Білім беру үрдісінде электронды оқыту кешенінің тиімділігі мен талаптары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Электронды оқыту кешенін білім беру үрдісінде

пайдалану тиімділігі

А. Қ. ҚАЗИҰЛЫ

Б. К. Мергенбаев атындағы №226 гимназияның 11-сынып оқушысы,

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Бағдарламалау ебдейлігі компьютерлік сауаттылықтың құрамдас бөлігі болып табылады, яғни компьютерлік сауатты болу үшін оқушылар компьютерлік бағдарламаны құра білу керек.

Американдық педагог-ғалым Б. Хантер

Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында (Егемен Қазақстан газеті, 1999, 11-маусым) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, әлемдік мәдениет пен білім саласындағы құндылықтарды оқыту процесінде пайдалану керектігі, ол үшін оқытудың тәсілдері мен әдістерін және формаларын жетілдіру қажеттігі айтылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейту - қазіргі таңдағы үлкен проблемалардың бірі болып саналады.

Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде жаңа ақпараттық технологиялардың, оның ішінде мультимедиалық технологияларының атқаратын ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін компьютердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттілігі туындап отыр.

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi-оқыту процесiн ақпараттандыру. Қазіргі уақытта біздің республиканың барлық аймақтарында мектептер жаңа типті компьютер сыныптарымен жабдықталғандығы, білім мекемелері мемлекеттің бюджет қаржысына әлем кеңестігіне интернет жүйесі арқылы енгізіліп, оны дамыту жұмыстары жүргізіліп келе жатқандығы бәрімізге мәлім. Біздің Қазалы ауданында мектептер 1998 жылдан бастап түгел компьютерлендіріліп, 2001-2002 оқу жылынан бастап интернет жүйесіне қосыла бастады. Мектептерге жаңа мультимедиалық оқыту құралдары берілген және оларды сабаққа, сабақтан тыс дайындық кезінде пайдаланылуы жақсы үлгіге айналуда.

Мультимедиа - дыбыс, графика, анимация (қимыл-қозғалыс), көріністік фрагменттерді және мәтіндерді қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегі бейнелер мен дыбыстық мәліметтер алу мүмкіндігін беретін арнайы жабдық.

Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып жаңа стандартқа сай оқыту қазіргі білім берудің барлық салаларына бірте - бірте енуде.

Қазіргі білім беру саласын соңғы үлгіде, электронды ақпараттандыру үлгісінде дамыту актуальды проблемалардың бірі болыр отыр.

Электронды оқулықтармен оқыту үрдісінде жеке тұлғаға бағыттауға және сатылап білім беруге, бақылау және қателерді ескере отырып қарама - қарсы байланыс жасауға, өзін- өзі тексеру, оқу үрдісін түзетуге, әр түрлі ситуацияларда ең тиімді шешім қабылдауын қалыптастыруға, белгілі бір ойлау қабілетін дамытуға (теориялық, өзіндік көзқарас) оқытудың себептік маңызын күшейтуге және танымдық әрекет мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Электронды оқулықтарды жарыққа шығару және қолдануда ғылыми - әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің жүйесі құрылмаған. Бұл мәселе электронды оқулықтардың сапасына кері әсерін тигізуде.

Соңғы уақытта пайда болған әртүрлі электронды құралдарды жіктеу және жалпы электронды оқулық ұғымын анықтау қателігі туындап отыр. Ал электронды оқулық - теориялық материалдар, бақылау және жаттығу жұмыстарын орындау, қарым - қатынас байланысын орнату және т. б. негізгі функциялардың барлығын қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай электронды оқулықтарды қажетті жағдайда оңай түзетуге болады, білім беру жүйесіне оңай енеді және оқыту үрдісінің дидактикалық жүйесінің толық жүруін және үзілмеуін қамтамасыз етеді.

Электронды оқулықтарды соңғы кезде қолданысқа енгізілген жоғары деңгейдегі компьютерлік программалармен қатар қарапайым PowerPoint сияқты программалармен құрастыруға болады.

Электронды оқулық ешқандай қосымша қағаз құралдардың көмегінсіз, яғни тек қана компьютерлік программалар негізінде жасалынуға, барлық негізгі функцияларды қамтамасыз етуге және барлық талаптарды орындауға тиіс. /сызба1/

Сызба1

Оқу үрдісін заман талабына сай жүргізу үшін электронды оқулықтың аздық ететіндігі сөзсіз. Ал, электронды оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру электронды оқулық пен ақпаратты - коммуникациялық мүмкіндіктердің барлығын дерлік қамти алады. /Сызба 2/

Сызба 2

Негізінен электронды оқулық бұл мынадай негізгі компоненттерді қамтуы тиіс. /сурет 1/

Сурет 1

Осындай сабақтарды жасау қажеттілігі мынадай факторлармен сипатталады:

  1. Электронды оқулықты пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы.
  2. Компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге енгізілуі.

Осындай сабақтар жасаудың мынадай кезеңдерін атап өтейік:

  1. Оқыту мақсатын анықтау.
  2. Өтілетін тақырыптың, бөлімінің материалдарын талдау, керектілерін таңдап алу және оның тиісті құрылымын жасау.
  3. Оқыту тәсілін таңдау.
  4. Сабақты жобалау, яғни оның сценарийін құрастыру.
  5. Сабақты жүргізудің программасын жасау (программа тілінде)

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту »


Қорытынды

Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты, орта білімді ақпараттандыру жолына түсті. Бірыңғай білімдік-ақпараттық кеңістік қалыптасып келеді. Ал, білім беру саласын ақпараттандыру тек қана оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіріп, өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар бүкіл оқыту үрдісін басқарудың және бақылаудың жаңа әдістерінің пайда болуына жағдай жасайды. Дұрыс іске қосып, пайдаланған жағдайда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі мол: мұғалімде де, оқушыда да тез іске қосатын мол оқу - әдістемелік материал жинақталады, оқу материалының қолдану тиімділігі арттырылады, жеке бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік туады; мұғалім өзі немесе оқушылардың көмегімен оларға таратылатын дидактикалық материалды көбейтеді, оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, бақылауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысымның нәтижесінде, қарапайым оқу үрдүстеріне қарағанда электронды оқыту кешені арқылы білім беру тиімділігі айқын көрінді.

Мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту үрдісінде интерактивті тақталарды қолданудың әдістемесі мен тиімділігі
Жаңа педагогикалық технологияларды білім беру үрдісінде қолдану: даму, жобалау және тиімділігі
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру процесіндегі тиімділігі
Білім беру жүйесіндегі жаңаша оқыту технологиялары: түрлері, әдістері және тиімділігі
Пән мен тілді интеграцияланған оқыту (CLIL): білім беру жүйесіндегі тиімділігі мен артықшылықтары
Оқыту үрдісінде экологиялық білім мен тәрбиенің теориялық-әдістемелік негіздері
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Білім беруді ақпараттандыру: электронды оқулықтар мен қашықтықтан оқыту технологиялары
Электрондық оқулықтардың білім беру процесіндегі тиімділігі мен қолдану мүмкіндіктері
Қазіргі білім беру үрдісінде биология пәнінің оқу жетістіктерін бағалау әдістері мен әдіснамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz