Пайымдау туралы жалпы түсінік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Пайымдау туралы жалпы түсінік

Пайымдау - ойлаудың екінші формасы болып табылады. Егер ұғымды әдетте «атоммен» салыстырса, онда пайымдау ойлаудың «молекуласы» болады. Ол өз құрылымы бойынша анағұрлым күрделі, өйткені ол бірнеше (аз дегенде екі) ұғымнан тұрады. Пайымдау термині «талдау» сөзімен өте тығыз баланысты. Шынында да, біз әбден талдап үйреніп қалғанбыз, осы іс дұрыс па, дұрыс емес пе деп ойлану бір бөлек, бірден таддай жөнелеміз. Біз «барлық адамдардың қылмысқа бейімділігі бар» немесе «Наполеон - ұлы адам» деп қорытындылаймыз, не өмірдегі сәтсіз сәттерде «Өмірде бақыт жоқ!» деп ішімізден өкпелейміз. Пайымдау - ойлаудың ерекше формасы және ол ойлауда өзінің басқа да функцияларын атқарады.

Пайымдаудағы басты нәрсе - олардың ақиқаттығы мен жал-ғандығы. Жоғарыда келтірілген сөйлемдерге қайта оралып, олардың біріншісі мен үшіншісін теріске шығаратын көптеген дәйектер келтіруге болатынын байқайсыздар әрі айтылғандар-дың шындықпен сәйкеспейтінін көрсетуге, яғни дәлелдеуге бо-лады, ендеше олар жалған. Екінші айтылғанмен келісуге бола-ды, өйткені ол шындық. Пайымдау белгілі бір материалдық қауашаққа оранады: олар сөйлемдермен беріледі. Бірақ әрбір сөйлем пайымдауды білдірмейді. Көптеген жағдайда тілімізде пайымдаулар хабарлы сейлемдер түрінде айтылады. Онда ай-тылған ой ақиқат не жалған болуы мүмкін. Онда бір нәрсе не қүпталады, не терістеледі. Сондықтан жалпы түрде пайымдауға төмендегідей анықтама беруге болады:

Пайымдау - бул ойлау формасы, онда нәрсенің бар екендігі, нәрсе мен оның қасиеті арасындагы немесе нәрселердіц ара-қатынасы туралы бір нәрсе не қупталады, не терістеледі.

Біз логика курсында пайымдауды ақиқат не жалған деген тек қана екі логикалық мәнге ие деп есептейтін боламыз. Бұл қағида қосмәнділік деп аталады. Дегенмен формальды логикада ежелден бері белгілі көпмәнді логика да бар. Мысалы, Аристотельдің өзі кейбір нөрселердің, оқиғалардың, құбылыс-тардың өткенге не болашаққа жататынын, яғни, олардың не ақиқат, не жалғандығын нақты дәлелдей алмайтыны туралы айтқан. Тіпті қазіргі кейбір құбылыстар туралы біліміміздің күші жеткіліксіздігінен біз оларды не құптай, не терістей алмаймыз, сондықтан олар анықталмаған болып есептеледі.

Мектеп қабырғасында қазақ тілінен алған білімімізге сүйене отырып, біз әрекетке итермелейтін сөйлемдердің не ақиқат, не жалған бола алмайтынына көз жеткіземіз. Мысалы, «Музыка-ны өшіріңдер!», «Келесі сабақта бақылау жұмысын жазуға да-ярланып келіңдер». Бүл сөйлемдер әрекетке итереді, бірақ па-йымдау бола алмайды. Кейбір қозғаушы пайымдаулар шақы-рудан, үгіттеуден түрады, ал бұйрықты білдіретін пайымдаулар модалъдік пайымдаулар деп аталады (ол туралы біз кейінірек ай-тамыз) . Кейбір хабарлы сөйлемдер нәрселердің бар екендігін қүптайтын, не терістейтін пайымдауларды білдіреді дегенімізбен, олар контекстсіз анықталмаған боп табылады, өйткені біз олар-дың ақиқаттығы мен жалғандығына көзімізді жеткізе алмаймыз. Мысалы, «Таң», «Қалтыратады», «Грекия бізден алыс» (кімнен?) .

Сондай-ақ, сураулы сөйлемдер де пайымдау болып есептелмейді. Мысалы: «Сіздер барлықтарыңыз логика оқулы-ғын алдыңыздар ма?». Мұнда тікелей не қүптау, не терістеу жоқ. Сұраулы сөйлемдерде пайымдаулар жасырын, шартты түрде ғана болады: «Логика оқулығын барлығы алды» (немесе «логи-ка оқулығын барлығы бірдей әлі алған жоқ») . Бірақ сұрақтың логикалық мәні осы тектес пайымдауға келмейді. Ол бүрынғы белгілі және өзге жаңа пайымдаулардың аралық буынын бейнелейді. Міне, сондықтан да сүрақ барлық уақытта («Логи-ка оқулығын барлығы алды» немесе «логика оқулығын барлы-ғы бірдей әлі алған жоқ») жауапқа меңзейді. Бүл дегеніміз - жаңа пайымдау.

Не оң, не теріс болмастан, сүрақ не ақиқат, не жалған бола алмайды. Ол тек дүрыс не дұрыс емес қана бола алады (немесе басқаша айтқанда орынсыз болады) . Ол түгелдей оның негізінде ақиқат па немесе жалған ба, қандай пайымдаулар жатқанына байланысты. Мысалы, ежелгі софистерден бері жалғасып келе жатқан: «Сен өз әкенді ұруды тоқтаттың ба?» деген сүрақты алайық. Мүнда сен оны бүрын ұрғансың деген жалған алғы-шарт бар. Оған негізделген сұрақтың өзі де дұрыс құрылмаған. Логикалық операция ретінде сұрақ пайымдаумен тығыз байла-нысты, сонымен бірге одан өзгеше де, ол да адамдардың прак-тикалық іс-әрекетінде туындайды. Нәрселерге, қүбылыстарға шын мәнінде ықпал ете отырып адам оны селқос емес, белсенді бейнелейді. Бұлай ықпал ету күннен-күнге жаңа білімдерді та-лап етеді. Сонда адам оларды шындықтан, басқалардан, өмірден, тіпті өзінен-өзі сұрайды. Ойдың қандай да бір нәрсесі туралы ақпарат жеткіліксіздігінен сұрақ оны толықтыру құралы қызметін атқарады. Егер қысқаша айтсақ, бұл белгіліден белгісізге өтудің логикалық формасы екен. Сұрақта әсіресе таным үдерісінің диалектикалық сипаты бедерлі көрініс береді, сондықтан әрда-йым оған жауап табу мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймаған Гогольдің белгілі үндеуін еске алайық: «Русь қайда кетіп барасың? Жауап бер. Жауап бермейді». Русьтің сол кезінде қоғамдық даму жолдары туралы осындай күйіп тұрған сүраққа жөнді жауап болмаған.

Жалпы сұрақтардың танымдық рөлі өте үлкен. Олар пайым-даумен қатар ғылыми таным үдерісін, білмегеннен білуге жыл-жуды, толық емес білімнен неғұрлым толығына, мейлінше дәл және тереңіне өтуді жүзеге асыруга мүмкіндік береді. Оларсыз ғылымның дамуы тежелетін, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, ғылыми мәселелер, болжамдардың және т. б. сұрақ формасына ие болатын кездері сирек емес.

Сұрақтар көбінесе қарым-қатынас тәжірибесінде жаңа ха-барлар алу құралы ретінде, қатынастарды реттеу, өрелерін кеңейту мақсатында өте жиі қолданылады. Сұрақ-жауап фор-масы - оқу процесін жүзеге асырудың тиімді құралы. Осы форманы дәрігерлер де сырқаттармен әңгімелесуде жиі пай-даланады. Оны баспасез беттерінде, радио, теледидарда белгілі адамдармен сұхбат жүргізуде пайдаланады. Ол сондай-ақ заң тәжірибесінде аса маңызды, мысалы, қандай да бір істі тергеу кезінде, сол сияқты соттың жүру барысында да қолданыла-ды. «Бұл жерде сұрақты тек мен ғана қоямын» деген тергеушілер мен соттардың жиі айтатын сөздері нақыл сөзге айналып барады. Тек сұрақтың дұрыс құрылуы талап етіледі: сүрақтың қойылуы орынды (сұрақтың барлық мүмкін, анық және жасырын алғышарттарының бәрі жалған болмауы тиіс), олар қысқа және түсінікті болуы тиіс және нақтылауды қажетсінетін сүрақтарда жауаптарының баламалылығын ал-дын-ала ойластыру қажет, ал ажыратуда - барлық баламала-рын санап шығу керек. Мүнда дұрыс жауаптар маңызды. Егер қойылған сұраққа нақты жауап берілсе, сонымен-ақ сұрақ астарында не түрғаны түсінікті болады. Алайда, егер де еш нәрсе сезілмесе, онда бұл арнайы келісілген болуы тиіс. Мына әзілді еске алайық: «Мақсаттың лотереядан "Волга" ұтып алғаны рас па?» - «Рас, бірақ Маіқсат емес, Ержан және "Вол-га" емес, 100 сом және лотереядан емес, преферанстан, ұтып алған жоқ, ұтылып қалды».

Сұраулы сөйлемдерден сөздің өзіндік мағынасында ритори-калық сүрақтар ерекшеленеді. Оларды не құптау, не терістеу меңзеледі. Мысалы, «Бүгін кім аз жүмысын әкелді?» сөйлемі пайымдауды білдірмейді. Ал «К, ай студенттің емтиханды «бес-ке» тапсырғысы келмейді?» деген сөйлем сұраудан емес, құптау-дан түрғандықтан, пайымдауды білдіреді.

Риторикалық сүрақтардың өзіндік ерекшелігі оларды әзіл-қалжың немесе өткірлеу құралы ретінде қолдануға мүмкіндік туады. Осыған орай заңгерлерге Козьма Прутковтың нақыл сөздерінің бірі: «Егер бүкіл Әлем бір мемлекетке қараса, онда неге барлық жерде біркелкі заң орматпасқа?» дегенін ой елегінен өткізіп, ойланған пайдалы болмақ.

2. Пайымдаулар классификациясы

Белгілі бір құрылымға ие бола түрып, пайымдаулар бірінші кезекте күрделілік дәрежесіне қарай бөлінеді. Мектеп қабыр-ғасынан-ақ орыс тілінде сөйлемдерді жай және күрделі сөйлем-дерге бөліп үйрендіңіздер. Логикада да пайымдауларды қара-пайым және күрделі деп екі топқа бөледі.

Қарапайым пайымдаулар өз кезегінде дербес жеке пайымдау бола алатын дүрыс бөлігін ашып көрсетуге болмайтындығымен сипатталады. Мысалы, «Күн шуақты болды» немесе «Ызғар жел соқты».

Курделі пайымдаулар өзара түрлі амалдармен байланысқан екі және одан да көбірек қарапайым пайымдаулардан тұрады. Мы-салы, жоғарыда айтылған екі сөйлемді біріктірсек «Күн шуақ-ты болды, бірақ ызғар жел соқты», онда бұл күрделі пайымдау болып шығады.

Енді пайымдаудың бұл топтарының әрқайсысын анағүрлым нақтырақ қарастырамыз.

Қарапайым пайымдау

Қарапайым пайымдауларда объект пен белгінің байланысы қарастырылады. Объектілердің түрлері өте көп. Сондықтан олар-ды классификациялаудың негізі етіп қабылдау өте қиын бола-ды. Оның есесіне белгілердің түрлері бар-жоғы екеу-ақ: қасиет-белгі және қатынас-белгі. Белгілердің осы түрлері қарапайым пайымдауларды бөлудің негізі болады.

Қарапайым пайымдаулар түрлері төмендегідей:

а) атрибутивті, егер белгі қасиеттің бар не жоқ болуымен

байланысты болса;

ә) релятивті, егер белгі қатынастың бар не жоқ болуымен байланысты болса.

Атрибутивті пайымдау латынның аігіһио - «беремін, сый-лаймын» деген сөзінен шыққан. Атрибут деп әдетте нәрсенің қандай да бір қасиеті түсіндіріледі.

Мысалы, «Судьялар тәуелсіз». Бұл пайымдау атрибутивті, өйткені соттарға «тәуелсіз болу» қасиет-белгісі таңылады.

Бұл пайымдаудың қандай құрамдас бөліктерін бөліп көрсе-туге болады? Кезкелген қарапайым пайымдау функционалды төрт түрлі бөліктен:

1) пайымдау субъектісінен - бір нәрсенің құптайтын не терістейтін заттар класынан. Ол латынның 8иЬ] есІшп сөзінен шыққан, 8 деп белгіленеді;

2) пайымдау предикатынан - жататын не жатпайтын, құптай-тын не терістейтін заттар класынан. Латынның ргаесіісаіит де-ген сөзіне сәйкес, Р деп белгіленеді;

3) «дегеніміз» немесе «емес» деген құптаушы не терістеуші байланыстан тұрады. Пайымдаудың субъекті мен предикатын біріктіретін немесе айыратын «бәрі», «кейбір», «бірде-бір» сөздері ереже бойынша пайымдау субъекті алдында келеді және преди-кат көлеміне субъект көлемінің қандай бөлігі жататын не жат-пайтынын көрсетеді. Олар кванторлы сөздер немесе кванторлар деп аталады.

Пайымдау субъекті мен предикаты оның терминдері деп ата-лады және логикалық айнымалы болып табылады, өйткені әр пайымдауда әңгіме түрлі объектілер мен әр түрлі белгілер тура-лы болады. Байланыс логикалық турақты болып табылады, себебі ол әрқашан не құптайды, не терістейді.

Ендеше атрибутивті пайымдау құрылымын схема түрінде бы-лай беруге болады:

8 - Р немесе 8 дегеніміз Р (емес)

Тілімізде көбінесе пайымдауларды білдіретін сөйлем құры-лымы атрибутивті пайымдаулар құрылымымен сәйкес келмейді. Австриялық философ және логик Людвиг Витгенштейн: «Тіл ойды қайта киіндіреді» дейді. Мысалы, «Мұрағатта жабылған істер де сақталады» деген сөйлемде логикалық талдау кезінде мынадай пайымдау анық формада айқындалады: «Мұрағатта сақ-талатын кейбір істер жабылған деп есептеледі».

Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ оларды теңестіруге болмайды. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштар барлық кезде пайымдау субъекті мен предикатына сәйкес келе бермейді.

Логикада барлық атрибутивтік пайымдаулар арасынан ай-рықша топты - тіршілік ету немесе экзистенциалды пайымдау-ларды бөліп керсету әдетке айналған. Мысалы, келесі пайым-дауларды қарастырамыз:

1. Менің Римдік құқық бойынша кітабым өте көне.

2. Менің Римдік құқық бойынша кітабым өте жақсы.

3. Римдік жеке құқық бойынша көп оқулықтар бар. Бірінші және екінші пайымдауда сөз римдік құқық бойын-

ша нақты оқулықтардың әр түрлі қасиеттері туралы болып түр, ал үшінші пайымдауда тұтас нәрсенің бір қасиеті туралы айты-лады. Ол біздің нәрсені тануымызға ерекше ештеңе қоспайды, тек оның бар екендігі туралы деректі түрақтандырады, яғни оның «тіршілік ету» - қасиеті предикат болып табылады. Латын және ағылшын тілінде де ехі$(епПа тіршілік дегенді білдіреді, сондық-тан экзистенциалды пайымдаулар «тіршілік» ету кванторымен қосылған өзіндік ерекше схемасы бар, ол осы сөздің алғашқы әрпінен құралған.

Қарапайым пайымдаулардың екінші түрі - бұл релятивті пайымдаулар немесе қатынастармен пайымдау.

Мысалы, «Іле Алатауының таулары Кавказ тауларынан жа-сырақ» немесе «Алматы Тараз бен Қарағандының арасында ор-наласқан». Бірінші пайымдау құрылымында екі нәрсе анық көрінеді: «Іле Алатауының таулары» мен «Кавказ таулары» және олардың арасындағы «жасырақ» қатынасы. Екінші пайымдауда енді үш нәрсе - «Алматы», «Тараз», «Қарағанды» және олар-дың арасындағы «арасында орналасқан болуы» қатынасы. Бұл пайымдаулардың схемасы төмендегідей:

Латынның геіаііо қатынасы К символымен, нәрселер - х, у, І, болып белгіленеді, толығымен біз бірінші пайымдауда К (х, у) ; екінші пайымдауда К. (х, у, г) құрылымына қол жеткіземіз.

Сонымен, релятивті пайымдаулар құрамына екі немесе одан да көп субъектілер мен предикат рөлін атқаратын қатынас кіреді.

Қарапайым пайымдаулар, онда ой нәрселері арасывдағы шарт-сыз байланыс ашылатындықтан басқаша кесімді пайымдаулар деп те аталады. Функция тұрғысынан өз мазмұны бойынша қан-дай байланыс екендігіне тәуелді болмастан, олар бір ғана жал-ғыз объективті әлемнің байланысы бейнесі қызметін атқарады. Құрылым тұрғысынан қарағанда қарапайым кесімді пайымдау-лар құрамдас бөлігі ретінде бірге алғанда пайымдау термині деп аталатын субъект пен предикат құрушы ұғымды және жалғау-лықты кіргізеді.

Дегенмен қарапайым кесімді пайымдаулар пайда болулары-на қарай өте алуан түрлі. Олар: негіздері бойынша бірнеше түрлерге белінеді: а) сапасы; ә) саны.

а) Атрибутивті пайымдауларды сапасына қарай бөлу. Пайымдау сапасы - оның логикалық сипаттамасының ма-ңыздыларының бірі. Онымен пайымдаудың деректі мазмүны емес, ең жалпы логикалық формасы түсініледі.

Атрибутивті пайымдауларда субъектіде белгінің болуы қүпта-луы да, терістелуі де мүмкін.

Қуптаушы пайымдау деп предикаттың пайымдау субъектіне жататындығын растайтын пайымдауды атайды.

Терістеуші пайымдау деп субъектіде осы предикаттың жоқ-тығы туралы баяндайтын пайымдауды атайды.

Мысалы, «Адамдар заң алдында тең» пайымдауы құптаушы болады, өйткені мұнда «заң алдында тең болу» белгісінің «адам-дар» субъектісіне жататындығы туралы айтылады.

Ал «сотгың осы шешімі негізсіз болып табылады» пайымдауы - терістеуші, өйткені онда «соттың осы шешімі» субъектісінде «негізделген болу» белгісінің жоқтығы туралы айтылады.

Пайымдаулардың сапасын анықтауда байланыстың сипатын анық айқындау қажет.

Мысалы, «Заңсыз мәмле жарамсыз болады». Болымсыз жал-ғаулықтар әдетте адасуға үрындырады, содан кейін пайымдау-лар терістеуші сияқты түсіндіріледі. Бірақ бұл жерде жалғау-лық: «болады» құптайды, яғни «бар». Егер субъект пен оның предикаты да өздері теріс ұғымдар болса онда жағдай басқаша.

ә) Пайымдауларды санына қарай бөлу.

Пайымдау саны - бүл пайымдаудың субъекті қандай келемде қарастырылатынын көрсететін басқа маңызды сипаты.

Біз бос емес үғымдардың өз көлемі бойынша жалқы және жалпыға бөлінетінін білеміз. Яғни, егер пайымдаудың субъекті жалқы ұғым болса ғана, ол саны бойынша жалқы бола алады («Қазақстан - тәуелсіз мемлекет») .

Предикаты субъектің барлық көлемі туралы хабарлап түрса, овда пайымдау жалпы болады («Барлық адамдар заң алдында тең») .

Бірақ егер предикат субъект көлемінің тек кейбір элементтері туралы ғана айтса, онда мұндай пайымдау санына қарай жеке-ленген болады («Біздің топтың студенттерінің көпшілігі сессияға рұқсат алды») .

Пайымдаулардың сандық сипаты әдетте субъект алдында тұра-тын сөздер бойынша анықталады. Логикада оларды кванторлар деп атайды. Жалпы пайымдауларға бәрі, әрбір, кезкелген квантор-лары тән. Жекеленген пайымдауларда кейбіреу, көпшілігі, бөлігі кванторлары қолданылады. Ал жалқы пайымдауларда бул, осы деген кванторлық сөздер қолданылады немесе субъект өз аты-мен аталады. Кванторларға қатысты кейбір түсініктер беру қажет. Кванторлар барлық кезде ашық формада беріле бермейді. Кейде олар тек ойда жобаланады. Мысалы, «қылмыс жасаған кісі қыл-мыстық жауапкершілікке тартылады» деген пайымдауда, субъекті білдіретін зат есім жекеше түрде тұрғанына қарамастан, сөз тү-гел бір класс туралы болып түр, яғни кезкелген қылмыс жасаған адам туралы, сондықтан санына қарай ол жалпы болады. Біз «бар-лығы» сөзі предикатты субъект көлеміне кіретін әрбір нәрсеге қатыстырады деп есептейміз. Бір қарағанда бүл өте қарапайьш сияқты. Дегенмен күнделікті тіршілік тауқыметінен шаршаған адамнан жиі естуге болатын: «Барлық адамдар - оңбаған» деген пайымдауды қарастырайық. Шынымен бұл адам әрбір адам оң-баған деп айтып түр ма? Әлде ол қанша дегенмен де кейбір ауыт-қулар болады дей ме, мысалы, ол өзі және оған қымбат кейбір адамдар ше? Өздерін оңбаған санайтын адамдар болады деп ой-

43лаудың езі қиын. Қарастыра келгенде, осы айтылған пікірде «ме-нен басқалардың барлығы» деген мағына жатыр ғой. Осы айтыл-ғандар-ақ бізге «барлығы» деген кванторын қатаң тіркелген ло-гикалық мағынада қолдану қажеттігін көрсетеді. Сондықтан, рас сен «Барлық адамдар - оңбаған» деген екенсің, онда өзівді де сондаймын деп есепте немесе өзінді адам санатына қоспа. Логи-ка тек басқа адамдардың ғана емес, ең алдымен өзіңнің сөзіңе де жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

«Кейбір» сөзімен де белгілі бір қиындықтар кездеседі. Шы-нында, біздің табиғи тілімізде бұл сөздің екі мағынасы бар:

1) «тек кейбіреулер, бірақ бәрі емес»;

2) «кейбіреулер, мүмкін барлығы да» немесе «ең болмағанда бірі» деген сөз.

Логикада бұл сезді екінші мағынасывда қолдану қабылданған.

Енді біз, кесімді пайымдаулар двп, сапасы мен саны дәл анық-

талган пайымдауларды айтамыз деп нақтылай аламыз. Логика-

лық мәдениеті бар адам өзінің пікірлесіне өз ойын барынша

нақты жеткізу үшін кесімді пайымдауларға жүгінеді.

Басқалардан кесімді пайымдаулар сапасы мен саньш дәл анық-тау белгісімен ерекшеленетіндіктен, онда оның классификация-сын осы екі белгісімен қоса беруге тырысуға болады. Бірақ ал-дын-ала тағы бір түсініктеме жасай кеткен жөн. Әдетте осындай біріккен классификациялауда бір категорияға жинақталып жа-лқы және жалпы пайымдаулар теңестіріледі. Біздің бұлай істеуімізге субъектінің барлық көлемівде осы және басқа пайым-даулардың айтылуы негіз болады. Шынында, анықтауына қарай бұл жалпы үшін дұрыс болады. Ал жалқылардың субъект көлеміне бір нәрсе ғана кіретініне қарамастан мұндай пайымдаулардың предикаты субъектінің тек барлық көлемі туралы айта алады.

Осылайша, біз барлық атрибутивтік пайымдауларды санына қарай - жалпы және жекеленгенге, ал сапасына қарай - қүптай-тын және терістейтін пайьшдаулар деп беле аламыз.

Біз осы екі белгісіне қарай күрделі дихотомиялық белу нәтижесінде пайымдаулардың төмевдегідей түрлері болатынын көреміз:

1) жалпы және құптайтын - жалпықүптаушы;

2) жалпы және терістейтін - жалпытерістеуші;

3) жекеленген және құптайтын - жекеленгенқуптаушы;

4) жекеленген және терістейтін - жекеленгентерістеуші. Бұлар кесімді пайымдаулардың төрт түрі. Орта ғасыр логиктері

пайымдаудың төрт түрінің әріптік белгіленуін ойлап тапқан.

Олар дауысты дыбыстар аталуынан шығады, айігто - «құптай-мын» және пе§о - «терістеймін» деген латын сөзінің құрамына кіретін дауысты дыбыстар аталуынан шыққан.

Жалпықуптаушы пайымдау аШгто сөзінің алғашқы дауысты әрпімен - А, жекеленгенқуптаушы - екінші дауысты әрпімен осы сөздің - I, жалпытерістеуші - пе§о бірінші дауысгысымен - Е, жекеленгентерістеуші - осы сөздің екінші дауыстысымен - О деп белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логикалық ойлау қабілеті
Пікір — ойлау формасы
Мемлекет және құқық теориясы пәні ұғымы
Сөйлем және пайымдау
Тіл білімі сөздігінде мәтін
Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда білім сапасын бағалаудың басым бағыттары
Компьютердің логикалық элементтері
Білім сапасын бағалаудың бағдарламаларындағы үш өлшемді құрылымның ерекшелігі
Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын меңгертудің жолдары
Ақпараттық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz