Жасөспірім кезеңінің мінез ерекшеліктері мен ата-ана қарым-қатынасының психо-педагогикалық негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Нұрқалиева

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Кеген ауылы

№ 2 Кеген орта мектебі

Жасөспірім кезеңнің мінезіндегі ерекшеліктер

(7 - сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы. )

Мақсаты: Ата-аналарды жасөспірім кезеңнің ерекшеліктерімен

таныстыру.

- Жасөспірім өміріндегі дағдарыстан шығудың тиімді жолын

табу.

- Ата-ана мен жасөспірімнің қарым-қатынасын анықтау.

Ой тастау: «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» (халық мақалы), «Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле», «Баланы туады екенсің, бірақ мінезін тумайды екенсің»

Қолданылған материал: диагностикалық қорытынды

Барысы (жоспар бойынша)

1. Сынып оқушыларының оқу үлгеріміне анализ беру.

2. Ата-аналарды сыныптың әлеуметтік - эмоционалды жағдайымен таныстыру.

3. Психо-педагогикалық кеңес.

Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы. Отбасы адамның бақыты, толық мәнді тыныс-тіршілік ортасы.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі-тәрбиелеушілік міндеті. Оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Ата - ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқаруы, бір-бірін құрметтеп сыйлауы-бәрі де үлкен тәрбие мектебі және тәрбиелік мәселе. Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады.

Сыртқы ортаның ерекше әсер ететін кезеңі жасөспірім кезең. Көптеген балалар есейе келе жасөспірім шағында қатты өзгереді. Жуас, мейірімді, тілалғыш балалардан, бірден дөрекі, бірбеткей болып шыға келеді.

Әрине, мұндай дөрекіліктер ата-аналарды ренжітеді және жанын ауыртады.

Баланың 13 жастан кейінгі өтпелі жасынан біршама проблемалар туындайды. Бірте-бірте балаға өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Жеткіншек өздерінің «өтпелі», «түсініспейтін» жағдайларын көрсете келе, осы қиын жағдайлардан шығу жолдарын іздестіреді. Кейде денсаулықтарына зиянды болса да, үлкендерге тәуелді болмауға тырысады. Үлкендер бұл жағдайды байқай бермейді. Бірақ күнделікті бала стресі күн өткен сайын үлкен проблемаларға айналып, үлгерімі төмендеп, денсаулығының нашарлауы, нашар тәртіпке әкелу қаупін тудырады. Жеткіншек пен үлкендер арасындағы келіспеушілікті қалай шешуге болады? Өз балаңның қиқарлығына төзе білу өте қиын. Оның дөрекілігіне дер кезінде тойтарыс бергің келеді.

Бірақ, біз үлкендерміз ғой, сәл жіберген қателік отқа май құйғандай болады. Шыдамды болыңыз, балаңыздың мінезіндегі өзгерісті шыдамдылықпен, ақылмен, төзімділікпен жөнге сала біліңіз.

Бұл жағдайдың алдын - алуға төменгі ережелер көмектесе алады:

  1. Еркіндік беріңіз. Байсалдылықпен ой қоса біліңіз, өйткені сіздің балаңыз енді өзіңіз қатарлас үлкен болғанын мойындаңыз.
  2. Ешқашан ақылгөйсімеңіз. Көптеген жасөспірімдер өздерін мезі ететіп айтыла бермейтін ақыл сөзден қашқақтайды. Қарым - қатынас түрін өзгертіңіз.

Есіңізде болсын балаңыздың өзіндік көзқарасы, өз құқығы, өз еркі

бар. Оған сіз бағыт және байсалдылықпен баға бере біліңіз.

  1. Балаңызбен ымыраға келе біліңіз. Реніштен, түсініспеушіліктен ешкім ешнәрсе ұтпайды, «жеңімпаз» атана да алмайды. Ата-ана да, жеткіншек те ашуланғанда араларында түсініспеушілік туады. Үлкендер тарапынан мұның соңын шыдамдылықпен күтіп, қалпына түскен соң баламен түсінісуге тырысыңыз.
  2. Кім ақылдырақ, сол кейіндейді. Ренішке от жақпаса ұрыс тез басылады. Келіспеушілік бастау алған жағдайда біреуі басаңқылық танытуы керек. Қызу қанды жасөспірімге қарағанда ақыл тоқтатқан үлкен адамға мұны орындау оңайға түседі.
  3. Режуге болмайды, шыдамды болыңыз. Ұрысты қоя тұрып, бала жанын ауыртатындай жағдай туғызбаңыз. Мысалы: есікті қатты жауып кетпеңіз, сөйлеспей қоймаңыз т. б. Бала қиын жағдайдан шығуды бізден үйренеді.
  4. Сіз өзіңіздің айтқан сөзіңізде тұрыңыз.

Балалар - нәзік психологтар. Олар үлкен адамның әлсіз жағын тез байқайды. Өзіңіз тарапыңыздан ымыраға келуге әзір болмасаңыз да, балаларыңыздың алдында ата-ана өз беделін жоғалтпауы керек. Үлкендер өзінің шыдамсыздығын байқатса, онда жасөспірімнен

жақсы нәтиже күте алмайсыз.

Адамға керегі өзін жақсы көруі, түсінуі, өзін сыйлай алуы және өзін біреуге керек екендігін сезінуі болып табылады. Жұмысында жетістікке жетіп, өзін-өзі сыйлай алса, өз құрбыларының ортасында беделі артады. Балаңыз өзін-өзі бағалауы ата-анасының оған деген қарым-қатынасына байланысты. Егер баланың мінезіндегі теріс жағын қабылдап, шыдамдылықпен, байсалдылықпен қабылдап, кешіріммен қараса, ол сезініп жақсы жағына қарай бейімделе бастайды. Егер баланы үнемі назардан тыс қалдырса, өзін-өзі бағалауы да төмен болады. Әрбір сөзіміз, ісіміз, қызығушылығымыз, тіпті үндемеу себебіміздің өзіде - өзіміздің қандай екеніміз жайында балаға мәлімет береміз. Баланы неғұрлым өзіне жақын тартып, жақсы көре білсе, «менде бәрі жақсы», «мен - жақсымын» деген ой келеді. Балада өзіне деген сенім пайда болады. Егер баланың ісінің бәрін қатеге шығарып отырсаңыз «менде бәрі жаман» деген ой келеді. Жазалау нәтижесі баланың өзіне деген сенімсіздігіне, бойкүйездігіне әкеледі. Оның түбінде қайғы, мұң жатады.

Баламен ынтымақтықты қарым-қатынасыңызды жалғастырғыңыз келсе, оны барлық жағдайда қолдай білуіңіз керек.

Ол үшін төмендегідей қағидаларды есте сақтаңыз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш және жасөспірім жастағы оқушылардың психо-педагогикалық ерекшеліктері мен жеке тұлғаның дамуы
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі
Отбасы психологиясы: ата-ана мен бала қарым-қатынасының дамуы, дағдарыстары және зерттеу әдістері
Отбасы - әлеуметтендірудің алғашқы мектебі: мектеп жасына дейінгі балалар мен ата-ана қарым-қатынасының рөлі
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері
Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасының психологиялық және педагогикалық негіздері
Ата-ана қатынасының мектепке дейінгі жастағы балалардағы мазасыздыққа әсері
Ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері
13-15 жастағы жасөспірімдердің тұлғалық дамуы және ата-ана арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері мен мәселелері
Рухани адамгершілік білім беру жүйесіндегі балабақша мен ата-ананың тұлғааралық қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz