Франция баспасөзінің тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Франция баспасөзінің тарихы
1470 жылы Франциядағы алғашқы баспаханалар ашылып, өзінің бастапқы
өнімдерін бере бастады. Ал бұл елде газет шығару ісі 17 ғасырда пайда
болып, 1604 жылы алғашқы газет Газет франсуаз жарық көрді. Артынша
Француз меркурийі (1611 жылы) дүниеге келді.
1631 жылы Теофраст Ренодо негізін салған Газет апталық газеті
ақпараттарының жан –жақтылығымен, әдеби деңгейінің жоғарылығымен, ұзақ
уақыт үзбей шығып тұрғандығымен ерекшеленеді. Әлемдегі ең алғашқы журнал
Журнал де саван деген етпен 1665 жылы Францияда дүниеге келген. Соның
ізінше, 1672 жылы жарық көрген Меркюр галан журналындағы тақырыптардың
жан – жақтылығы, формаларының әртүрлілігі, кейбір жанрлардың ұшырасып қалуы
- қазіргі журналдарға ұқсайды. Франция баспасөз тарихындағы алғашқы
жекеменшік журнал Пьер де Шамблен де Маривоның иелігінде Спектатэр ырансэ
(1722 жылы) деген атпен дүниге келген. Ал алғашқы күнделікті газет Журнал
де Пари (1777 жылы) жарық көрген тұста, Парижде 27 газет шығып тұрған.
1629 жылы король Людовик 13 цензура туралы заң шығаруы баспасөздің дамуына
тежеу болды. Бұл заң бойынша полиция мен цензордың рұқсатынсыз ештеңе
басылмайтын еді. Дінге, корольге, мемлекетке қарсы дүниелердің басылуына
қатаң тиым салынды. 1660-1756 жылдар аралығында Баспасөздегі қылмысты
істері бойынша 869 адам (журналистер, баспаханашылар, кітап сатушылар)
Бастилияда болып қайтты. Ал баспасөзде жіберген кемшіліктері, кіәналары
үшін қлім жазасына кесу ісі Францияда 18 ғасырдың соңына дейін жалғасты.
Француз баспасөзінің жасанды тарихына Ұлы Француз революциясы (1789 –
1799 ж.ж.) өзгеріс әкелді. Журналистика – қоғамдық пікірдің мінберіне
айналып, революциялық – демократиялық қалыптасты.
Революция нәтижесінде Адам правосы жөнідегі декларация (1791) қабылжанып,
алғашқы француз конституциясы өмірге келді. Бұл құжаттарда адам құқының
асыл қасиеттері –сөз, ой бостандығына шек қойылмайтындығы жарияланды.
Әртүрлі саяси бағыттағы басылымдардың саны өсті. Революцияға дейін 27 газет
шыққан болса, 1789 жылдың екінші жартысында газет саны – 250 –ге дейін
өсіп, ал 1790 жылы 350-ге жетті. Газеттердің көпшілігін революция
көсемдері, саяси қайраткерлер басқарды. Виктор Рикети Мирабо Эта жанеро,
Курь еде прованс газеттерін, Жак пьер Бриссо Патриот франсе газетін
шығарды. Ал Револьюсьон де Франс, Вье Корделье газеттерін Камиль
Демулен басқарды. Ал Жан Поль Мараттың Ами дю пеплі көпшілікке танымал
болып, ықпалды газеттердің біріне айналды.
Француз революциясы тек Францияда ғана емес, Еуропа тарихында да жаңа
кезеңнің ашылуына жол ашты. Ескі режимді жоя отырып, адам құқы
декларациясының принциптерін жүзеге асыратын саяси партияладың өмірге
келуіне себепші болды.
Осы кезеңде саяси басылымдар қалыптасып, баспасөздің шынайы бейнесі
айқандала бастады. Баспасөздің беделі күн санап өсті. Бұндай өзгерісті
көріп, көңілі марқайған К.Демулен: бқранғы режим тұсындағы листоктар тек
ауа – райын жазатын. Бүгінгі журналистер – қоғамды билеушілер. Олар
әшкерелейді, ақтайды, талқылайды, бір сөзбен айтқанда, басқарады. Газет –
таң шуағымен арайландыратын күн іспеттес - деп тебіренді.
1789 жылы журналистикада баспасөз еркіндігі туралы пікірлер сөз бола
бастады. 1789 жылдың 10 сәуірінен бастап Бриссо былайша түсіндіреді:
Революцияның алғашқы жалдарында брошюралар көбейгенімен, ол кез – келген
адамның қолына тие бермейтін. Сондықтан, бағасы ортанқол, сыртқы пішімі
тартымды, революцияның бағыт –бағдарын жан – жақты түсіндіретін саяси газет
керек.
Бриссо газетімен бір мезгілде Мирабоның Генерал штатының газеті басылымы
шыға бастайды. Кейіннен билік басындағылар бұл басылымның шығуына тиым
салған. Үкіметтің бұл шешіміне халық наразы болды. Бриссо газетін шығаруды
біраз уақытқа тоқтатты. Ал Мирабо болса, депутат ретінде өз сайлаушыларына
есеп беруді бетке ұстай отырып, Граф Мирабоның өз сайлаушыларына хаты
деген атаумен, 1789 жылдың 10 мамырынан бастап өз басылымын шығаруды
жалғастыра береді. 10 мамыр мен 25 шілде аралығында Мирабо газетінің 19
нөмірі жарық көреді. Мирабо газеттің соңғы нөмірін Бастилияны алған күнгі
жеңіске арнады.
Бастилия алынғаннан кейін, саяси баспасөз жолындағы кедергілер біртіндеп
жойылды. Бір газеттен кейін бір газет өмірге келіп жатты. Барефтің
басшылығымен дүниеге келген газет Восход газетінің 350 саны жарық көрді.
Мирабо бірнеше жақтастарымен Курьера прованса газетін шығарды. Олар
ұлттық мәжіліс жиылыстарына қатысып, қызықты мәліметтерді қалт жібермей,
есептің хаттамасын жазып алып, газетке басқан. Мирабо газеті тек Парижде
ғана емес, шет аймақтарда да сұранысқа ие, өтімді, беделді басылым болды.
Осы кезде Фреронның редакторлығымен жарық көрген Халықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем журналистикасының тарихы
Шетел журналистикасы
Қоғамдағы саяси газет
Француз журналистикасының тарихы
Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен баспасөздің рөлі
Франция журналистикасы Пэр Дюшен. газеті
Түркия журналистикасы
Қазақ баспасөзінің пайда болу тарихы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Пәндер