Ресей Федерациясының салық жүйесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық
Университеті

Қаржы және маркетинг кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ресей Федерациясының салық жүйесі

Оқытушы: Кененова Қ.Ә.

Студент: Оңғаршақызы С.

Мамандығы: Қаржы

Тобы: ФинБ – 05 – 1қ

Алматы 2008

Ресей Федерациясының салық жүйесі

Салықтардың Ресей жеріндегі негізі Көне Русь мемлекеті тұсында қалана
бастады. Бертін келе XIX ғасырда өзінің даму барасында салықтар негізінен
мына мақсаттарға алынды:
-Мемлекеттің үлкен жол салуына;
-Су жолы құрылысына;
-Мемлекеттік қарыздарды төлеуді тездету үшін;
-Уақытша қосымша төлемдер алу және тағы басқалары жатады.
Сол кезеңдердегі негізгі тікелей салықтың бір түрі жан басына салынатын
салықта салық төлеушілер саны ревизиялық санақ бойынша анықталған. Егер
дворяндардың белгілі бір мөлшерден асып кетсе, онда оларға “қарыз төлеу”,
“сауда-саттық” тәрізді салық түрі салынған.Шет елде тұратын дворяндар шет
елде тапқан табыстарынан 2есе көлемде салықтарды төлеу міндетті болған.
Темір жол жолаушыларынан, кемелерден,теңіз порттарынан, темір жол жүгінен
алымдар, мұра қалдыру және сыйға беру актісі бойынша мүліктен баж алынған.
1821 жылы енгізілген жылжитын мүлік салығының мөлшері 0,5%
бағаланған. 1831 жылдың 31 қазанында “Әр түрлі деңгейдегі саудамен
айналысатын адамдардан алынатын акциздік алымдарды анықтау туралы” құжат
пайда болады. Жанама салықтар арасында мемлекетке ең үлкен пайда әкелген
шарап сусындарына акциз немесе Ресейде ішімдікке салық деп аталған салық
болған.
1836 жылдан бастап әсері күшті сусынның 1 градусына 4 тиын көлемінде
акциз енгізілді. Сөйтіп, салық 1 градусына 10 тиынға дейін көтерілді.
Акцизден басқа ішімдік салынатын салықтын тағы бір түрі ішімдік саудасына
енгізілген патент болды.
Бұдан басқа Ресейде темекіге, сіріңкеге, қантқа, керосинге, тұзға,
ашытқыға және басқа да тауарларға акциздер қызмет еткен.
Барлық салықтар мен алымдарды РФ Салықтар мен алымдар жөніндегі
министірлік қадағалайды;
Ресей Федерациясының Салық кодексінде қалыптасқан салық жүйесінің негізгі
қағидалары:
1. Салық ттөлеуші болып табылатын әрбір тұлға(заңды немесе жеке тұлғалар)
салық заңнамасымен бекітілген салықтарды төлеуі міндетті.
2. Салықтар саяси, идеологиялық, этникалық, конфессионалдық және тағы
басқа осындай критерийлер негізінде қолданыла алмайды.
3. РФ салық жүйесін бұзатын салықтарды енгізуге рұқсат етілмейді.
4. Салық ставкаларын, яғни дифференциалданған ставкаларды көтеруге немесе
салықтар енгізуге рұқсат етілмейді.
Ресей Федерациясында салықтар мен алымдардың төмендегідей түрлері
бекітілген:
- Федералдық салықтар мен алымдар;
-Ресей Федерациясының субъектілерінің салықтары мен алымдары (аймақтық
салықтар мен алымдар);
-Жергілікті салықтар мен алымдар.
Ресей Федерациясының салық жүйесінің құрамы және оның құрылымын
құрайтын салықтар мен басқа да салықтық нысандағы төлемдердің түрлері
тікелей және жанама салықтар, сондай – ақ заңды тұлғалардан, жеке
тұлғалардан, заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді.
Жанама салықтарға мұнай, газ, көмір, бензин және т.б. өңдеу және кен байыту
өнімдері түріндегі өндірістік тауарлар мен спирт, арақ және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері
Ресейдің қаржы жүйесі
САЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
Байқоңыр қаласының статусы
Ресей Федерациясының экономикалық қоры
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискальдық саясат және оның рөлі
Жер кадастрының мемлекеттік жүйесі
САЛЫҚ ЕСЕПТІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оны ұйымдастыру
Пәндер