ҚР экология мәселелерін құқықтық реттеу негіздері


ҚР экология мәселелерін құқықтық реттеу негіздері.
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Заң әдебиетінде экологиялық бақылауды ұйымдастыру, жүргізу шарттары мен тәртібі жеткілікті толық жазылды, бірақ ол бұрын болған экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.
Сонымен бірге, жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні ұғымына елеулі өзгерістер енгізді, сондықтан аталған еңбектерді талдау мүмкін болып отыр.
Мысалы, В. В. Петровтың пікірі бойынша, экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда «кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі экологиялық талаптарды сақтауын тексеру.
Профессор Н. Б. Мухитдиновтың пікірін талдай келіп, біз мемлекеттің қоғамдағы ықпалының шектелуі туралы ойға тап боламыз. «Мемлекет - деп есептейді ол - табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мұның қалыптасқан материалдық жағдайларда бұл байлықтарды ұтымды, кешенді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажет болса, өзіне соншалықты құқықтарды алуына болады».
Экологиялық бақылаудың өзінің түрлері мен нысандары болады:
Қолданыстағы заңға сәйкес экологиялық бақылау мыналарға бөлінеді:
1) мемлекеттік бақылау;
2) ведомстволық бақылау;
3) өндірістік бақылау;
4) қоғамдық бақылау;
Мемлекеттік бақылау арнайы уәкілетті органдардың қызметі болып табылады, ол қандай да бір ведомствалық мүдделерге тәуелді болмайды және белгілі бір заңдылыққа ие болады. Оны жүзеге асыру Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктеледі. Экологиялық бақылаудың объектілері ретінде мыналар қатысады: шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен қоршаған ортаның және оның жекелеген объектілері өзгерулерінің жай-күйі мен деңгейі; экологиялық заңды сақтау; табиғат қорғау шараларын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың нұсқамаларын орындау жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі; қоршаған ортаны қорғау, арнайы табиғат пайдалануға жасалған шарттарда, лицензияларда көзделген шарттарда орындау.
Объектілерге байланысты экологиялық бақылаудың нысандарын ажыратады: барлық қоршаған ортаны қамтитын тығыз ұштасқан бақылау, объектілер тобы мен кешендерді қорғаумен байланысты кешенді бақылау; табиғаттың жекелеген объектілерін қорғауға бағытталған жіктеп саралап бақылау.
Сондай-ақ экологиялық бақылаудың заңда баянды етілген хабарламалық, алдын ала ескерту, ағымдары, жазалау нысандары болып ажыратылады. Хабарламалық бақылау алдын ала ескерту не жазалау шараларын қабылдау мақсатында оны тиісті органдарға беру үшін қажетті экологиялық хабарламаны жинаудан және жинақтаудан көрінеді. Алдын ала ескерту және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру кезінде ықтимал зиянды зардаптарды болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылданады, олар экологиялық заңды бұзу, табиғат қорғау шараларын орындамау салдарынан туындауы мүмкін.
Қоршаған ортаға зиян келтіруге, экологиялық заңды бұзуға кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану бақылаудың жазалау нысанының мазмұны немесе экологиялық бақылаудың дербес ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады.
Бақылаудың барлық аталған нысандары өзара тығыз байланысты болады және бірін-бірі өзара толықтырады. Хабарламалық және ағымдағы бақылаудан өзгеше бақылаудың жазалау нысанын тек арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Экологиялық бақылау сипаттамасындағы елеулі элемент оның әдісі болып табылады.
Экологиялық бақылау әдістерінің ұғымы заң әдебиетінде қабылданған қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдерінің анықтамасына сай келеді. Әдістердің көмегімен практикада тиісті бақылаушы инспекциялардың қызметін іске асыру жүзеге асырылады. Экологиялық бақылаудың әдістеріне мыналарды жатқызу керек:
- қоршаған ортаның және жекелеген табиғат объектілерінің
сапалық жай-күйін байқау;
- экологиялық және санитарлық органдардың нұсқамаларын
орындауды тексеру;
- экологиялық заңның нормалары мен талаптарын сақтауды
тексеру;
- экологиялық жағынан зиянды өндірістерді шектеу, тоқтата тұру,
тоқтату;
- кінәлі адамдарды жауапқа тарту.
Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру
қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің елеулі шарты болып табылады сонымен бірге, сөз жоқ, бұл мәселе жеке зерделеудің нысаны болып табылады.
Қазіргі министрліктер, акционерлік қоғамдар, жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар табиғи ресурстарды пайдалануды бақылауды өздерінің өкілеттіктері шегінде жүзеге асыруға міндетті.
Ведомстволық бақылаудың айрықша белгісі оның қолданылу саласы ведомствоға қарасты объектілерге ғана қолданылатындығында, нұсқаулары лауазымды адамдар мен уәкілетті объектілердің қызметкерлерінің атқаруы үшін міндетті болатындығында деу керек.
Өндірістік экологиялық бақылау жеке өндірістің немесе кәсіпорынның шегінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді өзінің міндеті етіп алға қояды. Бақылаудың бұл түрі, егер кәсіпорынның қызметі қоршаған ортаға және оның жекелеген компоненттеріне зиянды ықпал еткен жағдайда жүргізіледі.
Өндірістік экологиялық бақылаудың құқықтық негізі ҚР-ның 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы (78-бап), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құқықтық актілер болып табылады. Оларға ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 1995 жылғы 5 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы», 1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Жарлықтарын жатқызу керек. Оларда жалпы ереже - кәсіпорынның негізгі мақсаттары мен міндеттері, құқықтары мен міндеттері олардың жарғыларында анықталады, демек, өндірістік бақылау органдарының өкілеттігі, міндеттері кәсіпорынның жарғысында анықталады.
Қоғамдық бақылау экологиялық бақылау түрлерінің жүйесін аяқтайды. Мемлекеттік бақылаудан өзгеше, оның міндетті күшіболмайды. Оның қорытындысының ұсынымдық сипаты болады, бірақ мемлекеттік органдар қоғамдық-экологиялық ұйымдардың қызметіне құлақ асуға міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz