Тәрбие - отбасынан басталады. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тәрбие – отбасынан басталады.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі
ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің
алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие
жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс
жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа
тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін
орындауы., ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы
секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде
қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі
тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау, ұлттық
сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол,
мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер
қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген Қазақстан Республикасының
тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні
отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар
ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-
аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп
отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде.
Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана
мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына,
олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты
болады.
Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен
татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман
туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп
тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді.
Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы,
әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты
адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі
отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы
процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары
жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың дегендей бала тәрбиесі ол
дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі
де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының
дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады.
Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.
Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері
арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы
керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі
керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуантып, сыилап
құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап
етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара
түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын
сезіліп тұрады.

Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы
адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси
көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін
терең түсіне білулерінен байқалады.
Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер
мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге
үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы – ошақ қасында қалыптасып
нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке
бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді
қалыптасады.
Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-
аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап,
құрмет пен қамқорлық таныта біледі.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтің ұлы педагогі Ян
Амос Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде
отбасын бөліп, қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы Ана
мектебі деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі
түсініктерін отбасында алып, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында
қалыптастырады.
Орыстың ұлы педагогі К.Д. Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу
туралы былай деп жазады: Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының
қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де
мінезбен әсер ету керек.
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен
шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан
бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-
аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы
тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай
өзінің 10 сөзінде: Әуел балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне,
мұны берем деп, баста балаңды алдағыныңа мәз боласың. Соңыра балаң
алдамшы болса, кімнен көресің? деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-
аналарды сынайды.
Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі
мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің Баланы семьяда тәрбиелеу
деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы
тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.
Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-
бір формасы болып келді. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың шыр етіп
дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал
жасайтын негізгі ошақ болып отыр. Адамзат тарихындағы отбасы тәрбиесінің
тәжірибесі көптеген педагогикалық теориялардың пайда болуына алып келді.
Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим
философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я. А. Коменский,
ағылшын философы Дж. Локк, француз ағартушысы Ж.Ж. Руссо, швейцар
педагогы И.Г. Песталоций, орыс педагогы К.Д. Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.
Толстой, қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин және Абай Құнанбаев, кеңес
педагогтары Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, қазақ зиялылары
М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін
қосты.
Кеңес өкіметенің таралуына және Қазастан Республикасындағы
педагогикалық ойлардың дамуының тәуелсіздік алуына байланысты отбасы
тәрбиесін зерттеу үрдісі (әдісі) халық педагогикасы бағытында қолға
алынды.

Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата-анасынан алады.
Әрине, әркім өзінің баласын жаман болсын демейді, оның
тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса,
еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет
иесі болса екен деп те тілейді.
Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-
ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге
келісімен көп көңіл аударып, Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі дегендей
оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеген жөн,
тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады деген дүние
жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл,
энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби.
Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім
береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз.
Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста
болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс.
Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі,
жан-жақты білімді болуына көп байланысты.
Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып,
баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды,
немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады.
Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз
қалдырмағаны жөн. жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп,
үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді.
Айталық, ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып,
оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі,
өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады.
1. Бақшадан келген баланың көңіл күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-
өзінің баға беруіне үйрету.
2. Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
3. Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл күйін
көтеру.
4. Ата-ана өзін-өзі ұстай білу, бақылай білу.
5. Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу.
6. Баласының тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және
оның ой-идеясына көңіл бөлу.
7. Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-
құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу.
8. Оның психо-физиологиялық даму дәрежесіне, адамгершілік эстетикалық
қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу.
9. Оның шығармашылық қабілетін, ақыл-ой сезімін бағалай білу.
10. Оның талап тілегіне тежеу жасамай, еркіндік беріп, дүниеге, өмірге
деген көзқарасын бақылай білу.

ТӘРБИЕ НЕГIЗI – ОТБАСЫНДА
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында " Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi
парызы" делiнсе, "Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың,
аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн
күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi
сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде
көргiмiз келедi..." делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала тәрбиесiнде
отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да
алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған
мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың,
ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа,
өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi
беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн
құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-
ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.
"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда", - деп, ХI ғасырда Жүсiп
Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен
танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана
балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық,
түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы.
Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы
мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.
Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi
ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!
Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы,
" адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген
ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi
қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала
анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп
туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр
еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне
басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде
ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол
немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы
естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген
нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi.
Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда
Домалақ Ананың ( Нұриланың) "Диһнат мама" атану тарихы да қызық. Бұлақ
басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың
терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң
адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға
үндейдi.2 Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас
игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең
түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады.
Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: Ұлы анамыздың артында, батыстан
шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде
ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр".3
" ХҮIII ғасырдың аяғында дүниеге келген бала Пушкин де, ХIХ ғасырдың орта
шенiнде қазақтың кең сахарасында дүниеге келген Абай да шешесi мен әжесi
берген тәрбие уызын емiп өседi. Амал жоқ, 1630 жылдары жазылған словак
педагогы Ян Амос Коменскийдiң " Аналар мектебi" еңбегi есiңе түседi де, ана
құдыретiне амалсыз бас иесiң"4 деп толғанады " Ерте жастан тәрбиелеу
тағылымдары мақаласының авторы.
Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында
жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз
сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың
қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң "Құтты
бiлiк" еңбегiнде:
Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық
Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.
Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,
Өзгермейдi салғанша ажал құрығын.
Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың "Құтты бiлiк" еңбегiндегi ойлар ана
сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын
алатындығы айтылған. Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы
тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы
ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң
бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз
тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. "Ата көрген оқ жонар" деген
осыдан шыққан.
Қазақ халқының " Ата – балаға сыншы" деген мақалы бар. Әр әке өз
балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте
аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй
шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса,
жақсыларға жанастыратын.
Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ
қыздың жолы жiңiшке" деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне
қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi
жауапкершiлiкпен қараған. "Қызға қырық үйден тыйым", " Ұлға отыз үйден
тыйым" демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес.
Әр отбасы ұлы мен қызына салт-дәстүрдi, жетi атасын бiлудi үйреткен.
Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзiнше қымбат.
"Алуан-алуан жүйрiктiң әлiне қарай шабатынын" ең алдымен, атасы мен
анасы бiледi. Тарихқа көз салсақ, халқына қорған, елiне басшы болар азамат
өсiрiп, төңiрегiне аналық мейiрiмiн төгiп, ел анасы атанған аналар аз ба?
Домалақ ана, Қараша ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана, Қызай ана...
секiлдi көптеген аналарымыз елiне тұтқа боларлық ұл-қыз өсiрiп, бiр ру-
тайпаның атын иеленiп, өнегелi iстерi аңызға айналып, бүгiнге жетiп отыр.
Сондай-ақ, кешегi Түркi қағанаты заманында түрiк әлемiне Күлтегiндей
батырды, Бiлге Қағандай дананы сыйлаған ананы халқы хан көтергендей ақ
киiзге отырғызған, ардақтаған.5
"Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы
әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген өзара достық қарым-
қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге көрсете алады. Егер оқушы
маманданған ұстаз десек, ата-ана – өздерiнiң өмiрлiк iс-тәжiрибесi арқылы
тәрбиелiк iс-әрекеттерiн қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз iсiнiң шеберi,
бiлгiр адам болуы қажет"6 деп толғанады ақын.
Бала тәрбиесi–игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие
саласының ең өзектiсi. "Шебер ұстаздан– тәрбиелi шәкiрттер" деп айту өте
орынды. "Бала үшiн жай нәрсенiң өзi де жаңалық. Бұлар – құмарпаз, әуесқой,
тынымсыз зерттеушi".7
Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен
тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр
бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме
тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден
ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән.
Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой
келедi. "Бала тiлi– бал", "Балалы үй– базар" деген мақалды халқымыз өте
орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды,
мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны
балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады. Ата-
бабаларымыз бала тәрбиесiне құрғақ ақылдан гөрi үлгi-өнеге арқылы ықпал
етудiң жұғымды екенiн және балаға жора-жолдастарының, құрбы-құрдастарының
әсерi мол екенiн айтқан. "Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе,
қызы жақсымен ауылдас бол" деп, тәрбиелiк мәнi зор мақал-мәтелдер айтқан.
Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, "Баланы жетiге
келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн
құрдасыңдай сыйла" деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.
Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне
ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы,
"Қасымның қасқа жолы" (1511-1518), "Есiмнiң ескi жолы" (1598-1628), Әз
Тәукенiң "Жетi Жарғысы" (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға
түспеген. Бұл – заңдық құжаттар.
Ата-заңды аттаған азғындарды "етегiн кесiп, елден қу" деген қағидамен
аяусыз жазалаған8. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесiне ерекше мән берген. "Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң" деген мақал арқылы бала тәрбиесiндегi
отбасының рөлi ерекше екендiгiн атап көрсетедi. Бала тәрбиелей отырып
артына iз, өшпес мұра қалдырған.
"Жерге себiлген дақылдың өсуi жердiң құнарлығына, ылғалдылық пен күн
шұғылысына байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның белгiлi бiр
мамандықты игеру қабiлетi де сыртқы орта жағдайына ( тәлiм-тәрбиесiне)
қатысты.
Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi
болуды тiлейтiн өнер. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың отбасындағы тәрбиесі
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Өнеге от басынан басталады
Ата ананың тұлғасын сипаттау
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Тәрбие бастауы - отбасынан
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың үлгі-өнегесі
Пәндер