның құдыретті күйлерін
асқан шеберлікпен жырлап, суреттеген ақын-жазушыларымыздың кітаптары және
баспасөз беттеріне шыққан материалдар көрсетілген.
Көрсеткіш жалпы көпшілік қауымға, өнер мектептерінің оқытушылары мен
оқушыларына арналған.
Тәттімбет Қазанғапұлы
(1815-1860)
Тәттімбет Арғын асқан ардагерім,
Қырық түрлі күй тамған бармағынан
Біржан сал
Өнерде өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрініп, ол қолтаңбасы ұлттың
рухани әлеміне құнарлы арна болып қосылған тұлғалар қай елде де, қай
заманда да некен-саяқ..
Тәттімбет ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен
сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, өнерпаздығымен танылған суреткер –күйші-
композитор.
Ол күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп, жанымен
сүйсінген, күй жанрының табиғи болмысын шынайы ұққан өнер адамы екендігін
байқатады. Өйткені Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, халықтың
классикалық музыка қорына жатады.
Қазанғапұлы Тәттімбет-қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр
күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық
болған ұлы күйші.
Ол ән мен күйдің жылжыған жорғасы мен жүйріктері Жанақ, Шөже,
Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындармен,
Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілерімен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден,
Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен қадірлес-сыйлас болған.
Қазанғапұлы Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ
ауданына қарасты Дастар тауының етегінде туған. Бұл жер қазіргі Абай
атындағы совхоздың №4 Мыржық бөлімшесіне қарасты Қызылжал деп аталатын
қыстау. Қызылжал қыстауын Мөшеке деп те атайды. Мөшеке Тәттімбеттің үлкен
әкесі. Тәттімбет небары 45 жас ғұмыр кешіп, 1860 жылы дүние салды.
Қазанғапұлы Тәттімбеттің шыққан тегі Орта жүз, Арғын, оның ішінде Мейрамнан
тарайды. Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік,
Шұбартпалы, Қаракесек (Болатқожа) деген аталар өрбіген. Осылардың ішінде
Тәттімбет Қаракесегі болып келеді. Тәттімбеттің мінезі байсалды, жеңіл-
желпі сөзге көтеріле қоймайтын салмақты кісі болса керек. Мұндай адам
бойындағы адамгершілік қасиетті оның көптеген күйлерінен де аңғаруға
болады. Себебі, жаны сергек, пейілі адал, халық мүддесі десеішкен асын
жерге қоятын, аса әділеткер, адамгершілігі мол болғанын көз көрген қарт-
қариялар да әңгімелеп айтып отырады екен.
Өнердің бәрін де үйрену қажет деседі халық. Ешбір мектебі жоқ кездерде
де халық таланттары жасөспірімдерді өнерге баулып, үйрете білген. Міне, сол
өнерге қабілеті бар адамның оны үнемі дамытып отыруға ұмтылары хақ.
Тәттімбет те сол бала кезінің өзінде-ақ музыка әлемінің сұлулығына ұмтылған
жан. Тәттімбет Қазанғапұлының шығарған 40-тан асқан күйлері Сарыөзен,
Шайып қалды, Қосбасар, Сылқылдақ, Жетім қыз, Былқылдақ,
Сарыжайлау, Азамат, Бозайғыр, Азына т.б. қазақ мәдениетінің бір
үлкен бөлшегі. Сондықтан да ол халық жүрегіне берік орнап, сұлулықтың,
ізгі дүниенің бір мұрасы болып қалады.
1855 жылғы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ІІ-нің таққа отыруы
тойына Тәттімбет өнерпаз ретінде Арқа қазақтарының өкілдерімен бірге
Петербургке барған. Осы сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы
Петербургтің өнерсүйер қауымының назарын аударып, күміс медальмен
марапатталған. Сол медаль бүгінде Егіндібұлақ ауылының мұражайында
сақтаулы.
Тәттімбет күйлерін насихаттаған өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай,
Исатай, домбырашылар Нүркен Шынтеміров, Ғаббас Айтбаев; т.б. Қазірде
Тәттімбет күйлерін асыл мирастай сақтап, ел арасында уағыздаушы
ұрпақтарының бірі домбырашы Тұрысбек Түсіпбеков.
Тәттімбет күйлерін осы заманға жеткізген, насихаттаушы кәсіби-
домбырашылар Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов.
Тәттімбет күйлері музыка өнеріміздің алтын қорына қосылып, халқымыздың
рухани мұрасын байыта түсті. Тәттімбет күйлері композитор
Е.Брусиловскийдің, М.Төлебаевтың Біржан-Сара, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің
Абай операсында және Жамбыл кинофильмінде кеңінен
пайдаланылған.Күйшінің туған жерінде халық аспаптар оркестрі жұмыс жасайды,
Қазақ ұлттық консерваториясында 1971 жылы шертпе күйлер класы
ашылған.Шертпе күйлер класын алғаш ұйымдастырған, әрі ұстаздық еткен
домбырашы У. Бекенов.
Қарағандыда Тәттімбет атындағы музыкалық өнер колледжі бар. 1952 жылы
ашылған бұл училище қазіргі уақытта Республикамызға белгілі оқу орындарының
бірі. 1973 жылы училищеге күйші-композитор Тәттімбет Қазанғапұлының есімі
берілді. 1988 жылы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестікте Тәттімбет
атындағы халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылды. Оның алғашқы бас дирижері
Дүйсен Үкібай. Оркестр құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
Р.Болтаева, Республикалық конкурстардың жеңімпаздары Б.Смағұлов, Б.Тәшімов,
М.Ибраева, Қ.Ғабделов, Е.Оспанханов, С.Рахымғалиева, С.Ізтілеуов,
Қ.Бақыраев т.б. 1992 жылдан бастап оркестрді басқаруға КСРО халық артисі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев
шақырылды. Осы кезеңде оркестрдің орындаушылық деңгейі мен репертуар
шеңбері әлемдік өнер талғамы ұлгісіне лайық биіктікке көтерілді.
Қазіргі уақытта бұл оркестр елімізге танымал ұжым. 2000 жылы оркестрге
Академия лық атағы берілді. Оркестр еліміздің Астанадан бастапкөптеген
облыстарында, сонымен бірге ТМД елдерінде, Еуропа мен Азияның Түркия, Иран,
Ирак,Чехия, Словакия, Оңтүстік Корея, Швейцария, Франция, сонымен бірге АҚШ
мемлекеттерінде болып, өз өнерімен көрермендердің ықыласына бөленіп,
мамандардың жоғары бағасына ие болуда.

жайындағы кітаптар
1. Ләмбеков, С. Тәттімбет : Хикаят.-Алматы: Өнер, 1993.-270 с
Жазушы Сапаргали Ләмбековтің бұл кітабында қазақтың дүлдүл күйші Тәттімбет
Қазанғапұлының (1815-1862) өмірі мен күйшілік өнері арқау етіп алынған.
Шертпе күйдің атасы Тәттімбет қазақ күйінің асыл қазынасын байытқан
Сарыжайлау, Былқылдақ, Көкейкесті, Қосбасар секілді күйлерді
тудырған бір туар тұлға. Шығармада қазақ елінің тұрмысы мен әлеуметтік
жағдайы, күйшінің сол ортадағы белсенді қызметі мен әділдік, адалдық үшін
күресі, өнерді сүйген жан әлемі жан-жақты суреттеледі.
2. Салықов К.Тәттімбет:Поэма мен өлеңдер.-Алматы:Жалын,1989.-192 б.
Қазақтың көрнекті ақыны Кәкімбек Салықов Тәттімбет атты поэмасында
дәулескер күйші Тәттімбеттің өмір сүрген дәуірінің сырын аша білген. Бұл
поэмада автор ұлы күйші Тәттімбеттің күйлерінің маңызына терең үңіле
білген, әсем саз өнерінің ата-бастауын адам жаны толғанардай үйлесімді
келтірген: Алыпты бастау сарынды, қоңыр күй Баба-Қорқыттан-дей келіп:
Жалғады сондай ақ міндет
Асандай аңсап азат күн;
Құрманғазы, Тәттімбет
Қос дүлдүлі қазақтың-деп жырлайды.
Ақын бабаларымыздың асыл арманы, аңыз қиялы, көкей кескен ашық мақсаттарын
көрсете білген. Тәттімбеттің әрі ел басқарған би, әрі күйші, әрі ақын, әрі
кен өнерінің қазақ жеріндегі тұңғыш тарланбозы екенін де поэмадағы
лирикалық желістерден тап басамыз Жас Абайдың Тәттімбет күйлерін бала
кезінде беріле тыңдап, көкейіне нұрлы сезімдер тұнған мезеттерін ретті
келтірген.
Поэмадағы Тәтті бабамыздың ұлы күйші Дәулеткереймен кездесуі, Құнанбай
әулетімен өз ағасы Алшынбай бидің жұрағатының татуластығы, Шорман тұқымының
тұғырлас сырластығы есте қалмай қоймайды. Ал азаттықтың айшуақ туындай
Кенесары ханның Тәттімбетпен кездесуі, күйшінің бар өнер өрісіне, сазгерлік
шырқауына әсер еткені сәтті баяндалған.
Тәттімбет күйі-ойлы күй, мұңлы күй, философиялық толғамдарға толы күй.
Шертпе күйдің атасы болған өз мектебі бар ұлы дарынның өнерін ұрпаққа
жалғай білгедігі де өзімізге ұлы сабақ іспеттес. Осының бәрін К.Салықов
асқан шеберлікпен жеткізген.
3. Жұбанов А. Тәттімбет Ғасырлар пернесі:Қазақтың халық сазгерлерінің
өмірі мен шығармашылығы туралы очерктер.-Алматы:Дайк-Пресс,2002.-2 03 б.
Академик Ахмет Жұбановтың Ғасырлар пернесі атты бұл кітабы қазақ
халық сазгерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналған очерктерден турады.
Бұл очерктерде негізінен Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Абылдың,
Тәттімбттің, Қазанғаптың шығармашылығынан соңғы деректер беріледі.Белгілі
музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов деректі мәліметтер жинап, күйшілердің
өмірі мен творчествосы жайлы мерзімді баспасөз беттерінде мақалалар
жариялады.
Ахмет Жұбанов Тәттімбет атты очеркінде Тәттімбеттің Сылқылдақ
күйінен ел аузында қалған аңызды бере кетеді. Онда былай делінген:
Қырқыншы жылдардың аяғында Тәттімбет Найманға көшіп барады. Өзінің жылқысын
сол жақта қыстатып шығару ойында болады. Ол қазақта бұрыннан келе жатқан
әдет. Ондайды қазақ әдетінде жылқұда дейді. Бірақ тек жылқысын бағып, тек
сол үйірлердің денсаулығын тілеп жүретін Тәттімбет пе? Ол жылқыларды жер
танып алғансын сол араның той-томалағы, сауық-сайраны болса, бәрінен де
қалмайды. Дарынды ақын, күйші, әнші жігіт-Найман ішінде де аса қадірлі
болады. Тәттімбеттің талантын таныған ол айнала, енді қандай ойын-той болса
да, оны қалдырмайды, шақырып отырады. Осындай бір сапарында Тәттімбет
еркекшора киінген бір қызбен кездеседі. Киімі еркекке ұқсағанымен қыздың
көркі бірден күйшіні тартады. Бірақ қыздың айналасындағылар Тәттімбетке
қалжыңдап:
-Жігітім, байқа, ол қыз алса, шалса да жығады, ақылы да , өнері де
күші де біріне-бірі сай дейді.
Шынында да қыз әрі әнші,әрі домбырашы, шешен , алыса кетсе күші
бар,сегіз қырлының өзі болады. Бүкіл Найман болып, сол қыздың өнеріне
мақтанады, аспанға көтереді. Қыздың күй репертуары да айта қалғандай
болады. Есіткен адамдар көрінген домбырашы ондай көп тарта алмайтынын
сезеді. Әсіресе, күйлерінің мазмұнын айтқанда да қыз жай сөз ретінде емес,
өлеңдетіп төкпе жырмен айтады. Осы қызбен Тәттімбет домбыра тартыстың
жарысына түседі. Өзі ерке болғасын үнемі шашын төбесіне түйіп тастап,
басына еркектің бас киімін киіп, беліне еркекше белбеу байлап жүргенге ме,
жұрт ол қызды еркекшора атайды. Бірақ сырттай олай болғанымен қыздың жаны
нәзік болады. Көркемдікке қосылған күш,оның тұла бойындағы қасиетін
көбейткені болмаса, әйелге тән жылылықтың бәрі де болады. Тәттімбет екеуі
көптеген күйді кезектесіп тартады. Ішінен қыз мұндай жылқышыларға
жеңдірмеймін ғой деген сенімде болады. Сондықтан баста Тәттімбет үйге
кіргенде де, қаншама ол керіліп-созылғанымен қызға ешбір паңдықтың әсері
болмайды. Әрине , қазақтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы бойынша қыз
қонақты жақсы қарсы алады. Сыйдың айғағы есебінде,қанша өзін биік ұстаса
да, шайды да өзі құяды. Қыздың мұндай сыпайылығын Тәттімбет де бағалайды.
Шайдан кейін ол жайлап домбырасын сұрайды. Бірақ қыз аз ғана жымияды да,
домбырасын бірден қонақтың қолына бере салмай, әуелі өзі бір күй тартады.
Тек содан кейін ғана ол Тәттімбетке домбырасын ұсынады.
Екі өнерпаз да басында тым жиілетпей, аптықпай, кезек-кезек күй
тартысты. Бірақ бес-алты күйден кейін олар енді шын мәнісінде таласқа
кетті. Бірінің қолынан бірі домбыраны жұлып әкеткендей болып, күй соңынан
күйді тізбектетеді.
Тәттімбет қырық күй тартқан кезде қыз отын тоғызбен тоқтайды. Соңымен
қыз жеңілген болып есептеледі. Халыққа белгілі Біржан мен Сара айтысындағы
Біржанның:
Тәттімбет арғын асқан ардагерім,
Қырық түрлі күй тамған бармағынан-деп мақтануының бір себебі осы
тартыс екен деген әңгіме де бар дейді автор.
Айтушылар Тәттімбеттің қырқыншы тартқан күйі Сылқылдақ екен деседі
Тәттімбет бұл күйді сол өзімен тартысқан , Найманға аты шыққан өнерпаз
қызға бағыштаса керек. Сылқылдақ Тәттімбеттің басқа күйлеріне қарағанда
ерекше түрдің кезек-кезек күлкісіндей фразалар, бұл күйдің көңілді бір
жайда пайда болғанын көрсетеді. Өзі көңілді. Жастардың жиынының суреті
дерлік, ішінде бір де бір көңілсіздік әуен жоқ, үнемі жастықтың жалыны есіп
тұрғандай леп береді .
Тарихи документтерге қарағанда, 1855 жылғы 24 наурызда Россия патшасы
ІІ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz