Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

І. ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері
1.2. Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретінде

ІІ.. ҚОҒАМ ДАМУЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ РОЛІ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1.Қазіргі таңдағы тәрбиенің ролі
2.2. Субъектінің іс-әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде

ІІІ. Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты
дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай
жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік
және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке
адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін
айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады,
оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен
психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады,
яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар
адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс
бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады,
жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы
адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын
көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі, оның
дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық,
жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке
адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның тірі организм екенін ұмытпау
керек. Әлеуметтік және биологиялық қатынастар жеке адамның қалыптасып
дамуына әртүрлі әсер етеді.
Адамның табиғи дамуы сан алуан әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді
қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып отырады, бұл адамды қоғамдық
тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып,
күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және
көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе келе ол білім
игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс
істеу арқылы ептіліктер мен дағдылары қалыптасады және олардың барлығы да
өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.
Баланың қабілетін дамытуда оның өзінің белсенділігі маңызды және
қажетті жағдай болып табылады. Бұл белсенділік баланың кез-келген
әрекетінде: ойында, оқуда, еңбекте көрінеді. Әрине бұл жағдай ересектердің
бағыт-бағдар беруі арқылы жүзеге асады. Баланың қабілеті оның өз қолдауы
табылған іс-әрекетінде қалыптасады және дамиды. Бала тек белсенді іс-
әрекетте ғана жан-жақты дамиды да, жеке тұлға ретінде қалыптасудың реті
туады.
Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның
дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек
оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының
басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік
өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде
қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол
үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың
түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық
мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді
қалыптастырады, әрі дамытады. Міне, осыдан ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға,
субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек,
“адам” түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен
қасиеттердің бірлігін білдіреді.
Ал “жеке тұлға” түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа
мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Л.С. Выготскийдің айтуы
бойынша: “Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені
шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу” [1]. Бұл
тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі
әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи
биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты.
Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір
барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын
білдіреді.
Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде
айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық
дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар
туындайтыны сөзсіз.
С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін
саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады,
яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы,
өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері.
Белгілі философ-ғалым В.П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері
ретінде төмендегілерді атайды:
- саналылық;
- жауапкершілік;
- еркіндік;
- жеке басының қадірі;
- даралық;
- қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П. Тугаринов бұл
түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырды.
Жеке тұлға-бұл интегративті жүйе, әлде бір ыдырамайтын тұтастық.
Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың
“өзегі” бар деп мойындайды, олар оны “Мен - жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп
белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым
болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауап -
кершілігі, бостандығы, қадыр – қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы
оның қасиеттері мен іс - әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының
, әлеуметтік белгілері мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс
табуы арқылы, оның іс- әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы
анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға”деген ұғымдардың қатары
“даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір
тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшклігі бар
екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің
ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам),
шығармашылық қызмет- әрекеті мен қаблеттілігінің өзегшелігі арқылы арқылы
ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы ,
педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы,
жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. Даралық ұғымы бір
адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған
өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым- индивид. Бұл сөз латын
тілінен алынған және оның қазақша баламасы- жекелік. Ұғым ретінде бұл сөз
адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл
орайда әрбір адам индивид болып табылады. Жеке тұлға ұғымы мен онымен
байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын
болғандықтан, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін ашу
педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет
болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге
қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе ревалюциялық секіріс
түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі.
Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға
ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұл орайда бір нәрсе алынып
тасталады, теріске шығарылады). Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұғаның
дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы
жүзеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен
сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене
жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі.
Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық
және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда,
адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең басты – оның бойында болып жатқан
сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-
құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-
әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу
қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға
ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ
танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелігі,
қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық
және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс.
Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін
факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің
алар орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның қалыптасуы термині жиі
қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда
болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын
білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз- бір нәрсеге пішін (форма)
мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым
қуалаушылықтың мәні өте зор – баланың ата-анасына немесе ата-бабаларынан
қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер
бетіндегі тіршіліктің тарихи және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда-
адамның) өмірінің тарихы анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге
бөлуге болады:жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім
мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық
белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық – физиологиялық
бейімділіктер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден
тұрады:
-морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);
-функцианалды ерекшеліктер (мысалы, қан тобы);
-адамға тән бейімділіктер (тік жүріп-қозғалу, сөйлеу қаблетінің
дамуы, ойлау, еңебек ету қаблеті т.б);
-жүйке қызметінің түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен
тежелуі, шапшаңдық-ширақтылық);
-әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық-
физиологиялықбейімділіктері;
-есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері құрылысындағы
ерекшеліктер;
Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған ортада әсер етеді-
адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан
жағдайлар.Қоршаған орта макро және микро боолып бөлінеді. Макро орта
дегеніміз-адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары,
мәдениеттің дамудеңгейі,бұқаралық ақпараттар құралдар). Микро-орталық
дегеніміз-баланыың ең жақын қарым-қатынас ортасы, оладамды әрдайым
қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар
мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуымен қалыптасуына, белгілі бір
мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер
етеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие
ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік
қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретіндеқарастыру қажет (ұрпақтан
ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б), ал
тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз-өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы
адамзаттық құндылықтардыигерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-
аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін
ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық -әдіснамалық негіздері.
Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан тұлғаның дамуы мен қалыптасуының
биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас
бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі көзқарастар пайда
болды. Осы көзқарастың бірін жақтаушылар адамның дамуын, негізінен, табиғи
ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп
есептелінеді. Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық)
бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж.б.з.б.) мен
Аристотель (384-322 ж.ж.б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық
міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің
пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал
кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
XVI ғасырда пайда болған префоризм (латынша – қайта құру, өзгерту)
деген философиялық бағыт төмендегідей ойды ұсынған: адамның ұрығында-ақ
болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық
жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен
тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық
бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және
педагог Э.Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке тұлғаның барлық
қасиеттерін (соның ішінде сана- сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, ақыл-
ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтары сияқты дүниеге
келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берілетін
және жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын
гендердің жинағы немесе батареясы ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын
биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм
(грекше-прагма) дегеніміз – іс-әрекет, тәжірибе.Бұл бағыттың негізін салушы-
Джон Дьюи (1859-1952ж.ж.).
Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы
Джон Локк (1632-1704ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай
дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке
тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы болып есептелінген. Д. Локктың
белгілі бір пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза
тақтаға ұқсас (tabula rasa) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен
тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші
болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты,
ал оның өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін
бірінші орынға қойып, оның дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар
адамның маңыздылығын кемсітеді.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын
бірінші орынға қойып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бұл теориялар ХІХ
ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір
бағыттың пайда болуына себепші болды, бұл бағыт педология, яғни тура
аударғанда балалар туралы ғылым, балатану деген атқа ие болады. Қазіргі
уақытта ғылымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жасөспірім, жастық
шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады.
Социалистік құрылыс жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері
баланың дамуының биогенетикалық заңын белсенді түрде насихаттаған және
соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан.
Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтін кең көлемдегі жүйе
құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П сол заманғы педологияның теориясы
мен практикасын жалған ғылыми антимарксистік ережелерге сүйенген деп
айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты
заңы-балалардың тағдырының биологиялық және әлеуметтік факторлармен,
тұқымқуалаушылықтың және қайдағы бір тұрақты ортаның ықпалының фаталистік
түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.
Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде анкета және
тест жүргізу сияқты әдістер ерекше сенімсіздік туғызған . шынында да
тәжірибесіз практик-педагогтар қолданған бұл әдістер сол уақыттарда көп
зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым ретінде түбегейлі тоқтату қате
болған еді. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бұл
туралы өз кезінде К.Д.Ушинский айтып кеткен болатын: Егер педагогика
адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан
тануы да керек.
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-
педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және оның бір бағытында –
материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке
тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысы мен олардың адамның
даму процесіне ықпал ету механизмдерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын
талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің
дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің
молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші
болды деп көрсетті.
Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам
әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының
мәні зор екендігіне сенеотырып, философ-материалистер адамның биологиялық
табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік
иесі, сондықтан ол бойына біткен бейімділіктер ретінде көрініс тапқан
табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол бейімділіктер оның бойында тек
лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып,
философ-материалистер тұқым қуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ
индивидтің әлеуметтік тұқымқуалаушылығытуралы ойды ұстанады. Егер
биологиялық бейімділіктер адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік
тұқымқуалаушылық тек адамға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Жеке тұлғаның қалыптасу философиялық негізі
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Пәндер