Болашақ мамандардың интеллектуалдық қабілетін жетілдіру жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Болашақ мамандардың интеллектуалдық қабілетін жетілдіру жолдары

Әлемнің дамыған елдерінде білім сапасын бағалауды талдау тәжірибесі кейінгі уақытта оның ауқымды көлемге ие болғанын және білім сапасын бағалаудың қызметін құру жолымен жүріп келе жатқанын көрсетеді. Білім сапасын бағалау жүйесінің толыққанды қызмет жасауы үшін білімнің барлық деңгейі бойынша оқушылардың білім, бейімділік, дағды және біліктілік сапасын орталықтандырылған бақылаумен қамтудың қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан білім сапасын басқаруды қолға алған жағдайда, қалыптасқан жағдайды өзгертудің негізгі жолы, мектеп оқушысы оқуын әлі бітірмей тұрғанда, студент жоғарғы оқу орны мен колледж қабырғасында жүрген кезде, іске түзетулер енгізу, мектеп оқушыларының, студенттердің даярлық деңгейін арттыру, мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының, білім беру ұйымдары басшыларының, мұғалімдер мен оқытушы-профессорлар құрамының жауапкершілігін күшейту заман талабы болып отыр.

Маманның жаңалықтарды қабылдаудағы жеке басының үлгісі кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі кез-келген ұжымдағы қарым-қатынас жан-жақты, онда тұлғалық та, кәсіби де, адамгершілік те сипаттар орын алады. Маманның кәсіби кемелденуі өзінің кәсіби-пәндік білімін толықтырумен, өзін-өзі іскерлік-әдістемелік жетілдірумен, өз мүмкіндігін игерумен сипатталады.

Мемлекетіміздің егемендік алуына байланысты болған демократиялық өзгерістер білім берумен қатар оның басқару жүйесіне де айтарлықтай өзгерістер енгізді.

Білім берудің барлық жүйелері, олардың деңгейіне қарамай, жаңа талаптарға сәйкестендірілуін қажет етуде. Нарықтық экономика жағдайында басқару үшін инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті жететін, жаңа технологияларды игерген, ұжымда жұмыс істей алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын және қарым-қатынас мәдениеті жоғары басшылардың түбегейлі жаңа түрлерін қызметке тағайындауды қажет етеді.

«Құзыреттілік» (компетенттілік) - латын тілінен аударғанда «лайықпын, сәйкеспін, дегеніме жетемін» деген ұғымды білдіреді екен. Нақтылай айтқанда белгілі бір саладағы толық игерілген білім мен жинақталған тәжірибені айтуға болады.

Білім саласы адамның потенциялын көтереді. Адамның потенциялы жоғары болса, ол ертең ғылымды да дамытады. Өндірісін де өркендетеді. Жаңа технологияны да енгізеді, яғни айтқанда үлкен-үлкен жұмысты атқарады. Болашақтағы экономика білімге тікелей тәуелді экономика. Себебі жаңа технологияны енгізе алған экономика ғана үлкен жетістерге жете алады. Ал бұрынғы ескі технологиямен жұмысын жалғастыруды көздеген өндіріс табысқа жете алмайды. Ондай өндіріс бәсекеге қабілетсіз болады. Қазіргі білім саласы жаңа технологияны пайдалана алатын, ғылым мен тәжірибені батыл ұштастыратын, қандай жаңа зауыт, фабрика салу қажеттігін сезіп тұратын, қандай өнімді өндіруді білетін маман дайындауға тиіс. Білім мен экономика арасында ешқандай айырмашылық болмауы керек. Білім экономикаға, әлеуметтік салаға, бүкіл қоғамға қажетті маман дайындауға міндетті.

Кәсіби білім беруде білікті мамандар дайындаудағы өзекті мәселелер.

Яғни жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесіндегі жетістіктер, жалпы қоғамның жетістіктері, мұғалімнің білім ғылым және кәсіби деңгейінің жоғары болуымен тығыз байланысты. Сондықтан мамандардың біліктілігін арттыру, оларды заман талабына сай дайындау процесі мұқият көңіл аударатын мәселе.

Бүгінгі оқытушыларға тек жақсы меңгерілген білім ғана емес, үздіксіз жаңалыққа ұмтылу өзіндік жаңалығын жаңа жағдайда қолдануға талпыну, шығармашыл ойлауын дамыту, жаңашылдық қабілеттілігінің болуы, жаңа міндеттерді қою және шешудегі батылдылықтары қажет. Осы тәрізді келесі мәселелер жоғары оқу орнының оқытушылары алдына толғағы жеткен көптеген сауалдарды көлденең тартып, оларға нақты жауап іздеуге мәжбүр етеді.

Студенттердің білім деңгейі: болашақтың талғампаз талабына сай ма?

Заман талабына сай білім беруде студенттерді қандай бағытта оқытып жатырмыз? Әрине бұл оқытушы іс- әрекетімен тығыз байланысты. Не ексең, соны орарсың?, - демекші. Нені үйретсең сол бағыттағы маманды көреміз. Студенттерімнің жетістіктерін өз жетістігім деп білемін. Педагогтік іс-әрекетімде «Білім берудің жаңа педагогтық технологиясы » деп аталатын 36 сағаттық арнайы курс ұйымдастырдым. Студенттер бұл арнайы курстан жаңа педагогтық технологияның әдіс- тәсілдерін меңгере отырып, оны педагогикалық іс-тәжірибеде кең молынан қолдануға мүмкіндік алды. Осы жобамен жұмыс жасау студенттерге қажет екеніне, оның заман талабына сай ұйымдастырылған жаңа нәрсе екеніне көздері жетеді. Бұл белгілі бір мақсатқа негізделген іс екеніне еш шүбә келтірмейді. Мұнда мұғалім тұлғасын қалыптастыратын, оның шығармашылық күш қуатын дамытатын, ұстаздың психологиялық ұстанымдарын көзқарастарын өзгертуге бағытталған білімнің мазмұндық функцияларын қамтамасыз ететін үздіксіз білім беру жүйесі бар.

Білімге жастардың қызығушылығын қалай арттыруға болады?

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың пәнге қызығуын өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу мектептің міндеті. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болмай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналу керек. Танымдық қабілет әр кімге тән. Қабілетсіз адам болмайды. Адам бәріне де қабілетті, тек өз бойындағы қабілеттің алғы шарты болатын нышандарды оята білген жөн. Тек оны дамыта білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан дайын ақпараттық фактілер мен ережелер беріп қоймай, өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет. Кез- келген адам өзінің тіршілік және рухани қажеттілігін өтеу үшін дүниені танып білгісі келеді. Алайда ол үшін ешбір мәні жоқ нәрсеге қызықпайды. Студенттің қызығуымен құндылық бағдары тығыз байланысты. Студент өзі үшін құнды, әрі қажетті нәрсеге, мәселен, оқу пәніне қызығады Студенттердің қызығуы арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыруға болады. Осы кезде ұлы Абайдың мына бір сөздері еріксіз еске түседі. «Ғылым- білімді әуел бастан өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен, яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі ізденгендей болғанша…Шынындада бала күнінде зорлықпен, алдаумен ғылымға үйір еткен соң, бара келе әр нәрсе адамзаттың қызығушылығын оятатындай іс-әрекет туғыза білуі қажет. Қашан бала ғылым- білімді махаббатпен көксерлік болса, қызығушылықпен кірісе білсе, сонда ғана оның аты адам болады. Сонда ғана дүниені танитындығы рас. »

Алғашқы кезеңде ең маңыздысы студенттің тақырыпқа байланысты білімінің деңгейі анықтала отырып, жаңа өтілетін тақырыптан нені білу қажет екендігі студентті де оқытушыны да ойландыруы қажет. Әрине бұл жайдан-жай жүргізіле салмайды. Мұнда жоба оқытудың жаңадан тыс әдіс- тәсілдерін ұсынады.

Сабақта студенттер бұрыннан білетін және сол сабақта білуге тиісті мәліметтер арасында байланыс орнататын сұрақтарды қоюдан бастау орынды және бағалы. Сұрақтар -шешуге тиісті құпиялар мен проблемалар төңірегінде қойылады. Мысалы:

Сабаққа қызығушылық ояту кезеңінде:

-Сабақтың тақырыбы сіздің жеке тәжірибеңізбен қалай байланысқан?

-Бұл тақырып жөнінде қандай мәліметтер білесіз?

-Білгіңіз келіп, анықтай алмай қалған мәліметтер бар ма?

-Бұл не себептен маңызды?

Сабақтың мағынаны ажырату кезеңінде:

-Нені байқадыңыз?

-Бұл жөнінде не ойлайсыз?

-Бұл материалда бастапқы пікір неде?

-Материалда қандай сұрақтар жауапсыз қалды?

-Сіз не ұсынар едіңіз?

Оқытушының сұрақтары білім алушылардың танымдық іс-әрекетін басқару құралдары. Сұрақтар олардың мәні мен қолданатын ситуациясына қарай сыни ойлаудың дамуына септігін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Бастауыш сынып мұғалімі
Студенттердің даму ерекшеліктерінің ғылыми-психологиялық негіздері
Жоғары оқу орнындағы интеллектуалды тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін белсендіруді теориялық тұрғыда негіздеу
Студенттердің шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Артпедагогика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz