Қылмыстық ізге түсу


Жоспар
- Қылмыстық ізге түсудің негіздері
- Жеке, жеке - жариялы және жариялы ізге түсу мен айыптау істеріне жалпы сипаттама
- Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары мен оларды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар.
- Қылмыстық із қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиісті жағдайлар
Қылмыстық ізге түсу .
Қылмыстық ізге түсу органдары: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы. . Қылмыстық ізге түсу (айыптау) -бұл қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамдарды, оның кінәлілігін анықтау мақсатында, мұндай адамға жаза немесе басқа да мәжбүрлеу шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін ж. а. қызмет.
Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық ізге түсу мен сотта айыптау жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады. Жеке айыптау істері жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және оның айыпталушымен бітісуіне орай іс қысқартылады. Жеке-жариялы айыптау істері жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және тек ҚР ҚК 67 бабында көрсетілген мән-жайларда ғана бойынша жәбірленушінің айыпталушымен бітісуіне орай іс қысқартылады. Жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсу жәбірленушінің шағым беруіне қарамастан жүзеге асырылады.
Жеке, жеке - жариялы және жариялы ізге түсу мен айыптау істері:
- Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық ізге түсу мен сотта айыптау жеке, жеке - жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады.
- Осы Кодекстің 33 - бабында аталған қылмыстар турал істер жеке айыптау істері болып саналады, жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және оның айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға тиіс.
- Осы Кодекстің 34 - бабында аталған қылмыстар турал істер жеке - жариялы айыптау істері болып саналады, жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 - бабында көзделген жағдайларда ғана жәбірленушінің айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға жатады.
- Осы баптың 2 және 3 - тармақтарында аталғандарын қоспағандағы қылмыстар туралы істер жариялы айыптау істері болып саналады. Бұл істер бойынша қылмыстық ізге түсу жәбірленушінің шағым беруіне қарамастан жүзеге асырылады.
Егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы. Содай - ақ жоғарыда атап өткендей, айыпталушы мен жәбірленушіге толықырақ тоқталып кетейік:
Айыпталушы:
- Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай - ақ оған қатысты анықта органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып табылады. Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы, - сотталушы, өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы, - сотталған адам, өзіне қатысты ақтау үкімі шығарылға айыпталушы, - ақталушы деп аталады.
- Айыпталушы: заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдерменөзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға; өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алуға, қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиісілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға; қылмыстық поцесті жүргізуші органнан өзінің құқықтарын және мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуге, бұлтартпау шарларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға; өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беуге; айғақ беруден бас тартуға; дәлел ұсынуға; өтініш пен қарсылық мәлімдеуге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беркге және түсінісуге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; қорғаушысы болуға; осы одексте көзделген жағдаларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға; тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші бойынша немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; осы әрекеттердің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; сарапшының алдына мәселелер қоюға, сараптама тағайындаутуралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға; тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға; соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс - әрекеті мен шешіміне шағым беруге; ақтайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге; жария сот талқылауын талап етуге құқылы. Сотталушының бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың қарауына қатысуға және тараптың барлық құқықтарын пайдалануға, сонымен бірге ақырғы сөз құқығына да құқы бар. Сотталған немесе ақталған адамның сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағымдалған шешімдердің көшірмесін алуға; іс бойынша келтірілген шағымдар мен қарсылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге; мәлімделген шағымдар мен қарсылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.
- Іске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкілінің қатысуы айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшін негіз бола алмайды.
Жәбірленуші:
- Қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адамжәбірленушіболып табылады.
- Адам есі кіресілі - шығысылы адам жасаған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған әрекетпен оған зиян келтірілген таныла алады.
- Адам қылмыстық процесте қылмыстық пройесті жүргізуші орган тиісті қаулы шығарған кезден бастап жәбірленуші болып танылады. Егер адамды жәбірленуші деп танығаннан кейін оның бұл жағдайда болуы үшін негіздер жоқ екені белгіленсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган өзінің қаулысымен ол адамның іске жәбірленуші ретінде қатысуын тоқтатады.
- Жәбірленушіге қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды, сондай - ақ осы Кодексте белгіленген ережелер бойынша өкілге арналған шығындарды қоса есептегендегі оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтірілген шағымдарды өтеу қамтамасыз етіледі.
- Жәбірленушінің оған келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талабы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.
- Жәбірленушінің: айыпталушыға тағылған айып туралы білуге; айғақ беруге; дәлелдер ұсынуға; өтініш пен қарсылық білдіруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; өкілі болуына; өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге; тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілген тергеу әрекеттеріне қатысуға; тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға; т қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау қорытындысының көшірмесін, сондай - ақ үкімнің, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмесін алуға; бірінші сатыдағы
сотта істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге; айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескерту беруге; қылмыстық процесті жүргізуші органның әрәкетіне шағым әкелуге; соттың үкімі мен қаулысына шағымдануға; іс бойынша әкелінген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық ұсынуға; мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық сатыдағы соттың қарауына қатысуға құқығы бар.
- Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның құқықтық мұрагерлерінің аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына сотталған адамға қатысты үкім орындалған жағдайжа және өлім жазасына кесілген адамның осы қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған кезде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Көрсетілген жағдайларда қылмыспен келтірілген залал үшін мемлекеттің есебінен өтемақы төлеу туралы мәселені Жәбірленушінің өтініші бойынша өлім жазасы туралы үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда, егер залал бір мың ең төменгі есептік көрсеткіштен аспаса, залалдың толық көлемде өтелуіне құқығы бар.
- Жәбірленуші: қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге, іс бойынша белгілі барлық мән - жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзіне іс бойынша белгілі барлық мән - жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
- Жәбірленуші дәлелсіз себептермен шақыру бойынша келмеген кезде ол осы Кодекстің 158 - бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және заңдарға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
- Жәбірленуші жауап беруден бас тартқаны үшін және қасақана жалған айғақ бергені үшін заңдарға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.
- Зардабы адамның қайтыс болуына жеткізген қылмыстар туралы істер бойынша Жәбірленушінің осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары жүзеге асырады. Егер жәбірленушінің құқықтарын беруге туыстарының қаза табуына байланысты қылмыспен моральдық зиян келтірілген бірнеше адам үміткер болып отырса, олардың бәрі не олардың арасындағы келісім бойынша олардың біреуі жәбірленуші болып таныла алады.
- Қылмыспен моральдық немесе мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда
Жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары:
А. Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстықьізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмытсң белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыст оқиғасын белгілеуге, қылмыс жсаған кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.
Б. Қылмыстық ізге түсу органы жәбірленушіге сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және қылмыстпен келтірілген зиянды өтеу шараларын қолдануға міндетті.
В. Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық процестегі өзінің өкілеттілігін қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсіз және ҚІЖЗ сай жүзеге асырылады. Қылмыстық іс бойынша объективті зерттеу жүргізуге кедергі келтіру мақсатында қылмыстық ізге түсу органына қандай түрде болса да ықпал ету заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
... жалғасыҚылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz