Бюрократиялық кедергілер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ.

1. БЮРОКРАТИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ
СӘТСІЗДІКТЕРІ

1.1 Бюрократиялық кедергілер
1.2 Мемлекеттердің сәтсіздіктерінің себебі бюрократияның бұғауы

2. ОТАНДЫҚ КОРРУПЦИЯ

2.1 Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық
2.2 Коррупцияның әлеуметтін-экономикалық себептері

3.ҚОРЫТЫНДЫ.

4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға
аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың
қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда
жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта
операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді
ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.

Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында
жасалатын , сауда ережесін бұзу , сапасыз өнімдерді і сату, жалған
кәсіпкерлік , монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың
қоғамдық қауіпі зор.

Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика
жағдайларында , Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың
мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана , заңға қайшы
белсенді әрекеттер мен сиппаталады .

Экономика аясында қылмыстардың субьектісі мемлекеттік кәсіп орындарда ,
мекемелерде және ұйымдарда экономикалық , шаруашылық міндеттерді
атқаратын , сондай- жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған
азаматтар болып табылады.Экономикалық қылмыстардың субьективтік жағы
қасақана сипатта жасалады.Олардың қылмыстарының себебі- материялдық
мүделілік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зия
келтіру есебінене пайда тауып , жасайды.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар дың қазіргі кезеңде көп
орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды
десек қателеспеймі себеббі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда яғни
адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейі келтірер зардабы жоғары және
түрлері де көп бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.

1.1 Бюрократиялық кедергілер

Бюрократиялық кедергілерді жоя білген елдерде кәсіпкерлік қарқынды дамып
отыр ? Қазақстан кәсіпкерліктің даму жағынан 178 мемлекеттің ішінде - 74-
ші орында. Ал Қазақстанның алдында тұрған елдерде кәсіпкерліктің қарқынды
дамуы бюрократиялық кедергілерді жоюға байланысты мүмкін болып отыр.
Қазақстан телеарнасы арқылы тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан шағын
және орта бизнес мәселелеріне арналған интернет-конференция барысында Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев осындай пікір
білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, кәсіпкерлікті тексеруге
тыйым салынғанымен заңсыз әрекеттер саны артады деген бос сөз. Біз әрине,
кәсіпкерлік саласын дамыту үшін оларды тексеруге және тиісті рұқсат
қағаздарын беруге байланысты жеңілдіктер қарастыруды жоспарлап отырмыз.
Дегенмен, осы жағдайды өзгелер тиімді пайдаланып кетеді деушілер
қателеседі. Әрине, ішінара мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін. Бірақ оны
қадағалайтын арнайы органдар бар. Ал бұл үрдіс жаппай белең алуы ықтимал
деушілермен келіспеймін, деді министр.
. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан экспорттық-импорттық алыс-берістердің ең
бюрократиялық жүйесі бар елдердің санатына енеді. .
Әлемдік банктің рейтингі бойынша, Қазақстан экспорттық-импорттық алыс-
берістер бойынша 181 елден 180-ші орынды иеленеді. Қазақстандық кәсіпкерлер
импортқа 76 күн, экспортқа 89 күн жұмсайды. Бұл операцияларды рәсімдеуге
жұмсалатын шығындар тиісінше $3055 және $3005 тең, ал рұқсатнама
құжаттарының саны кем дегенде - 13. Ал бір терезе жүйесі жұмыс істейтін
елдерде бұл көрсеткіштер анағұрлым төмен
Сингапурда бір құжатты рәсімдеуге бір секундқа жуық, Сенегалда жарты күн,
Кенияда бір сағат, ал Қазақстанда кем дегенде бір күн кетеді. Бұл - ең
жұмсарта айтқандағы көрсеткіш.
. Нұр Отан ХДП бизнестің жолындағы бюрократиялық кедергілерді жоюға
кірісті
Бүгін Астанада Нұр Отан партиясының мемлекеттік қызметтер мен рұқсатнама
құжаттарының сапасына, сондай-ақ оның оңайлығына мониторинг және бақылау
жасау жөніндегі қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жақында Мемлекет
басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бизнестің алдындағы
бюрократиялық кедергілердің тым көптігін айта келе, құзырлы органдарға оны
барынша қысқарту жөнінде тапсырма берген. Нұротандықтар қоғамның
ұсыныстарын жинақтап, сараптау арқылы Елбасының осы тапсырмасын орындау
тетіктерін жасақтауға кірісті. Құрамына Парламент депутаттары, қоғамдық
сарапшылар, ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері
кіретін қоғамдық кеңес ашық форматта жұмыс істейді. Оған кез-келген азамат
өзінің ұсыныс пікірлерін білдіре алады. Бүгінгі таңда, бекітілген тізім
бойынша аймақтық және республикалық деңгейде, жеке және заңды тұлғаларға
132 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Алдағы уақытта бұл тізімді
кеңейту көзделіп отыр. Оған қоса тағы бір түйткіл: қазіргі көрсетілетін
қызметтер сапасының өзі тым нашар. Рұқсат беру мекемелерінің бір-біріне
сілтеуі және олардың қағазбастылығы кәсіпкерліктің дамуы мен оның нарыққа
кірігуі жолындағы алынбас қамал іспетті.
Рауан Шаекин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Нұр Отан ХДП жанындағы
қоғамдық кеңестің төрағасы:
- Мысалы, заңды тұлға шағын ғана дүкен ашамын десе, 37 мекеменің рұқсатын
алуы керек, ол үшін сол мекемелерге 140 рет барып, 431 құжат жинауы тиіс.
Бұл құжаттардың 144-і түпнұсқа, қалғандары нотариуспен расталған көшірме.
Біздің партияның жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев қандай да бір бизнесті
тіркеп, оны әрі қарай дамытуға қатысты кедергілерді 2011 жылға дейін 30
пайызға, сосын 2015 жылға дейін тағы 30 пайызға қысқартуға тапсырма берді.
Сондықтан, алдымызда қыруар шаруа тұр.

1.2 Мемлекеттердің сәтсіздіктерінің себебі бюрократияның бұғауы

Қазақстан іскер адамдардың іс-әрекетіне бөгет боп отырған бюрократиялық
тұсауларды құртуы тиіс деп ю
Түрік министрі Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі қажет деңгейден
төмен болып қалып отыр деді. Түрік бизнесмендері мұнда аяқ алып жүруге
бөгет болатын саны тым көп бюрократиялық кедергілердің жойылмай
отырғандығына алаңдайды.
Түркия Қазақстан – Түркия темір жолы құрылысының неғұрлым шапшаң аяқталуына
үлкен мән береді деп атап көрсетті Түркия үкіметінің мүшесі.
Қазақстан әлемдегі жетекші астық өндіруші елдің бірі. Сонымен қатар, ол ұн
өндіруден де жетекші орынға ие. Қазақстанда өндірілген бұйымдардың біз
Түркия арқылы халықаралық нарықтарға жеткізілгенін қалар едік. Осы үшін
аталған темір жол құрылысы біте салысымен, оны пайдалана бастауға болады.
Бұл Түркияға да пайдалы іс болар еді.
Түркияның сыртқы сауда министрі өзінің Қазақстанның алты бірдей
министрімен, сондай-ақ премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кездеспек ойы барын
жеткізді. Түрік министрі қазақстандық әріптестерінен аталған бөгеттерді жою
үшін көмек сұрамақ ниетте деп хабарлайды газет.

ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЕРКІНДІК БАҒАМЫ

Әлемде Index of Economic Freedom деп аталатын көрсеткіш бар. Аталған
көрсеткіш дүние жүзіндегі әртүрлі мемлекеттің экономикасының еркіндік
деңгейін өлшейді.
Жыл сайын бұл индекстің әр елдегі деңгейін АҚШ-тың Уолл-стрит джорнал
газеті мен Мұра қоры интеллектуальдық-сараптама орталығы күш біріктіре
отырып айқындап отырады. Осы аталған индекс бойынша әр елдің еркін нарықтық
экономика принциптерін қаншалықты есепке алатындығын білуге болады.
Индекс 10 параметрге талдау жүргізу негізінде жасалады. Олар қатардағы
адамның кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігіне тікелей қатысы бар деп
есептеледі.
Аталған параметр қатарына кәсіпкерлік жүргізу еркіндігі, сауда еркіндігі,
салық мөлшерінің ауырлығы, жемқорлықтан азаттық, инвестиция салу еркіндігі,
мүлік иелену құқы, т.б. көрсеткіштер енеді.
Әр жылы жарияланып келе жатқан деректер неғұрлым еркін экономикалы елдердің
соғұрлым сәтті түрде өз азаматтарының әл-ауқатын нығайта алғанын көрсетіп
беріп отыр.
Index of Economic Freedom деректеріне сәйкес, орташа есеппен алғанда, ең
азат экономикалы деп саналатын елдерде халықтың жан басына шаққандағы
табысының көлемі кәсіпкерлікті басып-жаншып, оның жолына түрлі бөгеттерді
үйіп-төге беретін елдерге қарағанда 10 еседен астам көп екен.
Мұра қоры жариялаған мәліметке қарағанда, 2009 жылы Index of Economic
Freedom 2009 рейтингінде Қазақстан әлемнің 183 елінің ішінен 83-ші орынды
иемденген. Түркия болса 75-ші орынды иеленіпті.
Нақ осы Мұра қорының биылғы жылға арналған Index of Economic Freedom
2010 жаңа рейтингінде Қазақстан Республикасы жаңағы 183 елдің арасынан 82-
ші орынды иемденген. Яғни, мемлекет өзінің рейтингін 1 сатыға алға
жылжытқан.
Ал Түркия болса, биыл 67-ші орынды иеленіп отыр. Басқаша айтқанда, аталған
мемлекет өзінің ұлттық экономикасындағы бостандықты Қазақстанға қарағанда 8
есе шапшаң жетілдіріп келеді екен.
Өте қарапайым мысал:
Мен патентпен жұмыс істейтін жеке кәсіпкермін. Жылына бір рет есеп беремін.
Соның өзінде салықтың әсіресілтеушілері әбден діңкелетеді. Жылдың ортасында
бізге келіп кетіңіз, мына жері қате, ана жерінде қате деп шұқшияды. Өздері
есептеп беріп енді бірі оның қатесін тауып жатады. Кәсіпкерлікті
көркейтудің орнына тұқырта отырып шенеуініктер баюда. Қазір орта шенді
шенеунік "Лексус" мініп шіреніп тұрады, ал кәсіпкер "Жол картасынан" тендер
ұтсам деп тыраштанып жүріп шенеунікке бірдеңе ұстатады. Біз Қазақстан қашан
көркейеді деп армандаумен жүрміз. Ал шенеуніктер мен қашан бай боламын деп
жүр. Бизнес пен саяси билік бірігіп, арты былығып жатыр. Қазір кез келген
кәсіпкер саяси билікке иек артып, немесе өзі депутат болып алуға тырысып
жүр. Жақсылық емес! Содан соң өре түрегеліп қайда біздің Атымтай
жомарттарымыз, меценат-демеушілеріміз деп жатады. Көркейіп бара жатқан
компанияларды рейдерлікпен тартып алу деген мәселе тағы бар. Біздің банк
жүйеміз бүкіл ТМД-дағы озық жүйе деп өзеуреп көрдік, ақырында мемлекет
ыстық құшағына басып ала салды. Кімнің ақшасы кетті? Әрбір қазақстандықтың!
Қағаздан бас көтере алмаған кезім, әлгі ЖШС ашқанда болған. Ессіздіктің
көкесін көргенмін. Анда отчет, мында отчет, СЭС келіп сес көрсетеді, өрт
сөндіру құралдары жоқ деп әнебіреулер әкіреңдейді... ЖШС ашу бір тиын ал
жабы 100 теңге тұрады!

Біз 2000 ж. қысылғаннан бір бөлмелі пәтерді өткізгенде көрген қорлығымызды
әлі ұмыта алмаймыз. Заңнан аттап өте алмайтын аңқау басымыз салық
комитетіне барғанда сағызша созылған бюрократиялық қызметі, тіптен есіңнен
тандырады. Әсіресе, Алматы қаласының Алмалы ауданындағы кез келген мекемеге
бас сұққанша бұл өмірден күдеріңді үзгенің жақсы ма деген ойға қалдым.
Ондағы отырғандар адам менсінбейді, ең өкініштісі өзіміздің қаракөздер,
қазақша сөйлегендерге тұмсығын шүйіріп қарамайды да. Жай ғана пәтер
өткізгендегі қорлығың осы болса, одан ірілеу бизнесің болса тірідей өмірден
безесің-ау.

2.1 Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық

Қазақстандағы экономикалық және сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес
мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығының бірі ретінде анықталды.
Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік-экономикалық дамуды, нарықтық экономиканың
құрылысын тоқтатып, демократиялық мемлекеттің қоғамдық және саяси
институттарына келеңсіз әсер етіп, инвестицияны қозғап, мемлекеттің
болашағы үшін қауіп төндіретін факт.
Мемлекетке экономикалық және сыбайлас жемқорлық салада келтірілген
зиян жылына ондаған млд. теңгеге бағаланады. Көлеңкелі экономиканың ең
қауіпті бөлігі бұл заңсыз сектор, оның қоғамға және экономикаға әсері заңды
құрылымдар мен салалар арқылы әрекет етіп, өз кезегінде, сыбайлас
жемқорлыққа ықпал етеді.
2007 жылғы қылмыс алдыңғы жылдың деңгейінде қалып, 10288 қылмысты
құрады. Сол уақытта қаржы полициясы органдарымен ауыр қылмыс 5%, аса ауыр
қылмыс 2 есеге артты (5 қарсы 10).
Экономика саласында 6887 қылмыс ашылып, 2006 жылғы мәліметтерден 2,2%
артты. Алайда қатардағы ұстанымдар бойынша бұл көрсеткіш одан жоғары.
Заңсыз банктік қызмет фактісінің саны 4 есеге (1-4дейін), несиені заңсыз
алу және мақсатсыз қолдану 5% (43-65дейін), несиелік берешекті өтеуден
жалтарғандар 44% (9-13дейін), жалған кәсіпкерлік 25%-ға (244-306дейін),
алаяқтық 21% (437-531), салықтық қылмыстар 8% (644-701дейін) өсті.
Сонымен қатар, талдау жасалған жылда 7,7% (1441-1330дейін) қаржы
полициясы органдарымен тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстың саны
төмендеді. Бұл Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресті жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Заңның 2007 жылғы 21 шілдеден бастап
қолданысқа енуінен туындап, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тізімі азайғаны
байқалады. Осы Заңның нормаларына сай, сыбайлас жемқорлық қылмыспен пайда
түсіру және мүлікті иемденіп алу мақсатында жасалған әрекеттер жатады.
Қазақстан Республикасы Кеңесінің 2006 жылғы 1 маусымдағы шешімімен
құқық қорғау органдарының алдында қызметтің басты бағыты ретінде жемқорлық
қылмыспен күрес жолында осы залалға қарсы 5 орта анықталған: салық қызметі,
кеден, жол полициясы, мемлекеттік сатып алу және жер қатынасы. Алдымыздағы
жылы олармен 385 қылмыстық іс тіркелді. Өсімі 16.3% құрады, олардың ішінде
барлық сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысты 29%.
Міне, салық органдарында 27 қарсы 32 сыбайлас жемқорлық қылмыс
анықталған. 2006 жылы кеден органдарында - 19(18), жол полициясында –
38(29), жер қатынасы - 199(198), жер телімдерін бөлу және сату – 97(59).
Мемлекеттік сатып алу органдарында жасалған қылмыс, көбінесе,
мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдердің жоғары
криминалистикасымен сипатталады.
Сыбайлас жемқорлық қаупі жергілікті атқарушы органдардың
қызметкерлерінің арасында сақталады. 2007 жылы әр түрлі деңгейдегі
әкімдерге қатысты 58 қылмыстық іс қозғалды, әкімдік жұмыскерлерінің
арасында 93 сыбайлас жемқорлық іс тіркелді.
Сонымен қатар, қылмыс қаупі білім саласында - 197, денсаулықты сақтау
саласында – 62, ауыл шаруашылық саласында - 56, халықты әлеуметтік қорғауда
- 36 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды.
Сонымен бірге, қаржы полициясы органдарымен сыбалас жемқорлық
сипаттағы 932 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, соның ішінде 52-сі саяси
мемлекеттік қызметкерлерге қатысты, 880-әкімшілік мемлекеттік
қызметкерлерге қатысты, оның ішінде әкімдерге қатысты (149), ішкі істер
органдарының қызметкерлері (38) және сот орындаушыларына қатысты (14)
анықталды.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қазіргі
уақытта елдегі құқық қорғау органдарының және бақылау органдарының ең
маңызды міндеті болып табылады. Бірақ, бір құқықтық-қылмыстық және
әкімшілік өлшемдермен осы құбылысқа қарсы тұру мүмкін емес.
Оған экономикалық, әлеуметтік, құқықтық басқа да тапсырмалармен өзара
байланысты кешенді ұсыну қажет.
Экономикалық және құқық бұзушылықтың бастауы болатын алдын алу, яғни
себептері мен талаптарын жою қылмыс айналымынан қаражатты және жасалған
қылмыстың зардабын жою шығынын қысқартуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
Шағын кәсіпкерлікке жалпы түсінік
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы
Ұйымның сыртқы ортасы және факторлары
Гаэтано Моска
Кәсіпкерліктің даму ерекшіліктері
Менеджменттің негізгі функциялары
Қазақстан халықаралық рейтингтерде: үрдістер мен келешегі
Пәндер