Тоқырау жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық даму тенденциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

1966 жылы басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық
дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін
жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық
1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 пайызы жұмыс істеді. Жоспар
сегізінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды:
өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 пайызы
артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі
дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қадамынан
бастап-ақ оның жүйесіздігі жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе
оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол
бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып
отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін
жоспарлы кеңейту. Алайда көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына
беріліп, неғұрлым оңай жолға – өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату
жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге
мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі
70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердің басталуының себебі болды, бұл
экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан
көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен
ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол
жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған
жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген
деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы
демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық-
техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік
қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі – мемлекеттік меншіктің
монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен
оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға
қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға
болмайтындығын сақтауға тырысты.
70 жылдардың басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де
шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға
әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар
көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан
игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылдық сипаты күшейді, бұрынғыша
экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.

Тоқырау жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму
тенденциялары

Тоқырау жылдары (1971-1985 жж.) республиканың индустриялық потенциалы
белгілі дәрежеде өсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық
шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі
өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында
6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15
жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе өсті. Экономикалық
потенциалдың өсуі халық шаруашылық айналымына шикізат және отын
энергетикалық ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылды.
Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің
құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын бұлжытпай сақтап қалды.
Базалық министрліктерлердің өзімшілдік мүдделеріне бас шұлғи отырып,
орталық республика экономикасын дамытуда кен шығаратын салаларға басымдық
беріп отырды. Ғылымды көп талап ететін өндірісті дамытудың орнына ірі
күрделі қаржы соларға жұмсалды.
70-80 жылдары алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға
бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу
қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар, тамақ және өнеркәсіп
өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік
емес тауарлардың 60 пайызы Қазақстанға басқа республикалардан алып келінді,
осының өзінде олардың бір бөлігі Қазақстан шикізатынан жасалды, бірақ ақтық
өнімді өткізуден түсетін пайданы оны жасап шығарушылар алды.
Директивалық жоспарлау және монополист-ведомстволардың мүдделері
салдарынан республиканың орны толмас ресурстары талан-таражға салынып,
тасып әкеліп жатты. Шығарылған шикізат пен қуаттардың пайдаланылу
тиімділігі төмен болды.
Бесжылдықтан бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі қаржы
өсе берді, өндірістік құрылыстың сипаты алып көлеммен белгіленді.
Республика басшылығы мұндай алыпқа табынушылықты қолдап, КОКП-ның кезекті
съездерінде елдегі немесе Еуропадағы ең ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның,
мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы
есеп беріп отырды. Республика жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен, оның КСР
Одағындағы егемен құқықтарының толықтығымен және нақтылығымен, рухани
мәдениетінің дамуымен емес, жұмсалған күрделі қаржының сомасымен,
шығарылған руданың, көмірдің, мұнайдың және басқалардың тоннасымен
бейнеленді.
Экономиканың көкейкесті міндеттері көбінше әміршіл-әкімшілік әдістермен
шешілді. Мемлекеттік жоспарлауға қандай да бір елеулі өзгеріс енгізілген
жоқ. Кәсіпорындарға директивалық жоспарлы тапсырма еңбек ұжымының
келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Іс жүзінде өнімнің барлық түрлері,
өзіндің құнның және басқалардың көрсеткіштері жоспарланды. Мұның өзі
кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етті,
тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістің
теңестірілімеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және
айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды.
Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының
бірқалыпты дамымауына алып келді. Өнеркәсіп өнімдерінің жылдық орташа өсу
тоғызыншы бесжылдықтағы 8,4 пайыздан он бірінші бесжылдықта 3,8 пайызға
дейін төмендеді, ал ұлттық табыс осыған сай 4,4-тен 1,4 пайызға дейін
төмендеді. Жүйенің және республика партия басшылығының жоспарды қандай
шығынмен болса да орындауға жұмсаған күш-жігеріне қарамастан өнеркәсіп
өндірісі көлемін ұлғайту жөніндегі тоғызыншы бесжылдық жоспар 12,6 пайыз,
оныншы бесжылдық 25 пайыз, он бірінші бесжылдық жоспар 3,8 пайызы
орындалмай қалды.
Бітпеген құрылыстар түрінде аса көп материалдық байлықтар мен еңбек өлі
дүниеге айналып жатты. Мұндай дүниелер 1980-1989 жылдары өндірістік
салаларда жұмсалған жалпы күрделі қаржының 85 пайыздан 101 пайызға дейінгі
мөлшерінде болды. Тек 1976-1985 жылдары ғана республика құрылысшылары 4,2
млрд. сом күрделі қаржыны игере алмады. Осының салдарынан халық 1,4 млн.
шаршы метр тұрғын үйді, 121,5 мың мектеп орнын, 49,5 мың мектепке дейінгі
мекемелер орнын, 67 мың кәсіптік-техникалық училищелер орнын, 7 мың
аурухана орнын ала алмады. Күрделі құрылыста сақалды құрылыстар берік
орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар
салынды, объектілердің шашырандығы, қаржы мен жұмысшы күшін көптеген
құрылыстарға шашыратып жіберу, жобалаушылар мен жабдықтар жіберушілердің
арасында өзара байланыстың болмауы, толық бітпеген және ақауы бар
объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу және құрылыс материалдарын талан-
таражға салу берік орын алды.
Өмір сүріп отырған жүйе экономиканы жандандыруға бағытталған төменнен
болғпн бастамалардың бәрін тұншықтырып отырды. 70-жылдары құрылыста
бригадалық мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Мұның негізінде
жұмысшылардың өндірісте, ресурстарды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекақы
төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу жолындағы
ұмтылысы жатқан еді. Іс жүзінде әңгіме жұмысшылар еңбегімен тапқан қаржының
көп бөлігін саны көп басқару құрылымының қызметкерлеріне ақы төлеуге
жұмсамай, оны жұмысшылардың өзөдері алатын болуы туралы болды. 1982 жылы
республиканың құрылыстарында мердігерлік әдіспен 5,7 мың бригада, ал 1985
жылы 6,8 мың бригада жұмыс істеді. Бұл ұжымдарда еңбек өнімділігі
басқалардан 23-25 пайызға жоғары, жұмыстардың өзіндік құны 13-15 пайызға
төмен болды. Бригадалық мердегерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және
насихаттады, бірақ іс қалай басқару аппаратын қысқарту және оның қызметін
еңбек ұжымдарына беруге келгенде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы
жоққа шығарылды, олар еңбек ұжымдарын өздері еңбегімен тапқан қаржыларын
жұмсау дербестігінен айырды. Бригадалық мердігерлікті қанша насихаттағанмен
жүйе оны экономикалық құбылыс ретінде тұншықтырып тастады.
Республикада Тула облысы Щекино қаласы химкомбинаты ұжымының Аз
қызметкерлермен көп өнім шығарайық деген мақсат қойған экономикалық
бастамасы да кең тарамады. Мұнда қызметкерлерді қысқартып жалақыдан
үнемделген қаржы жұмыс істейтін адамдарды ынталандыруға жұмсалды. бұл
тәжірибені қолдану басқармаларда, трестерде, министрліктерде басқару
аппаратын қысқартуға көмектесті. Бұл экспериментті де бюрократтар
ойдағыдай тұншықтырды.
Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өндірістің құрылымы мен өнім
саласының нашарлауы ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта
қалушылықтың күшейе беруімен ұштасты. 70-жылдардың басынан бастап дамыған
капиталистік елдер ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңіне аяқ басты.
Бұл дәуірде Кеңестік басшылық елдің халық шаруашылығыны дамытудағы
басты міндет – экономиканы дамытудың интенсивті жолына көшіру және ғылыми-
техникалық прогресті өрістету деп дұрыс анықтады. Былай қарағанда елдегі
сияқты республикадағы ғылыми-техникалық потенциал алға қойылған бұл
міндетті шешуге мүмкін сияқты болып көрінді. 1958 жылдың соңында
Қазақстанда жоғары оқу орындарын қосқанда 227 ғылыми мекеме, оның ішінде 91
ғылыми-зерттеу институты бар еді, зауыттардағы ғылым 108 конструкторлық
бюрода, 99 лабороторияда, 52 тәжірибе-эксперименттік бөлімшеде шоғырланған
еді.
Шаруашылық жүргізудің жұмыс істеп тұрған механизмі ғылым мен техниканың
жетістіктерін өндіріске енгізуге іс жүзінде кері әсерін тигізді.
Кәсіпорындардың ұжымы жаңа техниканы игеруге ынталы емес еді, өйткені бұл
кәсіпорын және жеке алғанда әрбір жұмыс істеушінің жұмыс нәтижесіне әсерін
тигізді. Сондықтан жаңа өнім мен бұйымды игеру мен шығару көп жылға
созылды. Өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана
автоматтандырылды және комплексті механикаландырылды. Осының салдарынан 80-
жылдардың ортасында өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста
жартысынан астам ауыр қол еңбегін атқарды.
70-80 жж. республика экономикасында тұтастай елдің халық шаруашылығына
тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың
әміршіл-әкімшілдік әдістерінің орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды
жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында
ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке
айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып
келді. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады.
Шаруашылық өмірінің негізгі ведомстволардың нұсқауларымен белгіленді, олар
кәсіпорындарды дербестік пен инициатива атаулыдан жұрдай етіп айырды. Халық
шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар енгізуден
үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомстволар түріндегі орталықтың
әміріне бағыну республикада мүны одан әрі қиындата түсті. 80-жылдың
ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.
Ведомстволық бюрократияның жүгенсіздігі, жоғарыдан қатаң әміршілдік
басқару, еңбекақы төлеудегі теңгермешілдік пиғылдар, мемлекеттік меншіктің
монополиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтижесінен алыстату, өндіріс
басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының
шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді. Еңбек ұжымы жоспарлар мен жоғары
органдардың нұсқауларын орындаушы ғана болған қатаң әміршілдік басқару
жағдайында жұмысшыларды кәсіпорындарда қандай да бір басқарушылық қызметін
орындауға тартудың таза формальді сипаты қалыптасты. Жұмысшыларды өндірісті
басқаруға тарту мақсатын қойған қоғамдық ұйымдар, әртүрлі қоғамдық бюролар,
комиссиялар тұрақты жұмыс істейтін өндірістік кеңестер және
басқалардыңкөпшілігі бос далақтап, жұмыс істеген болып жүрді. Қоғамдық
жұмыс саласында жалған, көрер көзге белсенділік көрсету, қосмып жазу әдетке
айналып кетті. Қоғамдық ұйымдардың мәліметі бойынша жұмысшылардың 60
пайызы өндірісті басқаруға қатынасатын болып саналды. Іс жүзінде
жұмысшылардың өздерінің бағалауы бойынша олардың алтыдан бір бөлігі ғана
кәсіпорындарда істің нақты жағдайына ықпал жасай латын оның қожасымын деп
сезінді.
Өмір сүріп отырған шаруашылық жүйесі шын мәнінде ынталы әрі белсенді
қызметкерді көкірегінен итерді, өндіріс жаңашылдарына өздерін толық
көрсетуге мүмкіндік бермеді. Олардың кейбіреулерін жүйе дөрекі тұншықтырды,
екінші біреулерін қолдаған болып, жылдар бойы шамшырақтардың қатарында
жүргенімен олардың тәжірибелері таратылмады. Социалистік жарысты
ұйымдастыру формальді сипат алды. Ресми мәлімет бойынша оған жұмысшылардың
90 пайызы қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне,
өнім сапасын жақсартуға, өндірісті өсіруге ықпалы болған жоқ. Коммунистік
еңбек жолындағы қозғалыс та бастапқы кездегі талпыныстан кейін бос сөзге
айналдырылды. Өндірістік белсенділік те өспеді, қайта төмендей берді.
Өндірістің даму қарқынының төмендеуі, өнім сапасының нашарлауы,
технологиялық және еңбек тәртібінің құлдырауы, ғылыми-техникалық прогресс
саласында артта қалушылықтың өсе беруі, міне осының салдары еді. Өндірісте
немқұрайлық, салақтық, ынта-жігерсіздік, талан-тараждылық, іске
жанашымастықтың басқа да көріністері үйреншікті әдетке айналды.
Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің әлеуметтік-экономикалық
саясаттағы қателері мен кемшіліктері ұлттық қатынасқа да ықпалын тигізбей
қойған жоқ. Мемлекет басшылығы ұлт мәселесінде ешқандай проблема жоқ, ол
мүлтіксіз шешілген деп санады. Сөйтіп, ұлт мәселесін шешудегі табыстарды
асыра бағалау орын алды. Ал іс жүзінде ұлт мәселелері жүйесінде
қайшылықтар, келеңсіз жағдайлар қордалана түскен еді. Оған 1922 жылы
федерациялық мемлекет болып құрылған КСРО-ның іс жүзінде унитарлық
мемлекетке айналып кетуінің үлкен әсері тиді. Одақтас республикалардың
құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды.
Ұлттардың өзін-өзі билеуі өмірлік тәжірибеде ұмыт болды. Оған нақты дәлел
ретінде 1937жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға 100 мыңға жуық корейлерді, 1939
жылы КСРО-ның батыс шекарасынан 102 мың поляктарды күштеп қоныстандырылуын
айтуға болады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы қызып тұрған кезде Еділ бойынан,
Украинадан, Солтүстік Кавказдан жарты миллионға жуық немістер Қазақстанға
жер аударылды. 1944 жылы Кавказдан жарты миллионан астам шешендер,
ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар, қырым татарлары,ал 1948 жылы
Грузиядан 27,7 мың месхеттік түріктер республика жеріне күштеп көшіріліп
келтірілді.
Бұл жылдары интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда
болатын. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту
арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Міне, осымен байланысты
интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе оны бүтіндей
алмастырды. Ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді,
ұлт республикаларында тұратын халықтар мен ұлттардың дамуында орыс
мәдениетінің рөлін асыра бағалау процесі жүрді.
Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек
ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеп
соқтырды. Республикада кеңінен насихатталған қос тілділік екі тілге бірдей
қараған жоқ. Орыс тілін республика қазақтарының 60% ғана меңгерсе, қазақ
тілін орыстардың 1% ғана меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен
шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, сол
сияқты жоғары мектептерде қолданылмады.

Қайта құру кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
өзгерістер

Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы
1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. Осымен байланысты он екінші
бесжылдықта, 1986-1990 жж. республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері
іздестірілді, бұл бағытта болған жаңа идеяларды іске асырудың жолдары
қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік
ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет, сүт
өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен
көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің
икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда
экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан резервтері
іске қосылмады.
Өнім өсуінің күрт төмендеуінің тағы бір негізгі себебі – ел ішіндегі
жағдайдың шиеленісуімен байланысты еді. Бұрынғы, ертеден келе жатқан
кемшіліктерге еселенген жаңа қиындықтар қосылды. Олар КСРО тарауына
байланысты республикалар арасындағы экономикалық қатынастардың үзілуі, бір-
біріне тауарлар жіберу жөніндегі міндеттемелердің орындалмауы, қаржы-несие
мәселесіндегі қиындықтар болатын. Осының салдарынан, ең алдымен Орта Азия
республикалары мен Қазақстанның экономикалық жағдайы нашарлап кетті.
1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының, бұрынғы жылдармен
салыстырғанда, мықтап құлдырағаны байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық
салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе
бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металургтердің тұрмыс дәрежесі
мейілінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре
бастады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірлің кейбір
бөлігін өздерінің қалауы бойынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып
отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.
Экономикалық дағдарыс республикадағы өнеркәсіп өндірісінің көптеген
салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық
тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. 1991 жылы аграрлық
секторларда да қиыншылықтар аз болған жоқ. Көктемнің ерте шығуы, жаңбырдың
болмауы, мамыр айында салқын түсіп, топырақтың тоңазуы көп жерлерде
астықтың шығымын төмендетті. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен
күрделі құрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.
Қазақстанда республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына
шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес
құрылды. Оның құрамына енген белгілі экономист Г. Явлинский, АҚШ-тан келген
доктор Бэнг және тағы басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына
нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен
шұғылданды.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формасы –
акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік
шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер
қалыптаса бастады. 1991 жылдың орта шенінде республикада 35 бірігіп
істейтін кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық
коммерциялық банк жұмыс істеді.
Мемлекеттік шаруашылық басқару құрылымы өзгеруіне байланысты пайда
болған қиындықтарға, бұрынғы әкімшіл-әміршіл жүйе қалдықтарының тарапынан
болған қарсылықтарға қарамастан, нарықтық саудаға көшуде біраз іс
тындырылды. Республикада Президенттің жарлығымен жекешелендіру жөнінде
Мемлекеттік комитет құрылды. Ал 1991 жылғы шілде айында өткен Қазақ КСР
Жоғары Кеңесінің ІҮ сессиясы мемлекеттік меншікті жекешелендіру жөнінде
арнайы заң қабылдап, 1991-1992 жылдары қамтитын оның бірінші кезеңінің
бағдарламасын бекітті.
Бұл бағдарлама бойынша: бұрынғы Одаққа қараған кәсіпорындардың барлығы
ендң республиканың заңды меншігіне енетін болды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуы (1991-2007 жж)
Олжас Сүлейменов Қазақстанның заманауи тарихы хақында
Министрлік зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жұмыс жүргізуде
Қазақ жеріндегі радионың пайда болуы мен даму кезеңдері
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан туралы
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
1965 ж. экономикалық реформалар: себебі, мазмұны және нәтижесі
Әлеуметтік-экономикалық дамудағы тоқыраулар;
Пәндер